Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшін бөлінетін
қаражатты мақсатты пайдалану туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18
тамыздағы N 1194 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 17 қаңтардағы N 48 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшін бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану туралы ереже бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Көшіп келу квотасы және отандастарды Иран Ислам Республикасы мен басқа мемлекеттерден қоныс аударуын ұйымдастыру шаралары туралы" 1993 жылғы 15 сәуірдегі N 1184 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 27 мамырдағы N 437 қаулысының 10-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар)
үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, республикалық бюджеттен бөлiнетiн және қоныс аудару iс-шараларын қаржыландыру мен репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтiк қорғауға бағытталған қаражатты мақсатты пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
2. Ережеге сәйкес бөлiнетiн қаражат:
1) репатрианттарға (оралмандарға) және олардың отбасы мүшелерiне бiржолғы жәрдемақылар төлеуге;
2) репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын көшiрудi және олардың мүлкiн тасымалдауды ұйымдастыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген квотадағы ұйымдасқан көшiруден тыс Қазақстан Республикасына қоныс аударған репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларына көлiк шығындарын (жолақысын және мүлiк тасымалы ақысын) өтеуге;
4) репатрианттарды (оралмандарды) жүрген жолдары бойында және тұрақтайтын орнына жеткенше тамақ және дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуге;
5) репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларына тұрғын үйлер сатып алуға;
6) репатрианттардың (оралмандардың) құжаттамалары үшiн ақы төлеуге жұмсалады.
3. Қазақстан Республикасының халықтың көшi-қон мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң белгіленген мерзiмде және нысан бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
1) шығыстардың жұмсалған бағытын көрсете отырып қаржыландыру есептемесiмен қоса лимиттiк өтiнiмдi;
2) республикалық бюджеттен репатрианттарға (оралмандарға) қатысты көшi-қон iс-шараларына бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептi тапсырады.
4. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органы арқылы жүзеге асырылады.
5. Репатрианттарға (оралмандарға) бiржолғы жәрдемақы тағайындауды репатрианттардың (оралмандардың) тұрған орындары бойынша халықтың көшi-қон мәселелерi жөнiндегi аумақтық органдары жүргiзедi.
Бiржолғы жәрдемақыны тағайындау туралы өтiнiшке репатрианттың (оралманның) жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тапсырылады.
6. Репатрианттарға (оралмандарға) бiржолғы жәрдемақы:
отағасына - он бес есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
отбасының әрбiр мүшесiне - он есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады.
Айлық есептiк көрсеткiш Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындау сәтiнде есептеледi.
Отағасы репатриант (оралман) жанұясының басшысы болып саналады.
7. Репатрианттарға (оралмандарға) бiржолғы жәрдемақыларды төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қолма-қол ақша түрiнде жүзеге асырылады.
Репатрианттың (оралманның) қалауы бойынша бiржолғы жәрдемақы қолма-қол емес нысанда да берiлуi мүмкiн.
8. Репатрианттардың (оралмандардың) қоныс аударуын және олардың мүлкiн тасымалдауды жыл сайын белгiленетiн көшi-қон квотасына сәйкес Қазақстан Республикасының халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органы ұйымдасқан түрде жүзеге асырады.
9. Репатрианттар (оралмандар) ұйымдасқан түрде қоныс аударған кезде республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат:
1) көлiк ұйымдарының қызметтерiне (репатрианттың (оралманның) отбасы мүлкiн тасымалдаудың нормасы 1000 килограмнан аспайтын салмақта белгiленедi);
2) тұрақты шекаралық бақылау пункттерi жоқ аймақтарда, репатрианттар (оралмандар) шекараны кесiп өтетiн жерлерде уақытша бақылау-өткiзу пункттерiн ұйымдастыру қызметiне;
3) көшi-қон ұйымдары қызметкерлерiнiң iссапарларына ақы төлеуге пайдаланылады.
10. Қазақстан Республикасына квота есебiмен келген репатрианттардың (оралмандардың) өз бетiмен қоныс аударуы және мүлкiн тасымалдауы жағдайында шығындарды өтеу мынадай мөлшерлерде жүзеге асырылады:
1) әрбiр репатрианттың (оралманның) өткені үшiн ақы жол жүру құжаттарын тапсырған жағдайда (авиакөлiктен басқа) iс жүзiндегi шығындар бойынша, бiрақ он есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде жүргiзiледi;
2) репатрианттың (оралманның) отбасының жеке мүлкiн өткiзу үшiн шығынды төлеу көлiктiк қызмет көрсету туралы құжаттар тапсырылған жағдайда, бiрақ репатрианттың (оралманның) отбасы үшiн он бес есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада жүргізiледi.
Көлiктiк шығындар репатрианттың (оралманның) отбасына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен өтеледi.
11. Тамақ өнiмдерiмен және дәрi-дәрмек заттарымен қамтамасыз ету бiр репатриантқа (оралманға) арналған есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң елу процентiнен аспайтын есеппен жүргiзiледi.
12. Репатрианттар (оралмандар) үшiн тұрғын үй сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу заңдарына сәйкес халықтың көшi-қон мәселелерi жөнiндегi аумақтық органдар жүзеге асырады.
13. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының репатрианттарды (оралмандарды) құжаттамалау (мекендеу рұқсаты, шетелдiк төлқұжатқа тапсырма) жөнiндегі қызметiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн осы құжаттардың белгiленген құны мөлшерiнде жүргiзiледi.