бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiнiң отбасы, қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) адамның асырауындағы балалар үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң бейбiт уақытта қаза тапқаны немесе хабар-ошарсыз кеткенi туралы анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi) құжат;
қызмет мiндеттерiн өткеру кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасы үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, iшкi iстер органдарынан қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қайтыс болғандығын растайтын анықтама немесе құжат;
ата-аналары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе анықтама, әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң қаза тапқаны немесе хабар-ошарсыз кеткенi туралы анықтама және қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжат (балалардың туу туралы куәлiгi);
қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi) - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе анықтама, әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң қаза тапқаны немесе хабар-ошарсыз кеткенi туралы анықтама және қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжат (неке туралы куәлігі);
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы үшiн - қаза тапқан адамның қайтыс болғандығы туралы куәлiк, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қайтыс болғандығын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжат (неке туралы куәлiгi, балалардың туу туралы куәлiгi);
Чернобыль АЭС-індегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып, қайтыс болғандардың немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың әсерiнен болғаны анықталған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы үшiн - Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып, қайтыс болғандардың немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың әсерiнен болғаны анықталған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың сәуле ауруынан қайтыс болғандығын растайтын куәлiк, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжат (неке туралы куәлiгi, балалардың туу туралы куәлiгi);
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар үшiн - белгіленген үлгiдегi куәлiк, марапаттауға қоса берiлетiн куәлiк, немесе мұрағаттық анықтама, марапатталу фактiсi туралы жазылған еңбек кiтапшасы (5-қосымша);
3) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттардың зардаптарын жоюға қатысқандар қатарындағы, оқшаулау аймағынан эвакуацияланған (өз бетiмен кеткен) және Қазақстан Республикасына көшiрiлген адамдар үшiн, эвакуация кезiнде ұрық күйiнде болған балаларды қоса алғанда, - Чернобыль АЭС-iндегi апаттардың зардаптарын жоюға қатысушының куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегi апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлiгi;
4) I, II және III топтағы мүгедектер үшiн - мүгедектiк тобының белгiленгендiгi туралы халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің анықтамасы (белгiленген үлгiдегi);
5) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің анықтамасы (белгіленген үлгiдегi);
6) "Алтын алқамен", "Күмiс алқамен" марапатталған, I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған, немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар үшiн - марапатталғандығын немесе атақ алғандығын растайтын құжат;
7) төрт немесе одан да көп бiрге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар (соның iшiнде жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын балалары, - олар кәмелетке толғаннан кейiн - олар оқу орнын аяқтаған уақытқа дейiн) көп балалы отбасылар үшiн - балалардың туу туралы куәлiктерi және балалардың бiрге тұратын фактiсi көрсетілген отбасының құрамы туралы анықтама, оқу орындарынан балалардың оқып жүрген фактiсi туралы анықтама;
8) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен, мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдар үшiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің мүгедектiк тобын белгілегендiгi туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасы, зейнетақылық куәлiгi, ақталған азаматтың куәлiгi, прокуратура органдарынан немесе iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарынан ақтау туралы анықтама немесе соттың ақтау туралы шешiмi;
9) Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақысы тағайындалған адамдар үшiн - дербес зейнеткер куәлiгi немесе Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы тағайындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссия шешiмiнiң көшiрмесi.
20. Жәрдемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар түпнұсқада және салыстыру үшiн көшiрмесiнде жергілiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi органға ұсынылады, ол құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады және оларды іске түзедi.
21. Жергiлiктi бюджеттен мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар келiп түскен күннен бастап 5 күн мерзiмде жәрдемақы тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және осы шешiмдi iс қағаздарымен бiрге жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда жергiлiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлетті органның қызметкерлерi бас тарту себебiн жазбаша дәлелдейдi және құжаттарды өтiнiш иесiне қайтарады.
22. Жәрдемақы алушылар жәрдемақы тағайындату үшiн негiз жойылған жағдайда, бұл туралы 10 күн ішiнде тұратын жерiндегi жергілiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттенедi. Мүгедектiк тобы өзгерген кезде жергiлiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақының мөлшерiн қайта қарайды.
Жәрдемақы жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн жәрдемақы тағайындатуға өтiнiш жасаған күннен бастап тағайындалады. Барлық құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күн өтiнiш жасалған күн болып саналады.
23. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақы 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған, осы Заңның 4-бабының 3), 5),-12) тармақшаларында көрсетілген адамдар қатарындағы жәрдемақы алушылардың тiзiмiн (6-қосымша) жергiлiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi.
5. Жәрдемақыны жергілiктi бюджеттен төлеудiң тәртiбi
24. Заңның 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларында көрсетiлген адамдарға жәрдемақы төлемдерiн жүзеге асыру үшiн жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жергілiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi орган қабылдаған жәрдемақы тағайындау туралы шешiмнiң негiзiнде 3 дана етiп тiзiм-ведомосты және ағымдағы айдың 15-дегi жағдай бойынша қала немесе аудан бойынша жәрдемақы алушылардың санаттары шегiнде жәрдемақы төлеуге арналған қажеттілiк өтiнiмiн жасайды.
25. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi:
ағымдағы айдың 20-на дейiн өтiнiмдi жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарына;
ағымдағы айдың 20-на дейiн өтiнiмдi жергiлiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi, ал олар оны облыстық, Астана және Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерiне (басқармаларына) жiбередi;
ағымдағы айдың 25-не дейiн тiзiм-ведомосының 2 данасын жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi.
Жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақыларды төлеп болғаннан кейiн салыстыру актiсiн жасау үшiн нақты төленген төлемдердi көрсете отырып, тiзiм-ведомосының бiр данасын жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне қайтарады.
26. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдары облыстар, аудандар бойынша жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органның өткен айлағы нақты жүргiзген төлемдерi үшiн сыйақыны ескере отырып, жиынтықты өтiнiм жасайды және оны ағымдағы айдың 25-не дейiн облыстық, Астана, Алматы қалалық қаржы органдарына жiбередi.
27. Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерi (басқармалары) жергiлiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның өтiнiмдерi негiзiнде облыс, қала бойынша өтiнiмдi ағымдағы айдың 28-не дейiн қаржы органдарына жiбередi.
28. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қаржы органдары жәрдемақы төлеуге арналған қаражатты жергiлiктi бюджеттiң тиiстi бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) бойынша шығыстарының тiзiмдемесiне сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерiне (басқармаларына) бөледi.
29. Облыстық (Астана, Алматы қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерi (басқармалары) алынған қаражатты төлем тапсырмасы арқылы ағымдағы қаржы жылына арналған шарт негiзiнде қазынашылық рұқсатпен бөлiнген сома шегiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының шоттарына аударады.
Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдары алынған қаражатты ұсынылған тiзiм-ведомостарға сәйкес аудандар (қалалар) шегiнде бөле отырып, заңнамада белгіленген тәртiппен жасалған шарттардың негiзiнде төлем тапсырмасы арқылы жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органның шоттарына аударады.
30. Қаржы органдары жәрдемақыларды аудандық, қалалық бюджеттiң қаражаты есебiнен төлеген кезде төлеуге арналған қаражатты тиiстi бюджеттiң шығыстары тiзiмдемесiне сәйкес жергіліктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бөледi, ал олар бұл қаражатты олардың арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарттарға сәйкес жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарына аударады.
31. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана, Алматы қалалық филиалдары алынған қаражатты өздерiнiң арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарттарға сәйкес төлем тапсырмасы арқылы жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына аударады.
32. Жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган алынған тізiмдерге сәйкес жәрдемақы төлеудi жүзеге асырады.
Арнаулы жәрдемақыны алуға құқығы бар алушы қайтыс болғаннан кейiн қайтыс болған адамның жеке шотына аударылмай қалған, жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган алған жәрдемақы сомасы жәрдемақы төлеу жөнiндегi органның аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң хаты (өкiмi) негiзiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтарылады.
Жәрдемақы 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған алушыларға ашылған жеке шоттар сақталады.
33. Заңның 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларында көрсетiлген, жәрдемақы тағайындау туралы шешiм шығарылған, бiрақ тiзiм-ведомостарына енгiзiлмеген азаматтардың санаттарына бұрын төленбеген жәрдемақы ағымдағы төлемдермен бiрге төленедi.
1-қосымша
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
аумақтық органының
бастығы ─────────────────────
Аудандық (қалалық) халықты
әлеуметтік қорғау бөлімінің
бастығы ─────────────────────
Өтініш
────────────────────────────────────────────────────────────────────
(түрі, санаты көрсетіледі) ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындауды сұраймын.
Тегі ────────────────────────────────────────────────────────────────────
Аты ────────────────────────────────────────────────────────────────────
Әкесінің аты ────────────────────────────────────────────────────────────
Туған күні ─────── ───────────── ────────────── ж.
Мекен-жайы ───────────────────────────────────────
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ──────────────────────────────────
(құжаттың түрін көрсетеді)
Сериясы ─────────────── Нөмірі ─────────────── кім берді ────────────────
ӘЖК
жеке
шотының
нөмірі ────────────────────────────────────────────────────────────────────
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты, жасы
бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы,
зейнетақы аламын
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
(тиістісін сызады)
арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
(иә, жоқ; бар болса, қандай негіз бойынша екені көрсетіледі)
Жәрдемақы алуға арналған негіз жойылған жағдайда, 10-күндік мерзімде
жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге
міндеттенемін
Күні ─────────────────────────
Қолы ─────────────────────────
Өтініш қабылданды ─────── ────────── ────────────────────
Қолы ─────────────────────
2-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының
қатысуымен ұрыс іс-қимылдары жүрген қалалар
мен жүргізілген кезеңдердің
ТІЗБЕСІ
Одесса қаласын қорғау: 1941 жылғы 10 тамыздан 16 қазанға дейін;
Ленинград қаласын қорғау: 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейін;
Севастополь қаласын қорғау: 1941 жылғы 5 қарашадан 1942 жылғы 4 шілдеде дейін;
Сталинград қаласын қорғау: 1942 жылғы 12 шілдеден 19 қарашаға дейін.
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
азаматтарының қатысуымен басқа мемлекеттер аумағында
жүргiзiлген ұрыс iс-қимылдары кезеңдерiнiң
ТIЗБЕСI
Алжирдегi ұрыс іс-қимылдары: 1962-1964 жылдар;
Мысырдағы (Бiрiккен Араб Республикасы) ұрыс іс-қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы маусым 1968 жыл; 1969 жылғы наурыздан 1972 жылғы шiлдеге дейiн; 1973 жылғы қазаннан 1974 жылғы наурызға дейiн; 1974 жылғы маусымнан 1975 жылғы ақпанға дейiн (Суэц арнасын минадан тазартуға қатысқан Қара теңiз және Тынық мұхиты флоттары тралшыларының жеке құрамы үшiн).
Йемен Араб Республикасындағы ұрыс iс-қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы қарашадан 1969 жылғы желтоқсанға дейiн.
Вьетнамдағы ұрыс iс-қимылдары: 1961 жылғы қаңтардан 1974 жылғы желтоқсанға дейiн.
Сириядағы ұрыс іс-қимылдары: 1967 жылғы маусым; 1970 жылғы наурыз-шiлде 1972 жылғы қыркүйек-қараша 1973 жылғы қазан;
Анголадағы ұрыс iс-қимылдары: 1975 жылғы қарашадан 1979 жылғы қарашаға дейiн.
Мозамбиктегі ұрыс iс-қимылдары: 1967-1969 жылдар, 1975 жылғы қарашадан 1979 жылғы қарашаға дейiн.
Эфиопиядағы ұрыс іс-қимылдары: 1977 жылғы желтоқсаннан 1979 жылғы қарашаға дейiн.
Ауғанстандағы ұрыс iс-қимылдары: 1978 жылғы сәуiрден 1989 жылғы 15 ақпанға дейiн.
Камбоджадағы ұрыс iс-қимылдары: 1970 жылғы сәуiр-желтоқсан.
Бангладештегi ұрыс іс-қимылдары: 1972-1973 жылдар (КСРО Әскери-Теңiз Флоты корабльдерi мен көмекшi кемелерiнiң жеке құрамы үшiн).
Лаостағы ұрыс iс-қимылдары: 1960 жылғы қаңтардан 1963 жылғы желтоқсанға дейiн 1964 жылғы тамыздан 1968 жылғы қарашаға дейiн; 1969 жылғы қарашадан 1970 жылғы желтоқсанға дейiн.
Сирия мен Ливандағы ұрыс іс-қимылдары: 1982 жылғы маусым.
4-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен
ұрыс iс-қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және
жүргiзiлген кезеңдер
ТIЗБЕСІ
Азаматтық соғыс: 1918 жылғы 23 ақпаннан 1922 жылғы қазанға дейiн.
Кеңес-поляк соғысы: 1920 жылғы наурыз-қазан.
Испаниядағы ұрыс iс-қимылдары: 1936-1939 жылдар.
Финляндиямен соғыс: 1939 жылғы 30 қарашадан 1940 жылғы 13 наурызға дейiн.
Ұлы Отан соғысы: 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 (11) мамырға дейiн.
Жапониямен соғыс: 1945 жылғы 9 тамыздан 1945 жылғы 3 қыркүйекке дейiн.
Басмашыларды жою жөнiндегi ұрыс операциялары:
1922 жылғы қазаннан 1931 жылғы маусымға дейiн.
Хасан көлi ауданындағы ұрыс іс-қимылдары: 1938 жылғы 29 шiлдеден 11 тамызға дейiн.
Халкин-Гол өзенiндегi ұрыс iс-қимылдары: 1939 жылғы 11 мамырдан 16 қыркүйекке дейiн.
КСРО, Батыс Украина және Батыс Белоруссия қосылған кездегi ұрыс іс-қимылдары: 1939 жылғы 17-28 қыркүйек.
Қытайдағы ұрыс iс-қимылдары: 1924 жылғы тамыз 1927 жылғы шiлде; 1929 жылғы қазан-қараша; 1937 жылғы шiлде 1944 жылғы қыркүйек; 1945 жылғы шiлде-қыркүйек; 1946 жылғы наурыз - 1949 жылғы сәуiр; 1950 жылғы наурыз-мамыр (ӘШҚ әскерлерiнiң жеке құрамы үшiн), 1950 жылғы маусым 1953 жылғы шiлде (Солтүстiк Кореядағы ұрыс іс-қимылдары Қытай аумағынан қатысқан әскери бөлiмшелердiң жеке құрамы үшiн).
Венгриядағы ұрыс iс-қимылдары: 1956 жыл.
Даман аралындағы ұрыс iс-қимылдары: 1969 жылғы наурыз.
Жалаңашкөл ауданындағы ұрыс iс-қимылдары: 1969 жылғы тамыз.
5-қосымша
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі
мен қалтқысыз әскери қызметі үшін берілетін наградаларға
жатқызылған бұрынғы КСРО медальдарының
ТІЗБЕСІ
"Ерлігі үшін" Ушаков медалі
"Жауынгерлік еңбегі үшін" Нахимов медалі
"Ерен еңбегі үшін"
"Үздік еңбегі үшін"
"Ленинградты қорғағаны үшін"
"Москваны қорғағаны үшін"
"Одессаны қорғағаны үшін"
"Севастопольді қорғағаны үшін"
"Сталинградты қорғағаны үшін"
"Киевті қорғағаны үшін"
"Кавказды қорғағаны үшін"
"Советтік Запольярені қорғағаны үшін"
"Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін"
"Жапонияны жеңгені үшін"
"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін"
6-қосымша
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы"
Заңы 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларында көрсетілген негіздер
бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар қатарынан 2001 жылғы 01.01.
жағдайы бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың
тізімі
Банк филиалының N ____, пошта N _____
N р/с | Іс N | АМЖ алушының тегі, аты, әкесінің аты (толық) | АМЖ алушы- ның санаты | АМЖ мөлшері | _______ мерзімге | Банктегі жеке шо- тының нөмірі | Тұратын жері | ЗТМО бөлімін- дегі алу- шының зейнетақы ісінің болуы туралы белгі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
М.О. Берді: ────────── аудандық (қалалық) ЗТМО бөлімінің бастығы ──────────
2001 ж. "───"──────────
М.О. Қабылдады: Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
аудандық бөлімінің бастығы ──────────── 2001 ж. "───"──────────
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің 2000 жылғы 31
қаңтардағы N 161 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
тiзбесi
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiк беру мен министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және заңды тұлғаларға оған байланысты шығындарды өтеудiң тәртiбiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 155-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 1365 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 45, 438-құжат).
3. "Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру кезiнде отын босату нормалары, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн және байланыс қызметтерiн тұтыну туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1266 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 38, 362-құжат).