Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
Қазақстан Республикасының 1993 ж. 13 қаңтардағы N 1872-XII Заңы
(ҚР 15.07.96 ж. N 31-1; 22.12.98 ж. N 327-1; 13.01.93 ж. N 338-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (5 - 6 баптар)
белгілеу, өтетін жерлерін өзгерту және көрсету
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының (7 - 16 баптар)
тәртібі
4. Шекаралық тәртіп (17 - 21 баптар)
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы (22 бап)
арқылы өткізу пункттеріндегі тәртіп
6. Қазақстан Республикасы президентінің, мемлекеттік (23 - 28 баптар)
органдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасын реттеу мен қорғау саласындағы құзыреті
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (29 - 30 баптар)
күзетуге қатысушы әскери қызметшілер мен басқа
да азаматтардың құқылық жағынан қорғалуы
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (31 - 32 баптар)
күзету кезінде қаруды, ұрыс техникасын және
арнаулы құралдарды қолдану
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (33 бап)
туралы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзғаны
үшін жауаптылық
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (34 - 36 баптар)
күзетуді ресурспен қамтамасыз ету
ҚР 15.07.96 ж. N 31-1; 10.07.02 ж. N 338-II Заңдарымен Заң өзгертілді
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы қазiргi шекарасында тұтас, оған қол сұғылмайды және бөлiнбейдi.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғаудың құқылық негiздерiн белгiлейдi және баянды етедi.
1. Жалпы ережелер
ҚР 15.07.96 ж. N 31-1; 10.07.02 ж. N 338-II Заңдарымен 1-бап өзгерді
1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістiгi айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық.
Мемлекеттiк шекара Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 2-бап өзгерді
2-бап. Қазақстан Республикасының шекара саясаты
Қазақстан Республикасы аумақтық тұтастықтың және Мемлекеттiк шекараға қол сұғылмайтындығының халықаралық принциптерiн негiзге ала отырып:
Мемлекеттiк шекараны Қазақстан Республикасы егемендi құқықтарының бүкiл билiгiне ие болатын аумақтық (құрғақ, су, жер қойнауы, әуе кеңiстiгiнiң) заң жүзiнде баянды етiлген кеңiстiгi шегiн анықтайтын сызық ретiнде қарастырады;
бұрынғы КСРО жөнiнде жарияланған құқылық мирасқорлықты негiзге ала отырып, осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезiнде қолданылып келген халықаралық шарттармен, соның iшiнде Қазақстан Республикасының және КСР Одағының бұрынғы республикалары болған басқа да мемлекеттердiң әкiмшiлiктiк-аумақтық межеленуi туралы актiлерде белгiленген өз Мемлекеттiк шекарасының өтуiн қуаттайды;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын белгiлеген және оның өтуiн өзгерткен, Қазақстан Республикасының шекарадағы шектес мемлекеттермен құқылық қатынастар орнатқан және қолдап отырған, Қазақстан шекаралық аудандарындағы (су айдындарындағы) және Қазақстан аумағынан өтетiн халықаралық жолдардағы құқық қатынастарын реттеген кезде Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсаттарын, шектес мемлекеттермен өзара тиiмдi жан-жақты ынтымақтастық мүдделерiн, шекара мәселелерiн бейбiт, күш қолданбай шешу принциптерiн басшылыққа алады;
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен Мемлекеттiк шекара тәртiбiн белгiлеудi және оны қорғау жөнiндегi қызметтi үйлестiрiп отырады.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 3-бап өзгерді
3-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
туралы Қазақстан Республикасы заңдары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, Мемлекеттiк шекараны белгiлеу мен оның өтуiн өзгерту және оның көрсетiлу тәртiбiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын белгiлеу ретiн және ұстау тәртiбiн, шекара тәртiбi мен Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiндегi тәртiптi белгiлейдi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету саласындағы қатынастарды реттейдi. Ол заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасы мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен құрылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 4-бап өзгерді
4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын
күзету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету Қазақстан Республикасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпымемлекеттiк жүйесiнiң ажырағысыз құрамдас бөлiгi болып табылады және ол мыналарды көздейтiн саяси, әскери, құқылық, ұйымдық, экономикалық, экологиялық, техникалық, оперативтiк, ақпараттық, ғылыми және өзге шаралар жүйесiн iске асыру үшiн жасалады;
Қазақстан Республикасының белгiленген Мемлекеттiк шекарасының өтуiн құқыққа қарсы, күш қолданып өзгертуге, шектес мемлекеттердiң немесе олардың азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағының шекара өңiрлерiн заңсыз пайдалануына (игеруiне) жол бермеу;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңдарында белгiленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы құқылық қатынастарды, жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз ету, осы құқылық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қарсы күресу;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн сыртқы және iшкi қол сұғушылықтардан қорғау.
Қазақстан Республикасының құрғақтағы, теңiздегi, өзендер мен өзге де су қоймаларындағы мемлекеттiк шекарасын күзету Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, ал әуе кеңiстiгiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерiне жүктеледi.
Мемлекеттiк шекараны күзетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құқықтары шеңберiнде басқа да мемлекеттiк органдар қатысады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
белгілеу, өтетін жерлерін өзгерту және көрсету
ҚР 15.07.96 ж. N 31-1; 10.07.02 ж. N 338-II Заңдарымен 5-бап өзгерді
5-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын
белгiлеу және өзгерту
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы:
құрғақта - жер бедерiнiң сипатты нүктелерi мен сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша;
теңiзде - Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнiң сыртқы шегi бойынша;
өзендерде (бұлақтарда) - олардың орта тұсы бойынша немесе өзiнiң негiзгi аңғарының орта тұсы бойынша; өзге де су қоймаларында - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының су қоймасының жағасына шығатын тұсын бiрiктiретiн тура сызық бойынша белгiленедi.
Қазақстан Республикасының өзен (бұлақ) өзге де су қоймасы бойынша өтетiн мемлекеттiк шекарасы олардың жағаларының сипаты немесе су деңгейi өзгергенде де, өзен (бұлақ) аңғары белгiлi бiр жаққа ауытқыған жағдайда да өзгертiлмейдi;
су тараптарының су қоймаларында және басқа жасанды су қоймаларында олар толтырылғанға дейiнгi жерден өтетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасына сәйкес;
темiр жол және автомобиль жолдары көпiрлерiнде өзендердiң (бұлақтардың) шекаралық учаскелерi арқылы өтетiн бөгеттер мен басқа ғимараттарда - Қазақстан Республикасының су бойынша Мемлекеттiк шекарасының өтуiне қарамастан, әлгi ғимараттардың орта тұсы бойынша немесе олардың технологиялық ортасы бойынша белгiленедi.
Қазақстан Республикасының иелiгiндегi аумақтық суларға (теңiзге) Қазақстан Республикасына тиесiлi құрлықта да, аралдарда да судың ең көп қайтатын жиегiнен немесе халықаралық шарттарға сәйкес анықталатын тиiстi географиялық нүктелердi қосатын бастапқы түзу сызықтан есептелетiн енi он екi теңiз милi болатын жағалық теңiз сулары жатады. Географиялық нүктелердiң тiзбесiн, олардың негiзгi бастапқы геодезиялық деректерiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен аумақтық сулар (теңiз) шекаралары олармен жасалған халықаралық шарттар арқылы белгiленедi.
Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңына Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңiздiң) сыртқы шегiнен оның орта сызығына дейiнгi Каспий теңiзiнiң бетi және оның түбiнiң қойнауы жатады.
Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының шекаралары халықаралық шарттармен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының iшкi суларына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы порттарының гидротехникалық және басқа ғимараттарының теңiз жаққа қарай неғұрлым қашық орналасқан нүктесi арқылы өтетiн сызықпен шектелген порт сулары;
жағалауы Қазақстан Республикасының иелiгiндегi өзендер мен өзге де су қоймаларының сулары;
Каспий теңiзiнiң Қазақстан Республикасына тиесiлi шығанақтарының, бухталарының, құйылыстарының, жайылмаларының сулары, олардың тiзбесiн халықаралық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының жерге (су бетiнде) қарап Қазақстанның халықаралық шарттары негiзiнде шекараны редемаркациялау ретiнде жүргiзiлген Мемлекеттiк шекарасының өтуiн дәлелдей түсуi туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бекiтуiне жатады;
6-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын көрсету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын жерiне қарап белгiлеу айқын көрiнетiн шекара белгiлерiмен көрсетiледi.
Шекара белгiлерiнiң түрлерiн, көлемiн, олардың сипаттамасын және орнату тәртiбiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары белгiлейдi.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
шекарасының тәртібі
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 7-бап өзгерді
7-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының тәртiбi
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының тәртiбi Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттердiң шекарадағы өзара қатынастарына байланысты барлық мәселелердi реттеу мақсатымен белгiленедi. Ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын өту, қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң шекаралық өзендер мен басқа да су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы iшкi суларына кiру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге де қызмет жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi. Мемлекеттiк шекара тәртiбi осы Заңмен, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiмен және халықаралық шарттарымен белгiленедi.
8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын ұстау
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын ұстау Мемлекеттiк шекараны демаркациялау туралы актiлерге және оның жер бетiнде өтуiн айқындайтын басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленбеген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасын ұстау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi белгiлейдi.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы темiр жол, автомобиль, теңiз, әуе қатынасы мен өзге де қатынас Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, кеден органдарының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында бақылауды жүзеге асыратын басқа да органдардың бақылау-өткiзу пункттерi құрылады.
3. Әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтедi.
4. Әуе кемелерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы бөлiнген ұшып кiретiн (ұшып шығатын) әуе дәлiздерi арқылы ұшып өтедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан әуе дәлiздерiнен тыс ұшып өтуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жол берiледi.
ҚР 15.07.96 ж. N 31-1 ; 10.07.02 ж. N 338-II Заңдарымен 10-бап өзгерді
10-бап. Әскери емес әуе (теңiз) кемелерiнiң ұшып шығуы
(кетуi), келiп қонуы (кiруi)
Қазақстандық және шетелдiк әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасынан ұшып шығуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келiп қонуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бақылау-өткiзу пункттерi және кеден органдары бар әуежайларда (аэродромдарда) жүзеге асырылады. Әуе кемелерiнiң ұшып шығуы мен келiп қонуының өзге тәртiбiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жол берiледi.
Шетелдiк әскери емес кемелер Қазақстан Республикасының мұндай кемелердiң келуi үшiн ашық рейдiлерi мен порттарына келiп кiре алады. Шетелдiк әскери емес кемелердiң кiруiне ашық рейдiлер мен порттардың тiзбесi, ондай порттарға кiру және оларда болу тәртiбi - жүк және жолаушы операцияларын жүргiзу, кемелердiң жағалаумен хабарласу, кеме экипажы мүшелерi болып табылмайтын адамдардың бару тәртiбi, шетелдiк әскери емес кемелердiң Қазақстан Республикасының iшкi сулары мен порттарына, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiне кiруiне және осы суларда болуына байланысты басқа да ережелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларында жүзген және болған кезiнде радио байланысы, навигациялық, порт, кеден экологиялық, санитарлық ережелердi және өзге де ережелердi сақатуға мiндеттi. Шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзiне), iшкi суларына кiруге мәжбүр болған ретте немесе бұл суларда жүзу мен болу ережелерiн сақтамауға мәжбүр болған ретте бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының ең таяудағы портының әкiмшiлiгiне дереу хабарлауға мiндеттi.
Шетелдiк ұшу аппараттарының, әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң Қазақстан Респубилкасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларындағы кез келген кәсiпшiлiк, зерттеу және iздестiру қызметiне тыйым салынады, бұған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын қызмет реттерi кiрмейдi.
Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының шешiмiмен қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң жүзуiне және болуына уақытша тыйым салынатын аудандар белгiленуi мүмкiн.
Мұндай аудандарды белгiлеу туралы белгiленген тәртiппен хабарланады. Мыналарға тыйым салынады:
шекара арқылы өткiзу пункттерi жоқ Қазақстан Республикасы порттарына шетелдiк кемелер мен шетелде жүзетiн қазақстандық кемелердiң кiруiне, шетелдiк және қазақстандық әуе кемелерiнiң Қазақстан әуежайларына (аэродромдарына) қонуына;
Қазақстан Республикасының Үкiметi халықаралық қатынас үшiн ашпаған мұндай порттардан (әуежайлардан, аэродромдардан), шетелге бару үшiн қазақстандық теңiз, өзен және әуе кемелерiнiң (корабльдерiнiң) шығуына (ұшып кетуiне); көлiк құралдарының тоқтауына, өткiзу пункттерiнен тыс жерде адамдарды түсiруге, заттар мен хайуандарды түсiруге;
жүзетiн құралдарды суға түсiруге, көлiк құралдары бар ұшу аппараттарын аспанға көтеруге және оларды көлiк құралдарына қабылдауға, құралдардың су асты жағдайында болуына, олардың Қазақстан жағалауына жақындап келуiне, шекара арқылы шекарадан өткiзу пункттерiне бет алған кезде, және керi қайтқан жағдайда теңiз (өзен) кәсiпшiлiгiн жүргiзуге;
Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен тыйым салынған басқа да iс-қимылды жүзеге асыруға.
Бұл ережелерде дүлей кесапаттар, апаттар мен авариялар кезiнде кемелердi, корабльдердi мұз арасынан өткiзу кезiнде, сондай-ақ қауiп төнген немесе апатқа ұшыраған адамдарға, кемелерге, ұшу аппараттарына жәрдем көрсеткен кезде амалсыздан шекарадан өткен реттер кiрмейдi.
Қазақстандық және шетелдiк әуе (теңiз) кемелерi көзделмеген жерлерге амалсыз қонған (кiрген) кезде шекаралық бақылауды - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары, ал кедендiк бақылауды кеден органдары әуежайлардың (аэродромдардың), теңiз және өзен порттарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң ең жақын шекаралық бақылау бөлiмдерi (бөлiмшелерi) мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдарына хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан
өтетiн кездегi бақылау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтетiн кезде адамдар, көлiк құралдары, жүктер мен тауарлар шекара, кеден және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген басқа да бақылау түрлерiнен өткiзiлуге тиiс.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы
өткiзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткiзу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген және халықаралық шарттарда белгiленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде жүзеге асырылады.
2. Келе жатқан адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң шекаралық бақылау бөлiмдерi мен бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтуге құқық беретiн құжаттар бойынша жүзеге асырады.
3. Көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кеден органдары мен басқа да мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесе отырып жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi, тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудiң өзге де тәртiбi белгiленуi мүмкiн.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 13-бап өзгерді
13-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында
шаруашылық қызметтi жүзеге асыру тәртiбi
Қазақстан азаматтары, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында шаруашылық, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге де қызметтi, соның iшiнде бiрлескен қызметтi Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында тиiсiнше тәртiп қамтамасыз етiлетiндей етiп жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында шаруашылық қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 14-бап өзгерді
14-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
тәртiбiн бұзушылар
Мыналар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасы тәртiбiн бұзушылар болып табылады:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын ұстану, Мемлекеттiк шекарада түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге қызмет жүргiзу тәртiбiн бұзған адамдар;
шекарада түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге қызмет жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өту тәртiбiн бұзған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы белгiленген тәртiпке жатпайтын қарым-қатынас жасаған адамдар;
Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде жүзудiң және тұрудың тәртiбiн бұзған, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге қызмет жүргiзушi қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында аэрофотосуретке түсiрген және өзге қызмет атқарған кезде ұшу ережесi мен тәртiбiн бұзған Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердiң әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттары.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 15-бап өзгерді
15-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын
бұзушылар
Мыналар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзушылар болып табылады:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнен тыс немесе өткiзу пункттерiнде солар арқылы, бiрақ шекарадан өтудiң белгіленген ережелерiн кез келген әдiспен бұзып өткен немесе өтуге тырысқан адамдар;
Қазақстан Республикасынан заңсыз кету мақсатымен шетелдiк және шетелге бара жатқан қазақстандық құралдарға кiрген немесе кiруге тырысқан адамдар;
Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңiзiне) немесе iшкi суларына, сондай-ақ шекаралық өзендер мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiне ондай суларға кiрудiң белгiленген ережелерiн бұзып кiрген шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер. Шетелдiк сүңгуiр қайықтар және су астында жүзетiн басқа да көлiк құралдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан су астындағы жағдайда өткен ретте немесе Қазақстан Республикасының суларында жүзген және тұрған кезiнде осындай жағдайда болған ретте олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзушылар болып табылады;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан тиiстi рұқсатсыз өткен немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы ұшып өтудiң ережелерiн басқаша бұзған әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын басқа да кез келген техникалық немесе өзге де құралдармен тиiстi рұқсатсыз немесе белгiленген тәртiптi бұзып өту де оны бұзу болып табылады.
ҚР 10.07.02 ж. N 338-II Заңымен 16-бап өзгерді
16-бап. Қазақстан Республикасының шекарадағы өкiлдерi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының жағдайы туралы өзара ақпарат алмасу тәртiбiн сақтауға байланысты мәселелердi шешу үшiн, сондай-ақ шекаралық жанжалдарды реттеу үшiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының белгiлi бiр учаскелерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң офицерлерi қатарынан белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының шекарадағы өкiлдерi тағайындалады.
Қазақстан Республикасының шекарадағы өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
Шекарадағы өкiлдер реттемеген мәселелер дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.