3) осы бөлiмнiң 46-тармағына сәйкес банк беретiн есеп беруге сәйкес мемлекеттік бюджетке аударылған табыс салығының сомасының есебiн жүзеге асыруға мiндеттi.
Бұл ретте, салық органдары 198.03 нысан бойынша (осы Ережелерге 6-Қосымша) табыс салығының осындай сомасы есебiнiң ведомостын жүргiзуге мiндеттi.
5. Мемлекеттiк бюджетке табыс салығын төлеу жағдайында халықаралық
шарт ережелерiн резидент еместiң қолдану тәртiбi
48. Осы бөлiммен көзделген табыс салығын төлеу тәртiбi егер аталған баптармен өзге көзделмесе Салық кодексiнiң 198-202-баптарын қолдануға құқығы жоқ немесе қолданғысы келмейтiн тиiстi халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместiң халықаралық шарт ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған кiрiске қолданылады.
49. Резидент еместiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден мұндай резидент емеске кiрiстердi төлеу кезiнде салық агентi Салық кодексiнiң 179-181-баптарымен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалуға және аударуға мiндеттi.
50. Халықаралық шарт шарттарын орындау кезiнде (Қазақстан Республикасындағы жұмыстарды, қызмет көрсетулердi орындаудан кiрiстердi алу жағдайында - жұмыстарды, қызмет көрсетулердi орындауды аяқтау бойынша) және бұрын ұстап қалынған табыс салығының сомасын қайтару мақсатында мемлекеттiк бюджетке резидент еместiң кiрiстерiнен табыс салығын аудару жағдайында резидент емес осы Ережелердiң 13-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте N 2 нысан бойынша өтiнiштi салық агентiн тiркеу бойынша салық агентiне ұсынады.
51. Салық агентiн тiркеу орны бойынша салық органы осы Ережелердiң 14-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген ақпараттың растығы жағдайында берiлген өтiнiштi куәландырады, өтiнiш берушi - резидент емеске куәландырған өтiнiштi бередi және Салық Кодексiмен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк бюджеттен өтiнiште көрсетiлген табыс салығының сомасын қайтаруды жүргiзедi.
52. Халықаралық шарттың ережелерiн қолданудың дұрыс еместiгi жағдайында салық органы резидент емеске дәлелдi бас тартуды бередi. Салық органының терiс шешiмiмен келiспеген жағдайда резидент емес қажеттi құжаттар мен N2 нысан бойынша өтiнiштi қосып халықаралық шарт ережелерiн қолданудың дұрыстығы туралы мәселенi қайта қарау туралы өтiнiшпен бiрге осы Ережелердiң 32-тармағымен айқындалған құзыреттi органға (қажеттiлiк жағдайында, резиденттiк елiнiң құзыретті органын тарта отырып) жүгінуге құқылы.
53. Құзыреттi орган осы Ережелердiң 14-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте N 2 нысан бойынша резидент еместiң өтiнiшiн қарайды және өтiнiште көрсетiлген ақпараттың дұрыстығы жағдайында халықаралық шарт ережелерiне сәйкес мемлекеттiк бюджеттен резидент емеске қайтаруға жататын салық сомасын қойып өтiнiштi куәландырады және куәландырылған өтiнiштi өтiнiш берушi - резидент емеске бередi.
54. Құзыреттi органнан куәландырылған өтiнiштi алып резидент емес салық агентiн тiркеу орны бойынша салық органына оны резидент емес бередi, ол Салық Кодексiмен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк бюджеттен өтiнiште көрсетiлген салық сомасын қайтаруды жүргiзедi.
55. Халықаралық шарт ережелерiн резидент еместiң дұрыс қолданбауы туралы шешiмдi салық органының қабылдауы жағдайында құзыреттi орган резидент емеске дәлелдi себептi осындай шешiмдi қабылдау сәтiнен бастап жұмыс күнiнiң iшiнде жiбередi.
6. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құру жағдайында
халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн пайдаланудан
резидент емес - заңды тұлғалардың кiрiстерге салық салуға қатысты
халықаралық шарттар ережелерiн қолдану тәртiбi
56. Салық Кодексiнiң 199-бабына сәйкес халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес - заңды тұлға алатын оның тарабының бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден кiрiстер егер, ол осындай қызметпен байланысты Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi бар болса, резиденттiктi растайтын құжат құжат негiзiнде халықаралық шарт ережелерiн қолдануға өтiнiштi берусiз салық салудан босатылуға жатады.
Резиденттіктi растайтын құжат корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны беру кезiнде тiркеу орны бойынша салық органына берiледi.
57. Халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметтерiн көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы салық салудан босатылған), сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында көлiк немесе өзге де қызмет түрлерiн көрсетуден (Қазақстан Республикасындағы салық салуға жататын) резидент емес - заңды тұлғаның кiрiстердi алуы жағдайында ол бухгалтерлiк есепте осындай кiрiстердiң бөлшек есебiн жүргiзуге мiндеттi.
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда салық салынатын кiрiстiң жалпы сомасы халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға жататын салық салынатын кiрiс сомасына азайтылады.
Халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы салық салудан босатылуға жататын салық салынатын кiрiс сомасын айқындау үшiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 18 қыркүйектегi N 1306 Бұйрығымен бекiтiлген 110.26 нысаны бойынша корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларацияға 26-қосымша толтырылады.
Халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға жататын халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн пайдаланудан салық салынатын кiрiс бухгалтерлiк есепте осындай шығыстар мен кiрiстердiң есебiн бөлшек жүргiзу негiзiнде есептелген осындай кiрiстердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметтерiн көрсетуден кiрiстер алу үшiн шегiлген шығыстар сомасы тiкелей және жанама әдiспен айқындалады.
Тiкелей әдiс халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден және Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсетуден кiрiстердi алу үшiн шегiлген шығыстардың бөлшек есебiн бухгалтерлiк есепте жүргiзу негiзiнде тиiстi шығыстарды айқындауды қарайды.
Жанама әдiс салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстердi алу үшiн резидент емес шеккен шығыстардың жалпы сомасы және үлестiң туындысы ретiнде аталған шығыстарды айқындауды көздейдi. Үлес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кiрiстердiң жалпы сомасына халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметтерiн көрсетуден кiрiстер сомасының қатынасы ретiнде айқындалады.
Бұл ретте, салық төлеушi шығыстарды есептеудiң көрсетiлген әдiстерiнiң бiреуiн дербес таңдауға құқылы.
58. Қазақстан Республикасының аумағын қозғамастан, тек қана Қазақстан Республикасынан тысқары көлiк қызметтерiн көрсетуден резидент емес - заңды тұлға алатын кiрiстер Салық Кодексiнiң 178-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер болып табылмайды және сәйкесiнше корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлмейдi.
59. Мемлекеттiк бюджетке салықтарды төлемеуге немесе толық емес төлеуге алып келген, тиiстi халықаралық шарт ережелерiн дұрыс емес қолдану кезiнде салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болады.
7. Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме құрмастан халықаралық
тасымалдардағы көлiк құралдарын пайдаланудан резидент еместiң
кiрiстерге салық салуға қатысты халықаралық шарттар ережелерiн
қолдану тәртiбi
60. Тиiстi халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес - заңды тұлға алатын Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме құрмастан халықаралық тасымалдардағы көлiк құралдарын пайдаланудан кiрiстер егер, мұндай кiрiстер Салық Кодексiнiң 178-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер болып табылса, осы Ережелердiң 4-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасындағы салық салудан босатылуға жатады.
8. Дивидендтерге, сыйақыларға (проценттерге), роялтиге салық салуға
қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi
61. Салық Кодексiнiң 200-бабына сәйкес салық агентiнiң егер, осындай резидент емес кiрiстердiң түпкiлiктi алушысы болып табылса және тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы болса, резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарт ережелерiн қолдануға өтiнiштi резидент еместiң беруiнсiз тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға дивидендтер, сыйақылар (проценттер), роялти түрiнде резидент емеске кiрiстердi төлеу сәтiне құқығы бар.
62. Резидент еместердiң көрсетiлген кiрiстерiне салық салуға қатысты халықаралық шарттар ережелерiн қолданатын салық агентi Салық Кодексiнiң ережелерiмен белгiленген тәртiпте салық органына берiлетiн кiрiстердiң кiмге төленетiнiне қатысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 18 қыркүйектегi N 1306 Бұйрығымен бекiтiлген 101.06 немесе 201.01 нысаны бойынша төлем көзiнен ұсталатын резидент еместердiң табыс салығы сомасының есебiн толтыруға мiндеттi.
63. Мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге алып келетiн халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбау кезiнде салық агентi Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болады.
9. Тұрақты мекеме арқылы қызметтен алынған таза кiрiске салық салуға
қатысты халықаралық шарттарды қолдану тәртiбi
64. Салық Кодексiнiң 201-бабына сәйкес резидент емес - заңды тұлғаның егер мұндай резидент емес таза табысты түпкiлiктi алушы болып табылса, өз тiркеу орны бойынша салық органына резидент емес беретiн Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қоса берiлетiн резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарт ережелерiн қолдануға өтiнiштi берусiз тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған таза кiрiске салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқылы.
65. Резидент емес - заңды тұлға оның негізiнде тиiстi салық ставкасы қолданылған халықаралық шарт атауы мен таза кiрiс сомасын, ставканы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 18 қыркүйектегi N 1306 Бұйрығымен бекiтiлген 100.29 нысаны бойынша Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларацияға 29-қосымшаны көрсетуге мiндеттi.
66. Мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге алып келген халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбау кезiнде салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болады.
10. Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент емес алған өзге де
кiрiстерге салық салуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi
67. Салық Кодексiнiң 202-бабына сәйкес Салық Кодекстiң 198-201-баптарымен көзделгендердi қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер алушы резидент емес осы Ережелердiң 79-тармағымен белгiленген тәртіпте кiрiстi төлеуге дейiн салық агентiн тiркеу орны бойынша салық органына N1 нысаны бойынша халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстерге салық салудан босату туралы өтiнiш (бұдан әрi - N1 нысан бойынша өтiнiш) (осы Ережелерге 7-Қосымша) беруге құқылы.
68. Салық органы осы Ережелердiң 14-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген ақпараттың растығы жағдайында Қазақстан Республикасындағы төлеуден босатылуға жататын салық сомасын қойып, берiлген өтiнiштi куәландырады және куәландырылған өтiнiштi өтiнiш берушi - резидент емеске бередi.
69. Салық органының белгiсiн өтiнiшке алып резидент емес осы өтiнiштi салық агентiне бередi. Осындай жолмен ресiмделген және куәландырылған өтiнiштiң болуы ғана салық агентiне резидент еместiң кiрiстерiне салық салуға қатысты тиiстi халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқық бередi. Көрсетiлген өтiнiш жоқ болған кезде салық агентi тиiстi халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқылы емес. Салық органы куәландырған N 1 нысан бойынша резидент еместiң өтiнiшсiз халықаралық шарт ережелерiн қолдану жағдайында салық агентiне Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.
70. Салық органы халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбау жағдайында резидент емеске куәландырусыз резидент еместiң өтiнiшiнiң қосымшасымен дәлелдi бас тартуды бередi. Салық органының терiс шешiмiмен келiспеген жағдайда резидент емес қажеттi құжаттар мен N1 нысан бойынша өтiнiштi қосып халықаралық шарт ережелерiн қолданудың дұрыстығы туралы мәселенi қайта қарап өтiнiшпен бiрге осы Ережелердiң 32-тармағымен айқындалған құзыреттi органға (қажеттiлiк жағдайында, резиденттiк елiнiң құзыреттi органын тарта отырып) жүгiнуге құқылы.
71. Құзыреттi орган осы Ережелердiң 14-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте N1 нысан бойынша резидент еместiң өтiнiшiн қарайды және өтiнiште көрсетiлген ақпараттың растығы жағдайында халықаралық шарт ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы төлеуден босатылуға жататын салық сомасын қойып өтiнiштi куәландырады және куәландырған өтiнiштi өтiнiш берушi - резидент емеске бередi.
72. Құзыреттi органнан куәландырған өтiнiштi алып резидент емес салық агентiне өтiнiштi бередi.
73. Құзыреттi органның халықаралық шарт ережелерiн резидент еместiң дұрыс қолданбауы туралы шешiмдi қабылдауы жағдайында құзыреттi орган резидент емеске дәлелдi бас тартудың осындай шешiмiн қабылдау сәтiнен бастап жұмыс күнi iшiнде жiбередi.
11. Жеке тұлға - резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы
көздерден алынған кiрiстерге салық салуға қатысты халықаралық шарт
ережелерiн қолдану тәртiбi
74. Салық агентi болған жағдайда, резидент емес - жеке тұлғаның осы Ережелердiң 4-10-бөлiмдерiмен белгiленген тәртiпте Салық Кодексiнiң 198-бабымен айқындалған Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған кiрiстерге салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар.
75. Салық агентi жоқ болған кезде Салық Кодексiнiң 187-бабына сәйкес төлем көзiне салық салуға жатпайтын Қазақстан Республикасындағы кездерден кiрiстер алушы резидент емес - жеке тұлға осы Ережелердiң 13-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте өз тiркеу орны бойынша салық органына берiлетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы келу мерзiмiн куәландыратын құжатты (төлқұжатты) мiндеттi берумен N 1 немесе N 2 нысан бойынша өтiнiш болуы кезiнде кiрiстерге салық салу салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқылы.
Мұндай өтiнiш халықаралық шартқа сәйкес жеке табыс салығын төлеуден салық төлеушi босату алуға тiлек бiлдiрген сол салық кезеңiнiң аяқталуынан кейiн талап-арыз мерзiмiнiң iшiнде де және осы салық бойынша аванстық төлемдер немесе табыс салығын төлеуге дейiн де берiлуi мүмкiн.
Салық органы куәландырған өтiнiш жоқ болған жағдайда резидент емес тиiстi халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқылы емес. Бұл жағдайда, резидент емес Салық Кодексiнiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеудi жүргiзедi.
Куәландырған өтiнiштiң болуынсыз халықаралық шарт ережелерiн резидент еместiң қолданбауы жағдайында резидент емеске Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.
12. Шетелдiк тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжат
76. Шетелдiк тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжат кiрiс алушы шетелдiк тұлға Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасалған осындай мемлекеттiң резидентi болып табылатын растау туралы оның резидентi болып табылатын шетел мемлекетiнiң құзыреттi органы куәландырған ресми құжаттан тұрады.
77. Шетел тұлғасының резиденттiгiн растайтын құжат осы Ережелердiң 78-тармағының 4)тармақшасымен белгiленген тәртiпте жариялануы тиiс. Осы Ережелердiң 78-тармағының 4)тармақшасына сәйкес дипломатиялық немесе консульдық жариялау жоқ болған жағдайда мұндай құжат жарамсыз болып табылады.
13. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiштi беру кезiндегi
жалпы талаптар
78. N 2 нысан бойынша өтiнiштi мынадай талаптарды орындаған кезде салық органы қабылдайды:
1) өтiнiшпен ұсыным:
жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) немесе өзге мақсаттарға келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) көшiрмелерi;
жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындау кезiнде - резидент емес заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
халықаралық тасымалдарда және Қазақстан Республикасының аумағында көлiк қызметiн көрсетуден кiрiстер сомасын ашу;
орындалған жұмыстар актi - резидент еместiң жұмыстың әртүрлi түрлерiн орындау кезiнде, пайдалануға объектiнi қабылдау aктici - Қазақстан Республикасындағы орындалған жұмыс үшiн кiрiс алуды растайтын төлем құжатын немесе шотты, құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде;
2) салық органының есептелген және (немесе) төленген кiрiстер мен ұстап қалынған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлiк құжаттар көшiрмелерiн беруi (шот-фактуралар, есептiк-төлемдiк, төлемдiк, банктiк және шаруашылық операцияларын жасау фактiсiн растайтын өзге де құжаттар);
3) оның резидентi болып табылатын шетел мемлекетiнiң құзыретті орган өтiнiш берушi - заңды тұлға резиденттiгiн растау (аталған өтiнiштiң бланкасында немесе резиденттiктi растайтын құжаттың қосымшасымен).
Осы бөлiмнiң, сондай-ақ осы Ережелердiң 4-12-бөлiмдерiнiң мақсаты үшiн өтiнiш берушi - резидент емес, резиденттiк елiндегi оның тiркеу деректерiнiң өзгеруi жағдайында резиденттiктi растайтын құжатты немесе аталған бөлiмдермен белгiленген тәртiпте өзгертiлген деректердi ескерiп тиiстi нысанның халықаралық шарт ережелерiн қолдануға өтiнiштi беруге мiндеттi;
4) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегi Заңымен және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2000 жылғы 21 қарашадағы N 264 бұйрығымен бекiтiлген Консульдық жариялау ережелерiмен белгiленген тәртiпте өтiнiш берушiнiң резиденттiгiн куәландырған шетел мемлекетiнiң құзыреттi органының қолы мен мөрi дипломатиялық немесе консульдық жариялауды жүзеге асыру.
Егер, өтiнiш берушi - шетелдiк тұлға 1961 жылғы 5 қазанда Гаага қаласында жасалған шетелдiк ресми құжаттарды жариялау талабын жоятын Конвенцияға (бұдан әрi - Конвенция) қосылған ел резидентi болып табылған жағдайда, онда шетелдiк тұлға оның резиденттiгiн куәландырған шетелдiк мемлекеттiң құзыреттi орган қолы мен мөрiн жариялауға қатысты Конвенцияның ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына аталған Конвенцияның күшiне енуiнен кейiн осы Конвенцияның ережелерiн қолдануға құқылы.
79. N 1 нысан бойынша өтiнiштi салық органы осы бөлiмнiң 78-тармағындағы 3-4-тармақшалармен белгiленген талаптарды орындау кезiнде, сондай-ақ аталған өтiнiшпен ұсыным кезiнде қабылдайды:
жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) немесе өзге де мақсатқа келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) көшiрмелерi;
жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындау кезiнде - резидент емес - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшiрмелерi.
14. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiштi салық органының
қарауы кезiндегi жалпы талаптар
80. N 1 немесе N 2 нысан бойынша резидент еместiң өтiнiшiн қараушы салық органы мынадай мәселелердi анықтау мәнiне құжаттарды тексеруi тиiс:
1) берiлген келiсiм-шарттар бiртұтас жобамен байланысты емес пе, берiлген келiсiм-шарт бiр немесе байланысты жобалардың шегiнде басқа келiсiм-шартпен (келiсiм-шарттармен) байланысты емес пе;
2) резидент резиденттерге бұрын қызмет көрсеттi ме, Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместiң қызметi тұрақты сипат ала ма;
3) резидент емес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмады ма (бар ма);
4) жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындауға келiсiм-шарттармен көзделген мерзiмдерге жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындаудың нақты мерзiмдерi сәйкес келе ме (бұл мәселе Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды, қызмет көрсетулердi резидент емес - өтiнiш берушiнiң орындауы кезiнде қаралды ма);
5) құжаттарда көрсетiлген мәлiметтер тиiстi халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес келе ме;
6) Салық Кодексiнiң ережелерiне сәйкес салық органдарында салық есебiне немесе салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш берушi резидент еместер өттi ме;
7) берiлген өтiнiштер дұрыс толтырылды ма;
8) резиденттiктi растайтын өтiнiштерде немесе құжаттарда шетелдiк тұлғаның резиденттiгін куәландырған құзыреттi органның және шетел тұлғасының қолы мен мөрi қойылды ма;
9) салық агенттерiн тiркеу орны бойынша салық органында шартты банк салымы туралы шарттар тiркелген бе (бұл мәселе мұндай шарттарды резидент еместiң жасауы кезiнде қаралады);
10) оның қатысушыларымен шартты банк салымы туралы шарт жағдайы сақтала ма (бұл мәселе резидент еместiң осындай шартты жасауы кезiнде қаралады).
81. Салық органдары тексеруге тиiс, осы бөлiмнiң 80-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнде немесе Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында сұралады.
82. Берiлген ақпараттың растығын тексергеннен кейiн және өтiнiш берушi - резидент шынында да халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы барлығына көз жеткiзіп салық органы төлеуден немесе қайтарудан босатылуға жататын халықаралық шарт ережелерiне сәйкес салық сомасын берiлген өтiнiште қояды.
83. Салық органдары Салық Кодексiнiң 193-бабының ережелерiн, халықаралық шарттардың 10-12 баптарының ережелерiн орындау мақсатында немесе өзге қажеттi ақпаратты тексеру үшiн онымен халықаралық шарт жасалған резидентi болып табылатын өтiнiш берушi шетел мемлекетiнiң құзыреттi органына Қазақстан Республикасының құзыреттi органы арқылы қосымша ақпарат туралы сұрау салуға құқылы.
84. N 1 және N 2 нысан бойынша резидент еместiң өтiнiшi талап етiлетiн құжаттардың толық пакетiнiң қосымшасымен өтiнiштi салық органына беру күнiнен бастап 60 жұмыс күнiнiң iшiнде салық органы қарайды. Шетел мемлекетiнiң құзыреттi органынан қосымша ақпаратының қажеттiлiгi және осындай сұрау салуды жiберу жағдайында өтiнiштi қарау мерзiмi тағы да 60 жұмыс күнiне ұзартылады.
Осы тармақтың жоғарыда жазылған ережесiне қарамастан басқа келiсiм-шарттармен (жобалармен) байланыссыз бiртұтас келiсiм-шарт шегiндегi тек Қазақстан Республикасынан тысқары қызмет көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) Салық Кодексiнiң 178-бабының 2-тармақшасымен көзделген кiрiстердi резидент емес - өтiнiш берушi алған кезде N1 нысан бойынша өтiнiшті қарау мерзiмi 30 жұмыс күнi iшiнде жасалады және ұзартуға жатпайды.
15. Қазақстан Республикасындағы ұстап қалынған және төленген салық
сомалары туралы анықтама
85. Салық Кодексiнiң 204-бабына сәйкес резидент еместiң талабы бойынша салық органы 204.01 нысаны (осы Ережелерге 8-қосымша) бойынша ұстап қалынған және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кiрiстер сомалары туралы анықтаманы бередi.
86. Салық органы 204.02 нысаны (осы Ережелерге 9-қосымша) бойынша тiркеу осындай анықтамалықтарды тiркеу журналын жүргiзедi.
16. Қазақстан Республикасындағы корпорациялық немесе жеке табыс
салығын төлеу кезiнде шетел мемлекетiндегi көздерден алынған
кiрiстерден шетел мемлекетiнде резидент төлеген салықты есепке
алу тәртiбi
87. Қазақстан Республикасындағы корпорациялық немесе жеке табыс салығын төлеу кезiнде резиденттер салықты төлеудi растайтын құжаттар болған кезде Салық Кодексiнiң 129-бабына сәйкес шетел мемлекетiндегi көздерден алынған кiрiстерден шетел мемлекетiнде төленген салықты есепке алуды (шегеру) жүргiзуге құқылы.
Шетел мемлекетiнiң салық органы куәландырған төленген салықтар және шетел мемлекетiндегi көздерден алынған кiрiстер сомалары туралы анықтама осындай құжат болуы мүмкiн.
88. Шетел мемлекетiндегi көздерден алынған кiрiстерден шетел мемлекетiнде төленген табыс салығын есепке алудың жалпы сомасын айқындау үшiн резидент Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 18 қыркүйектегi N 1306 Бұйрығымен бекiтiлген 100.28 нысаны бойынша корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларацияға 28-қосымшаны толтырады.
17-бөлiм. Шетел мемлекетiндегi көздерден алынған кiрiстерге салық
салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн резидент еместiң қолдану
тәртiбi
89. Шетел мемлекетiнде мүлiктi иеленушi немесе шетел мемлекетiндегi көздерден кiрiстердi алушы резидент шетел мемлекетiнiң салық заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде осы Ережелердiң 1-3, 5-13-бөлiмдерiмен белгiленген тәртiпте осындай мүлiкке немесе кiрiстерге салық салуға қатысты халықаралық шарт ережесiн аталған мемлекетте қолдануға құқылы. Алайда, бұл жағдайда, резидент халықаралық шарт ережелерiн қолдану үшiн шетел мемлекетiнiң салық органына осы Ережелерге 10-Қосымшаға сәйкес N3 нысан бойынша резиденттiктi растайтын құжат немесе шетел мемлекетiнiң салық заңнамасымен белгiленген нысан бойынша өтiнiштi немесе өзге құжатты беруi тиiс.