2) өршу ошағындағы және бақылауға алынатын аймақтардағы нақты жиналып жатқан эпизоотиялық жағдай туралы ұдайы өзара ақпараттар жүргізу;
3) карантинді іс-шаралар жүргізуге тартылған ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының есеп айырысуы;
4) карантинді бекеттерді қоюды ұйымдастыру және бекеттердегі қызметтердің орындалу тәртібі.
23. Карантинді іс-шараларды жүргізудегі ішкі істер органдарының негізгі функциялары:
1) карантинді және қауіп төнген аймақта қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуді;
2) карантинді бекеттерде қызмет көрсету барысында жұқпалы дерт ошағынан залалсыздандырудан өтпеген малдарды, жануарлардан жасалған өнімді, жемді, жемдік қоспаларды, мал-дәрігерлік препараттарды әкету, әкелудің, көлік және басқа да техникалық құралдардың шығуын, кіруін, автокөлік және басқа да техникалық құралдардың жұқпалы дерт ошағынан қауіп төнген аймақтарға жүруін шектеуді (ерекше жағдайларда тыйым салуды) бақылауды жүзеге асыруды;
3) мал-дәрігері маманының рұқсатынсыз мал союдың, оның ішінде карантинді және қауіп төнген аймақтарда мәжбүрлі түрде мал мен жануардан жасалған өнімді өткізудің алдын алу бойынша бақылауды жүзеге асыруда мемлекеттік мал дәрігерлік бақылау мамандарымен бірігіп қатысуды;
4) малдәрігерлік бақылау мамандарымен бірігіп, мал және адам денсаулығына қауіп төндіретін малды, жануарлардан жасалған өнімді және азық-түлікті, жемді, жемдік қоспаларды, мал-дәрігерлік препараттарды залалсыздандыруға қатысуды;
5) белгіленген карантинді режимді халық, қандай да болмасын меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдардың орындауы бойынша бақылауды жүзеге асыру;
6) тыйым салынған жерлерде жануарларды, жануарлардан жасалған азық-түлік пен өнімді сатудың жолын кесу;
7) мал-дәрігерлік заңнама талаптарын бұзған адамдарға материалдарды, себеп-салдары бойынша берумен процессуалды ресімдеуді жүзеге асыру болып табылады.
24. Аурудың және қойылған эпизоотиялық, эпидемиологиялық жағдайдың сипатына қарай ішкі істер органдарына, олардың құзыреті шеңберінде қосымша міндеттер жүктелуі мүмкін.
25. Карантинді іс-шараларға жұмылдырылған ішкі істер органдарының күштері мен құралдарына жалпы жетекшілік, аталған сала бойынша қызметтің жұмысына жетекшілік ететін Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, қалалық ішкі істер органы бастығының орынбасары жүзеге асырады.
26. Карантинді іс-шараларды жүргізуде Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, қалалық ішкі істер органының жұмысын ұйымдастыру және бақылау бойынша тікелей жұмысты табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесі, Ішкіісмині, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің, басқармасының қызметкерлері жүзеге асырады.
5. Жоспарлау және есеп беру
27. Браконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күресте бірігіп жүргізу іс-шаралардың тиімді болуы мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласында Ішкіісминінің, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің және уәкілетті мемлекеттік органдардың біріккен іс-шараларының жоспарлары әзірленеді. Жоспарда жедел жағдайдың объективті бағасына және талдауына негізделген іс-шаралар қарастырылады.
28. Біріккен іс-шаралар жоспарлары бір жылға жасалуы мүмкін, және:
1) браконьерлік фактілерді, орманнан алынған материалдарды, заңсыз аңшылық пен балық аулау өнімдерін ұрлау және контрабандалық әкету, өткізу, табиғатты қорғау заңнамасын бұзған кәсіпкерлік қызметті қосымша күштер мен құралдарды тарту арқылы анықтау мақсатында кең ауқымды рейдтік жұмыстардың атқарылуын, жедел-іздестіру, жедел-алдын алу іс-шараларын және арнайы операцияларды, кезекті рейдтің нәтижелерін республикалық, облыстық басылымдарға жариялап, теледидар және радио арқылы хабарлап отыратын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуын ұйымдастыруды және жүргізуді;
2) аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу әдістерін үйрену бойынша, табиғатты қорғау жұмысына тікелей қатысатын, ішкі істер органдары жеке құрамның сабағын, сондай-ақ табиғатты қорғау органдары жұмыскерлерімен, оларға берілген табельді атыс қаруын пайдалану ережелері мен материалды бөліктерін үйрету бойынша сабақ беруді ұйымдастыруды;
3) браконьерлік фактілер бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарау үшін ішкі істер органдарына берілген табиғатты қорғау органдарының материалдарының жүргізілуі туралы деректердің өзара салыстырма тексерісін;
4) практикалық қызметті жетілдіру, өзара іс-қимыл түрлері мен әдістерінің маңыздылығы бойынша екі жылда бір рет семинар-кеңес жүргізуді қарастыруы мүмкін;
5) қажет болғанда жоспарларға басқа да бөлімдер енуі мүмкін.
29. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша ішкі істер органдары жұмысының нәтижелері бойынша статистикалық ақпарат ай сайын және тоқсан сайын жоғары ішкі істер органдарына есеп беруден кейін мынадай күндерде беріледі:
1) облыстардағы ІІББ-ІІБ-не қалалық және аудандық ішкі істер органдар айдың 1 күнінде;
2) Қазақстан Республикасы Ішкіісминіне облыстардағы ІІББ-ІІБ, Астана қаласы ІІБ, Алматы қаласы ІІББ айдың 5 күнінде.
30. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімдерінің табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімдері (бөлімшелері, топтары), қалалық, аудандық ІІБ-нің табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша функцияларды атқаратын полиция қызметкерлері тоқсанның қорытындысы бойынша жоғары тұрған ішкі істер органдарына табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласының жұмыстары туралы баяндама хаттар әзірлеп жолдайды.
31. Баяндама хаттар жоғарғы ішкі істер органдарына тоқсан сайын есеп беру кезеңінен кейінгі мына күндерде жіберіледі:
1) облыстардағы ІІББ-ІІБ-не қалалық және аудандық ішкі істер органдар айдың 1 күнінде;
2) Қазақстан Республикасы Ішкіісминіне облыстардағы ІІББ-ІІБ, Астана қаласының ІІБ, Алматы қаласының ІІББ айдың 5 күнінде.
32. Баяндама хаттар:
1) табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының басқа қызметтерінің, табиғатты қорғау заңнамасының аясындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қалалық, аудандық органдарының жұмысы туралы шынайы ақпаратты;
2) әкімшіліктік және қылмыстық практика ахуалына табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар бойынша, белгілі бір мезетте дәл сол аумақта оларды бұзуға, браконьерлік бойынша жағдайдың нашарлауына (жақсаруына) ықпал ететін жағдайлардың себептері мен шарттарының баяндалуымен талдауын;
3) алдын алу және қабылданатын шаралар бойынша табиғатты қорғау заңнамасы аясында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау бойынша табиғатты қорғау органдарымен, атқарушы билік, қоғамдық органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыруды;
4) жол полициясының, тергеу және анықтау, 9-басқарма қызметтерімен өзара іс-қимыл бойынша, басқа да ішкі істер органдары қызметтерімен табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша жұмысты ұйымдастыруды; Осы бөлімде қылмыстың экологиялық құрамы бойынша тергеу және анықтаумен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығымен жүргізілген салыстырма тексерулер, аталған қызметтермен өзара іс-қимылдың оң тәжірибелері мен кемшіліктері туралы көрсетіледі;
5) Ауылшаруашылық жануарларының аса жұқпалы ауруларының ошақтары пайда болған жерлерде карантинді іс-шараларды жүргізуде, мемлекеттік мал-дәрігерлік бақылау органдарына, осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру бойынша аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында қызметтік іссапарлардың жүзеге асуының нәтижелерін қоса алумен практикалық көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтуы тиіс.
33. Баяндама хаттарға Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, қалалық, аудандық ІІБ-нің бастықтары, ал олар болмағанда - олардың орынбасарлары қол қояды.
34. Баяндама хаттарға қол қойған лауазымды адамдар онда жазылған мәліметтердің шүбәсіздігіне және олардың өз уақытында жоғарғы инстанцияларға жетуіне жауапты болады.
Жедел жағдай мен қызметтік қажеттілікті есепке алумен табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша жүргізілген жұмысты талдау үшін қажет басқа да мәліметтерге қалалық, аудандық ІІБ-нан сұрау салуға рұқсат беріледі.
Нұсқаулыққа
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының табиғатты қорғау
және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелері істерінің
НОМЕНКЛАТУРАСЫ
N1-ІС: "Ішкіісминнің, Астана қаласы ІІБ-ның, Алматы қаласы ІІББ-ІІБ-ның бұйрықтары, нұсқаулары, облыстық және республикалық шолулар мен талдаулар. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік қызмет мәселелері бойынша облыстық(қалалық), аудандық әкімшіліктердің, басқа да органдардың шешімдері".
N2-ІС: "Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік қызмет мәселелер бойынша министрліктермен, ведомстволармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, жергілікті билік органдарымен хат-хабар алмасу".
N3-ІС: "Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімі (бөлімшесі, тобы) жұмысының жоспары, олардың орындалуы туралы анықтамалар. Бірлескен рейдтік іс-шаралардың жоспары, олардың жүргізілуі, нәтижелері туралы анықтамалар".
N4-ІС: "Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша ағымдағы жоспарлау мәселелері бойынша хат-хабар алмасу".
N5-ІС: "Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік қызмет мәселелері бойынша Ішкіісминмен, ІІББ-ІІБ-мен хат-хабар алмасу".
Нұсқаулыққа
N 2 қосымша
Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелерінің
жұмысын тексеру нәтижелерін есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Журналда мынадай бағандар қарастырылады:
1. Реттік нөмірі.
2. Тексеру датасы.
3. Тексерушінің қызметі, атағы, тегі, аты-жөні.
4. Тексеру нәтижелері.
5. Бөлімше жұмысының кемшіліктерін қалыпқа келтіру, жақсарту бойынша ұсыныстар.
6. Қалалық, аудандық орган бастығының нұсқаулары, кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша жұмыс нәтижелері туралы белгілер.
Нұсқаулыққа
N 3 қосымша
Шаруашылықта және жеке секторда ауыл шаруашылық жануарларының
жұқпалы ауруларының етек жаюын есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Журналда мынадай бағандар қарастырылады:
1. Шаруашылықтың, елді мекендердің атауы.
2. Аурудың аты, қоздыру типі.
3. Жануарлардың түрі.
4. Ауру малдардың саны.
5. Инфекцияның пайда болуына не ықпал еткені. Себептері.
6. Аурудың басталған датасы, карантин қою.
7. Аурудың аяқталу, карантинді алу датасы.
8. Барлық карантинді, оның ішінде мал-дәрігерлік, полициялық, мал-дәрігерлік-полициялық қойылған бекеттер.
9. Оларға іс-әрекет етушілер: табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция ІІББ-ІІБ-ның қызметкерлері, ішкі істер органдарының басқа да қызметкерлері.