Қойылған мақсаттарға сәйкес Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
- машина жасау өнімiн өндiрудi дамытудың әлеуеттi мүмкiндiктерiн, iшкi және сыртқы рыноктардағы оған деген ықтимал сұранымды айқындау;
- қордаланған өндiрiстiк әлеуеттi, ғылыми-техникалық және білiктi жұмысшы кадрлар мен өнiм сату рыноктарын ескере отырып, неғұрлым келешегi бар өндiрiстер мен оларды орналастыру мүмкiндiктерiн айқындау, жоғары технологиялы, iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелесуге қабілеттi өнiм шығаруды қамтамасыз ететiн неғұрлым тиiмдi кәсiпорындарды iрiктеп инвестициялық қолдау көрсету;
- нақты тұтынушыларға бағдарланған машина жасау өнiмiн өндiрудi дамыту халықаралық кооперацияны кеңейту үшiн жағдай жасау; әлемнiң жетекшi фирмаларымен бiрлескен кәсiпорындарды және өндiрiстердi құруға, өндiрiстердi техникалық жаңартуға және дамытуға инвестициялар мен қаржыландыру тартуға көмектесу;
- озық технологияларды, жаңа ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуды көтермелеу, өндiрілетiн өнiм номенклатурасын жаңарту және кеңейту, сапаны арттыру, өндiрiс шығындары мен бағаны төмендету, сатуға алдын ала дайындаудың, сатудың және сатудан кейiнгi қызмет көрсетудiң қазiргi заманғы әдiстерiн игеру есебiнен оның бәсекелестiк қабілетінiң артуын қамтамасыз ету;
- ішкі және сыртқы рыноктардағы отандық өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету үшін нормативтiк құқықтық базаны, салықтық және кедендiк режимдi жетiлдiру;
- отандық экономиканың машина жасау және металл өңдеу өнімiнiң импортына дағдарысты тәуелділiгiн еңсеру, iшкi рынокты отандық өндiрiстiк жоғары сапалы тауарларымен қанықтыру;
- тауарлардың жекелеген түрлерi бойынша iшкi тауар рыногының ашықтық дәрежесiн реттеу, отандық тауар өндiрушілердi терiс пиғылды импорттан қорғау, отандық тауарларды дүниежүзiлiк тауар рыноктарына жылжыту, елдiң сауда теңгерімiн жақсарту;
- кәсiпорындардың қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру, салаларға инвестициялар тарту және кәсiпорындарды екiншi деңгейдегi банктердiң несиелендiруi үшiн жағдайлар жасау;
- кәсiпкерлерге өндiрістi ұйымдастыру мен дамыту нормативтiк-техникалық құжаттаманы ресiмдеу жөнiнде техникалық, технологиялық және әдiстемелiк көмек көрсету.
Бағдарламаны iске асыру мен басымдықтарды және нақты жобаларды таңдаудың негiзгi принциптерi:
- iшкi және сыртқы рынокта өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету;
- өнiм өндiрудiң экономикалық тиiмдiлiгi;
- компьютерлiк технологияларды пайдалануға бағдарланған ғылыми-негiздемелi әдiстерде машина жасау кешенiн қайта құру жөнiнде шешiмдер қабылдаудың негiзiн жасау;
- Бағдарламаны қолда бар қаржы ресурстарына қарай iске асырудың кезеңдiлiгi болып табылады.
Қаржы ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалану жобаларды iске асыруда басымдықтарды баса көрсету қажеттiлiгiн алдын ала айқындайды.
Жаңа өндiрiстердi құру бiрiншi кезеңде едәуiр инвестицияларды қажет ететiндiгi ескерiле отырып, осы Бағдарлама шеңберiнде машина жасауды қалпына келтiру кешеннiң қазiргi өндiрiстiк кәсiпорындарының базасында қамтамасыз етілетiн болады.
Жүргiзілген талдауға және республиканың өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк кешендерiн дамыту бағыттары бойынша бұрын әзiрленген құжаттарды ескере отырып, осы Бағдарламаның басымдықтары мен басым кiшi бағдарламалары ретiнде мыналар қарастырылады:
- трактор және ауылшаруашылығы машинасын жасау, оның iшiнде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеумен айналысатын салалар үшін жабдық және қосалқы бөлшектер өндiрiсi;
- көлiк машинасын жасау, оның ішінде цистерналарды, вагондарды, жол жұмыстарын жүргiзуге арналған техниканы, контейнерлерді, жол үстін салу бөлшектерiн, темiр жол көлiгiне арналған жабдық пен қосалқы бөлшектер өндiрiсi;
- мұнай-газ өндіру және мұнай-газ өңдеу өнеркәсiбіне арналған машина жасау;
- тау-кен металлургиялық кешенiне арналған жабдық өндiрiсi.
Машина жасаудың басқа салаларында (автомобиль жасау, приборлар жасау, медициналық және т.б. машина жасау) басымдықтарға iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелестiк қабiлеттi, өткiзуге жоғары кепiлдiгi бар жоғары технологиялы, техникалық жағынан қазiргi заманға сай өнiм өндiрудi қалпына келтiру және ұйымдастыру жөнiндегi жекелеген жобалар жатқызылуы мүмкiн.
Қолда бар өндiрiстiк базада ("Қазақстантрактор" ААҚ, Павлодар қаласы, "Астана-Технопарк" ААҚ, "Қызылордакүрiшмаш" ААҚ, "Оралагромаш" ААҚ, "Поршень" Алматы зауыты" ААҚ және т.б.), сондай-ақ қорғаныстық өнеркәсiп кәсiпорындарын таяу болашақта конверсиялау процесi кезiнде трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды қалыптастыру мен дамытудағы басым бағыттар:
- астық өндiрiсi мен қайта өңдеуге арналған машина мен жабдық жасауды әзiрлеу мен шығаруды игеру;
- трактор өндiрiсiн реформалау және дамыту, жаңа Т-95.4 шынжыр табанды трактор өндiрiсiн ұйымдастыру;
- доңғалақты тракторлар бiрлескен өндiрiсiн ұйымдастыру;
- бiрлескен астық жинау комбайндар өндiрiсiн ұйымдастыру;
- жемшөп жинау комбайндары өндiрiсiн реформалау және дамыту;
- жердi өңдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға арналған техника шлейфiн әзiрлеудi және шығаруды ұйымдастыру;
- ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеумен айналысатын салалар үшiн жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндiрiсi болып табылады.
Көлiк машинасын жасау, оның iшiнде локомотивтер, темiр жол цистерналарын, вагондарды, жол жұмыстарын жүргiзуге арналған техника, контейнерлердi, жол үстi құрылысының бөлшектерiн, темiр жол көлiгiне арналған жабдық пен қосалқы бөлшектер өндiрiсi өндiрiстiк қуаттары мен мамандандырылған және конверсияланған зауыттардың кадрлар әлеуетiн пайдалануға негiзделедi.
Қолда бар есептер "Петропавл ауыр машина жасау" зауыты АҚ-ның базасында Солтүстiк Қазақстанның, Оралдың, Алматының, сондай-ақ Алматы, Астана, Жамбылдағы мамандандырылған зауыттардың конверсиялық кәсiпорындарымен тығыз өзара iс-қимылда вагон жасауды ұйымдастырудың орындылығын көрсетіп отыр. Технологиялық әлеуеттi пайдалану мақсатында шетелдiк әрiптестер ретiнде Тверь зауытын (жолаушылар вагондары бойынша), Нижний Тагиль вагон зауытын (жүк вагондары бойынша), "Уралвагонзауыты" АҚ (темiр жол цистерналары), сондай-ақ батыс компанияларын тарту қажет.
"Қазақстан темiр жолы" РМК-ның қолда бар өндiрiстiк қуаттары мен Қазақстанның машина жасау кәсiпорындарында еуропалық, американдық, ресейлiк фирмаларды қатыстыра және отандық өндiрiс материалдары мен өнiмдi кеңiнен пайдалана отырып, локомотивтердi жинастыруды, жол жұмыстары, контейнерлер өндiрiсi үшiн техника шығаруды ұйымдастыру орынды.
Таяу болашақта қазақстандық кәсiпорындардың Энергетика, индустрия және сауда, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi 2000 жылдың 12 қаңтарында бекiткен "Отандық тауар өндiрушiлерден 2000-2003 жылдарға жабдық, тетiктер, қосалқы бөлшектер, аспаптар, материалдар алуға "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның тапсырыстарын орналастыру бағдарламасы" шеңберiнде, соның iшiнде дебиторлық берешектер есебiнен де, жылжымалы құрам мен жол құрылысын жөндеуге және пайдалануға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығару жөнiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-мен ынтымақтастықты дамыту тиiмдi.
Мұнайгаз өндiру және мұнай-газ өңдеу кәсiпорындарына
арналған машина жасау
Мұнай мен газ Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады және бұл басымдық ұзақ жылдарға сақталады. Iрi мұнай жобаларының iске асырылуы, қазiрдiң өзiнде Қазақстанды мұнайгаз жабдықтарының болашағы бар жаңа рыногы етiп отыр.
Мұнай-газ саласын дамыту төрт шешушi жобаларға: Теңiз, Қарашығанақ, Каспий труба құбыры мен Каспий айдынының Қазақстандық секторындағы шельфiне негiзделiп отыр. Бұл ретте, әдеттегiдей, жабдыққа жұмсалатын шығындар жоба құнының шамамен жартысын құрайды.
Тек қана Қарашығанақ пен Теңiз бойынша 2000-2003 жылдары жабдықтар сатып алуға инвесторлар 2,6 млрд. доллардан астам, соның iшiнде Қарашығанақтан Ақтауға дейiн мұнай құбырын салуға 400 млн. АҚШ долларын жұмсайды.
Шығыс Қашағанда әлемдегi аса iрi кен орнының ашылуы мұнай-газ машина жасауды жедел дамытуға жаңа серпiн берiп отыр. Бiрнеше өңдеушi зауыттар құрылысын қамтитын Атырау аймағындағы салалық инфрақұрылымды дамыту жобасының тек бiрiншi кезегiнiң құны 240 млн. АҚШ доллары тұрады.
"Қазақойл-Ембi" ААҚ-да 2002 жылға қарай Орталық Шығыс Прорва кен орынында мұнай өндiру көлемi жылына 140 мың тоннаға жеткiзудi жоспарлап отыр. Жобаны iске асыру үшiн жоспарланып белгiленген 16 млн. АҚШ долларын игеру үшiн 75% жабдықтар мен бұрғылау станоктарын сатып алуға жұмсалады.
Бұл ретте жергiлiктi климаттық және геологиялық жағдайлар мен қызметшiлердiң бiлiктiлiгiне сай келетiн Қазақстанның жабдықтары мен жинақтаушы бұйымдарын мүмкiндiгінше көптеп сатып алуға бағдарлау неғұрлым тиiмдi жол болмақ.
Қазiргi уақытта мұнай-газ өндiрушi және қайта өңдеушi кәсiпорындардың техника мен жабдыққа қажетi 500-700 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл орайда мұнай және газбен жабдықтаудың iшкi рыноктың тауарлық ресурстары үлесi 90%-дан артық құраған импорт есебiнен қалыптасқан едi.
Қазақстан рыногында жұмыс істейтін мұнай-газ компаниялары импорттайтын техника мен жабдық номенклатурасының талдауы отандық машина жасау кәсіпорындарының қолда бар пайдаланылмайтын әлеуетін көрсетіп отыр.
Осыған байланысты қазіргі қолда бар машина жасау және конверсиялық кәсіпорындар - "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ, "ЗИКСТО" АҚ, "Мұнаймаш" АҚ (Петропавл қ.), "Орал арматура зауыты" АҚ, "Зенит" АҚ (Орал қ.), "Шығысмашзауыт" АҚ, "Мұнайгазмаш" АҚ (Өскемен қ.), "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ, "Белкамит" БК АҚ, "Машина жасау зауыты" ААҚ, "Имстальком" ААҚ (Алматы қ.), "АтырауМұнайМаш" ЖШС, "Семей арматура зауыты" ААҚ, "Қазақстанкабель" ЖШС (Семей қ.), "Қазақстанэнергокабель" ААҚ (Павлодар қ.) және басқаларының базасында:
- скважиналардың қаңқасы үшін жабдықтарды, соның ішінде фонтандық және бекітпелік арматураларды, тіректік ұштықтарды, қайтпалы жапқыштарды, атқылауға қарсы және басқа жа жабдықтарды;
- бұрғы шапқыларын, суда бұрғылау қондырғыларын, инклинметрлік модульдерді;
- жетілдірілген тербелгіш станоктарды;
- скважиналық штангалық, малынғыш және насостардың басқа да түрлері мен насостық агрегаттарды, насостық штангаларды;
- ректификациялық бағандарды, трубалық тармақтар мен жылу алмастырғыштарды, криогендік танктерді;
- механикаландырылған труба тасығыштар мен штангатасығыштарды, цементтегіш агрегаттарды, станоктарды диагностикалауға арналған зертханаларды;
- қажетті жабдықтары мен құралдары бар жинақталған мұнай скважинадарын жөндеуге арналған қондырғыларды;
- мұнай мен газды тасымалдауға дайындауға арналған жабдықтарды, орағыш материалдарды, сондай-ақ көмірсутекті шикізатты қайта өңдеуге арналған шағын көлемді модульді кешендерді;
- қажетті ассортименттегі кабельдік-сымдық өнімдерді;
- ауызсуды тазалау жүйесін;
- өрттерді анықтау және өрт сөндіргіш жүйелер мен жабдықтарын;
- есепке алу және бақылау аспаптарының өндірісі басым ретпен игерілетін және дамытылатын болады.
Қазақстандық зауыттардың мұнайгаз кешенiнің кәсiпорындарымен ынтымақтастығы "Қазақойл" ҰМК ЖYАҚ 2000 жылғы 28 қаңтарда бекiткен "Қазақстанның зауыттарындағы мұнайгаз машина жасауды 2005 жылға дейiн дамыту жөнiндегі бағдарламасы" шеңберiнде, сондай-ақ "Теңiзшевройл" ЖШС-мен. "Қарашығанақ интеграцияланған компаниясы" ЖYАҚ-мен, "Тексако Норс Бузачи, Инк" компаниясымен, "Харрикейн Құмкөл мұнай" АҚ-мен, "Қаражанбасмұнай" ААҚ-мен, "Арман" БК-мен, "Анако" ЖАҚ-мен және басқаларымен импортты алмастыру бағдарламасы шеңберiнде жүргiзiлетiн болады.
Тау-кен-металлургиялық кешенi жабдықтарын өндiру
Республиканың тау-кен кәсiпорындарын шетелдiк фирмалардың басқаруына бергеннен кейiн соңғыларының басшылығында республикада, оның iшiнде "Востокмашзауыт" АҚ (Өскемен қаласы) және кейбiр басқа кәсiпорындарда шығарылып келген ұқсас техниканы тек импорттау үрдiсi басым жүруде.
Импортты алмастыру бағдарламасының шеңберiнде жүргiзiлген жұмысты талдау сапа мен баға жағынан бәсекелестiк қабiлеттi өнiмдi шығаруға кәсiпорындардың әлеуеттi мүмкiндiктерi және тау-кен металлургиялық кешен үшiн техника мен жабдық өндiрiсiн қалпына келтiрудiң жеткіліктi жоғары тиiмдiлiгi бар екендiгiн көрсеттi. Осы бағыттағы жұмыс импорт алмастыру бағдарламасының шеңберiнде басымдылықпен жүргiзiлетiн болады.
Жалпы, жобаларды қарау кезiнде өзге де тең жағдайларда франчайзинг шартымен жоғары технологиялар тартуды, патенттер мен лицензиялар алуды көздейтiн ұсыныстарға, сондай-ақ өнiм экспортына бағдары барларына артықшылықтар берiлетiн болады.
4. Бағдарламаны iске асыру шаралары мен тетiктерi
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi шаралары мен тетiктерi:
- машина жасау кешенiнiң кәсiпорындары үшiн қолайлы экономикалық жағдайлар жасау;
- қолданылып жүрген заңнама негiзiнде iшкi рынокты терiс пиғылды бәсекеден (демпинг, субсидияланған бағалар) қорғау кәсiпкерлерге техникалық көмек көрсету шаралары;
- өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн көтеру жөнiндегi үкiметтiң экономикалық саясатында көзделген шаралар;
- осы Бағдарламамен белгiленген басымдықтар шеңберiнде неғұрлым тиiмдi жобаларды бiршама қолдау мен жеңiлдiлікпен несиелеу арқылы бастапқы инвестициялық қолдау болып табылады.
Қолайлы экономикалық орта жасау:
- төлем жасамау дағдарысын қарыз мiндеттемелерiнiң, бағалы қағаздардың рыногын мемлекеттiк реттеу арқылы шешудi;
- қаржылық жағынан дәрменсiз машина жасау кәсiпорындарына қатысты банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi;
- кәсiпорындар қарыздарын қайта құрылымдауды жүргiзудi;
- осы экономикалық шарттарды машина жасау кәсiпорындарының барлығына, соның iшiнде "Қазақстан Темiр жолы" РМК-ның машина жасаушы кәсiпорындарына да, қолдануды;
- табиғи монополистерге оларға тиесiлi машина жасау кешенiнiң қарыздарын 2003 жылға дейiн тоқтатып қою жөнiндегі келiсiмдердi жасауын ұсынуды көздейдi.
Мемлекеттiк өнеркәсiптiк саясат қазақстандық ауыл шаруашылығы машинасын жасау өнiмiн басты тұтынушылар болатын, ауыл шаруашылығы техникасы мен оларға керек қосалқы бөлшектерге төлем төлеуге қабiлеттi сұраныстың тұрақтануына ықпал ететiн машина-технологиялық станциялар (МТС) жүйесiн дамытуды ынталандыруды көздейдi.
Шаралардың осы тобына:
- мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi тендерлер жүргізуге бақылауды күшейтумен, тапсырыс берушiлердi отандық тауарларды басымдылықпен сатып алу бөлiгiнде мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзғандығы үшiн жауапкершiлiкке тартумен;
- машина жасау өнiмiн тұтынушылар мен өндiрушiлер арасындағы ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық шеңберi туралы келiсiм жасау практикасын кеңейтумен;
- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тапсырыс берушiлер және ұлттық компаниялар үшiн отандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын тауар үлесiн бөле отырып сатып алу көлемi туралы мiндеттi есеп берудi енгiзумен және импорттың әрбiр жағдайы бойынша негiздемелердi ұсынумен қамтамасыз етiлетiн мемлекеттiң қорғаныстық және жұмылдыру қажеттiктерi, сондай-ақ ұлттық компаниялардың мұқтаждықтары үшiн отандық өнiмді басымдықпен сатып алу кiредi.
Iшкi тауар рыногының ашықтық дәрежесін реттеу:
- машина жасауға пайдаланылатын және республикада шығарылмайтын шикiзаты, негiзгi материалдарды, жинақтаушы бұйымдар мен жабдықтарды берiп отыру жөнiндегi өндiрiстiк кооперация туралы үкiметаралық келiсiмдер жасауды;
- отандық тауар өндiрушiлердi демпингтiк және субсидияланған импорттан, сондай-ақ оларға зиян келтiретiн немесе зиян келтiру қаупi бар көлемдегi импортқа анықтау жүргiзу және қорғау шараларын енгiзудi;
- отандық және шетелдiк машина жасау өнiмiн сертификаттаудың бiрыңғай жүйесiн енгiзудi;
- сырттан басқаруға және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың қолданылып жүргендерiне түзету енгiзу және жаңадан жасау кезiнде Қазақстанның машина жасау зауыттарында жекелеген жабдық түрлерiн, аспаптар мен жарақтар әзiрлеуге тапсырыстарды орналастыру жөнiнде шарттар енгiзудi көздейдi.
Кәсіпкерлерге жұмыс iстеп тұрған кәсіпорындарды қалпына келтiру және жаңаларын ұйымдастыру жөнiнде техникалық көмек көрсету шаралары:
- елде бар қазiргi заманғы жабдық түрлерiн, технологиялар мен неғұрлым білiктi қызметшiлердi шоғырландыру есебiнен дүниежүзiлiк рынокта белгiлi бiр орын алуға мүмкiндiк беретiн жоғары технологиялы өнiм шығару мақсатында бiр заңды тұлғаға шоғырланған, өзi ғылымды қажетсінетiн өндiрiстер мен технологияларды бiлдiретiн "индустриалды парктер" үлгiсi бойынша бәсекелестiк қабiлеттi өндiрiстер құруды көтермелеудi;
- аймақтарда заңды және жеке тұлғаларға машина жасау өнiмiн шығару жөнiнде өндiрiс құруда, оның iшiнде технологиялық жабдықтарды жалға немесе лизингке беру жолымен қызмет көрсету жөнiндегi филиалдары бар орталықтар (технопарктер, технополистер, бизнес инкубаторлар) құруды;
- жалға немесе лизингке беру үшiн технологиялық жабдықтар паркін құруды;
- "Қазақстан темiр жолы" РМК-ың бөлiмшелерiне технологиялық жарақтарды жасауға, жылжымалы құрамның күрделi жөндеуiн жүргiзудi және қосалқы бөлшектер жасауды игеруге көмектесу;
- өнеркәсiп салаларының және ауыл шаруашылығының машина жасау бұйымдарына сұранымдарының маркетингiн жүзеге асыруды және машина жасау кәсiпорындарына олардың өнiмдерiнiң ықтимал тұтынушылары мен iшкi рынокта сұранымға ие бұйымдардың номенклатурасын анықтауда ақпараттық қызмет көрсетудi;
- кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiне екiншi деңгейлi банктердiң қызығушылығын арттыруды, банктiк заңнаманы жетiлдiрудi;
- отандық машина жасау өнiмдерiн жарнамалауға көмектесудi қамтиды.
Кәсiпорындар мен жобаларды инвестициялық қолдау:
- тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы қолданылып жүрген заңнамада көзделген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ұсынуды;
- машина жасау өнiмдерiн өндiрушiлердiң және оны тұтынушылардың, бiрiншi кезекте ұлттық компаниялардың, кепiлдендiрiлген сатып алулар мен есеп айрысулар бойынша салааралық келiсiмдердi жасауына бастамашы болуын және жәрдемдесуiн;
- жеңiлдiктi несиелендiру арқылы неғұрлым тиiмдi жобаларды инвестициялық қолдауды көздейдi.
Алғашқы екi бағыт қазiргi уақытта түрлi салаларда, соның iшiнде машина жасауда, жеткiлiктi таралып отыр.
Неғұрлым тиiмдi жобаларды жеңiлдiктi несиелендiру арқылы импорт алмастыруды инвестициялық қолдау осы бағдарламада айқындалған басым бағыттар бойынша импорт алмастыру және отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде неғұрлым тиiмдi және өмiршең жобаларды iрiктеу жүйесiн әзiрлеудi және оларды несиелендiрудi қамтиды.
Импорт алмасу бағдарламасын iске асыру шеңберінде жобаларды несиелендiрудiң негiзгi шарттары:
- жобаларды жобалар бойынша тәуекелдi өзiне алатын және мемлекеттiң қаражатын қайтаруға кепiлдiк беретiн екінші деңгейдегi банктер арқылы ғана несиелендiру;
- Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің қажет болған жағдайда тұтынушы мемлекеттiк компаниялармен келiсiлген салалық оң қорытындысының болуы;
- жобаның қазiргi заман талаптарына сай екендiгiн және соған сәйкес iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелiк өнiм шығаруын растайтын ведомстводан тыс техникалық және технологиялық сараптаманың болуы болып табылады.
Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде Қазақстан Республикасының меншiгiне жататын және кәсiпорындар қаражатының кемiнде 51 пайызы қазақстандық заңды және жеке тұлғалардың меншiгi болып табылатын инвестициялық жобалар несиелендiрiледi.
Екiншi деңгейдегi банктер осы бағдарламаның шеңберiнде, оның басымдылықтарына сәйкес келетiн инвестициялық жобаларды өз бетiмен несиелендiруге ұсына алады. Бұл ретте олар Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне қызмет көрсетушi банктiң Қарыз алушының қаржы жағдайы және ссудалық қарызы жоқтығы туралы мәлiметтерiн, екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктiң Несие комитетiнiң жобаны несиелендiру туралы оң шешiмiн, екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктiң несиелендiруге басқармасының сараптау қорытындысын ұсынуы тиiс.
Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi өзiнің қорытындысында:
- жобаның Бағдарламаның басымдылықтарына, оның импорт алмастыру немесе экспортқа бағдарланған бағытына сәйкестiгiн;
- рыноктың сыйымдылығы және өндiрiске ұсынылып отырған өнiмге iшкi және сыртқы рыноктарда сұраныстың сенiмдi негiздемелерiнiң болуын;
- өндiрiс көлемiнiң өсуiн, сондай-ақ жаңа құрылған немесе қалпына келтiрiлген жұмыс орындары санын;
- жобаның Қазақстан немесе оның аймақтары үшiн әлеуметтiк маңызын;
- жобаның бюджеттiк тиiмдiлiгiн растайды.
Жобаның қазiргi заман талаптарына сай екендiгiн дәлелдейтiн ведомстводан тыс техникалық және технологиялық сараптама мен iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелес өнiм шығаруды "Машинажасау" МҰТО-РМКК саланың жетекшi мамандарын тәуелсiз сарапшы ретiнде тартып жүзеге асырады.
Жоғарыдағы барлық талаптарға жауап беретін инвестициялық жобалар бойынша Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен Экономика министрлiгiмен келiсiм бойынша отандық тауар өндiрушiлердi қолдауға және импортты алмастыру өндiрiсiн дамытуға бөлiнген қаражаттың есебiнен несиелендiру үшiн бекітуге жобалардың тiзбесiн әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлетiн инвестициялық жобалар бойынша "Эксимбанк Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамы екiншi деңгейдегi банктермен несиелiк келiсiмдер жасайды, жобалардың iске асырылуына бақылауды жүзеге асырады және тоқсан сайын тиiстi ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынып отырады.
5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
Бағдарлама 2000-2003 жылдарға есептелген. Республикадағы қазіргi экономикалық жағдайды және машина жасау кәсiпорындарының бастапқы ахуалын ескере отырып, осы жылдары дамыған iшкi және салааралық байланыстары бар меншiктi машина жасау кешенi қалыптасады деп есептеуге болмайды.
Осы бағдарламаны әзiрлеу тәжiрибесi саланың бiрқатар кәсiпорындары бағасы мен сапасы бойынша өз өнiмдерiнiң бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге әзiр емес, өздерiнiң өткізу рыноктарын сақтап қалу үшiн олар бұрынғыдай тек тыйым салулар мен импортқа шектеулер қоюға ғана сенедi.
Сөйтiп, бұл кезеңде өз өнiмдерiнiң бәсекелестiк қабiлетiн және оның iшкi және сыртқы рыноктарда сенiмдi әрi тұрақты сатылуын шын мәнiнде қамтамасыз ете алатын жекелеген кәсiпорындар мен өндiрiстерге бағытталған нүктелiк қолдау жасауды неғұрлым шындыққа жанасымды деп есептеуге болады.
2000 жылы "Қазақстантрактор" ААҚ-да жаңа Т-95.4 шынжыр табанды және "Минск трактор зауыты" ААҚ-мы мен "Қазақстантрактор" ААҚ-мы бiрлескен кәсiпорында доңғалақты тракторлар шығаруды ұйымдастыру үшiн қолдау шараларын жүзеге асыру есебiнен республика үшiн екi жаңа өндiрiс құрылатын болады.
2000-2001 жылдары республиканың басқа машина жасау кәсіпорындарында осы тракторлар үшiн жинақтаушы бөлшектер шығаруға тарту жөнiнде жұмыстар жүргiзiлмек. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасының басқа түрлерiн де игеру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады.
1999-2000 жылдары жасалған келiсiмдердiң негiзiнде темiр жол көлiгi, энергетикалық және тау-кен металлургиялық кешендер, мұнай-газ өнеркәсiптерi үшiн машиналар, жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығару жаңғыртылады және жаңа өндiрiстер құрылатын болады.
2000-2001 жылдары басқа да импорт алмастыру өндiрiстерi жөнiнде ұсыныстар әзiрленуi тиiс. Олар Бағдарламаның алдыңғы бөлiгiнде айтылған тәртiпке сәйкес салалық, техникалық және банктiк сараптаудан өтуi тиiс.
2002-2003 жылдары осы Бағдарламада әзiрленген және қабылданған жобаның негiзгi бөлiгiн iске асыру басталады.
Осы Бағдарламамен белгiленген iс-қимылдарды үйлестiруде машина жасау кәсiпорындары үшiн Машина жасау кәсiпорындарының қауымдастығы, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсiпорындары үшiн - "Орталықагромаш" қауымдастығы, электрондық және электротехникалық салалар үшiн "Индустриалдық парк" ААҚ-мы құрылды.
6. Бағдарламаның тиiмдiлiгi
2000-2003 жылдарға арналған машина жасау кешенiн дамыту бағдарламасын iске асырудан күтiлетiн негiзгi нәтижелер мыналар болып табылады:
- өнеркәсiптiк өндiрiстiң құлдырауын еңсеру, тұрақтандыру әлеуетiн жинақтау және көтеру, сыртқы және iшкi кооперацияларды оңтайландыру және ТМД елдерiмен, басқа да мемлекеттермен экономикалық байланыстарды жолға қою, дүниежүзілiк экономикаға кiрiгу;