2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелердi қамтиды.
19-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясы
1. Сарапшылық комиссиясын мемлекеттiк немесе қоғамдық экологиялық сараптама тағайындауға, оған бастамашылық етуге және оны жүргiзуге құқығы бар орган нақты объектiге экологиялық сараптама жүргiзу үшiн құрады. Сарапшылық комиссиясының құрамында сарапшылық зерттеу бағыттары бойынша топтар құрылады.
2. Сарапшылық комиссиясы жұмысының нәтижелерi сарапшылық комиссиясының жиынтық қорытындысы түрiнде баяндалады. Сарапшылық комиссиясының құрылымын, мазмұнын, қорытындысын iске асыру мен оған шағым жасау тәртiбiн экологиялық сараптама жүргiзудi ұйымдастырушы сарапшылық орган белгiлейдi, сарапшылық комиссиясының нақты жұмыс тәртiбiн де сол бекiтедi.
3. Сарапшылық комиссиясының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өзiн құрған орган беретiн құқықтары мен мiндеттерi болады.
20-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы
1. Экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi арнаулы бiлiмi және жеткiлiктi тәжiрибесi бар, экологиялық сараптама жүргiзуге белгiленген тәртiппен сарапшылық орган тартқан адам мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.
2. Экологиялық сараптама жасалуға тиiстi құжаттама тапсырысшысының өкiлi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушi, сондай-ақ тапсырысшымен немесе әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды және жеке тұлғалар мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы бола алмайды.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы өзi жасаған сараптама үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының:
1) осы Заңның 15-бабына сәйкес сараптама жасалатын объектiге жан-жақты және объективтi баға беру үшiн маңызы бар қосымша материалдарды табыс етудi талап етуге;
2) экологиялық сараптама жүргiзуге бiлiктiлiгi жоғары мамандарды қосымша тартуға;
3) сараптама жұмысын, әдiснамасын ұйымдастыруды жетiлдiру, оны жүзеге асырудың тәртiбi мен принциптерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса берiлетiн ерекше пiкiр қалыптастыруға құқығы бар.
5. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшысы:
1) экологиялық сараптаманың кешендi, объективтi, сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
2) экологиялық сараптама туралы заңдардың, өзге де заң актiлерiнiң талаптарын сақтауға;
3) сараптаманы қолданылып жүрген стандарттар, нормалар мен ережелер негiзiнде жүргiзуге;
4) экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгiленген мерзiмi мен тәртiбiн сақтауға;
5) экологиялық сараптаманың дәлелдi қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға дер кезiнде беруге;
6) сараптама жасалатын объектiлердi одан әрi қарауға қабылдамаған, не оларды негiздейтiн материалдар пысықтауға қайтарылған кезде экологиялық сараптаманың қорытындысын объективтi бағалап, дәлелдi түрде негiздеуге;
7) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзiнiң құпия құжаттарға қатысты әрекеттерiн олардың иесiмен келiсуге, өзiне сенiп тапсырылған мәлiметтердiң жария етiлуiне жол бермеуге мiндеттi.
21-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының құқықтарын iске асыру мен қорғаудың кепiлдiктерi
1. Сарапшының экологиялық сараптама жүргiзумен байланысты қызметiне мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалар мен лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады, бұған сарапшының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған реттерi кiрмейдi.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының бұзылған құқығы, соның iшiнде материалдық шығындары мен моральдық жағынан шеккен залалы сот және әкiмшiлiк тәртiбiмен қорғалуға тиiс, ал бұл жолсыздыққа кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
22-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерi
1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының мемлекеттiк экологиялық сараптама бөлiмшелерi жанынан кеңесшi органдар болып табылатын және сол органдар туралы ережелерге сәйкес жұмыс iстейтiн сарапшылық кеңестерi құрылады.
2. Орталық атқарушы органның, облыстық, қалалық және аудандық бөлiмшелердiң сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi, олардың қызметкерлерiнiң құрамдарын тиiсiнше Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының және оның жергiлiктi бөлiмшелерiнiң басшылары әзiрлеп, бекiтедi.
3. Сарапшылық кеңестерге табиғат қорғау органдарының лауазымды адамдары, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, жоғары оқу орындарының ғалымдары, бiлiктiлiгi жоғары практик-мамандар мен жұртшылық өкiлдерi мүше бола алады.
23-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерiнiң өкiлеттiгi
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерiнiң қарауына:
1) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтырудың күрделi проблемаларын талқылау;
2) экологиялық жағынан қауiптiлiгi жоғары объектiлер жөнiнде тиiстi экологиялық сараптаманың қорытындыларын қарау;
3) экологиялық сараптаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу жатады.
2. Экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесi ол туралы ережеде көзделген өзге мiндеттердi де жүзеге асырады.
24-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама рәсiмi
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама рәсiмi бiр iздi сатылардан тұрады, олардың барысында сарапшылық органдар сараптама объектiлерiн зерттеп, бағалайды және негiздi, объективтi сараптамалық қорытынды дайындайды.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама рәсiмi:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеудi;
2) сараптамаға берiлген қажеттi материалдардың, реквизиттердiң болуын және толымдылығын, соның iшiнде жоспарланып отырған шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн бағалауды және олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және нормативтiк талаптарға сәйкес келуiн анықтауды тексеру болып табылатын алдын ала сараптаманы;
3) сараптаманың қажеттi деңгейiн, материалдардың талдап өңделуiн, жоспарланып отырған не жүзеге асырылатын қызметтiң экологиялық қауiптiлiк дәрежесiне салыстырмалы талдау жасау мен iшiнара баға берудi, сараптама объектiлерiн iске асыру негiздерiнiң жеткiлiктi және анық болуын көздейтiн сараптаманың негiзгi сатысын;
4) жекелеген сараптамалық бағасы мен экологиялық сараптаманың нәтижелерiн қорытуды, материалдардың келiсiлгенi немесе олардың қабылданбай тасталғаны туралы тұжырымдары бар сараптамалық қорытынды әзiрлеудi қоса алғанда, сараптаманың қорытынды сатысын қамтиды.
3. Сарапшы орган:
1) осы Заңның 15-бабында аталған құжаттарды тапсырысшы табыс етпеген;
2) қоршаған ортаға тигiзген әсерге берiлген баға немесе экологиялық зардаптар туралы мәлiмдеме белгiленген талаптарға сай келмесе немесе қате деректер болған, ол деректерсiз объективтi шешiм қабылдау мүмкiн болмайтын жағдайда объектiге мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге өтiнiмдi қабылдамай тастауға құқылы.
25-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң ұйымдық нысандары
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы:
1) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң сараптама қызметiнiң штаттағы қызметкерлерi;
2) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi штаттан тыс сарапшыларды тарта отырып құратын сараптама комиссиялары;
3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдары құратын салааралық сараптама комиссиялары жүргiзедi.
26-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмi үш айдан аспауға тиiс, қаралатын құжаттаманың көлемi мен күрделiлiгiне қарай бұл мерзiм алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмiн алты айдан астам уақытқа ұзарту құжаттама тапсырысшысының өтiнiшi бойынша ғана және оның сараптама жұмыстарына қосымша ақы төлеуге кепiлдiктерi болған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң басталу мерзiмi сарапшылық органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажеттi құжаттамалардың бәрi берiлген және тапсырысшы сараптама жұмыстарына ақы төленгенi туралы құжаттардың көшiрмесiн табыс еткен кезден бастап белгiленедi. Бұл орайда алдын ала сараптамадан өткiзу мерзiмi екi аптадан аспауға тиiс.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама мерзiмiн белгiлеу мен ұзарту Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органының құзыретiнде болады.
27-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы
1. Жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама нәтижелерi бойынша сараптама қорытындысы жасалады, онда экологиялық сараптама объектiлерiн iске асыру жөнiнде шешiмдер қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы тұжырымдар болуы керек.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы қабылдағаннан кейiн барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама терiс қорытынды берген жағдайда тапсырысшы сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес оларды пысықтауды қамтамасыз етуге және ол белгiлеген мерзiмде қайтадан экологиялық сараптама жүргiзуге барлық материалдарды табыс етуге немесе көздеп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi.
4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама оң қорытынды бермейiнше жобаларды мемлекеттiк, коммерциялық банктердiң, сондай-ақ кез-келген меншiк нысандарындағы өзге де қаржы мекемелерiнiң қаржыландыруына және iске асыруға тыйым салынады.
28-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының қолданылу мерзiмi
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жоба құжаттамасына оң қорытындысының берiлген күнiнен бастап, құрылыс басталғанынша екi жылға дейiн, ал жұмысы iстеп тұрған және салынып жатқан кәсiпорындар құжаттамасының бес жылға дейiн заңды күшi болады.
4-тарау. Қоғамдық экологиялық сараптама
29-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қолдану
1. Қоғамдық экологиялық сараптама - кез келген қызмет түрiне экологиялық баға беру үшiн халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бiрлестiктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерiктi негiзде жүзеге асыратын қызмет түрi. Ол сол объектiлерге жүргiзiлетiн мемлекеттiк экологиялық сараптамаға қарамастан жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныстық сипатта болады.
30-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптама саласындағы өкiлеттiгi
Қоғамдық бiрлестiктердiң басқару органдары экологиялық сараптама саласында экологиялық сараптама жүргiзудi олар туралы жарғылар мен ережелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
31-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама рәсiмi
1. Қоғамдық экологиялық сараптама рәсiмi:
1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң мемлекеттiк тiркелуiн;
2) оның басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мәлiмдеудi;
3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын дайындауды;
4) бұқаралық ақпарат құралдарына экологиялық сараптама нәтижелерi туралы хабарлауды қамтиды.
2. Мәлiмдемеде қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң бастамашысы, қоғамдық сараптамашы құрамалар мен экологиялық сараптама объектiлерiнiң орналасқан жерi туралы мәлiметтер хабарланады.
32-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудi мемлекеттiк тiркеу
1. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудi мемлекеттiк тiркеудi аумағында сарапталатын қызмет көзделген жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Тiркеу үшiн берiлген өтiнiмде қоғамдық экологиялық-сараптамалық құрамалардың құрамы туралы мәлiметтер, экологиялық сараптама жүргiзу көзделген объектiнiң атауы, оны жүргiзу мерзiмi көрсетiледi.
5-тарау. Экологиялық сараптаманы қаржыландыру
ҚР 24.12.98 ж. N 334-1 Заңымен 33-бап өзгертілді
33-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, сараптама жұмыстарын жүргiзгенi үшiн төленетiн төлемдер есебiнен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама органдары жүргiзетiн сараптама жұмыстарына ақыны Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен шаруашылық қызметтiң бастамашысы (тапсырысшы) төлейдi.
34-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру
Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру қоғамдық экологиялық бiрлестiктер мен қорлардың өз қаражаты есебiнен немесе қоғамдық негiзде жүзеге асырылады.
6-тарау. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс
құжаттама тапсырысшыларының құқықтары
мен мiндеттерi
35-бап. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс құжаттама тапсырысшыларының құқықтары
Тапсырысшылардың:
1) сарапталатын объектiлерге қатысты немесе сараптама объектiлерiнiң жекелеген талдамалары мен негiздемелерi бойынша жазбаша немесе ауызша түсiндiрмелер, ескертпелер мен ұсыныстар беруге;
2) экологиялық сараптаманың алдын ала және түпкiлiктi қорытындыларымен танысуға;
3) қосымша, қайталап немесе бақылаушылық экологиялық сараптама жүргiзудiң орындылығы туралы мәлiмдеуге;
4) егжей-тегжейлi зерттеулер мен есептеулердi талап етпейтiн түзетулердi, өзгерiстердi дер кезiнде енгiзуге;
5) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары, шарт ережелерi не өздерiнiң құқықтары бұзылған жағдайларда қоғамдық сараптама қызметiн көрсету кезiнде шартты бұзуға;
6) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа шағым жасауға құқығы бар.
36-бап. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс құжаттама тапсырысшыларының мiндеттерi
Тапсырысшылар:
1) экологиялық сараптамаға қажеттi материалдардың сапалы дайындалуы мен берiлуiн қамтамасыз етуге;
2) экологиялық сараптама субъектiлерiне сарапталатын объектiлер жөнiнде қажеттi материалдар мен консультациялар, мәлiметтер, есептеулер, қосымша талдамалар беруге;
3) қоғамдық пiкiрдi ескере отырып, сараптама объектiсiн одан әрi iске асыру жөнiнде шешiмдер қабылдауға мiндеттi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде:
1) белгiленген тәртiппен сарапшылық жұмыстарына ақы төлеуге;
2) сараптама қорытындысында баяндалған экологиялық сараптаманың нұсқауларын, ұсыныстарын орындауға, кемшiлiктер мен жаңсақтықтарды дер кезiнде жоюға;
3) сараптама органдары белгiлеген мерзiмде жобаларды экологиялық сараптамадан қайта өткiзуге табыс етуге мiндеттi.
7-тарау. Экологиялық сараптама саласында
келiспеушiлiктердi шешу
37-бап. Экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiнде келiспеушiлiктердi шешу
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама органдары мен тапсырысшылар арасында туындаған, хаттамамен ресiмделген келiспеушiлiктердi қорытынды берген мемлекеттiк экологиялық сараптама органының, сондай-ақ тапсырысшының қатысуымен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы қарайды.
2. Келiспеушiлiктердi қарау мерзiмi, әдетте, келiспеушiлiктер хаттамасы және басқа да қажеттi материалдар түскен күннен бастап бiр айдан аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда ол Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ үш айдан аспауға тиiс.
3. Келiспеушiлiктер жөнiндегi шешiмге сотқа шағым жасауға болады, ол Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiп бойынша ұйымдар мен лауазымды адамдардың жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi.
4. Экологиялық сараптама саласындағы мүлiктiк даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
5. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiнде туындаған келiспеушiлiктердi осы бапқа сәйкес шешуге болады.
38-бап. Экологиялық сараптама қорытындыларын жарамсыз деп тану
1. Экологиялық сараптама қорытындыларын әзiрлеу кезiнде мынадай кемшiлiктер жiберiлген жағдайда:
1) экологиялық сараптама жүргiзу рәсiмi бұзылғанда;
2) экология нормалары мен ережелерi, экологиялық қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану және молықтыру талаптары орындалмағанда немесе бұрмаланғанда;
3) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына жайлы қоршаған орта жөнiндегi құқықтары, халықтың басқа да экологиялық құқықтары мен мүдделерi, экологиялық сараптама процесiне қатысушылардың құқықтары бұзылғанда;
4) экологиялық сараптамаға қатысушы тараптардың құқықтары бұзылған өзге де жағдайларда олар жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Экологиялық сараптама органы өзi қабылдайтын шешiмдер үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
8-тарау. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау
заңдарының экологиялық сараптама
саласында бұзылу түрлерi
39-бап. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарының экологиялық сараптама саласында бұзылу түрлерi
1. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарының экологиялық сараптама саласында бұзылуы:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң белгiленген мiндеттi тәртiбiн бұзу;
2) жүргiзiлген экологиялық сараптаманың нәтижелерiн бұрмалау;
3) экологиялық сараптама шешiмдерiнiң, тұжырымдарының жариялану тәртiбiн, соның iшiнде түпкiлiктi қорытынды қабылданғанға дейiн, бұзу;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша, қоршаған ортаны қорғау саласында лицензиялар беру не объектiлер салуды және өзге де қызметтi жүзеге асыру;
5) сарапшылық комиссияларын құру мен қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн бұзу;
6) лицензиялары жоқ ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өзге де құрылымдардың экологиялық сараптаманы жүзеге асыруы;
7) экологиялық сараптама жүргiзген кезде экологиялық қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану мен молықтыру талаптарын бұзу;
8) қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптаманы ұйымдастырып, жүргiзуiне кедергi жасау;
9) сарапшылық органдар мен құрылымдарға қажеттi материалдар, мәлiметтер мен деректер беруден жалтару;
10) сарапшыны негiзсiз экологиялық сараптама жүргiзуге не көрiнеу бұрмаланған және объективтi емес қорытындылар дайындауға мәжбүрлеу;
11) заңда көзделген сарапшылық қызметтi немесе экологиялық-сарапшылық қызмет көрсетуге шартпен жүктелген мiндеттемелердi орындамау;
12) мемлекеттiк және қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудi тiркеуден негiзсiз бас тарту болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында экологиялық сарапшылық қызмет бөлiгiнде табиғат қорғау заңдары бұзылуының өзге де түрлерi белгiленуi мүмкiн.
40-бап. Экологиялық сараптама туралы Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Экологиялық сараптама саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасы аумағындағы шаруашылық қызмет объектiлерi жалға және басқаруға берiлген заңды және жеке тұлғалар, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
9-тарау. Экологиялық сараптама саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
41-бап. Экологиялық сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Экологиялық сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық тиiстi шарттар негiзiнде адамның экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның бастамасы бойынша халықаралық экологиялық сараптамалар жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының