"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық
басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 7 мамырдағы N 500 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды жүзеге асыру және уәкілетті органды жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.
4. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-72-жолмен толықтырылсын:
"9-72. "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
шаруашылық басқармасы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны" Астана қаласы".
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 66-жолмен толықтырылсын:
"66. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы".
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|