өткен транзиттік жүктердi алушы негiзгі елдердiң үлесi
(қағаз мәтіннен қараңыз.)
"Қазақстан темiр жолы" РМК-ның 2000 жылғы транзиттiк тасымалдары жөнiндегi мәлiметтерге баға бере отырып, мақта, азық-түлiк жүктерi, мыс, темiр және болат, құрылыс материалдары, алюминий, глинозем, мырыш, мұнай өнімдері транзитінің айтарлықтай өскенiн атап өтуге болады.
Транзиттiк тасымалдар көлемiн арттыру үшiн физикалық емес кедергiлердi жою үшiн халықаралық деңгейдегi жұмысты жандандыру қажет. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен басқа үкiметтiк органдары:
- Темiр жолдар ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ), Темiржол көлiгi орталық кеңесiнiң (ТКОК), Темiр жолдар халықаралық одағының (ТЖХО) комиссияларында және Қытайдың, Ресейдiң, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Түрiкменияның, Белоруссияның және басқа да мемлекеттердiң тиiстi құзырлы органдарының көлiктiк кеден жүкқағазының бiрыңғай нысанын тану жөнiнде келiсiлген үйлестiрiлген жұмысын жандандыруы;
- кедендiк тексеру, шекаралық және басқа бақылау түрлерiн темiржол технологиялық операцияларын орындауға көзделген мерзiм шегiнде жүргiзу жөнiндегi шараларды келiсуi;
- Оңтүстiк - Шығыс Азия - Еуропа бағытында теңiз көлiгi тасымалдарымен салыстырғанда бәсекелестiкке түсе алатын темiржол тасымалдарын қамтамасыз ете алатын Қытай - Қазақстан - Орталық Азия - Кавказ - Еуропа және Қытай Қазақстан - Ресей - Еуропа маршруты бойынша жүк тасымалдарына бiрыңғай ставкаларды келiсуi қажет.
Аталған кешендi мiндеттердi тез шешу баламалы көлiк коридорлары бойынша жүргiзiлетiн тасымалдардың үнемi күшейiп отырған бәсекелестiгi жағдайында Қазақстанның транзиттiк әлеуетiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
2.8. Саланы қайта құрылымдау
Саланы реформалау 1997 жылғы 31 қаңтарда басталды, ол кезде "Қазақстан Республикасының темiр жолдары кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Үкiмет қаулысына сәйкес Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темiр жолдарын бiрiн-бiрiне қосу арқылы "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта ұйымдастырылды.
"Қазақстан темiр жолы" РМК-ның алғашқы қызмет еткен жылдары iшкi өндiрiстiк және қаржылық қызметке тиiстi бақылау жасауды қамтамасыз ететiн темiржол көлiгiн басқарудың вертикальдық жүйесiн құру жүзеге асырылды. Ұйымдастыру құрылымының өзгеруiмен, жолдарды аумақтық басқару жүйесiн жоюмен және темiржол көлiгiн басқарудың функционалдық-салалық жүйесiн енгiзумен қатар, 1997 жылдан бастап әлеуметтiк сала мен қамтамасыз етушi өндiрiстiң тасымалдау қызметiнен бөлу саясаты жүзеге асырылып жатыр.
"Қазақстан темiр жолы" РМК-дан жолды күрделi жөндеу (40%-ға жуық қуаттылықтар), құрылысы, жобалау және ғылыми-экономикалық зерттеулер, телефон байланысы қызметiн көрсету, жүк жөнелтушiлерге кiрме жолдарда қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпорындар бөлiнiп шықты. Олардың мүлiктерi негiзiнде "Жолжөндеу", "Темiржолқұрылыс", "Қазтемiржолкөлiкжобалау", "Көлiктелеком", "Сервистiк көлiк орталығы", "Оқу-клиникалық орталығы", "Көлiктiң медициналық қызметi", "Орталық клиникалық аурухана", "Жосалы рельс балқыту поезы" ашық акционерлiк қоғамдары құрылды. Сонымен бiрге "Қазақстан темiр жолы" РМК құрамында қамтамасыз ету қызметiмен айналысатын 10 еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын құрылды.
Темiржол саласының әлеуметтiк саласын қайта құрылымдау әлеуметтік сала объектiлерін коммуналдық меншiкке не болмаса мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттерге жекешелендiруге тапсыру жолымен жоғарыда аталған акционерлiк қоғамдарды бөлiп шығару және құрумен қатар жүргiзiлдi. Қазiргi күнi 1000 жуық тұрғын үй мен қосалқы шаруашылықтар, 90 жуық мектепке дейінгi және білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелерi, сондай-ақ жұмысшы жабдықтау бөлiмдерi (ЖЖБ) иелiктен алынды.
2001 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi N 756 қаулымен 2001-2005 жылдарға арналған темiржол көлiгiн қайта құрылымдау бағдарламасын бекiттi. Бағдарламада темiржол көлiгiнiң тиiмдiлiгiн тасымалдау және қамтамасыз етушi қызмет түрлерiне бәсекелестiк енгiзу жолымен арттыру көзделген. Темiржол саласындағы бәсекелестiк орта жылжымалы құрамның жекеменшiк операторларының, сондай-ақ жөндеумен, құрылыспен, күзетпен және темiржол көлiгiнiң жұмысын қамтамасыз етуге қажеттi басқа да қызмет түрлерiмен айналысатын кәсiпкерлiктiң жаңа субъектiлерi (акционерлiк қоғамдар, өндiрiстiк кооперативтер және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) пайда болуының нәтижесiнде қалыптасатын болады.
3. "ҚАЗАҚСТАН ТЕМIР ЖОЛЫ" РМК-НЫҢ 2001-2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ДАМУ ЖОСПАРЫ
3.1. 2001-2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТАСЫМАЛДАР БОЛЖАМЫ
Өндiрiстiк өнiм шығару болжамына сәйкес, сондай-ақ 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы экономикасының салалары бойынша өндiрiстiк шығарушы-кәсiпорындар бағалары индекстерiнiң болжамы (Экономика және сауда министрлiгi) негiзiнде республика бойынша өндiрiстiк өнiм шығару жылына орташа алғанда 5%-ға және ауылшаруашылығының жалпы өнiмi 3,5 %-ға өсуi көзделiп отыр.
Жүк айналымы көлемiн болжамдық есептеу өткен жылдар динамикасын, 2000 жылғы шын мәнiндегi мәлiметтердi талдаудың негiзiнде және Қазақстанның, Ресейдiң және басқа да ТМД елдерiнiң, Қытай мен басқа да елдердiң келешектегi IЖӨ болжамдары ескерiлiп жасалған. Барлық жүктердiң транзиттiк тасымалының жүк айналымы дүниежүзілік экономиканың дамуы жөнiндегi мәлiметтер ("Plan Econ review and Outlook for the Former Soviet Republics" басылымы) негiзiнде болжанады.
Қазақстанның темiржол көлiгiмен тасымалданатын негiзгi жүктер жалпы жүк тиеуде 73,5% алатын көмiр, темiр және түрлi түстi руда, мұнай жүгi мен қара металдар болып табылады. Бұл өнiм түрлерiнiң өндiрiлетiн барлық көлемiнiң темiржол көлiгiмен 99,9% көмiр, 99,7% руда, 42,5% мұнай мен мұнай өнiмдерi және 98,5% қара металдар тасымалданады.
Көмiр мен кокс
2000 жылы көмiр мен кокс тасымалының көлемi 76,5 млн. тоннаны құрады, соның iшiнде кокс - 0,9 млн. тонна. Бұл жүктердiң жүк айналымы жалпы жүк айналымы көлемiнiң - 31,1%, ал кiрiстер тасымалдардан түсетiн барлық кiрiстердiң 19,6% құрайды. Орташа кiрiстер ставкасы қатынастардың барлық түрлерiн 25% мөлшерiнде жеңiлдiк беру ескерiлгенде 1 т/км үшiн 0,52 теңге мөлшерiнде қалыптасты.
Екiбастұз бен Қарағанды көмiр шығаратын екi негiзгi орталық болып табылады. 38% жуық көмiр негiзiнен Ресейге экспортқа шығарылады, қалған 62% мемлекет ішiнде, көп бөлiгiнде электроэнергиясын шығару үшiн тұтынылады. Импорт негiзiнен Ресейден, Испат-Кармет 700 мың тоннаға жуық кокс және 600 мың тонна көмiрдi Шығыс Қазақстан алады. Транзиттiк көмiр тасымалы жоқ.
Тас көмiр бағасының төмен болуынан және газ, мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң бағасы жоғары болғандықтан ұзақ мерзiмдi келешекте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында жылу электр энергиясын өндiрудiң негiзгi көзi болып қалады, көмiр жүк айналымы экспортқа және ішкi тұтынуға 2001 жылдан бастап жылына орташа алғанда 3-6%-ға артады. Таяу жылдары Екiбастұз көмiрiне бәсекелестiк болмайды. Көмiр мен кокс жүк айналымының болжамы Қазақстан мен Ресейдiң IЖӨ өсуі ескерiлiп жасалған.
Қатынас түрі бойынша көмiр мен кокс жүк айналымы
(қағаз мәтіннен қараңыз.)
Мұнай мен мұнай өнiмдерi
2000 жылы мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдаудың көлемi 20,0 млн. тоннадан астам болды. Олардың жүк айналымы жалпы көлемнiң - 16,4%, ал оның iшiнде мұнай өнiмдерiнiң транзиттiк тасымалдары - 0,75%. Мұнай мен мұнай өнiмдерi тасымалдарынан түскен кiрiстiң үлесi 25% құрады. Тарифтердiң артуына және жүк айналымының өсуiне байланысты мұнай мен мұнай өнiмдерi тасымалдарынан түскен кiрiстердiң өсуi 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 229% құрады. Орташа кiрiс ставкасы барлық қатынас түрiнде 1 т-км үшiн 1,25 теңге мөлшерiнде қалыптасты, соның iшiнде экспортқа - 1,56.
Темiржол көлiгiнiң үлесiне Қазақстандағы мұнай тасымалының 20%-нан астамы тиедi. Таяу арадағы келешекте мұнай жүгiнiң жүк айналымы 2000 жылы қол жеткiзiлген деңгейден төмен болады деп болжамданып отыр, өйткенi 2001 жылы мұнай құбыры желiсiнiң жаңа телiмдерiн пайдалануға қосу күтiлiп отыр, ол экспортқа мұнай тасымалының көлемiн айтарлықтай қысқартатын болады. Оның өзiнде "Шеврон Оверсиз Петролеум Инк." еуроазиялық бөлiмшесiнiң болжамдары бойынша 2001 жылы Каспий мұнайын жылына 75 млн. тонна игеру күтiлуде, ол 2005 жылға қарай жылына 90 млн. тоннаға дейiн жетедi. Бұдан әрi 2008 жылдан бастап мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң жүк айналымының өсуi болжамданып отыр, өйткенi құбырлы көлiк болжамданып отырған мұнай өнiмдерiнiң көлемiн тасымалдауды қамтамасыз ете алмайды. Мұнай өндiру болжам бойынша жылына 100 млн. тоннаға дейiн өседi, тиiсiнше темiр жолмен экспортқа тасымалдардың көлемi де артатын болады. Транзиттiк мұнай өнiмдерiнiң тасымалы 2005 жылға қарай 13,7%-ға артады.
Қатынас түрлерi бойынша мұнай және мұнай өнімдерi
жүк айналымы
(қағаз мәтіннен қараңыз.)
Руда
Руда тасымалының көлемi 2000 жылы 30,4 млн. тонна болды. Жалпы жүк айналымындағы жүк айналымының үлесi 16,4% құрады, соның ішiнде барлық жүк айналымынан транзиттiк - 0,75%. Тасымалдардан түсетiн кiрiстiң жалпы сомасының кiрiсi 8,92% құрады. 2000 жылы кiрiс ставкасы қатынастардың барлық түрлерiнде 25% мөлшерiнде жеңiлдiк беру ескерiлгенде 1 т-км үшiн 0,45 теңге мөлшерiнде қалыптасты.
Өнiмдердiң 61% - қара металл рудасы. Темiр жолмен тасымалдағанда көлiк шығынының үлесi өнiмнiң құнында 0,8 дан 4,5%-ға дейiн. Өндiрiс көлемiнiң өсуi күтiлiп отырғандықтан экспортқа және республика iшiнде темiр және түстi руда тасымалдау жыл сайын орташа алғанда 4-10% артатын болады. Транзиттiк тасымалдардың көлемi 2005 жылға қарай 13,4% артады.
Тасымал түрлерi бойынша руда жүк айналымы
(қағаз мәтіннен қараңыз.)
Қара металдар
Қара металл, соның iшiнде металл сынықтарын тасымалдау көлемi 2000 жылы 8,8 млн. тоннаны құрады. Жалпы жүк айналымындағы жүк айналымының үлесi - 8,4%, соның ішiнде транзиттiк - 0,71%. Қара металл тасымалдарынан түскен кiрiстер кiрiстердiң жалпы сомасында 9,6% құрады. 2000 жылы кiрiс ставкасы 1 т-км үшiн 0,94 теңге мөлшерiнде қалыптасты. Қара металл жүк айналымының жалпы көлемiнiң 7,6% iшкi тасымалдар, 78,6% - экспорттық, 5,4% - импорттық, 8,4% - транзиттiк тасымалдарды құрайды. Республика аумағындағы тиеу көлемi - 4,7 млн. тонна.
Қара металдар тиеудiң 76% астамы - экспорт. Елiмiздегi негiзгi металл өндiруші "Испат-Кармет" АҚ темiр жол бойынша 3,6 млн. тонна жөнелтедi. Барлық қатынас түрлерiнде тасымалдардың жыл сайын 3-тен 5%-ға дейiн артуы болжамданып отыр.
Қатынас түрлерi бойынша қара металл жүк айналымы
(қағаз мәтіннен қараңыз.)
Құрылыс материалдары
2000 жылы құрылыс жүктерi тасымалының көлемi 9,2 млн. тоннаны құрады.
Жалпы жүк айналымындағы жүк айналымының үлесi - 3,9%, соның iшiнде
транзиттiк - 0,07%. Тасымалдардан түскен кiрiстер кiрiстердiң жалпы
сомасының 3,1% құрады. 2000 жылы кiрiс ставкасы 1 т-км. үшiн 0,65 теңге
мөлшерiнде қалыптасты.
Iшкi тасымалдар тасымалданған құрылыс материалдары жалпы көлемiнiң 82,7% жуығын құрайды, негiзiнен құм, қиыршық тас, цемент. Жүктердiң жалпы көлемiнiң 13,7% экспортқа жүзеге асырылады. Тасымалға деген сұраныс Қазақстан мен шекаралас мемлекеттердiң ЖIӨ динамикасымен өте тығыз байланыста. Барлық қатынас түрлерiнде жылына өсу динамикасы 3-5% жуық бағаланып отыр.
Қатынас түрлерi бойынша құрылыс жүктерінің жүк айналымы
(қағаз мәтіннен қараңыз.)
Астық және ұнтақталған өнiмдер
2000 жылы тасымал көлемi 7,6 млн. тонна болды. Жалпы жүк айналымындағы жүк айналымының үлесi - 6,6%, соның ішiнде транзиттiк - 0,29%. Тасымалдардан түскен кiрiстер кiрiстердiң жалпы сомасының 5,2% құрады. 2000 жылы кiрiс ставкасы 1 т-км. үшiн 0,64 теңге мөлшерiнде қалыптасты.
Астық және ұнтақталған өнiмдер жүк айналымында ішкi тасымалдар 35,8% құрайды, қалған тасымалдар - экспорттық - 58,3%. 1993 жылмен салыстырғанда тасымалдар деңгейiнiң 30% құлдырауынан кейiн, 2000 жылы өндiрiстiң және тасымалдардың тұрақтануы байқалуда. Коммерциялық тұрғыдан қарағанда бизнес өте белсендi. Барлық қатынас түрлерiнде жылына жүк айналымы көлемiнiң өсуi 1-ден 4%-ға дейiн болжамданып отыр.
Астық пен ұнтақталған өнімдердің жүк айналымы
(қағаз мәтіннен қараңыз.)
Минералдық тыңайтқыштар
2000 жылы тасымал көлемi 1,2 млн. тонна болды. Жалпы жүк айналымындағы жүк айналымының үлесi - 0,71%, соның iшiнде транзиттiк - 0,24, экспорттық - 0,31%, импорттық - 0,1%. Тасымалдардан түскен кiрiстер кiрiстердiң жалпы сомасының 0,6% құрады. 2000 жылы кiрiс ставкасы 1 т-км. үшiн 0,75 теңге мөлшерiнде қалыптасты.
Минералдық тыңайтқыштар тасымалы республикаiшiлiк қатынаста, сондай-ақ экспорттық қатынаста да (Қытай) төмендедi. Барлық қатынас түрлерiнде жылына жүк айналымы көлемiнiң өсуi 2%-дан 4%-ға дейiн болжамданып отыр.
Қатынас түрлерi бойынша минералдық тыңайтқыштар жүк айналымы
(қағаз мәтіннен қараңыз.)
Басқа жүктер
Басқа жүктерге ауылшаруашылығының, өнеркәсiптiң көптеген өнiмдерi, тұтыну өнiмдерi енгiзiлген. 2000 жылы тасымал көлемi - 15 млн. тоннаға жуық. Жалпы жүк айналымындағы жүк айналымының үлесi - 11,4%, соның ішiнде транзиттiк - 3,1%, импорттық - 1,9, экспорттық - 1,85%. Тасымалдардан түскен кiрiстер кiрiстердiң жалпы сомасының 21,3% құрады. 2000 жылы кiрiс ставкасы 1 т-км. үшін 1,54 теңге мөлшерiнде қалыптасты. Барлық қатынас түрлерiнде жылына жүк айналымы көлемiнiң өсуi 3-тен 5%-ға дейiн болжамданып отыр.
Жолаушылар тасымалы
Автомобиль көлiгi жағынан бәсекелестiктiң дамуымен байланысты 2002 жылы тасымал көлемi азаяды және тұрғындар санының әрi республика экономикасы дамуының тұрақтануы, тұрғындар кiрiстерінің кезең-кезеңмен өсуi және жолаушылар тасымалы көлемiнiң өсу қарқыны бұдан әрi жыл сайын 1 %-ға дейiн артады деп болжамдауға мүмкiндiк бередi.
Қатынас түрлерi бойынша жолаушы айналымы
(қағаз мәтіннен қараңыз.)
Темiржол көлiгiмен жүк тасымалы мен жолаушы тасымалы көлемiнiң өсуiнде қалыптасқан пропорциялар ескеріліп Даму жоспарында жүк айналымы мен жолаушылар айналымының тиiстi өсу қарқыны көзделген.
Оның өзiнде жүк айналымының өсуi 2001 жылдан 2005 жылға дейiн барлық жүктер бойынша былай деп болжамданып отыр:
- республикаiшiлiк қатынаста - 15,0%
- экспорттық - 10,5%
- импорттық - 22,5%
- транзиттiк - 15,9%.
Жүк айналымы мен жолаушылар айналымының болжамы
___________________________________________________________________________
Көрсеткіштер !Өлшем б.! 2000 ! 2001 ! 2002 ! 2003 ! 2004 ! 2005
____________________!________!_______!______!_______!_______!_______!______
Жүк айналымы млн.т-км 124984 134153 141228 147003 148473 151146
соның ішінде қатынас
түрлері бойынша
республикаішілік "_" 54301 60286 65214 68236 68863 68759
экспорт "_" 56260 57697 59146 61152 61675 63308
импорт "_" 5809 7185 7594 7974 8096 8740
транзит "_" 8614 8985 9274 9641 9839 10339
Жүк түрлері бойынша
жүк айналымы:
көмір мен кокс млн.т-км 39168 42731 45196 46376 47167 49566
мұнай мен мұнай "_" 20679 22406 22327 23552 24337 24358
өнімдері
руда "_" 20618 21395 23543 24858 25624 24269
қара металдар "_" 3286 3382 3535 3648 3743 3884
түсті металдар "_" 10620 10908 11728 12156 12555 11336
құрылыс материалдары "_" 4888 5314 5641 5964 6143 6443
астық және
ұнтақталған өнімдер "_" 8366 8731 9022 9364 9641 9777
минералдық тыңайт. "_" 896 1021 1061 1110 1146 1189
қыштар
ауылшаруашылық "_" 2981 3153 3292 3430 3560 3754
өнімдері
басқа жүктер "_" 14334 15113 15883 16547 14557 16570
Жолаушылар млн.жол-км 10215 10667 10633 10742 10856 10995
айналымы
___________________________________________________________________________
3.2. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ IС-ШАРАЛАР
Тасымалдау процесi темiржол көлiгiнiң негiзгi өндiрiсi болып табылады, сондықтан оны ұйымдастыру "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның барлық техникалық кешенiне қойылатын сандық және сапалық талаптарды анықтайды, оның салдары ретінде оны жүзеге асырудың қажеттi материалдық және еңбек ресурстарын белгiлейдi.
Саланың ағымдық әлеуетiн дәлiрек бағалау, техникалық және инвестициялық саясаттың ұзақ мерзiмдiк басымдылықтарын анықтау, пайдалану шығындарын азайту бағыттарын сәйкестендiру мақсатында әр шаруашылық үшiн темiржол көлiгiнiң қолданылып жүрген пайдалану жұмысының жоспарын қайта қарау керек, ол 2001-2002 жылдарда егжей-тегжей зерттеулер жүргiзудi талап етедi. Жаңа операциялық жоспар жоспарланып отырған ұзақ мерзiмдi активтердi қысқартуда, қор қайтарылымы мен еңбек өнiмдiлiгiн арттыруда маңызды роль атқарады.
Дүниежүзiлiк тәжiрибенi алға тартсақ, операциялық қызметтi оңтайландыру жөнiндегi iс-шаралардан болатын тиiмдiлiктi тасымалдау қызметiнiң ағымдық шығындарын 7-10% үнемдеу деп бағалауға болады.
3.2.1. Тасымалдау процесiн жетiлдiру
Тасымалдау процесiн ұйымдастыру жалпы желiлiк технологияның оңтайлы вариантын таңдауды және ең аз пайдалану шығындарды қамтамасыз ететiн жоспарланып отырған жүк ағындарын (вагон ағындарын ұйымдастыру, поездар қозғалысының графигін әзiрлеу, локомотивтер мен локомотив бригадаларын үйлестiру және т.б.) игерудi қамтамасыз етуi тиiс. Тасымалдау процесiн тиiмдi басқару шын мәнiндегi тасымалдау процесiн жүзеге асыруда әзiрленген графиктен ауытқуын азайтуға бағытталуы тиiс.
Қолданылып жүрген операциялық жоспарды қайта қарау дегенiмiз ең алдымен станциялар жұмысының технологиялық процестерiн жетiлдiру және кiрме жолдардың сұрыптау жұмысын азайту есебiнен поездарды қалыптастыру жоспары мен поездар қозғалысының графигiн оңтайландыруды, поездар құрамының салмағы мен ұзындығының нормаларын экономикалық негiзде қолдануды, локомотивтер мен локомотив бригадаларының жұмысында айналым учаскелерiнiң тиiмдi сызбасын әзiрлеудi бiлдiредi. Бұл ағымдық және күтiлiп отырған жүк тасымалдарын жүзеге асыратын станциялардың және жылжымалы құрамның санын қысқартуға мүмкiндiк бередi. Басқа сөзбен айтатын болсақ, жаңа операциялық жоспар "Қазақстан темiр жолы" РМК құрамынан шығарылуға тиiс артық активтердi белгiлеуге мүмкiндiк бередi, яғни саланы қайта құрылымдау процесiне ықпал етедi.
Операциялық жоспар инфрақұрылымға қойылатын шын мәнiнде ағымдық және жоспарлы тасымалдарға қажеттi талаптарды нақты белгiлеуге мүмкiндiк бередi. Бұл шамадан тыс жолдардың, сигнализация және байланыс құрылғыларының тiзiмiн және т.б. нақтылауға, сондай-ақ инфрақұрылымның техникалық дамуының басымдылықтарын белгiлеуге мүмкiндiк туғызады.
Жолаушылар шаруашылығының қызметiн жетiлдiрудiң ең маңызды бағыттарының бiрi поездар қозғалысының мөлшерлерiн (айналым кезеңдiлiгiн) және құрам сызбаларын қалыптасатын жолаушылар ағындарына сәйкестендiру болып табылады.
3.2.2. Техникалық кешендi қолданылып жүрген әрi болжамданып отырған
көлемдермен және тасымалдар құрылымымен сәйкестiкке келтiру
Тасымалдарды бұрынғы КСРО жағдайында жүзеге асыруға бағдарланған қолданылып жүрген негiзгi активтердiң сапалық және сандық құрамы бұл талаптарға жауап бермейдi. Соңғы он жылдың ішiнде тасымалдар көлемi айтарлықтай азайды, сондықтан бүгiнгi күнi Қазақстанның темiржол саласында артық активтер бар. Артық активтердi сәйкестендiру және жоюдың мақсаты оларды күтiп ұстаумен байланысты пайдалану шығындарын, сондай-ақ оларды қалпына келтiру бойынша залалдарды азайту болып табылады.
Жүк тасымалдарының көлемiн, құрылымын және бағыттарын өзгерту бiр жағынан артық негiзгi қорлар бар (локомотивтер мен жүк вагондары мүкәммал паркiнiң саны, станциялық жолдар мен аз пайдаланылатын желiлердiң пайдалану ұзындығы, станциялар мен бөлiну қосындарының саны және т.б.), екiншi жағынан жылжымалы құрамның кейбiр түрлерiнiң жетiспеушiлiгiмен (ашық вагондар, мұнай құятын цистерналар, магистральдық тепловоздар) байланысты олардың тапшылығы байқалады, тасымал жиi болатын телiмдерде инфрақұрылым жағдайының нашарлауына, моральды және табиғи тозған ескiрген автоматтандырылған басқару жүйесiн қолдануға әкелiп соқты. Негiзгi активтердi оңтайландыру мақсатында олардың артықтарын жою және қолданылып жүргендердi қалпына келтiру әрi жаңа активтер сатып алудың егжей-тегжейлi бағдарламасын белгiлеу керек. Басқа сөзбен айтатын болсақ саланың техникалық кешенiн қолданылып жүрген және болжамданып отырған көлемдерге және тасымалдардың құрылымына сәйкеске келтiру керек.
3.2.2.1. Темiр жол
Қолда бар жолдарды талдау және оларға қойылатын талаптар оларды қысқартудың ұзақ мерзiмдi бағдарламасын жүзеге асыру қажеттілiгiне нұсқайды. Азия даму банкi мен Еуропалық қайта құру және даму банкi сарапшыларының бағалары бойынша бас, станциялық және арнаулы жолдардың ұзындығын 2014 жылға қарай 25% (25128 км-ден 18850 км-ге дейiн) қысқарту керек. Негiзiнен станциялық және кiрме жолдардың, сондай-ақ аз қолданылатын желiлердiң ұзындығын қысқарту керек. Сонымен бiрге жүк жиiлiгi жоғары емес желiлерде оларды қалпына келтiру үшiн қажеттi күрделi шығындарды азайту үшiн қос жолды телiмдердi қос қосындылы дара жолға ауыстыру қажет. Жолдың ұзындығын қысқарту екiншi қайта салуға жарамды жолдың үстiңгi материалдарының бiразiн алуға мүмкiндiк бередi.
3.2.2.2. Локомотивтер
Сарапшылардың пiкiрi бойынша айтарлықтай қысқартуды локомотив паркiнде де жүргiзу керек. 1997 жылы басталған үрдiстi жалғастыру үшiн, қызмет ету мерзiмi өтiп кеткен локомотивтер қалпына келтiрiлмей немесе жөнделмей есептен шығарылатын болады. Локомотивтердiң мүкәммал паркi 2006 жылға қарай 1473 бiрлiкке дейiн, яғни 25% қысқартылады және бұдан әрi локомотив паркiн жоспарланып отырған жаңарту ескерiлiп 2014 жылға қарай 1200-1300 бiрлiкке дейiн қысқартылады. Осы кезең iшiнде барлық паровоздар есептен шығарылады, магистральдық тепловоздар паркi 430 бiрлiкке дейiн, электровоздар - 500 бiрлiкке, маневрлiк тепловоздар - 380 бiрлiкке дейiн қысқартылады. Көрiнiп отырғандай магистральдық тепловоздар қысқартылады.
3.2.2.3. Вагондар
"Қазақстан темiр жолы" РМК-ның жүк вагондар паркiнде қызмет ету мерзiмi өткен вагондардың жеке салмағы үлкен. Қолда бар вагондардың 35% түзу күйде емес. Ағымдағы жылдың басында КСРО ҚЖМ-дан қалған жүк вагондар паркiнiң төрттен бiрi қысқарды. 1993-2000 жылдар iшiнде мүкәммал паркiнiң вагондарын есептен шығарудың орта жылдық қарқыны 3%-дан астам болды. 2014 жылға қарай қызмет ету мерзiмiн ұзарту үшiн күрделi жөндеудiң және вагондар сатып алудың жоспарланып отырған көлемi ескерiлiп олардың паркiн 76 мың бiрлiкке жеткiзу көзделiп отыр. Оның iшiнде ашық вагондардың жеке салмағы көп болады.
Жолаушылар вагондарының паркi өте тозған (тозу дәрежесi - 60% артық). Қызмет ету мерзiмi бойынша 2001-2014 жылдар iшiнде 1252 вагон есептен шығарылады, сондықтан 2002 жылға қарай пайдаланылатын вагондарды күрделi-қалпына келтiру жұмысына инвестициялар ескерiлiп жаңа вагондар сатып алуға инвестициялар қажет болады. 2003 жылға қарай жолаушылар вагондарының мүкәммал паркi 311 вагонға қысқарып 1806 бiрлiк болады деп болжамданып отыр. Кейінгi жылдары парк саны осы деңгейде болады.
3.2.2.4. Басқа негiзгi қорлар
Темiржол саласында ағымдық және жоспарлы тасымалдар көлемiн орындау үшiн басы артық қозғалмайтын мүлiктерi (ғимараттар, құрылыстар, тапсырушы құрылғылар) бар. Бұған шамадан тыс жол инфрақұрылымы бар аз пайдаланылатын станциялар, сұрыптау дөңестерi, локомотив пен вагон деполары, аралық станциялар және т.с. жатады. Сондықтан қажетi жоқ темiржол желiлерi мен жылжымалы құрамды жоюмен қатар негiзгi қорлардың осы санаты бойынша да артықтарын жою керек.
Айтарлықтай қысқартуға тиеу немесе түсiру құралдары жоқ аралық станциялар түседi. Сарапшылардың бағалауына сәйкес болашақта станциялар мен басқа да бөлiну қосындарының саны екi еседен артық - 720-дан 325-ке дейiн қысқартылады.
"Қазақстан темiр жолы" РМК мамандарының есептеулерi бойынша 2001-2005 жылдар iшiнде жаңа операциялық жоспарды енгiзуге байланысты штаттық саны 473 адамнан тұратын аралық станциялардың санын 155 бiрлiкке дейiн, пайдалану локомотив деполарын - екi еседен артық (28-ден 13-ке дейiн), жол дистанцияларының санын 8 бiрлiкке, сигнализация және байланыс дистанцияларының санын - 9 бiрлiкке қысқартуға болады.
Шамадан артық активтердi жоюмен қатар қолданылып жүрген активтердi қалпына келтiру және жаңа активтер сатып алу бойынша жұмыс жүргiзiлiп жатыр.
3.3. ТАРИФТIК САЯСАТ
3.3.1. Жүк тасымалдарына байланысты тарифтік саясатты өзгерту
жөнiндегi ұсыныстар
Бiрiншi кезеңде, 01.07.02 дейiн, бiрнеше операторлар құру есебiнен тасымалдау қызметiне бәсекелестiк енгiзгеннен кейiн жүктердiң санатын енгiзу ұсынылып отыр:
1-санат: көмiр, рудалар, энергетикалық газдар, тыңайтқыштар үшiн
шикiзат, ағаштар мен дөңгелек ағаштар, құм, қиыршық тас және темiржолмен
тасымалдауға баламасы жоқтар, икемдiлiк коэффициентi төмен, көлiк