"Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша ішкі істер
органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы" нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2002 ж. 14 қаңтардағы N 27 бұйрығы
Осы редакция 2003 ж. 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Табиғатты қорғау және карантиндік іс-шараларды жүргізуде мемлекеттік органдарға жәрдемдесу, браконьерлікке қарсы күрестегі өзара іс-қимыл жасаудың тиімділігін арттыру, бұл жұмыстың нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы" нұсқаулық бекітілсін.
2. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, көліктегі ІІББ бастықтары:
1) сынақтар қабылдау арқылы мүдделі қызметтер қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты оқып-үйренуін ұйымдастырсын және оның талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін;
2) табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, ашу мен тергеу жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда қоғамдық қауіпсіздік, жол полициясы басқармаларының, тоғызыншы басқарманың, тергеу мен анықтаудың өзара іс-қимыл жасау мәселелерін бақылауға алсын, жылына кемінде бір рет бірлескен жедел кеңестер, ай сайынғы рейдтік әзірлеулер және операциялар өткізуді іс жүзінде қолданатын болсын;
3) талдар мен бұталарды заңсыз шабу, ормандарды жою және оларға қасақана, оның ішінде өрт салу арқылы зақым келтіру фактілері бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарының тиімділігін, осы саладағы қылмыстардың ашылуын арттыру жөніндегі шараларды қабылдансын;
4) Астана қаласы ІІБ-нің, Ақмола облысы ІІБ-нің жергілікті бюджет бойынша ұсталатын экологиялық полициясының қолда бар бөлімшелерінің атауын табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полициясы деп өзгертсін, оларды қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының құрылымдық бөлімшелері деп есептесін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.А. Алпысбаев) жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
генерал-майор | Ысқақов Б.Г.
|
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2002 жылғы 14 қаңтардағы
N 27 бұйрығымен бекітілген
"КЕЛІСІЛДІ" | "КЕЛІСІЛДІ" |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
Табиғи ресурстар және | Ауыл шаруашылық министрі |
қоршаған ортаны қорғау
министрі | 2002 ж. 4 қаңтар |
2002 ж.7 қаңтар
Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция
саласы бойынша ішкі істер органдарының
жұмысын ұйымдастыру туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Ішкі істер органдарының табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулық олардың қызметінің негізгі бағыттарын, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ Астана қаласы ішкі істер басқармасының (әрі қарай - Астана қаласы ІІБ-нің), Алматы қаласы ішкі істер бас басқармасының (әрі қарай - Алматы қаласы ІІББ-нің), ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы ішкі істер бас басқармаларының - (әрі қарай - облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің), қалалық және аудандық ішкі істер органдары (әрі қарай - қалалық, аудандық ІІБ-нің) жетекшілерінің осы қызметке бақылау жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін белгілейді.
2. Қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік саласындағы ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және "Мал-дәрігерлік туралы" заң күші бар Жарлықтары, "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Жануарлар әлемінің пайдаланылуы мен ұдайы өндірісін қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, басқа да қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдері құрайды.
3. Қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік мәселелер бойынша ішкі істер органдарының мақсаттары:
1) табиғатты қорғау заңнамасының аясындағы құқық бұзушылықтарды және қылмыстарды анықтау, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
2) браконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға, ағаштар мен бұталарды заңсыз шабуға қарсы күресте іс-шараларға қатысу;
3) мал-дәрігерлік заңнаманы қадағалауды қамтамасыз етуде мемлекеттік мал-дәрігерлік қадағалау органдарына көмек көрсету;
4) ауыл шаруашылық жануарларының аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою бойынша карантинді іс-шараларды ұйымдастыруға, бақылауға және жүргізуге қатысу;
5) ауыл шаруашылық жануарларының аса жұқпалы аурулары бойынша карантин жарияланған аумақтарда қоғамдық тәртіпті күзетуді және режимді іс-шараларды қамтамасыз ету болып табылады.
4. Қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік мәселелер бойынша ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл функцияларын ішкі істер органдарының табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесі, сондай-ақ осы сала бойынша міндеттер жүктелген полиция қызметкерлері жүзеге асырады.
2. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелерінің
жұмысын ұйымдастыру
5. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесі өз құзыреттігі шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасымен ішкі істер органдарына жүктелген, оның ішінде осы нұсқаулықтағы тапсырмаларды орындайды.
6. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полицияның қызметі, басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс атқаруда өзара іс-қимылдың негізінде адамның жеке басын құрметтеуге және заңдылық қағидаттарына сәйкес құралады.
7. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімдері (бөлімшелері, топтары) Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі (әрі қарай - Қазақстан Республикасы Ішкіісмині), Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
8. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің бөлімдерінің штаты мен құрылымын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
9. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесі, ішкі істер органдарының салалы қызметтерімен, басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасауда алға қойған мақсаттарды орындайды.
10. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімі (бөлімшесі, тобы) қызметінің ұйымдық негізі, Ішкіісмині, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің жұмыстарының жоспары болып табылады.
11. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімдері (бөлімшесі және тобы) жұмысты аймақтық принцип бойынша жүзеге асырады.
12. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімдерінің (бөлімшелерінің және топтарының) бастықтары, бас мамандары - ерекше тапсырма жөніндегі аға инспекторлары, аға мамандары - аға инспекторлары және мамандары - инспекторлары тиісті білімі бар адамдар тағайындалады.
13. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесінің жеке құрамы мен көлік құралдары тек қана тікелей тағайындау бойынша пайдаланылады. Кейбір жағдайларда Қазақстан Республикасы Ішкіісмині, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің басшылығының өкімі бойынша, бұл қызметтің күштері мен құралдары, жаппай іс-шаралар жүргізу кезінде және табиғи апаттарда, осы орайда табиғатты қорғау және карантинді іс-шараларды жүргізуді әлсіретіп алмай қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету үшін жұмылдырылуы мүмкін.
14. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелері қызметкерлерінің функционалдық міндеттерінде, олар өз құзыретінің шегінде мынадай іс-шаралар атқаруға құқылы:
1) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп карантинді және табиғатты қорғау, сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде іс-шараларын жүргізуге қатысады, табиғатты қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресте көмек көрсетеді;
2) басқа мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып қандай да болмасын меншік түріндегі ұйымдардың табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік заңнаманың, санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарын және олардың табиғатты қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы күрес шараларын жүргізуін бақылайды;
3) ұйым әкімшіліктері өкілдерінің қатысуымен екінші бөлікшеде көрсетілген талаптардың орындалуын тексеруді жүргізеді;
4) қоршаған ортаға, эпидемия және эпизоотия қаупін төндіретін бұзушылықтар болған кезде ұйымдардың, жеке өндірістер мен учаскелердің жұмысын толық немесе жартылай тоқтатады;
5) қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік мәселелері бойынша, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, қалалық, аудандық ІІБ-нің, мекемелердің, оларға қатысты жақтарына байланысты жұмысын ұйымдастырады;
6) ішкі істер органдарының қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қызметтерінің жұмысын үйлестіреді;
7) өз құзыреті шегінде жауап алуды жүзеге асырады.
15. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ішкіісмині, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің аппараттары бөлімдерінің (бөлімшелері және топтары) жетекшілеріне:
1) ішкі істер органдары ұйымдық-әдістемелік басқару, олардың Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік кесімдерін, табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің бұйрықтарын, ұйғарымдарын орындауын бақылау;
2) табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша ішкі істер органдары қызметінің ұдайы талдауы мен қорытындысын жүргізу;
3) бірігіп іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігімен, ауыл шаруашылық министрлігімен және олардың, ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
4) жедел кеңестер үшін қызмет саласы бойынша, оның ішінде басқа да құқық қорғау органдарымен, мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, қоғамдық ұйымдармен қажетті материалдарды дайындау, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыруды жақсартуға, өзара іс-қимыл түрлері мен әдістерін жетілдіруге бағытталған бұйрықтардың, бағдарлаулар мен басқа да басқару шешімдерінің жобаларын әзірлеу;
5) ауыл шаруашылық жануарларының аса жұқпалы ауруларын жою бойынша қорғау-карантинді іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей қатысу;
6) табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
7) табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік заңнамалар аясындағы қылмыстар мен бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша практикаға оң тәжірибелі жұмысты енгізу, үйрету және жетілдіру;
8) азаматтардың өтініштерін, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, қоғамдық ұйымдардың хабарламаларын олардың құзыретіне байланысты мәселелер бойынша қарау;
9) істерді жұмыс саласы және қызмет көрсететін аймақтар бойынша белгіленген тәртіпте жүргізу (Нұсқаулыққа 1, 2 қосымшалар);
10) қылмыстардың экологиялық құрамын тіркеу есебі бойынша тергеу және анықтау бөлімшелерімен ай сайын салыстырма тексеріс жүргізу жүктеледі.
3. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша
қалалық, аудандық ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру
16. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша жалпы басшылықты, осы қызметтің жұмысына жетекшілік ететін органның жетекшісі жүзеге асырады.
17. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелері жоқ, қалалық аудандық органдарда қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік мәселелер бойынша қалалық ішкі істер органының қызметін ұйымдастыру бойынша тікелей жұмысты қалалық, аудандық орган бастығының бұйрығымен осы желі бойынша міндеттер жүктелген қызметкер жүзеге асырады.
18. Негізгі мақсат, қоршаған ортаны қорғау және карантинді іс-шаралар жүргізуде басқа мемлекеттік органдармен бірігіп қатысу бойынша қалалық аудандық органның жұмысын ұйымдастыруға, ішкі істер органдары қызметінің уәкілетті мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік саласының мәселелері бойынша өзара іс қимыл жасауға құралған.
19. Функционалдық міндеттері бойынша табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жүктелген қызметкер:
1) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік кесімдерді, ауыл шаруашылығы жануарларының аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жоюда режимді іс-шаралар жүргізу ережелерін білуге және дұрыс қолдануға ("Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 15.07.1997 жылғы Заңы, "Ерекше қорғауға алынатын табиғат аумақтары туралы" Қазақстан Республикасы 15.07.1997 жылғы Заңы, "Жануарлар әлемін қорғау қалпына келтіру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы 21.10.1993 жылғы Заңы, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 25.10.1995 жылғы Заңы, Қазақстан Республикасының 16.07.1997 жылғы Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының 30.01.2001 жылғы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексі, "Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың бұзылуы салдарынан келтірілген залалды өтеудің жекелеген мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 қыркүйек 2001 жылғы N 1186 Қаулысы, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 4 қыркүйек 2001 жылғы N 1140 Қаулысы);
2) браконьерлікке қарсы күресте, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылық мәселелері бойынша аумақтық табиғатты қорғау ұйымдарымен және мекемелерімен өзара өз құзыреті шеңберінде іс-қимыл жасау жүзеге асыруға;
3) табиғатты қорғау заңнамасы, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс ахуалына талдау жасауға, қызмет көрсетілетін аумақта эпизоотиялық ырыс-берекені қамтамасыз етуге;
4) қызмет көрсетілетін аумақтағы ерекше пайдалану режиміндегі табиғи объектілердің және аймақтардың (қорықтардың, шағын қорықшалардың, ұлттық табиғи парктердің, резерваттардың), сондай-ақ жабайы аңдар мен құстардың топталатын жерлерін, мекенін ауыстыру жолдарын, уылдырық шашатын жерлерін, аңшылық-балық аулау және балық өнімдерін жасайтын, дислокациясының саны мен орналасқан жерлерін білуге;
5) табиғатты қорғау заңнамасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы статистикалық есеп беруді жасау тәртібі мен ережелерін білуге, олардың жоғарғы инстанцияға өз уақытында және сапалы жетуін қамтамасыз етуге тиіс.
20. Қоршаған ортаны қорғау мен эпизоотиялық күйі аясындағы жағдайды зерделеу және оған талдау жасау мақсатында, табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша міндеттерді атқарушы полиция қызметкері мынадай деректерді пайдаланады:
1) ішкі істер органдары қызметкерлері жасырған табиғатты қорғау заңнамасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың саны мен сипаты туралы;
2) браконьерлік, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша табиғатты қорғау органдарымен бірігіп жүргізген жолға шығулар мен рейдтердің қорытындылары туралы;
3) табиғатты қорғау және қоғамдық бірлестіктер жұмыскерлерімен әңгімелесуде алынған ақпарат;
4) азаматтардың ұсыныстары, өтініштері және шағымдары, жергілікті кезеңдік басылымдардың және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының мақалалары;
21. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша міндеттерді атқарушы полиция қызметкері жұмысының негізгі бағыттары:
1) табиғатты қорғау заңнамасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қалалық, аудандық орган жұмысының жоспарларын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі істер органдарының және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың жиынтықты табиғатты қорғау іс-шараларының біріккен жоспарларын, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің нұсқауларының орындалуы бойынша бақылауды әзірлеу және жүзеге асыру;
2) табиғатты қорғау органдарымен және мемлекеттік мал-дәрігерлік бақылау органдарымен бірігіп жолға шығумен рейдтік іс-шаралар әзірлеумен жүргізуді қамтамасыз ету;
3) табиғатты қорғау және карантинді іс-шараларға міндетті түрде қатысу;
4) браконьерлікке қарсы күрес және табиғатты қорғау операцияларын, рейдтік іс-шараларды жүргізуге қатысатын полиция қызметкерлерінің инструктажын жүргізу;
5) табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органы жұмысының есебі, осы сала бойынша деректердің статистикалық есебін жетілдіру мен талдау, полиция қызметкерлерінің практикалық іс-шаралардағы, браконьерлікке және басқа да табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік заңнаманы бұзушылықтарға қарсы күрестегі жұмысқа қатысу және оның нәтижелері туралы ақпараттар;
6) табиғатты қорғау органдарында табиғатты қорғау бойынша іс-шараларда полиция қызметкерлерінің қатысуы туралы деректердің тоқсан сайынғы салыстырма тексерісі;
7) табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестің түрлері мен әдістерін үйрену бойынша қалалық, аудандық орган жеке құрамы қызметтік дайындық жүйесінде арнайы сабақтар ұйымдастыру мен жүргізу, аңшылық және балық аулау ережелерін, орман заңнамасын бұзушыларға материалдар ресімдеу;
8) балықтардың бағалы және басқа да түрлерінің уылдырық шашатын, жануарлар жаппай мекенін ауыстыратын кезеңде, браконьерлер іс-әрекетінің күшейетін, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтар саны көбейетін басқа да жағдайларда табиғатты қорғау органдарының жұмыскерлерімен бірігіп жедел топтар, нарядтар, бақылау, өткізу пункттерін құру туралы ұсыныстар дайындау;
9) осы қалалық, аудандық органның практикасына жергілікті ерекшеліктер мен мүмкіндіктерді есепке ала отырып, ішкі істер органдарының табиғатты қорғау қызметінің озық тәжірибесін енгізу бойынша жұмыс;
10) бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін, полиция қызметкерлерінің табиғатты қорғау бойынша іс-шараларға қатысу мәселелері бойынша материалдар әзірлеу, табиғатты қорғау заңнамасын қадағалау және оның бұзылуына жауапкершілік бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
4. Ауыл шаруашылық жануарларының аса жұқпалы аурулары
бойынша ахуалы нашар пункттерде карантинді іс-шараларды
жүргізуде ішкі істер органдарының және мемлекеттік мал-дәрігерлік
бақылау органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру қағидаттары
22. Карантинді іс-шараларды жүргізуге қатысу бойынша аумақтық ішкі істер органдарының қызметі аумақтық, мемлекеттік мал-дәрігерлік бақылау органдарымен және жергілікті атқару органдарымен бірігіп іс-жүргізудің мынадай мәселелер алдын ала қарастырылуы тиіс жоспарының негізінде ұйымдастырылады:
1) ішкі істер органдарының және мемлекеттік мал-дәрігерлік бақылау және жергілікті атқару органдарының функционалдық міндеттерінің айқын шектелу және өзара іс-қимыл тәртібі;