Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысы (2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Құрылыс материалдарының өнеркәсiбi мейiлiнше көп энергияны, материалдарды қажетсiнетiн, сондай-ақ жүктi қажетсiнетiн сала болып табылады: саланың құрылым шығындарында 20%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар құрайды; көлiктiң әр түрлерiмен өнiм мен шикiзатты тасымалдау көлемi жалпы мемлекеттік жүк тасымалының 30%-ын құрайды; саладағы тау-кен жұмыстарының көлемi қара және түстi металлургияның соған ұқсас көлемiнен асып түседi; шикiзат шығындары, әдетте, өнiмнiң бiрлiгiне 1-2 салмақ бiрлiгін құрайды. Мысалы, 1 тонна цемент өндiрiсi үшiн 1,2-2,2 тоннаға дейiн әктас және 0,3-0,8 тоннаға дейiн қоспалар, 1 тонна әк үшiн - 2 тонна әктас, 1 тонна құрылыс гипсi үшiн - 1,25 гипс тасы және т.б. қажет. Құрылыс материалдарының негiзгi массасы айтарлықтай көлiктi қажетсiнумен ерекшеленедi, ал оларды алысқа тасымалдау пайдалы емес.
Қазiргi кезде монополист кәсiпорындардың тарифтiк және бағалық қысымы (газға, отынға, бензинге, электр энергиясына бағаның ұлғаюы және тасымалға тарифтердiң өсiмi) саладағы экономикалық жағдайды болжау кезiнде қосымша қиындықтар туғызады. Бұл ретте негiзiнен мұнай өнiмдерiне деген бағаның өсiмiне байланысты жүк тасымалы өнiмге тұтынушылық сұранысты төмендетедi, құрылыс материалдарының өзiндiк құны мен бағасын арттырады, олардың бәсекеге қабiлетiн төмендетедi және импорттың өсiмiне алып келедi.
Осы рынокты қараған кезде құрылыс материалдарына деген маусымдық сұраныстың да маңызы бар. Мәселен, құрылыс атмосфералық және климаттық жағдайларға байланысты болады және бұл факторлардың әрекетi объектiлердi жыл бойы салуды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, жаз, көктемнiң бір бөлiгі мен күз құрылыс салу кезеңi болып табылады. Қазақстан жағдайында бұл кезең 7-8 ай болып отыр. Осыған орай құрылыс материалдарына сұраныс маусымдықпен сипатталады. Алайда, құрылыстағы жаңа технологиялардың пайда болуы, құрылыс мерзiмiне талаптардың өсуi құрылыс материалдарына сұраныстың маусымдылығын біршама жеңiлдетедi.
Рынок ерекшелiгiнiң арасында шикiзат биржалары, делдалдық қызметпен айналысатын көптеген фирмалар, маркетингтік, консалтингтік, аудиторлық ұйымдар, сондай-ақ ақшалай-кредиттік жүйе мен банктерді, шаруашылық тәуекелдердi сақтандыру жүйелері мен тағы басқаларын қоса алғанда, инфрақұрылымдардың дамымағанын да бөлiп айтуға болады. Рыноктың инфрақұрылым тұтынушылардан түсетін көңіл-күйді қалыс жібермейді, өндірушілерге осы реңктi қабылдауын және оларға бара-бар әсерiн қамтамасыз етедi, өндірушілер мен тұтынушыларды бiрыңғай шаруашылық процестермен байланыстырады. Қазақстанда құрылыс материалдары инфрақұрылымның әлi қалыптаспаған деп айтуға болады, ал отандық құрылыс материалдарының жоғары бәсекеге қабілеттілiгін қамтамасыз ету өте қажет.
1996-2003 жылдар кезеңi шетелдiк тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi жеткізушілердiң белсендi экспансиясы жағдайында өтті. Отандық өндiрiстiң 1998 жылдан бастап жандана бастағанына қарамастан, осы күнге дейiн құрылыс материалдары мен бұйымдарына сұранымның өскендiгін дәлелдейтiн құрылыс материалдары импортының өскені байқалып отыр (1-кестенi қараңыз).
Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту шеңберiнде қолданылған шаралар құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының негізгі түрлерiн өндiру көлемiнiң артуына әсер етті, 2003 жылы 2002 жылдың осыған ұқсас кезеңiмен салыстырғанда орта есеппен 48,8%-ды құрады. Бiрақ, құрылыс көлемiнiң артуына алғышарт жасаған құрылыс материалдары импортының өсуi кәсіпорындардың өндiрiстiк қуатын пайдалануды әлi де тоқтатып тұр, оның 10-25%-ы нақты пайдаланылып отыр.
Тұтастай алғанда, құрылыс кешенiнiң қуаты толығымен пайдаланылмайды, негізiнен өндiрiстi жаңғыртуға арналған кәсiпорындардың айналым қаражатының шектелуiнен әрi құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өндiрiсiнде жоғары сапалы технологияларды игеру үшiн жеңiлдiктi ұзақ мерзiмдi кредиттердiң болмауынан оның мүмкiндiктерi шектелiп отыр (2-кестеге қараңыз).
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2-кесте
2003 жылы құрылыс материалдарының, бұйымдар
мен құрастырмалардың негiзгі түрлерiн өндiру
Өнiмнiң атауы
Өлшем бiрлiгі
2003
жылғы
өндiрiс
2002 жылға
есептi кезең
%-да
Мәрмәр және әктасты
тас мың текше метр 69,4 84,4
Гранит, құмтас және
басқа да тастар мың текше метр 1464,2 114,4
Әктас және гипс мың тонна 7352,5 109,8
Табиғи құм мың текше метр 2412 112,6
Рудалық емес
материалдар мың текше метр 12271,8 137,4
Ағаш материалдар мың текше метр 263,6 114,2
Терезелер, есiктер
және басқа да ағаш
бұйымдар мың шаршы метр 375,6 119,5
Полимерлер негiзiн-
дегi бояулар, лактар тонна 10552 183,6
Пластмассадан жа-
салған құбырлар,
түтiктер және
шлангтер тонна 5472,3 256,3
Пластмассадан жасал-
ған есiктер,
терезелер тонна 6873 112
Керамика тақтайшалар
және тақталар мың шаршы метр 680,3 121,1
Керамикадан жасалған
құрылыстық кiрпiш мың текше метр 286,2 76,1
Цемент мың тонна 2569,7 120,7
Әк мың тонна 789,6 111,1
Силикат және қож
кiрпiш мың тонна 527,5 51,4
Жиналмалы құрылыстық
құрастырмалар мың тонна 1542,1 167
Тауарлық бетон мың текше метр 4043,7 115,3
Асбоцеметтен жасалған
шифер мың шаршы метр 9438,5 142,3
Асбоцеметтен жасалған
құбырлар мен
фитингтер тонна 5839 237,1
Құрылысқа арналған тас тонна 28081 79,8
Жабынды (рубероид)
бұйымдар мың шаршы метр 16277 130
Қожмақта және
минералды мақта тонна 8009 137,1
Қара металдан
жасалған раковиналар
мен жуғыштар мың дана 6,5 70,7
Қара металдан
жасалған ванналар мың дана 42,3 285,8
Жиналмалы металл
құрастырмалар тонна 84246 153,1
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
3-кесте
Құрылыс материалдарының негізгі түрлерiнiң
2003 жылғы импорты және қажеттілiгі
P/c
№
Атауы
Импорттың
құны,
мың АҚШ
доллары
Импорт
Жалпы
қажеттілік
1 Табиғи құм және басқалар,
мың тонна 1599,9 252 2500
2 Рудалық емес материалдар,
мың тонна 1251,1 234,5 12350
3 Цемент, мың тонна 18920,6 480,9 3035
4 Әк, мың тонна 1578,6 23 812
5 Гипс, ангидрит, мың тонна 1758,9 22,3 7313
6 Сылақ, тығыздағыштар,
бiтегiштер, мың тонна 9038 23,5 55
7 Керамикалық кiрпіш, мың дана 5243,2 43824,4 195000