"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
2001-2005 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 қыркүйек
N 1237
Осы редакция ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. N 781 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының темір жол саласын тиімді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 25 қыркүйектегі
N 1237 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
2001-2005 жылдарға арналған
Даму жоспары
Кіріспе
Осы Даму жоспары ел Президентiнiң Қазақстан халқына арналған "Қазақстан-2030" жолдамасына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрленген. Әзiрлеу барысында Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгi мен шетелдiк сарапшылардың 2001-2005 жылдарға жасаған негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамдары ескерiлдi ("Plan Econ Review and Outlook for the Former Soviet Republics" басылым).
"Қазақстан темiр жолы" РМК-ның даму жоспарының жалпы мемлекеттiк маңызы бар, өйткенi темiржол көлiгiнiң тұрақты жұмыс істеуi Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуiнiң қажетті шарты болып табылады. Темiржол көлiгi, жүк пен жолаушылар тасымалдарының негiзгi бөлiгiн орындай отырып Қазақстанның көлiк жүйесiнiң негiзi болып табылады. Темiр жол желiсiнiң инфрақұрылымы Қазақстанның барлық аймақтарын бiр-бiрiмен қосады және көршi мемлекеттердiң темiр-жол желiлерiмен 15 түйiспе қосындары бар, соның iшiнде 11-і Ресей Федерациясының желiсiмен. Елiмiздiң аумағы үлкен болғандықтан республикадағы көмiр, руда, металл, астық сияқты жаппай тасымалданатын жүк тасымалдарына темiржол көлiгiндегi төмен тарифтердiң көлiктiң басқа түрлерiмен салыстырғанда баламасы жоқ.
Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде төмен тарифтердi сақтай отырып, темiржол көлiгi жүк жөнелтушiлердiң тасымалға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыр, және де Қазақстанның негiзгi салық төлеушiсi болып табылады. Республикадағы iрi кәсiпорындардың бiрi болғандықтан "Қазақстан темiр жолы" РМК бүгiнгi күнi 125 мыңнан артық адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етiп отыр.
Осылайша, темiржол көлігі елiмiздiң экономикасын дамытуда маңызды роль атқарады. Сондықтан оның дамуы өз кезегiнде саланың мақсаттары, стратегиясы мен оларға қол жеткiзудiң тәсiлдерi нақты белгiленген жан-жақты кешендi жоспарға сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Осының бәрi осы Даму жоспарын әзiрлеудiң қажеттiлiгiн белгiлеп отыр.
Даму жоспары орта мерзiмдiк келешекке - 2001-2005 жылдарға жасалған. Бұның өзiнде темiржол саласының ерекшелiгiне орай (капитал сыйымдылығының жоғарыдағы, технологиялар циклдарының ұзақтығы және негiзгi өндiрiстiк қорларды пайдаланудың мерзiмдерi, күрделi салымдардың көлемдерiнiң үлкендiгi мен өзiн-өзi ақтау мерзiмдерi және т.б.) жоспарлаудың көкжиегi 15 жылға дейiн ұзартылған. Осыған сәйкес салалық Инвестициялық бағдарлама 2014 жылға дейiн жасалған.
Даму жоспары мыналарды сипаттайды:
- Қазақстан темiржол саласының бүгiнгi жай-күйін;
- оны орта мерзiмдiк келешекте реформалаудың негiзгi бағыттарын;
- тасымал көлемiнiң, көлiк жұмысының негiзгi өндiрiстiк және қаржылық көрсеткіштерiнiң болжамдарын;
- операциялық қызметтi жоспарлауды және техникалық кешендi оңтайландыруды жақсарту жөнiндегi iс-шараларды;
- саланы техникалық және технологиялық жетiлдiрудiң стратегиялық жоспарын, инвестициялаудың негiзгi бағыттары мен техникалық дамытудың қорытындыларын;
- қолданылып жүрген тарифтiк саясаттың принциптерi мен оны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды;
- қаржылық қорытындыларды.
Даму жоспарында "Қазақстан темiр жолы" РМК-ны қайта ұйымдастыруды және темiржол көлiгiнiң негiзгi шаруашылықтарының ("Инфрақұрылым" ЖАҚ, "Локомотив" ЖАҚ, "Жылжымалы құрам" ЖАҚ, "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ және басқалар) мүддесiн қорғайтын жаңа заңды тұлғалар құруды көздейтiн 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының темiржол көлiгiн қайта құрылымдаудың бағдарламасына сәйкес Компанияның даму стратегиясы көрсетiлген.
Даму жоспары Қазақстанның темiржол көлiгiнiң 90-шы жылдары экономикалық және саяси реформалар жағдайындағы қаржы-шаруашылық қызметiн талдау, темiржол көлiгiнiң Еуропаның және Солтүстiк Американың нарықтық экономикалық жүйесiнде қызмет ету тәжiрибесiн, сондай-ақ темiржол көлiгiнiң ТМД-ның басқа елдерiндегi жай-күйi мен болашағын оқып-үйрену негiзiнде әзiрленген.
1. "ҚАЗАҚСТАН ТЕМIР ЖОЛЫ" РМК-НЫҢ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ,
ҚҰРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТАРИХЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАЙ-КYЙI
1.1. ТЕМIРЖОЛ КӨЛIГIН ДАМЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ
Темiржол көлiгiн дамытудың негiзгi мақсаттары:
- қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, республиканың жолаушылар, жүк, почта және багаж тасымалына қажеттілiгiн толық және толассыз қанағаттандыру;
- саланың 2006 жылға қарай одан әрi тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн жаңа сапалы деңгейге көшiру;
- отандық өнiмнiң өзiндiк құнындағы көлiк шығындарын төмендету, көлiк қызметтерiнiң сапасын арттыру, олардың ассортименттерiн кеңейту;
- темiржол көлігінiң қызмет етуiнiң экономикалық қауiпсiздiгiне қол жеткiзу;
- баламалы көлiк коридорлары арқылы тасымалдар бәсекелестiгiнiң тұрақты үдеуi жағдайында Қазақстанның транзиттік әлеуетiн арттыру;
- жоғары технологиялық импорт алмастырудың көлемiн арттыру болып табылады.
Темiржол саласы басымды орын алатын Қазақстан көлiгiнiң тұрақты жұмыс iстеуi шикiзаттық бағдардағы экономикамыздың қызмет етуiнiң ажыратылмас шарты болып табылады.
Сала дамуының жаңа деңгейi Қазақстан темiр жолының техникалық жарақталуын айтарлықтай жақсартуға, оны 2015 жылы дүниежүзiлiк стандартқа жақындатуға, транзиттiк әлеуеттi арттыру арқылы бәсекелестiктiң жоғары деңгейiне, жылжымалы құрам паркiн отандық жаңа локомотивтермен және вагондармен жинақтауға, импорт алмастыру деңгейiн арттыруға, көлiктiк инфрақұрылымды дамытуға мүмкiндiк бередi.
Отандық өндiрiстiк өнiмдердiң өзiндiк құнындағы көлiктiк шығындарды азайту экономикалық өсуге және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн нығайтуға әсер етедi.
Отандық көлiк жүйесiнiң экономикалық қауiпсiздiк проблемасы республика қауiпсiздігi үшiн ерекше маңызы бар, сондықтан оны шешу үшiн мемлекеттiң жан-жақты қолдауы қажет. Қандай да болмасын жағдайда экономиканың өмiрлiк маңызды қажеттiлiктерін және тұрғындардың тасымалға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын әрi төтенше жағдайларда оның жұмыс iстеуге дайын болуын қамтамасыз ете алатын көлiктiң даму деңгейiн қамтамасыз ету талап етiледi, оның өзінде iшкi және сыртқы қатерлерге қарсы тұра алуы қажет.
1.2. "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның тарихы және ұйымдастырушылық
құрылымы
"Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Yкiметін 1997 жылғы 31 қаңтардағы "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды: Алматы темiр жолының әкiмшiлiгiн, Тың темiр жолының әкiмшiлiгiн және Батыс Қазақстан темiр жолының әкiмшiлiгiн қосу жолымен республиканың темiржол кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" қаулысымен құрылған. Қосудың мақсаты тасымалдау процесiн басқару құрылымын оңтайландыру және оның артық буындарын жою, темiржол саласын қаржылық-экономикалық сауықтыру болды. Қабылданған шешiмнiң дұрыстығын соңғы төрт жыл iшiндегi нәтижелер растап отыр.
1993-1999 жылдар кезеңiнде тасымалдау жұмысының көлемi ұдайы төмендеп отырды ол сыртқы объективтiк себептерге байланысты болды. Сонымен бiрге пайдалану жұмыстарының тиiмдiлiгi және жүк тасымалдарының рентабельдiлiгi 1994 жылдан 1997 жылға дейiнгi аралықта нашарлады. Осы тұрғыдан алғанда 1996 жыл ең нашар жыл болды. 1997 жылдан бастап, үш жолды бiр кәсiпорынға - "Қазақстан темiр жолы" РМК-ға бiрiктiргеннен кейiн, сапалық көрсеткiштер жақсара бастады әрi 1999 жылға қарай 1993 жылдың деңгейiне қол жеткiзiлдi, ал бiрқатар көрсеткiштер бойынша бұл деңгейден асып түстi. "Қазақстан темiр жолы" РМК басшылығының бiрiншi кезектi шаралары саланың қаржылық жағдайын тұрақтандыру жөнiндегi iс-шаралар болды. Барлық қаржылық ағындарды бiрiктiру, қатынастың барлық түрлерiндегi тасымалдардан түсетiн кiрiстердi орталықтандыру, ақшалай қаржылардың түсуi мен жұмсалуын күн сайын есепке алу жүргiзiлдi. Айналым капиталын басқару жөнiнде көп жұмыс жүргiзiлдi, дебиторлық және кредиторлық борыштар деңгейiнiң айтарлықтай төмендеуi, бюджет алдындағы борыштардың жойылуы, саланың тауар-материалдық қорлары мен отын-энергетикалық ресурстарды пәрмендi басқаруды ұйымдастыру осының қорытындысы.
Өндiрiстiк қорларды тиiстi техникалық жағдайға келтiру жөнiнде шұғыл
шаралар қабылданды, атап айтқанда негiзгi қорларды (ең бастысы, жолды)
күрделi жөндеудiң көлемi айтарлықтай артты.
Қаржылық ресурстарды басқаруда жасалған маңызды қадам бюджеттiк жүйенi енгiзу болды, ол бүгiнгi күнi қаржының түсуi мен жұмсалу теңгерiмiн анық және дер кезiнде бақылап отыруға, бюджеттердiң теңгерiмдiлiк жүйесiн құру жолымен шығындарды басқаруға мүмкiндiк берiп отыр.
Қаржылар мен өндiрiстi басқарудың оңтайлы құрылымын iздестiру басқарудың вертикальдық құрылымын құру қажеттiлiгi туралы қорытынды жасауға алып келдi. Бұрын қолданылып жүрген ұйымдастыру жүйесi ресурстардың жұмсалуына, темiр жолдың бiрыңғай техникалық саясатының жүзеге асырылуына тиiстi бақылау жасауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермедi.
Сондықтан саланың негiзгi өндiрiстiк шаруашылықтарын басқарудың вертикальдық жүйесiне көшу жүзеге асырылды. Барлық негiзгi шаруашылықтардың (локомотив, вагон, жол, электрмен жабдықтау сигнализация мен байланыс және басқалар) желілік кәсiпорындары "Қазақстан темiр жолы" РМК-ны басқарудың орталық аппаратына кiретiн тиiстi Департаменттер мен Басқармаларға тiкелей бағындырылды. Негiзгi емес (қосалқы) шаруашылықтар еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарға (ЕМК) бағындырылды. Бүгінгi күнi өндiрiстiк бас басқармалардың желiлiк кәсiпорындарын қаржыландыру және бухгалтерлiк жиынтық қаржы-экономикалық орталықтар арқылы жүргiзiледi, ал ЕМК-ларды тiкелей Қаржы және бухгалтерлiк есеп басқармасы қаржыландырады.
Мұндай жүйе қаржылық және материалдық ресурстар қозғалуының айқын болуына, айналым қаржыларын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға, өндiрiстiк емес шығындарды азайтуға, тасымалдардың өзiндiк құнын төмендетуде айтарлықтай резервтердi анықтауға, тасымалдау процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкіндiк бердi.
Қазiргi уақытта "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның құрылымына мына бөлімшелер кiредi:
- орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi (департаменттер, дербес басқармалар мен бөлiмдер);
- еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар (9 кәсiпорын) мен олардың филиалдары;
- "Қазақстан темiр жолы" РМК филиалдары құқығындағы құрылымдық бөлiмшелер.
Ұйымдастыру құрылымы
_________________________________
| |
________________________ ___________________________
| Негiзгi қызмет | | Қамтамасыз етушi қызмет |
|________________________| |___________________________|
| __________________________ | _________________________
|__|Инфрақұрылым департаментi | |_| Еншiлес мемлекеттiк |
| |__________________________| | кәсiпорындар (8) |
| |_________________________|
| ______________________________
|__| Жүк тасымалдары департаментi |
| |______________________________|
| _________________
|__| "Жолаушылар |
| | тасымалы" ЕМК |
| |_________________|
| ________________________
|__| Локомотив шаруашылығы |
| | департаменті |
| |________________________|
| ____________________________
|___|Функционалдық департаменттер|
| мен басқармалар |
|____________________________|
1.3. "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның техникалық төлқұжаты
Темiржол көлiгiнiң өзiндiк ерекшелiктерiне орай оның активтерiнiң 80%-ын ұзақ мерзiмдiк активтер құрайды. Сондықтан саланың техникалық жарақталуы көлiктiң негiзгi қызметiнiң - жүк және жолаушылар тасымалының тиiмдiлiгiн арттыруда шешу маңызы бар.
Мүлiктiк активтердiң мөлшерi бойынша "Қазақстан темiр жолы" РМК Қазақстандағы ең iрi кәсiпорын болып табылады.
Пайдаланыстағы темiржол желiсiнiң ұзындығы 13,6 мың км-ге тең. Электрлендiрiлген желiлердiң ұзындығы қазiргi күнi пайдалану ұзындығының 27%-ға жуығын, ал автоблокировкамен жабдықталған желiлердiң ұзындығы - 75 %-дан артық. "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның темiр жолдарының жалпы ұзындығының 97,5% Қазақстан аумағында, қалған 2,5% Ресей мен Қырғызстанның шекаралық аудандарының аумақтарында орналасқан.
"Қазақстан темiр жолы" РМК-ның техникалық төлқұжаты
---------------------------------------------------------------------------
Көрсеткiштiң атауы !Өлшеу! ! ! !
!бір. ! 1997 ! 1998 ! 1999 ! 2000
!лігі ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
Темiржол желiсiнiң
пайдалану ұзындығы км 13 660,3 13 642,4 13 601,1 13 545,0
соның iшiнде:
Қосжолды телiмдер км 5 042,8 5 016,1 4 943,4 4 699,9
электрлендiрiлген
телiмдер км 3 481,2 3 661,3 3 663,9 3 725,4
автоблокировка
құрылғыларымен
жабдықталған км 10 318,7 10 247,8 10 222,8 9 983,1
Бас жолдардың жалпы
ұзындығы км 18 831,7 18 787,2 18 676,3 18 371,5
Станциялық және
арнаулы жолдардың
жалпы ұзындығы км 6 917,3 6 699,5 6 451,2 6 462,4
Станциялар мен бөлiм
қосындарының саны бiр. 797 731 720 720
Локомотив паркi бiр. 2 447 2 293 2 162 1 964
соның iшiнде:
электровоздар бір. 643 631 629 619
магистральдық
тепловоздар бір. 1 177 991 887 767
маневрлiк бір. 628 578 559 524
Жүк вагондар паркi бір. 93 146 89 865 86 472 85 818
соның ішiнде:
ашық вагондар бір. 35 941 33 987 31 555 31 004
жабық бір. 15 378 14 893 14 486 14 505
платформалар бір. 12 254 11 948 11 699 11 639
цистерналар бір. 10 314 10 446 10 683 11 417
рефсекциялар бір. 1 822 1 715 1 654 1 611
басқалар бір. 17 437 16 876 16 395 15 642
Жолаушы вагондары бір. 2 162 2 194 2 078 2 085
Персоналдың тiзiмдiк
саны адам 159 536 148 405 132 950 128 650
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстанның темiр жолдары бойынша тасымалдау процесiн жол тармақтары бар 720 станциялар мен басқа да бөлу қосындары және жол тармақтары жоқ 33 жол қосындары қамтамасыз етедi. 351 станция мен бөлу қосыны жүк операцияларын жүргiзедi.
Локомотив шаруашылығының техникалық жарақталуын локомотивтiк
деполарды тағайындалуы және тартым күш түрлерi бойынша топтау арқылы,
сондай-ақ техникалық қызмет көрсету қосындары мен локомотивтердi
экипировкалау сипаттайды. Қазiргi уақытта 28 пайдалану локомотив деполары,
40 техникалық қызмет көрсету қосындары, 43 экипировкалау қосындары жұмыс
iстейдi. "Локомотивжөндеу" ЕМК құрамына кiретiн 18 жөндеу локомотив
деполары мен бұрынғы локомотив деполарының базаларында құрылған үш
өндiрiстiк кооператив локомотивтердiң ағымдық жөндеуін жүргiзедi.
Локомотивтердiң мүкәммал паркi - 1961 бiрлiк, соның iшiнде 1289 тепловоз
(767 магистральдық және 522 маневрлiк), 618 электровоз.
"Қазақстан темiр жолы" РМК-ның вагон шаруашылығы бүгiнгi күнi 16 пайдалану вагон депосынан, 81 жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету қосынынан, 63 поездар қозғалысы қауiпсiздiгiнiң қосыны мен бекеттерiнен, 167 поездардың жүру барысында ақауларын анықтайтын бақылау қосындарынан тұрады. Вагондарды деполық жөндеудi "Вагонжөндеу" ЕМК құрамындағы 12 жөндеу вагон деполары мен бұрынғы вагон деполарының негiзiнде құрылған бес өндiрiстiк кооперативтер жүргiзедi. Жүк вагондарының мүкәммал паркi 2001 жылдың басында 78 774 вагонды құрады.
Жолаушылар шаруашылығында: 7 вагон депосы, 10 жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсететiн қосындар және 18 жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтайтын қосындар бар. Жолаушылар вагондарының мүкәммал паркi 2085 бiрлiктен тұрады, олардың көп бөлiгiн плацкарт (1062 бiрлiк) және купелi вагондар (675 бiрлiк) құрайды.
2. "ҚАЗАҚСТАН ТЕМIР ЖОЛЫ" РМК-НЫҢ ӨТКЕН ЖЫЛДАРДАҒЫ
ӨНДIРIСТIК-ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТIН ТАЛДАУ
2.1. Өндiрiстiк көрсеткiштер
Көлiк инфрақұрылымының басты элементi болғандықтан темiржол саласы КСРО тарағаннан кейiнгi Қазақстан экономикасындағы дағдарыс үрдiсiнен арыла алмады. Тасымалдар көлемi соңғы 10 жылдың iшiнде ұдайы төмендеп отырды 1999 жылы 1991 жылғы деңгейдiң 26% құраса, 1999-2000 жылдың аяғына қарай өсе бастады.
Егер 1993 жылы Қазақстан темiр жолдарының келтiрiлген өнiмдерi 209,6 млрд. келтiрiлген т-км құрады, 1999 жылы ол 110,5 млрд. т-км-ға, яғни екi есеге дейiн төмендедi.
1999 жылы жүк айналымы 1993 жылғы деңгейдiң 48,5%-ына, ал тиеу жұмыстары - 56,8%-ға жеттi. Жолаушылар айналымының төмендеуi бұдан да шапшаң болды: 1999 жылдың деңгейi 1993 жылғы деңгейдiң 43,0%-ын ғана құрады.
Тиеу жұмыстарымен салыстырғанда жүк айналымының шапшаң құлдырауы, қарастырылып отырған жетi жылдық кезеңде транзиттiк жүк тасымалдары көлемiнiң, әкелiнетiн жүктер санының, жүктердi тасымалдаудың орташа ұзақтығының азаюымен түсiндiрiледi. Бұл азаю ең алдымен жұмыстың сыртқы шарттарымен, атап айтқанда:
- бұрынғы Кеңес Одағының аумағында өндiрiстiк өнiмдер шығару көлемiнiң төмендеуiмен;
- бұрынғы КСРО республикаларымен экономикалық байланыстардың үзiлуiмен;
- мұнай мен металдарға дүниежүзiлiк бағаның өзгеруiмен;
- Оңтүстiк-Шығыс Азия мен Ресейдегi қаржылық дағдарыстармен және басқалармен.
Жүктердiң негiзгi түрлерiн тиеу көлемiнiң өзгеруi толықтай алғанда өнiмдердiң тиiстi түрлерiн өндiру көлемiнiң динамикасына сәйкес келдi.
Қазақстан темiр жолдарындағы жүк тиеу құрылымы Қазақстанның тау-кен
өндiрiсiнiң өнiмдерi ең көп орын алатындығын куәландырады (көмiр, мұнай
және руда жүктерiнiң жиынтық жеке салмағы 80% жуық).
1999-2000 жылдардағы оң үрдiс тасымалдар көлемi азаюының ең төменгi нүктесiнен өттiк деуге негiз бола алады. 2000 жылы жүк айналымының көлемi 124,9 млрд. т-км-ге жеттi немесе 1999 жылға қарағанда 36,3% артты.
Толықтай алғанда "Қазақстан темiр жолы" РМК бойынша 2000 жылы 1999 жылға қарағанда жүк тиеудiң жалпы көлемi 32 379 мың тоннаға, немесе 26,1% артты. Оның өзiнде тас көмiр, мұнай және мұнай өнiмдерi, руда, қара металдар, астық пен ұнтақталған өнiмдер және т.б. сияқты маңызды жүктердi тиеу артты.
Жүк айналымының жалпы көлемi 2000 жылы 10 215 млн. жолаушы-км құрады, бұл 1999 жылдың деңгейiнен 15,3% артық.
2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда көлемдiк көрсеткiштермен қатар жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткiштерi де жақсартылды. Жүк вагонының өнiмдiлiгi жұмыссыз бос жүрудiң 1,6% төмендеуiнен және жүк тиелген вагонның динамикалық жүктеменiң 1 тоннаға немесе 1,8%-ға көбеюiнен 3,3%-ға артты. Локомотивтiң өнiмдiлiгi поезд салмағының 78 тоннаға, немесе 2,4% және локомотивтiң орта тәулiктiк жол жүруінің 16,7 км, немесе 3,3% көбеюi есебiнен 8,5% артты.
2000 жылдың қорытындысы бойынша жылжымалы құрамды пайдаланудың сапалық көрсеткiштерiн жақсартуға қол жеткiзiлдi.
Жүк поезының брутто салмағы 3374 тоннаға дейін жеткiзiлдi, ол 1999 жылдың деңгейiнен 2,4%-ға жоғары, жүк вагонының жұмыссыз бос жүру пайызы жүк тиелген вагонға қарағанда 1,7% төмендедi.
Локомотивтiң өнiмдiлiгi 1468 мың т-км бруттоға жеттi, яғни 1999 жылғы деңгейден 8%-ға жоғары, бұл локомотивтердi пайдалану тиiмдiлiгiнiң артқандығын куәландырады.
Жылжымалы құрамды пайдалану сапасының жақсаруына байланысты вагондар мен локомотивтердiң жұмысшы паркiнiң өсу қарқыны жүк айналымы өсуінің қарқынынан төмен болды.
Жолаушы тасымалы тиiмдiлiгiнiң артқандығын жолаушы вагондарының сыйымдылығы 26,8 адам/ваг., немесе 1999 жылға қарағанда 13,5%-ға өскендiгi куәландырады.
"Қазақстан темiр жолы" РМК-ның өндiрiстiк көрсеткіштерi
___________________________________________________________________________
Көрсеткіштер !Өлшем бір.! 1997 ! 1998 ! 1999 ! 2000
______________________!__________!__________!_________!___________!________
Жүктердің жалпы тиелуі: мың тонна 137 731 129 931 123 911 156 306
Жүк айналымы млн. т-км 106 425 99 877 91 700 124 983
Жолаушы айналымы млн.жолаушы 12 801 10 669 8 859 10 215
Жолаушылар жөнелтілген мың адам 20 115 15 559 14 282 15 891
Келтірілген өнім млн. т-км 119 226 110 546 100 559 135 198
Жүк поезының орта
салмағы брутто тонна 3 048 3 186 3 296 3 374
Локомотивтің орта
тәуліктік жол жүруі мың т-км.бр. 1 184 1 255 1 359 1 468
Локомотивтің орта
тәуліктік өнімділігі км 466 477 505 520
Вагонның орта
тәуліктік өнімділігі т-км. нетто 7148 7941 8422 8703
Жүк вагонның орта
тәуліктік жол жүруі км 216,7 239,6 242,4 244,0
Жұмыс вагоны айналы.
мының орташа уақыты тәулік 5,54 5,62 5,23 5,39
Жүк тиелген вагонның
динамикалық жүктемесі тонна 58,6 58,1 57,5 58,4
Жүк вагондарының
жұмыссыз бос жүру
пайызы % 77,2 74,74 65,19 63,54
Вагонның бір жүк
операциясында жұмыссыз
бос тұруы сағ. 37,02 30,57 31,27 32,40
Вагонның бір техникалық
станцияда жұмыссыз бос
тұруы сағ. 6,56 5,97 5,87 5,88
Телімдік жылдамдық км/сағ. 39,00 39,90 41,91 41,61
Техникалық жылдамдық км/сағ. 44,50 45,10 46,36 46,18
_____
Жолаушылар вагонының
сыйымдылығы адам.ваг. 25,5 22,5 23,6 26,8
___________________________________________________________________________
2.2. Операциялық қызмет
"Қазақстан темiр жолы" РМК-ның тасымалдау жұмысы көлемiнiң айтарлықтай құлдыраған, негiзгi қорларын қалпына келтiруге және жаңартуға қаржы ресурстарының болмаған кезеңiнде өндiрiстiк қызметтi оңтайландыру есебiнен пайдалану шығындарын азайту жөнiнде түбегейлi шаралар қабылдауға тура келдi. Мұндай шараларға мыналарды жатқызуға болады:
- негiзгi қорларды пайдалану шарттарын өзгертумен байланысты iшкi резервтердi іздестiру;
- ескi жарамды материалдарды екiншi рет пайдалану;
- ресурс үнемдейтiн технологиялар мен техникалық құралдарды енгiзу;
- бұрын шетелдерден сатып алынатын жүрген қосалқы бөлшектердi, тораптар мен тетiктердi қалпына келтiру және дайындау технологияларын игеру;
- отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеудiң қатаң режимін енгiзу.
Қазiргi уақытта операциялық қызметтi оңтайландыру жөнiнде бiршама жұмыстар жүргiзiлдi. Тасымалдау процесiн жоспарлау және оперативтiк басқару функцияларын бөлу сияқты. Тасымалдау процесінің негiзгi технологиялық және техникалық нормативтерiн автоматтандыру соның iшiнде поездар қозғалысының оңтайлы жаңа графигiн әзiрлеу және енгiзу жөніндегi жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Ұйымдастыру-техникалық шаралар есебiнен тасымалдау процесiн басқаруды оңтайландыру өндiрiстiк процестен 20 бөлу қосындарын және сұрыптау жүйесi жолдарының, екiншi жолдардың, екi жолды ставкалардың, кiрме жолдардың 220 бiрлiгiн шығаруға мүмкiндiк бердi. Жүк жұмысын ірi станцияларда шоғырландыру маневрлiк локомотивтердiң 21 бірлiгiн қысқартуға мүмкiндiк туғызды. 11 аз пайдаланылатын телiмдерде қызмет көрсететiн тәулiк бойы режимнен шақырып алу режимiне көшiрiлдi.
1998 жылы жұмыс істеп тұрған локомотив деполарының негiзiнде электровоздарды (Атбасар станциясы) және магистральдық тепловоздарды (Шу станциясы) күрделi жөндеу зауыттары құрылды. 1999-2000 жылдары Қазалы мен Құсмұрында маневрлiк тепловоздарды күрделi жөндеу базасы қалыптастырылды.
Ауыр жол техникасының, дрезиналар мен автомотристардың барлық номенклатурасын күрделi жөндеу үшiн шеберханалардың негiзiнде Алматы жол техникасын жөндеу жөнiндегi зауыт құрылды.
Жоғарыда аталған зауыттарға тиiстi жабдықтар сатып алынып 98 жаңа технологиялық процестер игерiлдi, ол тораптар мен тетiктердiң 1436 атауын дайындауға және 690 атауын қалпына келтiруге мүмкiндiк бердi.
Қамтамасыз етушi қызмет (жөндеу, жылумен және сумен қамтамасыз ету, әскерилендiрiлген күзет және т.т.) тасымалдау қызметiнен тиiстi еншiлес кәсiпорындар құру есебiнен бөлiндi. Саланың негiзгi - локомотив, вагон, жол шаруашылықтарында жөндеудi пайдаланудан бөлу жүргiзiлдi.
Жолаушылар шаруашылығында поездардың жүру кезеңділігiн оңтайландыру, вагондар паркiн басқаруды жетiлдiру, қосымша маршруттар енгiзу жұмыстың сапалық көрсеткiштерiн арттыруға мүмкiндiк туғызды, мысалы жолаушылар вагондарының сыйымдылығын арттыруға (ол 23,7 адамнан 26,8 адам/вагон артты). Сонымен бiрге 2000 жылы жолаушылар шаруашылығы мүлiктiк кешенi оңтайландырылды: аз пайдаланылатын вокзалдар, багаж қоймалары, гараждар, инженерлiк желiлер т.б. (барлығы 46 бiрлiк) темiржол көлiгiнiң басқа шаруашылықтарына тапсырылды, ол "Жолаушылар тасымалы" ЕМК-ның пайдалану шығыстарын азайтуға мүмкiндiк бердi.