Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi
қорғау жөнiндегi aгенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 15 қарашадағы N 1713 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. N 937; 05.08.02 ж. N 869; 16.09.02 ж.
N 1010 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 04.06.03 ж. N 527 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. N 1010 қаулысымен атауындағы және мәтіндегi "Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi агенттігі", "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің" және "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігіне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi aгенттігі", "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi aгенттігінің" және "Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігіне" деген сөздермен ауыстырылды
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. N 1010 қаулысымен кiрiспе өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. N 1010 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi aгенттігі туралы ереже;
2) Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігіне Төрағаның үш орынбасары, оның ішінде бір бірінші, болуға рұқсат етілсін.
3. Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) жүйесінде қосымшаға сәйкес Агенттіктің аумақтық органдарының бекітілген штат саны лимитінің шегінде мемлекеттік мекемелер құрылсын.
4. Агенттік заңда белгіленген тәртіппен бір айлық мерзім ішінде:
1) құрылған мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын бекітсін және оларды әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары осы қаулыға сәйкес құрылатын мемлекеттік мекемелерді тіркеуге жәрдем көрсететін болсын.
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. N 1010 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды
6. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру жөніндегі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
бөлім мен реттік нөмірі 227-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігі
227 "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ".
7. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 1999 жылғы
15 қарашадағы
N 1713 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігі туралы
Ереже
ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. N 937 қаулысымен мәтіндегі "шаруашылық жүргiзушi субъектілер" деген сөздер "рынок субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылды
ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. N 937 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 05.08.02 ж. N 869 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. N 1010 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi aгенттігі (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, табиғи монополия субъектiлерiнiң және белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн реттеу, баға белгiлеу, бәсекелестiктi, бизнестi (кәсiпкерлiктi), тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды дамыту, тарифтiк саясат саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға уәкiлеттi орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк заңды тұлға - мемлекеттiк орган болып табылады, банкте шоттары, өзiнiң атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Агенттiктiң, егер оған заңға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Агенттiк өзiнiң мемлекеттiк өкiлеттігiнiң шеңберiнде, заңдарда белгiленген тәртiппен, бұйрықтар түрiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағына мiндеттi күшi болатын актiлер шығарады.
5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. N 1010 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 36.
7. Республикалық мемлекеттік органның толық атауы Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi aгенттігі.
Агенттiктi құру туралы актi мен осы Ереже оның құрылтай құжаттары болып табылады.
8. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттiкке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтердi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi,
функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. N 937; 05.08.02 ж. N 869; 16.09.02 ж. N 1010 қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді
9. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу;
2) монополиялық қызметтiң, рынокта үстем жағдайын терiс пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, терiс пиғылды бәсекелестiктiң алдын алу және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау;
3) тауар өндiру саласында бәсекелестiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау және жәрдем көрсету;
4) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк кәсiпорындардың ақылы қызмет көрсетуiнiң тәртiбiн бақылау;
5) өз қызметiн мемлекеттiк монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн бақылау;
6) алынып тасталды
7) бәсекелестікті дамытуға, (шағын) кәсiпкерлiктi қолдауға, тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеуге, тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүйеге асыруға бағытталған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестіру;
8) кәсiпкерлiктiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
9) тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу әрi тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру.
ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. N 937 16.09.02 ж. N 1010 қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. Агенттiк заңдарда белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектілерiнiң табиғи монополияшылардың мемлекеттiк регистрiн, Рынокта үстем жағдайға ие рынок субъектiлердiң мемлекеттiк тiзілiмiн, Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк регистрiн қалыптастыру және жүргiзу;
2) субъектiлердiң - табиғи монополияшылардың өнiмiне бағалар (тарифтер) немесе олардың шектi деңгейiн белгiлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген жағдайларда мемлекеттiк органдардың қызмет көрсетулерiне арналған бағаларды реттеу;
3) табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындарын қалыптастырудың әдiстерi мен рәсiмдерiн әзiрлеу және енгiзу олардың iс жүзiндегi шығыстарын бақылауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттiк ұйымдар монополиялық түрде жүзеге асыратын қызмет көрсетулерге бағалар белгiлеудiң есебi мен тәртiптерiнің методологиясын әзiрлеу;
5) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қолдаудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын орындауды ұйымдастыру және үйлестiру;
6) республиканың аймақтарында шағын бизнестiң (кәсiпкерлiктiң) инфрақұрылымдарын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу;
7) табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекелестiктi дамыту, баға белгiлеу, тұрғын үй-коммуналдық сала мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiне қатысы бар заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыру;
8) рынок пен ондағы бәсекелестiктiң жай-күйi туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдар мен оларды қолданудың тәжiрибесiн жетілдiру туралы ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне жолдау;
9) өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
10) монополияға қарсы заңдар мен шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қорғау саласындағы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
11) шағын бизнестiң (кәсiпкерлiктiң) жай-күйi мен оны мемлекеттiк қолдаудың тиiмділігiне талдау жасау;
12) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) дамытудың аймақтық бағдарламаларын зерделеу және талдау;
13) шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қолдауға және дамытуға бағытталған мемлекеттiк қаржы қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
14) өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiне тексерулер жүргiзу;
15) табиғи монополия субъектiлерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
16) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекенi шектейтiн және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектілерiн анықтау мақсатында талдау жүргiзу;
17) тауар және қаржы рыноктарында бәсекелестiктi дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру;
18) шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылдар мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу.
19) рынок субъектілерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актілердi өз құзыретiнiң аясында әзiрлеу және бекiту;
20) өз құзыретi шегiнде монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы істердi қарау және олар бойынша шешiм қабылдау;
21) сатып алынуы шағын кәсiпкерлік субъектілерінен жүзеге асырылуға тиісті тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) түр-түрiнiң номенклатурасы және олардың көлемдерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
22) шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң мемлекеттiк қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануына жеңiлдiктi жағдайлар жасау туралы ұсыныстар әзiрлеу;
23) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне байланысты проблемаларды шешуде орталық және жергілiктi мемлекеттiк органдардың өзара iс-әрекеттерiн ұйымдастыру;
24) Үкiметке, шағын кәсiпкерлiктi қолдауды қамтамасыз ету мақсатында, оларға қатысы бар салық салу жүйесiн жетiлдiру қаржылық және несиелiк саясатты өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
25) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне мемлекеттiк меншiктегi үйлердi, ғимараттарды, өндiрiстiк үй-жайлар мен өзге де мүлiктердi жеңiлдiкпен беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
26) шағын кәсiпкерлiктi, оның субъектiлерiнiң сыртқы экономикалық қызметiн, олардың шағын кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесетiн шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын қоса алғанда, мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
27) Қазақстан Республикасының Президентiн және Yкiметiн шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi заңдарды бұзуға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабардар ету;
28) шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың салалық және аймақтық бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестiру;
29) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
29-1) мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердiң ақылы қызметтер көрсетуi тәртiбiн бекiту;
30) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 10.07.01 ж. N 937 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) рынок субъектiлерi - табиғи монополияшылардың өнiмiне, мемлекеттiк органдар болып табылатын мемлекеттiк мекемелердiң көрсететiн қызметтерiне бағалар (тарифтер) немесе олардың шектi деңгейiн белгiлеуге;
2) табиғи монополияшылардың өнiмдерiне (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) бағаларды өзгерту мәселелерi бойынша ашық тыңдаулар өткiзуге;
3) табиғи монополия субъектілерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарға арналған материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды тендерлiк негiзде сатып алуын бақылауды жүзеге асыру;
4) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшін мiндеттi шешiмдер беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
5) рынокта үстем (монополиялық) жағдайдың болуын анықтауға;
6) өз құзыретiнiң шегiнде тексерулер жүргiзуге және жолсыздықтар туралы iстердi қарауға және кінәлiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
7) мемлекеттiк органдардан, басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өзінің мiндеттерi мен функцияларын іске асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
8) табиғи монополия субъектiлерінің мемлекеттiк баға тәртiбiн бұзудың нәтижесiнде алған сомаларын бюджеттiң кiрiсiне аудару туралы, сондай-ақ тiкелей немесе бағалар мен тарифтердi уақытша төмендету арқылы залалды (немесе) шығынды өтеу туралы шешiм қабылдауға;
9) уақытша өтеушi (төмендетушi) бағалар мен тарифтер белгiлеу жолымен тұтынушыларға табиғи монополияның субъектiсi бағалар мен тарифтердi заңсыз көтерумен келтiрген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға;
10) бәсекенi дамытуға, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындауға кедергi келтiретiн және заң актiлерiнде көзделген өзге де тәртiп бұзушылықтар үшiн рынок субъектiлерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға;
11) мемлекеттiк органдарға, олардың лауазымды адамдарына, рынок субъектілерiне тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
12) Агенттiктiң мәжілiстерiнде мемлекеттiк органдардың, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң лауазымды адамдарын тыңдауға;
13) Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ресми түсiндiрулер беруге;
14) Агенттік қызметтерiнiң барлық бағыттары бойынша, оның ішінде тексерулер жүргiзуге көмек көрсету үшін ғалымдар мен мамандардың, Агенттік, Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдары мен ведомстволары, қоғамдық ұйымдар, халықаралық ұйымдар қызметкерлерiнен сараптамалық кеңестер құруға;
15) тексерістер мен сараптамалар өткізуге басқа да ұйымдардан мамандар тартуға;
16) мемлекеттiк баға тәртiбiнiң, монополияға қарсы заңдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдардың бұзылуын жою мақсатында сотқа талап-арыз беруге, оларды қарауға қатысуға;
17) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тапсыруы бойынша халықаралық, шарттар мен келiсiмдерге қол қоюға;
18) өзiнiң өкiлеттіктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн аумақтық органдарға беруге;
19) егер тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң пайда болуына жеткiзетiн болса, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға әкеп соғатын болса, рынок субъектiлерiн құруға қорытынды беруге;
20) мемлекеттiк органдарға монополияға қарсы заңдарды бұзатын олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
21) заңдарға қайшы келетiн материалдар мен нормативтiк құқықтық актілердi прокуратура органдарына жiберуге;
22) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) бағаларды мемлекеттiк реттеудi енгiзу туралы шешiм қабылдауға;
23) рынок субъектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестерді, пайларды) сатып алу кезінде және өзге де жағдайларды монополияға қарсы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
24) заңдармен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Агенттiктiң мүлкi
12. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Агенттiктiң мүлкi өзіне мемлекет берген мүлiктiң есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Агенттiктiң балансында көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
13. Агенттiкке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншікке жатады.
14. Агенттiктiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Агенттiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
15. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
16. Агенттiктiң төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген міндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
17. Агенттiктiң төрағасы осы мақсатта:
1) бұйрықтарға қол қояды;
2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн белгiлейдi;
3) заңдарға сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимитi мен бөлінетін қаражаттың шегiнде оларды ұстауға арналған шығыстар сметасының шегінде орталық аппарат пен аумақтық органдардың штат кестесін, құрылымын бекітеді;
5) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
6) Агенттiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
7) заңдарда белгiленген тәртiппен Агенттіктің қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
8) Сараптық кеңестердiң жеке құрамын бекітедi;
9) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. N 1010 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді
18. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады, алқаның шешімі қаулылар нысанында шығарылады.
Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының арасынан Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
19. Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк тәртіп бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы істерді қарау үшін Агенттікте және оның аумақтық органдарында Әкімшілік комиссиясы құрылады.
Агенттік Әкімшілік комиссиясының жеке құрамын Агенттіктің төрағасы және аумақтық органның басшысы бекітеді.
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. N 1010 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді
20. Агенттіктің облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттігінің департаменттерi болады.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
15 қарашадағы
N 1713 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. N 1010 қаулысымен тізбенің күші жойылды
Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігінің қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы
15 қарашадағы
N 1713 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. N 1010 қаулысымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігінің
мемлекеттiк мекемелерi-аумақтық органдарының
Тізбесі
1. Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
2. Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментi.
3. Қазақстан Pecпубликасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.