Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және
төлеудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. N 703 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 36 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың уақытылы төленуін қамтамасыз етсін.
3. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2001 жылғы
31 қаңтардағы N 161
қаулысымен бекiтiлген
Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң ережесi
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) - әлеуметтiк көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан берiлетiн ақшалай төлем;
2) республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттiорган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдары;
3) жергілiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттiорган - аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi;
4) жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган - жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым ("Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орган" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны);
5) жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган - заңнамада белгiленген тәртiппен таңдап алынған банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.
2. Заңның 4-бабының 1), 2), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілген негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға жәрдемақы төлеу республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Заңның 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларында көрсетілген негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға жәрдемақы төлеу жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
3. Жәрдемақы 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған жәрдемақы алушыларға жәрдемақыны қайта тағайындау Заңда көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiледi.
4. Жәрдемақы ай сайын өткен ай үшiн және оны алуға құқығы туындаған сәттен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңiне, Заңда белгiленген мөлшерде төленедi.
2. Жәрдемақыны республикалық бюджеттен
тағайындаудың тәртiбi
5. Заңның 4-бабының 1), 2), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілген негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар жәрдемақы тағайындату үшiн тұрғылықты жерiндегi жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады;
1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;
4) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлiк;
5) тұрақты тұратын жерiн растайтын, тұрғындарды есепке алу кітабы.
ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. N 703 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн - Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегiнiң куәлiгi;
2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежедегi Даңқ орденiнiң, үш дәрежедегi Еңбек Даңқы орденiнiң иегерлерi үшiн награданың куәлiгi;
3) жеңiлдіктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар (2, 3, 4-қосымшалар) үшiн:
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн еңбек өткерген жылдарына есептелетiн қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, не тиiстi кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгіленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына есептелетiн қалаларда болған адамдар үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар үшiн - белгіленген үлгiдегі куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құралымдар құрамында қатысқан адамдар үшiн - белгіленген үлгідегi куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiк;
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшілiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшілер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел iс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi - белгіленген үлгiдегi куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған адамдар үшiн "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiне қоса берiлетiн немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы бар зейнеткерлiк куәлiгi;
екiншi дүниежүзілiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақдастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары үшiн - жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігі не екiншi дүниежүзілiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтама немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiметтiк органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшілерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi істер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер үшін - белгіленген үлгiдегi куәлiк, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат және жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiк;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар үшiн - Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнен азаматтық немесе әскери тағайындау объектілерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтама;
4) жеңілдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрілген адамдар үшiн:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзілген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер үшiн - әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек екендiгi туралы куәлiгi (Кеңес Армиясы мүгедегiнiң жеңілдiктерге құқығы туралы), жараланғаны, мүгедектiгi туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактiсiн растайтын анықтама немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзілген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының Iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар үшiн белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы туралы анықтама, Iшкi iстер органдарының, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi анықтамасы немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин КСР-i, Беларусь КСР-i, Литва КСР-i, Латвия КСР-i, Эстон КСР-i аумақтарында iс-қимыл жасаған халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлермен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар үшiн - белгiленген үлгідегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактiсiн растайтын анықтама немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
басқа елдерде iс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, тиiстi санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедек болуын растайтын құжат немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiмен мүгедектiгi тектiк байланыстағы олардың балалары үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектiгі жөнiндегi халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептiк байланысын анықтау жөнiндегi орталық ведомствоаралық кеңестiң қорытындысы;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесiрлерi үшiн - әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң қайтыс болғандығы немесе қаза тапқаны туралы анықтама, әскери қызметшiге туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiгi, балалардың туу туралы куәлiгi);
6) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелi (күйеуi) үшiн - неке туралы куәлiгi, зайыбының қайтыс болғандығы туралы куәлiк, жұбайының (зайыбының) мүгедектiгiн растайтын құжат болып табылады.
7. Жәрдемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқасында және көшiрмесiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне ұсынылады. Салыстырылып болғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш иесiне қайтарылады. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, істердi түзедi және жәрдемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлейдi.
8. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi 5 күн мерзiмде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдары арқылы жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмнiң жобасын республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жiбередi.
9. Республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган құжаттар мен шешiмдердiң жобалары жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдарынан келiп түскеннен кейiн 5 күн мерзiмде жәрдемақы тағайындау туралы немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және осы шешiмді жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдары арқылы жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
Жәрдемақы тағайындау туралы не оны төлеуден бас тарту туралы шешiмге республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы (оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган бас тартудың себептерi туралы жазбаша дәлелдеп көрсетедi және құжаттарды жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi арқылы өтiнiш иесiне беру үшiн қайтарады.
10. Жәрдемақы тағайындалуы үшiн негiз жойылған жағдайда жәрдемақы алушылар бұл туралы 10 күн iшiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне хабарлауға мiндеттi.
Мүгедектiк тобы өзгерген кезде жәрдемақы мөлшерiн қайта қарау жүргiзiледi, ол үшiн жәрдемақы төлеу жөніндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi тиiстi шешiмнiң жобасын республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
Жәрдемақы оны алу құқығы туындағаннан кейiн жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады. Барлық құжаттарымен бiрге өтiнiш берiлген күн өтiнiш жасаған күн болып саналады.
3. Жәрдемақыны республикалық бюджеттен
төлеудiң тәртiбi
11. Заңның 4-бабының 1), 2), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетiлген адамдарға жәрдемақы тағайындау үшiн жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкілетті органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган қабылдаған жәрдемақы тағайындау туралы шешiмдердiң негiзiнде 3 дана етiп тiзiм-ведомосын және ағымдағы айдың 15-iндегi жағдай бойынша қала немесе аудан бойынша жәрдемақы алушылардың санаттары шегiнде жәрдемақыларды төлеуге арналған қажеттілiк өтiнiмiн жасайды.
12. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi:
ағымдағы айдың 20-на дейiн өтiнiмдi жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарына;
ағымдағы айдың 25-iне дейiн тiзiм-ведомосының 2 данасын заңнамада белгiленген тәртiппен қызмет көрсетуге шарт жасалған жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi.
Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақыларды төлеп болғаннан кейiн салыстыру актiсiн жасау үшiн тiзiм-ведомосының бiр данасын нақты төленген төлемдердi көрсете отырып, аудандық (қалалық) жәрдемақы төлеу жөнiндегi бөлiмшеге қайтарады.
13. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана, Алматы қалалық филиалдары кiшi бағдарламалар бойынша облыстар, қалалар бойынша жиынтық өтiнiмдi жасап, ағымдағы айдың 23-не дейiн оны жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
14. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган республика бойынша жиынтық өтiнiмдi ағымдағы айдың 25-не дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жiбередi.
15. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi республика бойынша жиынтық өтiнiмдi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiбередi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жәрдемақы төлемдерiне арналған қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң тиiстi бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) бойынша шығыстар тiзiмдемесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне бөледi.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бұл қаражатты төлем тапсырмасы арқылы ағымдағы қаржы жылына арналған шарт негiзiнде қазыналық рұқсатпен бөлiнген сома шегiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына аударады. Қаражатты аудару Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп бекiтiлген күнделiкті төлеу кестесiне сәйкес жүргiзіледi.
16. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган алынған қаражатты төлем тапсырысы арқылы жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына аударады, ал ол ұсынылған тiзiм-ведомосына сәйкес оларды аудандар (қалалар) шегiнде бөледi.
17. Жәрдемақы беру жөнiндегi қызмет көрсетулерге ақы төлеу жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлетті орган арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
Жәрдемақы алуға құқығы болған адам қайтыс болғаннан кейiн жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган алған, бiрақ қайтыс болған адамның жеке шотына аударылмаған жәрдемақы сомасы жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң хаты (өкiмi) негiзiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтарылады.
Жәрдемақы 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған жәрдемақы алушылар үшiн ашылған жеке шоттар сақталады.
4. Жәрдемақыны жергiлiктi бюджеттен
тағайындаудың тәртiбi
18. Заңның 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар тұратын жерiндегi жергіліктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат;
4) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлік;
5) тұрақты тұратын жерiн растайтын тұрғындарды есепке алу кiтабы.
ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. N 703 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді
19. Жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар:
1) қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн, атап айтқанда:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң қаза тапқаны немесе хабар-ошарсыз кеткенi туралы анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi) құжат;