3. Айналадағы ортаға жаңа меншiк иесiнiң шаруашылық қызметi келтiрген нұқсан үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
24-бап. Дауларды шешу тәртiбi
Жекешелендiру барысында туындайтын даулар сотпен шешiледi.
25-бап. Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану
1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартын соттың жарамсыз деп тануына мыналар негiз болады:
1) объектiнi сатып алуға құқығы жоқ тұлғаға сату;
2) сатып алушыға заңсыз жеңiлдiктер мен басымдықтар беру;
3) сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн елеулi түрде бұзу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер.
2. Жекешелендiру объектiсiн сатып алушы сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылғанға дейiн оқшаулаған жағдайда оны сатып алушыдан талап ету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 260-262-баптарында көзделген ережелер бойынша мүмкiн болады.
3. Егер шарттағы тарап қуыным жасаған болса, сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша қуынымның ескiру мерзiмi, оған қол қойылған күннен бастап алты ай болады. Басқа мүдделi тұлғалар не прокурор қуыным жасаған жағдайда даулар бойынша қуынымның ескiру мерзiмi шартты жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын жағдаяттар туралы қуыным жасаушы бiлген немесе бiлуге тиiстi болған күннен бастап алты ай болады, бiрақ бұл шартқа қол қойылған күннен бастап үш жылдан кешiктiрiлмеуге тиiс.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 26-бап өзгертілді
26-бап. Сатып алу-сату шартын бұзу
1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген негiздер мен тәртiп бойынша бұзылуы мүмкiн.
2. Егер сатып алу-сату шартының бұзылуына тараптардың біреуінің оны едәуір бұзуы негіз болса, тараптар мәміле бойынша өздерінің орындағанын қайтаруды және оларға келтірілген залалдың өтелуін талап етуге құқылы.
5-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
27-бап. Осы Жарлықтың күшiне енуi және қолданылуы
1. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.
2. Осы Жарлық күшiне енгеннен кейiн, яғни 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына қолданылады.
3. Осы Жарлықта көзделген қуынымның ескiруiнiң жаңа мерзiмi 1996 жылдың 1 қаңтарынан кейiн туындаған жағдайлар негiз болған дауларға қолданылады.
4. Осы Жарлық күшiне енгенге дейiн жалға берiлген объектiлердi олардың жалгерлерi жалға беру шартын кемiнде екi жыл бойы тиiсiнше орындаған жағдайда сатып алуы мүмкiн.
5. Осы Жарлықтың күшi осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалгердiң не сенiм бiлдiрiлген басқарушының кәсiпорынды кейiннен сатып алу құқығынсыз жалға беру немесе сенiм бiлдiрiлген басқару қатынастарына қолданылмайды.
6. Осы Жарлық күшiне енген күннен бастап мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
1) "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" 1991 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 27, 349-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 113-құжат; 1993 ж., N 9, 218-құжат ; 1995 ж., N 1-2, 20-құжат);
2) "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" 1991 жылғы 22 маусымдағы Қазақ ССР Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 27, 350-құжат).
28-бап. Осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi шаралар
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1. 1996 жылғы 1 наурызға дейiн:
жеке жоба бойынша жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың Тiзбесiн;
жабық тендерлер өткiзу Тәртiбiн;
жекешелендiру объектiсiнiң құнын бағалауды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiнi бекiтетiн болсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
3. Министрлiктердiң, ведомстволар мен мемлекеттiк комитеттердiң осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерi мен нұсқаулықтарын қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының