Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "12 жылдық бiлiм
беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы"
республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 шілдедегі N 839 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне енуiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" (бұдан әрi - кәсiпорын) республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны құрылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) 12 жылдық бiлiм берудiң әдiснамасы мен мазмұндық теориясы негiздерiн анықтау;
2) 12 жылдық бiлiм беруге көшу проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзy;
3) бiлiм беpy саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-168-жолмен толықтырылсын:
"470-168. "12 жылдық бiлiм беру
проблемалары республикалық
ғылыми-практикалық орталығы"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны Астана қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 157-20-жолмен толықтырылсын:
"157-20. 12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы".
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|