Iс-шаралар
Жобалау саласындағы мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру мақсатында Аумақтарды ұйымдастырудың бас сызбасын әзiрлеу бөлiгiнде конкурстардың (тендерлердiң) негiзiнде мамандандырылған қала құрылысын жобалау ұйымдарының күшiмен бас жоспарлар мен басқа да жобалау-жоспарлау құжаттамасын әзiрлеу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тапсырмалары орындалады.
Сейсмология, сейсмикалық төзiмдi құрылыс, аумақты инженерлiк даярлау және жалпыұлттық маңызы бар басқа жұмыстар саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер бойынша жұмыстар жалғасады.
ҚР Үкіметінің 26.01.2002 N 127 қаулысына сәйкес 10 бөлім өзгертілді
10. Мемлекеттік басқару жүйесі
Проблемалар
Саладағы мемлекеттiк басқару жүйесiнiң негiзгi проблемалары мыналар болып табылады.
1) мемлекеттiк басқарудың орталық атқарушы органы мен жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымындағы мемлекеттiк сәулет, қала құрылысы мен Құрылыс органдарының арасында тиiмдi өзара iс-қимылдың болмауы;
2) сәулет-қала құрылысы мен құрылыс бақылауы тиiмдiлiгiнiң:
- уәкiлеттi органның бақылау-қадағалау функцияларын жергiлiктi атқарушы органдардың қайталауы;
- салалық ведомстводан құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын сертификаттау жөнiндегi уәкілеттiктерiн алып қоюы нәтижесiндегi жеткiлiксiздiгi;
3) саладағы мемлекеттiк реттеудiң заң базасының толымсыздығы мен пысықталмағандығы;
4) белгiленген тәртiппен бекiтiлген мемлекеттiк қала құрылысы саясатының болмауы.
Мiндеттер
Негiзгi мiндет сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында ел экономикасын дамытудың осы заманғы кезеңiне жауап беретiн мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.
Iс-шаралар
Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiру мақсатында:
1) "Мемсәулетқұрылысинспекция" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын оның аумақтық еншiлес кәсiпорындарымен мемлекеттiк мекемеге қайта құру;
2) облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң, оларға лицензиялау, мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының және жергiлiктi жерлерде құрылыс өнiмдерiн сертификаттау функцияларын жүктей отырып, аумақтық бөлiмшелерiн құру;
3) Құрылыс iстерi жөнiндегi комитеттiң құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын стандарттау және сертификаттау саласындағы жұмысын осы салада келiсiлген саясат жүргiзу негiзiнде Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемстандарттарымен бірлесе отырып күшейту;
4) республикалық бюджет есебiнен орталық орган және жергiлiктi бюджет есебiнен аумақтық бөлiмшелер құра отырып, Қазақстан Республикасында тұрғын үй-жайлардың техникалық жай-күйi мен сақталуының мемлекеттiк инспекциялау жүйесiн енгiзу;
5) Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс істері жөніндегі комитетінің құрылымын оларға жүктелген саланы мемлекеттiк басқару жөнiндегi мiндеттерге сәйкес жетiлдiру жүзеге асырылады.
11. Қажетті ресурстар және оларды
қаржыландыру көздері
Қазiргi тұрғын үйлердi мемлекеттiк қадағалау мен инспекциялау жүргiзу жүйесiн жетiлдiруге бюджеттен 16 млн. теңге сомасында қаржы бөлудi, ал республиканың барлық аумағындағы жаңа құрылысқа мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен реттеуiн жүргiзу республикалық бюджеттен 125 млн. теңгенi қажет етедi.
Саланы нормативтiк-техникалық базамен қамтамасыз ету - жаңа нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен қолданылып жүргендерiн қайта пысықтау және өте маңызды бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргiзу мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырудың жыл сайынғы 50-70 млн. теңге шегiнде қалыптасқан көлемiн сақтауды талап етедi.
Үкiметтiң тапсырмасы бойынша маңызды және жауапты объектiлер жөнiнде техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеуге байланысты жобалау iсi, жобалар мен жұмыс жобалары республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылады. Қажеттi қаражат көлемi нақты қойылған мiндеттер мен жұмыс көлемдерiне қарай айқындалады.
Республикада аумақтарды пайдалану мен дамытуды және сәулет пен қала құрылысы саласында тұтастай мемлекеттiк саясатты реттеудiң қалыптасқан бiрыңғай мемлекеттiк құқықтық жүйесiнiң бiр бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасы Аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын әзiрлеу жыл сайын 50 млн. теңге сомасында шығынды қажет етедi.
Қазақстан Республикасын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың бағдарламасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк қала құрылысын бақылау мен мониторингтi жүзеге асыру, МҚҚК ақпараттық жүйесiн пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын (МҚҚК) қалыптастыру мен жүргізу жыл сайын 12 млн. теңгені қажет етеді.
12. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін
нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру мемлекет өмiрiнiң экономикалық және әлеуметтiк-саяси жағына елеулi әсерiн тигiзедi.
Мемлекеттiк қала құрылысының жүйелi саясаты аумақтық-жоспарлау және экологиялық проблемаларды шешудi қамтамасыз етедi, аумақтық ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік туғызады, шаруашылық есеп қағидаттарында жұмыс iстейтiн қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесiн қалыптастырады.
Сонымен бiр мезгілде, күрделi құрылысқа оның тұрақтануы мен одан әрi өсуi үшiн, оның iшiнде негiзгі қорларды ұдайы жаңғырту негiзiнде инвестициялардың құйылуы көтермеленетiн болады. Аталған процесс, тәуекелдi сақтандыру жүйесiн енгiзудi қоса алғанда, тиiстi нормативтiк кесiмдердi күшiне енгiзудiң мемлекеттiк саясатына негiзделедi.
Сенiмдi және елiмiзде халық сенiмiне иеленген құрылыс жинақ ақшасы мен ипотекалық несие беру жүйелерiн құру тұрғын үй құрылысы көлемiнiң құлдырауын тоқтатады және 1999 жылғы берілген 1,072 млн. шаршы метр көлеммен салыстырғанда тұрғын үйдi пайдалануға беру 2003 жылы болжамдалған көлемде 1,310 млн. шаршы метрге өсуге әсерiн тигiзедi. Қолданыстағы тұрғын үй қорын қайта жаңарту мен жаңғырту саласындағы жұмысты ұйымдастыру үшiн экономикалық және құқықтық алғышарттар жасалады, ал тұрғын үйлердi мемлекеттiк инспекциялау жүйесiн енгiзу олардың тозуы мен қирап, iстен шығуын күрт төмендетедi.
Нормативтiк құқықтық базадағы өзгерiстер мен толықтырулар отандық ұйымдар орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының үлесiн 1999 жылғы 78%-дан 2003 жылы 90%-ға арттыру үшiн алғышарт жасайды.
Бағдарламада көзделген құрылыс материалдары мен құрастырмаларының өнеркәсiбiн атаулы қолдау, инвестицияларды iздестiру мен тарту, импортты алмастыру жөнiндегi шаралар республикадағы өнеркәсiп өнiмдерiнiң жалпы құрылымындағы құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының 1999 жылғы 0,89% үлесiн 2003 жылы 4%-ға арттыруға мүмкiндiк туғызады.
Құрылыс саласының осы заманғы нормативтiк техникалық базасын жасау, ғылымның алдыңғы қатарлы жетiстiктерiн ескере отырып, ұдайы сонымен сүйемелдеу құрылыс жұмыстары мен өнімдерінің сапасын арттыруға жағдай жасайды, отандық ұйымдарға құрылыстық қызмет көрсетудің халықаралық рыногына кіруіне мүмкіндік береді.
Күрделі құрылыстағы тәуекелді сақтандыру жүйесін экономиканың әртүрлі салаларындағы отандық ұйымдарға шетелдік және бірлескен фирмалар жүргізетін, оның ішінде мұнай-газ саласында және көліктік инфрақұрылым құрылысын салу кезіндегі мердігерлік жұмыстарға арналған тендерлерге шетелдіктермен бірдей қатысуына мүмкіндік береді.
Бағдарламада көзделген мемлекеттік басқарудың жетілдірілген жүйесі кәсіпкерлікті, шағын бизнесті дамытуға, бәсекеге қабілетті құрылыс материалдары өндірісінің өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 28 қарашадағы
N 1778 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 28.10.2001 N 1369; 26.01.2002 N 127; 17.05.2002 N 534 қаулыларына сәйкес жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін
дамытудың бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2000-2002 жылдарға
арналған іс-шаралардың жоспары
Рет N | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындау мерзімі | Ескер. ту |
| Сәулет және қала құрылысы |
1. 2. 3. 4. | | ЭИСМ ЭИСМ ЭИСМ, ЭкМ ЭИСМ | 2001 жылдың 3 тоқсаны 2001 жылдың 2 тоқсаны 2002 жылдың 4 тоқсаны 2001 жылдың 3 тоқсаны | |
Күрделі құрылыс |
5. 6. 7. | Шетелдік және отандық ин. весторлардың тең құқық. тарын көздейтін "Инвести. циялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу алынып тасталды Күрделі құрылыстағы ин. вестициялық процестерге қатысушыларға салық салу жүйесін жетілдіру жөнін. де ұсыныстар дайындау | | 2001 жылдың 4 тоқсаны 2001 жылдың 2 тоқсаны | |
Тұрғын үй құрылысы |
8. 9. 10. 11. 12. 13. | | 2000 жылдың 2 тоқсаны 2000 жылдың 4 тоқсаны 2001 жылдың 3 тоқсаны Тұрақты 2000 жылдың 4 тоқсаны 2001 жылдың 3 тоқсаны | |
Құрылыстағы мердігерлік жұмыстар |
14. 15. 16. 17. | | 2001 жылдың 3 тоқсаны 2001 жылдың 3 тоқсаны Тұрақты 2000 жылдың 4 тоқсаны | |
Құрылыс материалдарының өндірісі |
18. 19. 20. 21. 22. 23. 24. 25. 26. 27. 28. | |
Қолданбалы ғылым және жобалау ісі |
29. | | 2000 жылдың 4 тоқсаны | |
Мемлекеттік басқару жүйесі |
30. 31. | | 2001 жыл 2001 жылдың 3 тоқсаны | 2002 жылға бюджет. тік қаражат бөлінген кезге |