Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа)
тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету шығыстарын төлеу үшiн
ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы N 593 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 тамыздағы N 912 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшілерден басқа) тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы
29 мамырдағы N 593
қаулысымен бекiтiлген
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден
басқа) тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету шығыстарын
төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже әскери қызметшiлерге (мерзiмді қызметтегi әскери қызметшiлерді қоспағанда) тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы (бұдан әрi - ақшалай өтемақы) төлеу тәртiбiн анықтайды.
2. Ақшалай өтемақы төлеу әскери қызметшiнiң еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан, тұрғын үй қорының кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсету (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, кәрiз, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) шығыстарын төлеу үшiн жүргiзiледi.
3. Ақшалай өтемақының мөлшерi заңға сәйкес, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте анықталады.
4. Ақшалай өтемақы төлеу туыстық қатынастары мен бiрге тұруына қарамастан (яғни күйеуiне, әйелiне, балаларына, егер олар әскери қызметшiлер болып табылса), әрбiр әскери қызметшiге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа) жүргiзiледi.
Ақшалай өтемақы әскери қызметшiлерге ағымдағы ай үшiн ақшалай үлес төлеумен бiр мезгiлде төленедi.
Ақшалай өтемақы демалыста болған, соның iшiнде бала күту, қызметтiк iссапар, емделу және басқа да жағдайлар бойынша уақытты қоса алғанда, әскери қызметшiнiң әскери қызметтегi барлық кезеңiне төленедi.
Әскери қызметшiге ақшалай өтемақы төлеу оны әскери қызметтен босатқан кезде немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
5. Штаттық лауазымын сақтай отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге немесе басқа да мемлекеттік органдарға қызметтік iссапарға, сондай-ақ оқуға жiберiлген әскери қызметшілерге ақшалай өтемақы штаттық лауазымының сақталу орны бойынша төленедi.
Штаттық лауазымын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында оқуға iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлерге ақшалай өтемақы оқу өткерiп жүрген орны бойынша төленедi.
6. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда, ол алмаған ақшалай өтемақы ол қаза (қайтыс) болған айды қоса алғанда, барлық кезең үшін қайтыс болған күні бірге тұрған отбасы мүшелеріне төленеді.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы
29 мамырдағы N 593
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 2012-123 қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 43 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң әскери қызметшiлерi мен Өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң белгiленген тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесiнiң 1-бөлiмi (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 14-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 476-25 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды төлеу үшiн ақшалай өтемақы төленетiн әскери қызметшiлерi лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 мамырдағы N 649 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 21, 230-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 26 шiлдедегi N 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 380-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердiң шығындарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 15 тамыздағы N 1263 қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1662 қаулысы.