бiрақ жиынтығында осы банктiң өз капиталы мөлшерiнiң 25%-нен көп
емес;
1-1) екiншi деңгейдегi банктiң және банктiң екiншi деңгейдегi
банктер болып табылмайтын аффилиирленген тұлғаларының бағалы
қағаздарына, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасының төртiншi
азатжолымен, 2) тармақшасының төртiншi азатжолымен және 3)
тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеулердi сақтай
отырып осы банктегi салымдарға (депозиттерге):
зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың
Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi
көлемiнiң 10%-ы;
өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Компанияның өз активтерi
көлемiнiң 10%-ы;
2) екiншi деңгейдегі банк болып табылмайтын эмитенттiң
облигацияларына:
зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың
Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi
көлемiнiң 5%-i;
өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Компанияның өз активтерi
көлемiнiң 5%-i,
бiрақ жиынтығында осы эмитенттiң өз капиталы мөлшерiнiң 25%-нен
(осы Нұсқаулықтың 27-1-тармағымен белгiленген жағдайларды
қоспағанда)немесе осы эмитенттiң бiр эмиссиясы облигацияларының
жалпы көлемiнiң 25%-нен көп емес (аталған өлшемдердiң қайсы аз
болып табылатындығына байланысты);
3) екiншi деңгейдегi банк болып табылмайтын эмитенттiң акцияларына -
зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың
Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi
көлемiнiң 5%-i;
өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Компанияның өз активтерi
көлемiнiң 5%-i,
бiрақ жиынтығында осы эмитент акцияларының жалпы санының 5%-нен
көп емес.
Ескерту: 26-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434
қаулысымен.
27. Компанияның бiр эмитенттiң мемлекеттiк бағалы қағаздарына, екiншi деңгейдегi бiр банктегi салымдарға (депозиттерге) және жүзеге асыруы мүмкiн инвестицияларының жиынтық мөлшерiн есептеу кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының ұйымы - банктiң (эмитенттiң) өз капиталы
оның банктiк қызметтi реттейтiн заңдарға және акционерлiк
қоғамдар туралы заңдарға сәйкес баспасөз басылымдарда жарияланған
не листингтiк рәсiмдерге сәйкес "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ы
ұсынған соңғы тоқсандағы балансының негiзiнде айқындалады;
2) шетелдiк эмитенттiң өз капиталы оның Компания үшiн рұқсат етiлген
соңғы тоқсандық немесе жылдық баланстарының негiзiнде айқындалады;
3) бiр бiрiне қатысы бойынша аффилиирленген банктер бiр банк ретiнде
танылады, бұл ретте осы Нұсқаулықтың 26-тармағының 1)
тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеу осындай
банктердiң әрқайсына қатысты қолданылады;
3-1) екiншi деңгейдегi банктер болып табылмайтын, бiр бiрiне қатысы
бойынша аффилиирленген эмитенттер екiншi деңгейдегi банк болып
табылмайтын бiр эмитент ретiнде танылады, бұл ретте осы
Нұсқаулықтың 26-тармағының 2) тармақшасының төртiншi азатжолымен
және 3) тармақшасының төртiншi азатжолымен белгiленген шектеулер
осындай эмитенттердiң әрқайсына қатысты қолданылады;
3-2) осы Нұсқаулықтың 26-тармағының 1-1) тармақшасының және осы
тармақтың 3) және 3-1) тармақтарының мақсаты үшiн "Аффилиирленген
тұлға" ұғымын қолдану практикасы туралы" Ұлттық комиссия
Директоратының 1998 жылғы 26 қазандағы N 181 қаулысының нормалары
пайдаланылады.
Ескерту: 27-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434
қаулысымен.
27-1. Зейнетақы активтерiн Арнаулы кәсiпорын шығарған бағалы қағаздарға инвестициялау кезiнде эмитенттiң өз капиталы ретiнде облигациялар шығаруға кепiл берушiнiң өз капиталы пайдаланылады.
Ескерту: 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен.
28. Осы Нұсқаулықтың 26 және 27-тармақтарында белгiленген нормалар халықаралық қаржылық ұйымдардың Компания осы Нұсқаулыққа, Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларға және жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларға сәйкес сатып алуы мүмкiн бағалы қағаздарына қолданылмайды.
8-тарау. ПРУДЕНЦИЯЛЫ НОРМАТИВТЕРДIҢ
САҚТАЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
29. Компания әрбiр жұмыс күнi алдыңғы жұмыс күнiнiң соңы жағдайы бойынша, сондай-ақ тiкелей ағымдағы жұмыс күнiнiң алдындағы әрбiр демалыс күндерiнiң соңына:
1) К1 коэффициентiнiң мәнiн;
2) К4 коэффициентiнiң мәнiн;
3) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы үлгi бойынша зейнетақы активтерi
осы Компанияның инвестициялық басқаруында болған әрбiр жеке Қордың
зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын;
4) негiзгi және қосымша резервтiк капиталдарының жеткiлiктi
мөлшерiнiң 4-пруденциялық нормативтерге сәйкес келуiн;
5) жүзеге асырылған инвестициялардың 5-пруденциялық нормативтерге
сәйкес келуiн;
6) жүзеге асырылған инвестициялардың 6-пруденциялық нормативтерге
сәйкес келуiн есептеудi жүргiзуге мiндеттi.
30. Ай сайын, бесiншi жұмыс күнiнен кешiктiрмей компания Ұлттық комиссияға: 1) өткен айдағы К2 және К3 коэффициенттердің мәндерiн есептеулердi (ағымдағы айдың басына зейнетақы активтерi осы Компанияның инвестициялық басқаруында болған әрбiр Қор бойынша жеке); 2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы үлгі бойынша ағымдағы айдың басына зейнетақы активтерi осы Компанияның инвестициялық басқаруында болған әрбiр жеке Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң өткен айдағы орташа құны туралы анықтаманы беруге мiндеттi.
31. Осы Нұсқаулықтың 29-тармағында және 30-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген есептеулер жазбаша түрде ресiмделуi және оларға мiндеттi түрде Компанияның бiрiншi басшысы (Компанияның алқалы атқарушы органының басшысы немесе Компанияның алқалы атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға және Компанияның бас бухгалтерi қол қоюлары керек.
32. К2 және К3 коэффициенттердiң мәндерiн есептеулердi Компания Ұлттық комиссияға оның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес ұсынады.
33. Компания Ұлттық комиссияға оның жазбаша талап етуi бойынша осындай талап етудi алған күннiң iшiнде алдыңғы жұмыс күнiнiң немесе Ұлттық комиссияның талабында көрсетiлген кез келген өзге де алдыңғы күннiң соңы жағдайы бойынша осы Нұсқаулықтың 29-тармағында көрсетiлген есептеулердi ұсынуға мiндеттi.
34. Осы Нұсқаулықтың 29-тармағына сәйкес есептелген мәндердiң осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциялық нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда Компания бiр күннiң iшiнде осы сәйкес келмеушіліктiң фактiсi және себептерi туралы, оны жою жөнiндегi шаралар жоспарын қоса берумен Ұлттық комиссияға хабарлауға мiндеттi.
35. Компанияның осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциялық нормативтердi сақтамауы Ұлттық комиссия Директоратының заң бұзушылықтың ауырлығына қарай зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға осы Компанияға берiлген лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы немесе оны қайтарып алу туралы шешiм қабылдауға негiз болып табылады.
36. Ұлттық комиссияның Директораты Компанияның пруденциялық нормативтердi сақтамауы туралы мәселенi қарауы кезiнде:
1) осы Нұсқаулықтың 29-34 тармақтары шарттарының кез келгенiн бұза
отырып сақтамау;
2) зейнетақы активтері осы Компанияның инвестициялық басқаруындағы Қордың құқықтарын және заңмен не шартпен қорғалатын мүдделерін және/немесе осы Қордың салымшыларының (зейнетақы төлемдерін алушылардың) мүдделерін бұзуға байланысты сақтамау;
3) пруденциялық нормативтерді сақтамаудың жүйелі (күнтізбелік тоқсан ішінде үш және одан көп) сипаты ауыртпалық салу жағдаяттары болып танылады.
37. Ұлттық комиссияның Директораты Компанияның осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтамауы туралы мәселені қарау кезінде ол зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға осы Компанияға берілген лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы немесе оны қайтарып алу туралы шешім қабылдамауға, осындай шешімнің орнына Компанияның анықталған сақтамауды жоюы үшін белгілі бір мерзім белгілеумен ұйғарым шығаруға құқылы. Аталған ұйғарымның мазмұнында, сондай-ақ Компанияның кез келген лауазымды тұлғасын тұрақты немесе уақытша қызметтен босату туралы талап болуы мүмкін.
Компания Ұлттық комиссияны аталған ұйғарымның онда белгіленген мерзімде орындалғандығы туралы жазбаша ескертуге міндетті.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар
жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы
15 қарашадағы N 87 қаулысымен бекітілген
"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциялық нормативтер"
нұсқаулығына
1-қосымша
(в кк.аа.жж. форматындағы күн) соңына
(зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның ілік
септігіндегі қысқаша атауы) инвестициялық басқаруындағы
(жинақтаушы зейнетақы қорының ілік септігіндегі қысқаша атауы)
зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы
Анықтама
(үтірден кейін екі белгімен)
---------------------------------------------------------------------------
Күні!Зейнетақы !Басқа ! Алынған өсім !Кастодиан!Төлемдер және
!жарналары,!қорлардан !---------------------!-банктің !аудармалар
!түскен !аударымдар!зейнетақы !зейнетақы !сыйақысы !----------------
! ! !жарналарын!активтерін! 1 !төленген!есеп.
! ! !уақытында !уақытында !(мүдде) ! !телген
! ! !аударма. !инвести. ! ! !
! ! !ғандық !циялама. ! ! !
! ! !үшін !ғандық ! ! !
! ! ! !үшін ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! ! 7
---------------------------------------------------------------------------
кк.
аа.
жж.
Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Анықтал.!Қателесіп! Зейнетақы ! Инвестициялық ! "Таза" !
ғанға !есепке ! жарналарынан ! табыстан ! зейнетақы !
дейінгі !алынған !комиссиялық сыйақы !комиссиялық сыйақы !активтерінің!
сомалар !сомалар !-------------------!-------------------! ағымдағы !
!бойынша !есептелген!төленген!есептелген!төленген! құны !
!міндет. ! ! ! ! ! !
!темелер ! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
8 ! 9 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 !
---------------------------------------------------------------------------
х
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
----------------------------
Шартты ! Зейнетақы !
бірліктердің! активтерінің !
2 ! бір шартты !
саны ! бірлігінің !
! 3 !
! құны !
---------------------------!
15 ! 16 !
----------------------------
х х !
---------------------------!
Бірінші басшы (қолы) Бас бухгалтер (қолы)
М.О.
____________________________
1 Қордың инвестициялық шотындағы қалдық бойынша кастодиан-банк төлеген
сыйақы (мүдде).
2 Үтірден кейін үш белгіге дейінгі дәлдікпен.
3 Үтірден кейін жеті белгіге дейінгі дәлдікпен.
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар
жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы
15 қарашадағы N 87 қаулысымен бекітілген
"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциялық нормативтер"
нұсқаулығына
2-қосымша
(күнтізбелік жылды санмен белгілеу) жылғы (айдың аты)-дағы
(зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның ілік
септігіндегі қысқаша атауы) инвестициялық басқаруындағы
(жинақтаушы зейнетақы қорының ілік септігіндегі қысқаша атауы)
зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны туралы
Анықтама
(үтірден кейін екі белгімен)
---------------------------------------------------------------------------
Күні!Зейнетақы !Басқа ! Алынған өсім !Кастодиан!Төлемдер және
!жарналары,!қорлардан !---------------------!-банктің !аудармалар
!түскен !аударымдар!зейнетақы !зейнетақы !сыйақысы !----------------
! ! !жарналарын!активтерін! 1 !төленген!есеп.
! ! !уақытында !уақытында !(мүдде) ! !телген
! ! !аударма. !инвести. ! ! !
! ! !ғандық !циялама. ! ! !
! ! !үшін !ғандық ! ! !
! ! ! !үшін ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! ! 7
---------------------------------------------------------------------------
кк.
аа.
жж.
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Анықтал.!Қателесіп! Зейнетақы ! Инвестициялық ! "Таза" !
ғанға !есепке ! жарналарынан ! табыстан ! зейнетақы !
дейінгі !алынған !комиссиялық сыйақы !комиссиялық сыйақы !активтерінің!
сомалар !сомалар !-------------------!-------------------! ағымдағы !
!бойынша !есептелген!төленген!есептелген!төленген! құны !
!міндет. ! ! ! ! ! !
!темелер ! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
8 ! 9 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 !
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
----------------------------
Шартты ! Зейнетақы !
бірліктердің! активтерінің !
2 ! бір шартты !
саны ! бірлігінің !
! 3 !
! құны !
---------------------------!
15 ! 16 !
----------------------------
---------------------------!
(күнтізбелік жылды санмен белгілеу) жылғы (айдың аты)-дағы бір шартты
3
бірліктің орташа құны.
Бірінші басшы (қолы) Бас бухгалтер (қолы)
М.О.