Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше
жағдайларда пайдалану тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 Қаулысы
Осы редакция ҚР 2002 ж. 22 қарашадағы N 1239 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес және ителгілер мен жек дуадақтар тұқымының тұрақты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі жөніндегі ереже бекітілсін.
2. "Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар қыран құстардың тұқымын сақтап қалу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1150 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 344-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 28 маусымдағы
N 969 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң
жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану
тәртiбi жөнiндегi ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген ителгілер мен жек дуадақтарды (бұдан әрi - құстар) ерекше жағдайларда пайдаланудың жекелеген мәселелерi бойынша тиiстi мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн белгілеу мақсатында қабылданды.
2. "Жануарлар дүниесiн қорғау өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi өсiмiн молайту, ғылыми және өзге де мақсаттарға бағытталған ерекше жағдайларда, арнаулы уәкiлетті орган ретiндегі Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және ғылыми-зерттеу мекемесi ретiнде Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Зоология институтының ұсынысымен (түсiндiрме жазба) құстарды табиғатта аулауға (алуға) байланысты әрбiр нақты жағдайға осындай рұқсаттың берiлуi туралы шешім қабылдайды.
3. Уәкiлетті органның Республика Үкiметiнiң тиiсті шешiмiнсiз не Республика Үкiметiнiң шешiмiнде аталмаған тұлғаларға құстарды аулауға, соның iшiнде сұңқарды аңға салуға рұқсат етуiне жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімiнде пайдаланудың мақсаттары мен негізгі шарттары, құстарды табиғатта мүмкіндiгінше аулауға рұқсат етілетiн мерзiмдер, заңды және/немесе жеке тұлғалардың, соның iшiнде шетелдiктердiң, құстар мен жойылып кету қатерi төнген өзге де жануарлар түрлерiн қорғау мен өсiмiн молайтуға салымының мөлшерлестiгін ескере отырып, сондай-ақ аулауға құқық алған субъектiлердiң тiзбесi, аталған iс-шараларды олардың одан әрi орындауы мiндеттi түрде айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынысы мен оның соған сәйкес шешiмi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі Зоология институтының биологиялық жағынан негiзделген ұсыныстары (қорытындылары) және құстардың тұқымына залал келтiрмей табиғатта аулаудың ықтимал орындары, саны және мерзiмi, сондай-ақ олардың өсiмiн одан әрi молайту жөнiндегі шаралар көзделген мемлекеттiк экологиялық сараптамасы негізiнде дайындалады.
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi өз ұсынысында мiндеттi түрде:
құстардың қандай мақсатпен ауланатыны;
оларды сақтау және өсiмiн молайту жөнiнде қандай iс-шараларды жүзеге асыру көзделетіні;
жануарлардың және олардың түр-тұқым әр алуандығының табиғи топтануының тұтастығы бұзылмайтындығы;
құстарды аулауда қандай экологиялық талаптар қойылатындығы;
оларды мүмкiндiгінше аулау орындары, негізгі шарттары мен мерзiмдерi;
болжалды төлеу мерзiмдерi мен төлемдердiң мөлшерлерi;
Үкiметтiң негiзделген және заңды шешiм қабылдауын талап ететiн өзге де ақпаратты көрсетедi.
5. Үкiмет шешiм қабылдаған жағдайда, арнайы уәкiлетті орган сол шешiм мен Заңның нормалары негiзiнде тиiстi заңды және/немесе жеке тұлғалармен жануарлар дүниесiн пайдалануға шарт жасасады, содан кейiн нақты заңды немесе жеке тұлғаға тиiстi дербес рұқсат бередi.
6. Құстарды аулауға құқық алған тұлғалардың жек дуадақтарға сұңқар салуы Қазақстан Республикасында ұсталған және үйретiлген ителгілермен, сол сияқты Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстандағы СИТЕС Әкiмшiлiк органының талаптары сақтала отырып белгiленген тәртiппен сырттан әкелiнген жыртқыш қыран құстардың әр алуан түрлерiмен "Қазақстан Республикасының Құрып кету қауіп төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.
7. Құстарды аулауды, сондай-ақ сұңқар салуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң бақылауымен және басшылығымен мүдделi мемлекеттiк органдардың, өзге де заңды тұлғалардың өкiлдерiнiң, сондай-ақ жеке тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Құстарды аулау Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi арнаулы уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғаларының және Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Зоология институтының орнитолог мамандарының тiкелей бақылауымен және қатысуымен жүзеге асырылады.
8. Шетелдiк азаматтар мен оларды қамтамасыз ету топтарын алып жүру, күзеттi ұйымдастыру және қызмет көрсету қазақстандық тараптан шарттық негiзде жүзеге асырылады.
9. Заңды және жеке тұлғаларға, соның iшінде шетелдiк те құсбегілiктiң дәстүрлі ұлттық түрлерiн сақтау, жаңғырту және жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыру мүдделерiнде белгiленген тәртiппен құстарды торда өсiретін питомниктер ұйымдастыруға, оларды баулу, жаттықтыру жөнiндегi мектептер ашуға, мамандар даярлауға, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда жұмыс жүргiзуге рұқсат берiледі.
10. Ұсталған құстарды әкету рәсiмiн, сондай-ақ оларды транзиттiк тасымалдауды Қазақстан Республикасындағы СИТЕС Әкiмшiлік органы құстардың өлiм-жiтімiне әкелiп соқтыратын iс-әрекеттерді болдырмау жағдайында Жойылып кету қатерi төнген фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияның (бұдан әрi - СИТЕС Конвенциясы) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
11. СИТЕС Конвенциясының талаптарына сәйкес торда өсiрiлген құстарды әкету:
әр 100 бастан 30 бас арақатынасында, егер 70 бас тиiстi тәртiппен есепке алу және бақылау рәсiмдерi сақталып бостандыққа жiберiлген жағдайда рұқсат етіледi.
12. Мыналарға:
бiр жасар және одан үлкен табиғатта ауланған құстарды әкетуге, қыран құстарды жем ретiнде пайдалана отырып ителгiлердi аулауға жол берiлмейдi.
13. Құстарды аулауға мынадай ең төменгі мөлшердегі төлем ставкалары белгiленедi (бiр бас үшiн теңгемен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштерде):
ителгiлер - 662;
жек дуадақ - 220;
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсiм бойынша рынок конъюнктурасының өзгеруiне қарай жыл сайын белгіленген тәртiппен құстарды аулауға төлемдер ставкасын белгілейдi, ол осы тармақта белгiленген ең төменгі ставкадан кем болмауы тиiс.
14. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемдер, кiрiстер мен шығыстарының бюджеттiк жiктемесiнiң кодтарына сәйкес Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кірiсіне сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерiн сақтау мен олардың өсiмiн молайтуға осы сомалардың бюджеттен бөлiнуiн кейiн қамтамасыз етiп аударылады.
15. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Мемлекеттік кiрiс министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Yкiметінiң шешiмiнде көрсетiлген құстарды аулау мерзiмi өткеннен кейiн бiр айлық мерзiмде, Қазақстан Республикасының Үкiметiне құстардың табиғатта ауланатын және олардың тыс жерлерге нақты әкетілетiн түрлерi мен мөлшерiне берiлген рұқсаттардың саны туралы, сондай-ақ республикалық бюджетке келiп түскен қаражаттың сомасы туралы есептi тапсырады.