"Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық
мемлекеттік мекемесінің жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы N 553 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Психиатрия мен наркология саласында ғылыми зерттеулердің тиісті деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Орталықтың жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы ұйымдар тізбесінде:
"1. Мемлекеттік мекемелер" бөлімінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағанбетов
|