"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметті
жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтер"
нұсқаулығын бекiту туралы Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық компаниясы 2000 жылғы 15 қараша
N 87
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 ж. 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 шілдедегi заңы 6-бабының 3) тармақшасын және 57-бабын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 12) тармақшасының негізiнде, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың төлем қабылеттілігiне және қаржы тұрақтылығына кепiлдiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады)
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтер" нұсқаулығы бекiтiлсiн (бұдан әрi "Нұсқаулық" деп аталады) (қоса берiлдi).
2. Осы Қаулының, Нұсқаулықтың Ұлттық комиссия Директоратының қаулысымен күшiне енгiзiлетiн 20-22 тармақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн Ұлттық комиссия Төрағасының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетi Төрағасымен келiсiм бойынша шығарылған бұйрығымен күшiне енетiндігі белгiленсiн.
3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар осы Қаулы және Нұсқаулық күшiне енгізiлген күннен бастап екi айдың iшiнде өздерiнiң қызметтерiн жоғарыда аталған Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi екендiгі белгiленсiн.
4. Жоғарыда аталған Нұсқаулық күшiне енгізiлген сәттен бастап Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 09 қыркүйекте 363 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын компанияларға арналған пруденциялық нормативтер туралы ереженiң күшi жойылады деп танылсын.
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) және Нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің және кастодиан-банктердің назарына жеткізсін;
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) және Нұсқаулықты зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның
Төрағасы
Комиссияның мүшелері
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаулысымен бекітiлдi Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
қызметiн реттеу жөнiндегі
комитетiмен
келісілген
Комитет Төрағасы
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі
қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған
ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВТЕР
(Нұсқаулық)
Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының 57-тармағын орындау үшiн әзiрлендi және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың сақтауларына мiндеттi пруденциялық нормативтердi белгілейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулықта қолданылған ұғымдар мыналарды білдiредi:
1) "Компания" - зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания; немесе
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ны, егер ол өзiнiң зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте дербес жүзеге асырған жағдайда;
2) "Ұлттық комиссия" - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы;
2-1) "Арнаулы кәсiпорын" - Special Рurроsе Vеhiсlе (SPV): халықаралық облигациялар шығару мақсатында құрылған, жалғыз қатысушысы (акционерi) Қазақстан Республикасының ұйымы, осы заңды тұлғаның осы облигациялар бойынша мiндеттемелерiне кепiл берушi болып табылатын шетелдiк заңды тұлға;
3) "зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгі" - Қордың зейнетақы активтерiнiң оларды Компания инвестициялық басқару нәтижесiндегi олардың өзгерiстерiнiң сипаты үшiн пайдаланылатын және осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелетiн үлестiк өлшемi;
4) "Қор" - жинақтаушы зейнетақы қоры;
5) "таза" зейнетақы активтерi" - Қордың оның зейнетақы активтерiне қатысты мiндеттемелерiн (зейнетақы төлемдерi, басқа Қорларға аударымдар жөнiндегi мiндеттемелердi және басқа да ұқсас ықтимал мiндеттемелердi) шегерiп тастағандағы зейнетақы активтерi.
Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен.
2-тарау. "Өз капиталының жеткіліктілігі"
1-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ
2. Компанияның өз капиталының жеткіліктiлiгі Компанияның өз капиталының оның жекелеген активтерiнiң өлшемiне азайтылған мөлшерiнiң оның өз активтерiнiң және оның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң жиынтық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептелетiн К1 коэффициентiмен мына формула бойынша сипатталады: СК - ВА К1 = _______, бұл жерде СА + ПА
СК - компанияның өз капиталының Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есеп жүргiзу туралы заңдарына сәйкес есептелген
мөлшерi;
ВА - Компанияның мынадай активтерiнiң жиынтық өлшемi:
1) қалдық құны бойынша материалдық емес активтер;
2) кепiлдiктегi немесе өзге де жүк артуға ұшыраған активтер;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Компанияға қатысты
аффилиирленген тұлғалар болып танылған ұйымдардың дебиторлық
қарыздары;
4) субъектiлердiң қаржы - шаруашылық қызметiне бухгалтерлiк есеп
жүргізу шоттары бас жоспарының "Қызметкерлердiң және басқа
тұлғалардың қарыздары" 333-шотында есепке алынған дебиторлық
қарыздар;
5) мыналармен:
зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар үшiн -
Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен
бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру
қағидаларының 2-тармағымен;
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы үшiн - Ұлттық
комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық
қызметтi жүзеге асыру қағидаларының 2-тармағымен айқындалған
қаржы құралдарына инвестициялауды қоспағанда сатып алу құны
бойынша қаржылық инвестициялар;
6) тауарлы-материалдық запастарды жеткiзумен, төлем күнiнен
бастап екi айдан асатын осы запастарды, жұмыстарды және
қызметтердi жеткiзу (орындау, көрсету) мерзiмдерi бойынша
жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсетумен берiлген
аванстар;
СА - Компанияның заңды тұлға ретiнде өз активтерiнiң мөлшерi;
ПА - Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң
ағымдағы құны.
3. К1 коэффициентiнiң мәнi мыналардан аз болмауы керек:
1) 0,02 - Компанияның инвестициялық басқаруындағы және 5 миллиард
теңгеден аз болып құралған зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны
кезiнде;
2) 0,015 - Компанияның инвестициялық басқаруындағы және 5-тен 10
миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны
кезiнде;
3) 0,01 - Компанияның инвестициялық басқаруындағы және 10-нан
30-ға дейiн миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң
ағымдағы құны кезiнде.
3-1) Компанияның инвестициялық басқаруындағы және 10-нан 30-ға дейiн
миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны
кезiнде, - мына формула бойынша есептелген өлшемдер:
К1min = 0,01 х 0,95n, мұнда
К1mіn - К1 коэффициентiнiң ең төменгi рұқсат етiлген мәнi;
n - ПА - 25/5 бөлшегi мәнiнiң тұтас саны, мұнда
ПА - Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң
ағымдағы құны, миллиард теңге;
3-2) Компанияның инвестициялық басқаруындағы және 50 миллиард
теңгенi және одан көбiн құрайтын зейнетақы активтерiнiң
ағымдағы құны кезiнде, - мына формула бойынша есептелген
өлшемдер:
К1mіn = 0,0086 х 0,96n, мұнда
n - ПА - 45/5 бөлшегі мәнiнiң тұтас саны, мұнда
ПА - Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң
ағымдағы құны, миллиард теңге.
Ескерту: 3-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434
қаулысымен.
3-тарау. "ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРIНІҢ КIРIСТIЛIГI"
2-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ
4. Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң кiрiстілігi зейнетақы активтерi осы Компанияның инвестициялық басқаруындағы әрбiр Қор бойынша жеке есептелетiн К3 нақты кiрiс коэффициентiмен мына формула бойынша сипатталады: К2 - И К3 = _______, бұл жерде И 1+ ____
100
К2 - осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес есептелген нақты табыс
коэффициентiнiң мәнi;
И - Қазақстан Республикасындағы өткен соңғы толық он екi
күнтiзбелiк ай iшiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
статистика саласына басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық
атқарушы органы айқындаған инфляция деңгейi (пайызбен
көрсетiлген өсiм/төмендеу).
5. Атаулы табыстың коэффициентi мына формула бойынша есептеледi:
__
Сt
К2 = ( ___ - 1) х 100, бұл жерде
__
С0
_
Сt - Қордың есептi күнтiзбелiк айда Компанияның инвестициялық
басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң осы
Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес есептелген орташа құны;
_
С0 - Қордың өткен жылдың сол күнтiзбелiк айында Компанияның
инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты
бiрлiгiнiң осы Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес есептелген
орташа құны.
6. Қордың қандай да болмасын айда Компанияның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң орташа құны осы Қордың осы айдың әрбiр күнтiзбелiк күнiнiң соңында осы Компанияның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгінiң осы Нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес есептелген орташа арифметикалық мәнi ретiнде есептеледi.
7. Қордың қандай да болмасын күннiң соңына Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгінiң орташа құнын компания мына формула бойынша есептейдi: ПАі Сi = ____, бұл жерде УЕі
Сi - Қордың осы күннiң соңына Компанияның инвестициялық басқаруында
болған зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құны;
ПАi - Қордың осы күннiң соңына Компанияның инвестициялық басқаруында
болған "таза" зейнетақы активтерiнiң осы Нұсқаулықтың
8-тармағына сәйкес есептелген ағымдағы құны;
УЕi - Қордың осы күннiң соңына Компанияның инвестициялық басқаруында
болған "таза" зейнетақы активтерiнiң осы Нұсқаулықтың
9-тармағына сәйкес есептелген шартты бiрлiктерiнiң жалпы саны.
8. Қордың қандай да болмасын күннiң соңына Компанияның инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледi (осы Нұсқаулықтың 10-тармағында белгiленген ерекшелiктердi ескерумен):
ПАi = ПА(i-1)+Вi+Ті+Д+Иi+Пi1+Пі2-Ні1-Ні2-КВі, бұл жерде
ПА(і-1) - Қордың өткен күнтiзбелiк күннiң соңына Компанияның
инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы
активтерiнiң ағымдағы құны;
Ві - осы күнi Қорға түскен зейнетақы жарналары;
Тi - осы күнi Қорға түскен басқа Қорлардан аударылған зейнетақы
активтерi;
Дi - Қордың зейнетақы активтерi бойынша осы күнi есептелген
инвестициялық табыс;
Иi - Қордың инвестициялық шотындағы қалдық бойынша осы күнi
кастодиан-банк төлеген сыйақы (мүдде);
Пi1 - зейнетақы жарналарын уақытында төлемегендiк үшiн Қордың осы
күнi алған өсiмi;
Пі2 - зейнетақы активтерiн уақытында инвестицияламағандық үшiн
Қордың осы күнi алған өсiмi;
Ні1 - осы күнi Қордан есептелген зейнетақы төлемдерi, Қордан
басқа Қорларға жасалған аударымдар және Қордың
инвестициялық шотына қателесiп түскен сомалар бойынша
мiндеттемелер (Қор және оған қызмет көрсететiн
кастодиан-банк түскен күнi қателесiп түскен деп таныған,
қаржы құралдарына орналастырылмаған және Қордың
салымшыларының/зейнетақы төлемдерiн алушылардың
жеке шоттарына есепке алынбаған сомаларды қоспағанда);
Нi2 - анықталғанға дейiн осы күнi есептелген сомалар;
КВі - Қордың және Компанияның осы күнi есептелген комиссиялық
сыйақылары.
9. Қордың қандай да болмасын күннiң соңына Компанияның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiктерiнiң жалпы саны мына формула бойынша есептеледi (осы Нұсқаулықтың 10-тармағында белгiленген ерекшелiктердi ескерумен):
Вi+Тi+Пi1-Нi1-Нi1-КВi1
УЕi = УЕ(i-1)+__________________________________, бұл жерде
С(i-1)
УЕ(i-1) - Қордың осы күннiң алдындағы соңғы күнтiзбелiк күннiң соңына
Компанияның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы
активтерiнiң шартты бiрлiктерiнiң жалпы саны;
КВi1 - Қордың және Компанияның осы күнi зейнетақы активтерiнен
есептелген комиссиялық сыйақылары;
С(i-1) - Қордың осы күннiң алдындағы соңғы күнтiзбелiк күннiң соңына
Компанияның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы
активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құны.
10. Қордың зейнетақы активтерi Компанияның инвестициялық басқаруына бастапқы түскен кезде (осы Нұсқаулықтың 11-тармағында белгiленген ерекшелiктердi қоспағанда) осы қордың зейнетақы активтерi инвестициялық басқаруда болып табылған бiрiншi күннiң соңына Сi, ПАi және УЕi көрсеткiштерiнiң есебi мынадай мәндерге сүйене отырып жүзеге асырылады: 1) С(i-1) - 100 теңге; 2) ПА(i-1) - Қордың Компания инвестициялық басқаруға қабылдаған "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны; 3) УЕ(i-1) - Қордың Компания инвестициялық басқаруға қабылдаған "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құнын 100 теңгеге бөлудiң нәтижесi.
11. Қордың зейнетақы активтерiн бiр Компаниядан екiншiсiне инвестициялық басқаруға өткiзген кезде осы Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын есептеу үзiлмейдi және оның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға қабылдаған Компания жүзеге асыруды жалғастыра бередi.
12. К2 және К3 коэффициенттерiн Компания тек зейнетақы активтерi осы немесе басқа Компанияларда он екi және одан көп айда инвестициялық басқаруда болған Қорларға ғана қатысты аталған мерзiм iшiнде мынадай оқиғалардың болғандығына не болмағандығына қарамастан есептейдi:
1) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруға осы Компанияға берiлген лицензияны қолдануды
тоқтата тұру;
2) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруға осы Компанияның инвестициялық басқаруындағы К2
және К3 коэффициенттерiн есептеу күнiне Қордың зейнетақы
активтерi инвестициялық басқаруда болған басқа Компанияға
берiлген лицензияны қолдануды тоқтата тұру;
3) зейнетақы активтерiн тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн Қорға берiлген лицензияны
қолдануды тоқтата тұру;
4) Қордың зейнетақы активтерiн бiр Компаниядан екiншiсiне
инвестициялық басқаруға өткiзiп беру.
13. Компаниялар ұсынған К2 және К3 коэффициенттерi есептерiнiң негiзiнде Ұлттық комиссия осы Нұсқаулықтың 14-тармағына сәйкес ай сайын мыналардың мәндерiн есептейдi және ағымдағы айдың он бесiнен кешiктiрмей Интернет желiсiне www.nsc.kz мекен-жайы бойынша "Стратегия" бөлiмiне ("Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы" бөлiмшесiне), сондай-ақ басқа да ықтимал бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайды:
1) осы Нұсқаулықтың 12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн барлық
Қорлар бойынша К2 және К3 коэффициенттерiнiң;
2) осы Нұсқаулықтың 12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн барлық
Қорлар бойынша ("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ын
қоспағанда) өткен толық он екi айдағы орташа атаулы және орташа
нақты табыстардың коэффициенттерiнiң.
14. Орташа атаулы табыстың коэффициентi "таза" зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны бойынша (К2 коэффициентiн есептеу жүзеге асырылған кезеңнiң бiрiншi айының бiрiншi күнi жағдайы бойынша) осы Нұсқаулықтың 12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн барлық Қорлар бойынша ("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ын қоспағанда) бiр кезеңдегi К2 коэффициенттерiнiң орташа өлшенген өлшемi ретiнде есептеледi.
Орташа нақты табыстың коэффициентi осы Нұсқаулықтың 4-тармағында жазылған ұқсас тәртiпте осы тармақтың бiрiншi азатжолына сәйкес есептелген орташа атаулы табыстың коэффициентiнiң мәнi К2 коэффициентiнiң мәнi ретiнде қолданумен есептелiнедi.
15. Зейнетақы активтерi осы Компанияда инвестициялық басқарудағы әрбiр жекелеген Қорлар бойынша К2 коэффициентiнiң мәнi мына көрсеткiштердiң төменгісiнен төмен болмау керек:
1) тиiстi кезеңдегі орташа атаулы табыстың коэффициентi мәнiнiң
жартысынан;
2) тиiстi кезеңдегi орташа атаулы табыстың коэффициентiнiң 2 пайыздық
тармаққа азайтылған мәнiнен.
4-тарау. "ӨЗ ҚАРАЖАТТАРЫН АЙНАЛЫМНАН ТЫС
АКТИВТЕРГЕ ЖӘНЕ ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ЗАПАСТАРҒА
САЛУ" 3-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ
16. Компанияның өз қаражаттарын айналымнан тыс активтерге және тауарлы-материалдық запастарға салу аталған салымдар мөлшерiнiң компанияның өз капиталына қатынасы ретiнде есептелетiн К4 коэффициентiмен мына формула бойынша сипатталады:
ВА
К4 = ____, бұл жерде
СК
ВА - Компанияның айналымнан тыс активтерге және
тауарлы-материалдық запастарға салымдарының мөлшерi:
компанияның бухгалтерлiк балансының "Айналымнан тыс
активтер" және "Тауарлы-материалдық запастар" бөлiмiнде
көрсетiлетiн активтердiң қалдық құны.
17. К4 коэффициентiнiң мәнi 0,25-ден аспау керек.
5-тарау. "РЕЗЕРВТIК КАПИТАЛ" 4-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ
18. Компанияның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметiне байланысты мiндеттемелерiн уақытында және толық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Компания осы Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi мөлшерiнiң кемiнде мынадай өлшеміндей мөлшерде негізгi резервтiк капитал қалыптастыруға мiндеттi:
1) 0,25% - Компанияның инвестициялық басқаруындағы және 5 миллиард
теңгеден аз болып құралған зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны
кезiнде;
2) 0,2% - Компанияның инвестициялық басқаруындағы және 5-тен 10
миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны
кезiнде;
3) 0,1% - Компанияның инвестициялық басқаруындағы және 10 және одан
көп миллиард теңгенi құрайтын зейнетақы активтерiнiң ағымдағы
құны кезiнде.
19. Негiзгі резервтiк капитал Компания зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi бастаған бiрiншi күнтiзбелiк жыл аяқталғаннан кейiн бес айдың iшiнде қалыптастыруға жатады.
Аталған мерзiм аяқталғаннан кейiн негізгi резервтiк капиталдың мөлшерi күн сайын осы Нұсқаулықтың 18-тармағының талаптарына сәйкес келу керек.
20. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару кезiнде туындаған тәуекелдердi жабу мақсатында Компания мына формула бойынша есептеудiң нәтижесiнде алынған өлшемнен кем емес мөлшерде қосымша резервтiк капиталды қалыптастыруға мiндеттi:
М
ДРК = ___ х ПА, бұл жерде
100
ДРК - қосымша резервтiк капиталдың рұқсат етiлген ең төменгi
мөлшерi;
М - К3 коэффициентiнiң мәнi мынадай көрсеткiштерден ең жоғары
асатын өлшем:
К3 коэффициентiн есептеу жүзеге асырылған кезеңдегi орташа
нақты табыстың коэффициентi мәнiнiң жартысы;
К3 коэффициентiн есептеу жүзеге асырылған кезеңдегi орташа
нақты табыс коэффициентiнiң 2 пайыздық тармаққа азайтылған
мәнi;
ПА - "таза" зейнетақы активтерiнiң К3 коэффициентiн есептеу жүзеге
асырылған кезеңнiң бiрiншi айының бiрiншi күнтiзбелiк күнi
жағдайы бойынша осы Нұсқаулықтың 8-тармағына сәйкес
есептелген ағымдағы құны.
21. Егер Компания бiрнеше Қордың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырған жағдайда:
1) осы Нұсқаулықтың 20-тармағында келтiрiлген формулаға сәйкес
есептеу осындай Қордың әрқайсына қатысты жеке жүргiзiледi;
2) осы Компанияның қосымша резервтiк капиталының ең төменгі рұқсат
етiлген мөлшерi осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алынған
мәндердiң сомасы ретiнде айқындалады.
22. Компания қосымша резервтiк капиталды осы Нұсқаулықтың 20 және 21-тармақтарына сәйкес алынған өлшемнен кем емес мөлшерде, Ұлттық комиссия осы Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес орташа атаулы және орташа нақты табыстардың коэффициенттерi мәндерiн бiрiншi жариялаған күннен кейiн он бес күн iшiнде қалыптастыру керек. Қосымша резервтiк капитал тек осы Нұсқаулықтың 12-тармағының шарттарына сәйкес келетiн Қорларға қатысты қалыптастырылады.
23. Негiзгі және қосымша резервтiк капиталдар Компанияның таза табысы немесе оның құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) қосымша жарналары есебiнен қалыптастырылады.
6-тарау. "ӨЗ АКТИВТЕРIНIҢ ЕСЕБIНЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАУ"
5-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ
24. Компанияның оның негiзгi және қосымша резервтiк капиталдарының ең төменгi рұқсат етiлген өлшемiне сәйкес келетiн мөлшердегi өз активтерiн Компания тек қана мыналармен:
1) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар үшiн - Ұлттық
комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген
Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың
инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларының 2-тармағымен;
2) "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы үшiн - Ұлттық
комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметтi
жүзеге асыру қағидаларының 2-тармағымен айқындалған қаржы
құралдарына орналастыру керек.
25. Компанияның өз активтерiнiң есебiнен осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көрсетілген қаржы құралдарына жүзеге асырылған инвестициялардың жиынтық баланстық құны күн сайын оның осы Нұсқаулықтың 5-тарауына сәйкес есептелген негiзгi және қосымша капиталдарының ең төменгi рұқсат етiлген жиынтық өлшемiнен кем болмайтындай құрылу керек.
7-тарау. "БIР ЭМИТЕНТТIҢ МЕМЛЕКЕТТIК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНА,
БIР БАНКТЕГI САЛЫМДАРҒА (ДЕПОЗИТТЕРГЕ) ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ"
6-ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВ
Ескерту: 7-тараудың атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен.
26. Компанияның осы Нұсқаулыққа, Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларға және жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларға сәйкес бiр эмитенттiң мемлекеттiк бағалы қағаздарына, екiншi деңгейдегі бiр банктегi салымдарға (депозиттерге) және жүзеге асыруы мүмкiн инвестицияларының жиынтық мөлшерi мына мәндерден аспауы керек:
1) эмиссиялаған бағалы қағаздарға, сондай-ақ осы банктегi салымдарға
(депозиттерге):
зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде - әрбiр жеке Қордың
Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерi
көлемiнiң 10%-i;
өз активтерiн инвестициялау кезiнде - Компанияның өз активтерi
көлемiнiң 10%-i,