Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен
құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2005-2014 жылдарға
арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысы
(2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 4.4-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Мүдделi министрлiктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бiрлесіп:
Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне Бағдарлама iс-шараларының iске асырылу барысы туралы талдамалық ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының Бағдарламаны орындау жөніндегі қызметін үйлестірудi жүзеге асырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың
2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары
өнеркәсiбiнiң қазiргі жай-күйiн талдау
3.1. Жалпы деректер
3.2. Құрылыс материалдарының iшкi рыногын талдау
3.3. Жанама салаларды дамытудың әлеуетi
3.4. Саланың дамуын тежейтiн негiзгi факторлар
3.5. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының
өндiрiсiне арналған Қазақстанның минералдық-шикiзат базасы
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны iске асырудың негізгі
бағыттары мен тетiктерi
5.1. Саланы дамытуды ынталандыратын негізгі шараларды айқындау
5.2. Саланы дамытуды мемлекеттік қолдаудың нысандары
мен әдiстерiн айқындау
5.3. Қазiргі жоғары технологиялық, бәсекеге қабiлеттi және
экспортқа бағдарланған құрылыс материалдарын, бұйымдары мен
құрастырмаларын алу бойынша жаңа өндiрiстердi құру
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
8. Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөніндегі iс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 2007.19.06. № 514 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың
2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы
әзiрлеу үшiн 28 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген
негiздеме Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының 4.4-тармағы
Негізгі Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
әзiрлеушi министрлігі
Мақсаты Қазақстан Республикасының құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн
инновациялық дамытуды қамтамасыз ету.
Мiндеттерi Саланы дамытуды ынталандыратын негізгi шараларды
айқындау;
саланы дамытуды мемлекеттік қолдаудың нысандары
мен әдiстерiн айқындау;
қазiргi жоғары технологиялық, бәсекеге қабiлеттi
және экспортқа бағдарланған құрылыс материалдарын,
бұйымдары мен құрастырмаларын алу бойынша жаңа
өндiрiстердi құру.
Қажетті Инвестициялық жобаларды iске асыруды қаржылық
ресурстар мен қамтамасыз ету кәсiпорындардың өз, шетелдiк және
оларды отандық инвесторлардың, мемлекеттік даму
қаржыландыру институттарының қаражаттары есебiнен жүзеге
көздерi асырылады.
Бағдарламаның ғылыми-техникалық бөлігін қаржылық
қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде
республикалық бюджетте Бағдарлама әкімшісі көздеген
қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
бөлігін қаржыландыру республикалық бюджеттің
есебінен жүзеге асырылады, шығындардың көлемі
100 млн. теңгені, оның ішінде
жылдар бойынша: 2006 жылы - 47 млн. теңгені,
2007 жылы - 53 млн. теңгені құрайды;
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру
кәсіпорындардың өз қаражаты, шетелдік және отандық
инвесторлардың қаражаты, кредиттер
есебінен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі бірінші кезеңде
(2005 - 2007 жылдары) 50,3 млрд. теңгені;
екінші кезеңде (2008 - 2010 жылдары) 206,1 млрд.
теңгені құрайды.
Күтілетiн нәтиже Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезеңде (2005-2007
жылдар) мыналарға:
құрылыс материалдары импортының көлемiн 380 млн.
АҚШ долларына төмендетуге және валюталық қаржының
кетуiн жыл сайын орта есеппен 120-170 млн. АҚШ
долларына төмендетуге;
ілгерiндi технологияларды енгізу есебiнен
материалды, энергияны және еңбекті қажетсiнетiн
өндiрiстердi азайтуға және өнiмнiң өзiндiк құнын
төмендетуге;
республикадағы салалардың өндiрiстiк әлеуетiн одан
әрi өсiруге арналған базаны құруға мүмкiндiк
бередi.
Екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):
құрылыс материалдары, бұйымдары мен
құрастырмалары өнеркәсiбi өнiмiнiң негiзгі
түрлерiмен құрылыстың тұтыну көлемiнен 80-90%-ға
дейiн қамтамасыз етуге қол жеткізуге;
тиiмдi және экологиялық таза құрылыс
материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының
ассортиментiн ұлғайтуға;
Үшiншi кезеңде (2011-2014 жылдар):
экспортқа бағдарланған өндiрiстi игеруге және
сыртқы рыноктарда бәсекеге қабiлетті құрылыс
материалдарын шығаруды 60%-ға дейiн ұлғайтуға;
жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін
өндірістерді пайдалануға беруге қол жеткізуге;
12000-ға дейін қосымша жұмыс орнын құруға
және халықты жұмыспен қамтуды жоғарлатуға.
салықтардың нақты түсiмiн ұлғайтуға мүмкiндiк
бередi.
Iске асыру 2005-2014 жылдар, 1-кезең 2005-2007 жылдар, 2-кезең
мерзiмi 2008-2010 жылдар, үшiншi кезең - 2011-2014 жылдар
2. Кiрiспе
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 4.4-тармағына сәйкес әзiрлендi.
Тұрғын үй құрылысы азаматтық, өнеркәсiптiк және арнайы құрылыстың дамуымен қатар, Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және жалпы ұлттық сипаттағы барынша маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негiзгi мақсаты халықтың қалың жiгiнiң тұрғын үйге қолжетiмдiлігі қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу болып табылады. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысының құнын төмендетуге, тиiмдi, экологиялық таза құрылыс материалдарын өндiрудi одан әрi дамытуға және жаңа технологиялар енгізуге, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға әрi жеке инвестицияларды тарту есебiнен тұрғын үй салуға бағытталған шаралар қабылдау көзделiп отыр.
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде тұрғын үйлердi пайдалануға берудi жыл сайын өсiру қарқыны кезiнде үш жыл iшiнде жалпы алаңы 12 млн. шаршы метрден астам, оның iшiнде 2005 жылы - 3 млн. шаршы метрден астам, 2006 жылы - 4 млн. шаршы метрден астам, 2007 жылы - 5 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынатын болады. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға мемлекеттік бюджеттен 150,0 млрд. теңге, оның iшiнде: 2005 жылы - 60,5 млрд. теңге, 2006 жылы - 63,7 млрд. теңге, 2007 жылы - 25,8 млрд. теңге бөлiнетiн болады. Бұдан басқа, 2005 жылы кредитке берiлетiн 42 млрд. теңгенi 2007 жылы қайта инвестициялау жүзеге асырылатын болады.
Өнеркәсiптiк және азаматтық үйлер мен ғимараттар құрылысының сапасына қойылатын қазiргi заманғы талаптар әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн жаңа және тиiмдi құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала айқындайды.
Дегенмен, құрылыс материалдарының отандық өнеркәсiбi құрылыс өндiрiсiнiң қажеттілігін толық көлемде қанағаттандырмай отыр.
Құрылыстың материалдық-техникалық базасының деңгейi қазiргі заманғы талаптарға жауап бермейдi. Көптеген кәсiпорындардың негізгі қорының тозуы 60-70%-ды құрайды. Өндiрiс энергияны жоғары деңгейде тұтына отырып, экологиялық талаптарды сақтамастан, ескiрген технологиялар бойынша жүргізiлуде. Өнiмдердiң жекелеген түрлерi бәсекеге қабiлетсiз болып отыр. Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану негiзiнде экономикалық өсу және ұлттық жалпы өнiмдегi шикiзатты құрайтын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өнiмге кезең-кезеңмен алмастыру Қазақстанның стратегиялық дамуының негiзгi бағыттарының бiрi болып табылатыны Бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттілігіне себепшi болды.
Осы факторлардың барлығы отандық құрылыс материалдары өнеркәсiбiн дамыту, iшкi және сыртқы рыноктарда да олардың бәсекеге қабiлетiн арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған, көрсетілген ұзақ мерзiмдi Бағдарламаны әзiрлеуге себепшi болды.
Бұрын құрылыс материалдарының өнеркәсiбi кәсiпорындарының жұмысын тұрақтандыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қарашадағы № 1366 қаулысымен бекітілген «Құрылыстың өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құрудың 1996-2000 жылдарға арналған» бағдарламасы әзiрленген болатын, қаржылық қиындықтарға байланысты Бағдарлама іс жүзiнде iске асырылмады.
Қазақстандағы құрылыс материалдарының экспортына шетелдiк фирмалардың қызығушылығы, отандық кәсiпорындардың өз қаржылық мүмкiндiктерiнiң шектелуі, капитал салымы көлемiнiң үлкен болуы және өтемдiлiктiң ұзақ мерзiмге созылуы құрылыс материалдары кәсiпорындарын дамытуға арналған инвестицияларды тартуға ынталандырмады.
3. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары
өнеркәсiбiнiң қазiргі жай-күйiн талдау
3.1. Жалпы деректер
Құрылыс материалдарының өнеркәсiбi кез келген ел экономикасының iрi құрамдасы болып табылады. Құрылыс үшiн негізгі материалдық база болып табылатын ол экономиканың басқа да салаларындағы және қоғамның тұтастай әлеуметтiк жай-күйiнiң өсiм қарқынына айтарлықтай әсерiн тигiзедi. Қазақстанда оның құрамына 600-ге тарта кәсiпорын кiредi, бұл ретте олардың 30-ы iрi, ал 100-i орташа болып табылады. Қазақстанның барлық құрылыс индустриясында 268 мың адам (жалпы жұмыспен қамтылғандардың 4%-ы) жұмыспен қамтылған, олардың iшiнде құрылыс материалдары өндiрiсiнiң саласында 63753 адам. Дамыған елдердiң көпшiлiгінде құрылыс индустриясының үлесi 5-тен 7% аралығында.
Құрылыс материалдарының өнеркәсiбi дегеніміз - 20-ға таяу дербес салаларды қамтитын, олардың көпшiлiгінiң өз құрамында бiрнеше өндiрiстерi болады, бұл ретте жиынтығында құрылыс материалдарының жалпы рыногын құра отырып, әрбiр сала дербес жұмыс iстейтiн өз рыногын құрады.
Құрылыстың жоғары қарқыны мен құрылыс материалдарының өндiрiсi үшiн ресурстардың болуы құрылыс материалдарының рыногын қалыптастырудың негізгі алғышарты болып табылады. Сондай-ақ саланың дамуына тұрғын үй құрылысы үшiн және басқа да оларды кезеңдiк қалпына келтiру, жөндеу, қайта жаңғырту үшiн тұрмыста үй шаруашылығы құрылыстарына қажетті құрылыс материалдарына тұрғындардың қажеттiлiгi, сондай-ақ халық шаруашылығы кешенiнiң кәсiпорындар, офистер, өндiрiстiк кешендер салу әрi мемлекеттік және қоғамдық қордың тұрғын ғимараттарын, әкiмшiлiк, мәдени-тұрмыстық ғимараттарды, өнеркәсiптiк және гидротехникалық құрылыстарды жөндеу үшiн құрылыс материалдарына қажеттiлiгi саланың дамуына айтарлықтай әсер етедi.
Қазақстанда бұл сала айрықша көп тармақтылықпен ерекшеленбейдi, отандық өндiрушiлер санитарлық-техникалық бұйымдарды, табақ шыны сияқты тауарларды, лакты сырлық бұйымдардың, жылу оқшаулағыш бұйымдардың көптеген түрлерi мен өзгелерiн шығармайды.
Цемент, жылу оқшаулағыш, қабырғалық, жабындық әрлеу материалдары мен басқа да бұйымдарды өндiру жөніндегі кәсiпорындарды қайта жарақтандыру төменгi қарқынмен жүзеге асырылуда. Меншiктi машина жасау дамымаған, iс жүзiнде жүк көтеру машиналарын, көтеру-тасымалдау тетiктерiн, құрылыс машиналары мен технологиялық жабдықтарды өндiру жөніндегі зауыттар жоқ.
Бүгінде құрылыс материалдарының отандық өнеркәсiбi Қазақстанның құрылыс кешенiнiң бiр бөлiгін ғана қанағаттандыруға қабiлеттi, соның әсерiнен рыноктың басым бөлiгiн iс жүзiнде құрылыс материалдарының барлық түрлерi бойынша зәрулiктi болдырмайтын импорттық өнiм иеленедi.
Тiптi, Қазақстанда соңғы жылдары қыш тақталар, пластмассалық құбырлар, металл жабынқыштар, пластиктен жасалған ұсталық бұйымдар, құрғақ қоспалар және басқа да өнiмдер шығару жөніндегі өндiрiс пайда болғанымен, iс жүзiнде Қазақстанның құрылыс материалдары саласының барлық өнiмдері сыртқы рынокта бәсекеге қабiлетсiз (асбесттi қоспағанда). Саланың көптеген кәсiпорындарының техникалық деңгейi озық шетелдiк технологиялардың талаптарынан бiршама артта қалып қойған. Мұның негiзгi себептерi - инвестициялардың жеткiлiксiздiгi, тозудың жоғарылығы (55%-ға дейiн), негiзгi қорларды жаңартудың баяулығы мен біліктi мамандардың жеткiлiксiздiгi.
3.2. Құрылыс материалдарының iшкi рыногын талдау
Тұтынушылардың «бiрлiгі» құрылыс материалдары рыногының айрықша ерекшелiктерiнiң бiрi болып табылады, рыноктардың кiшi салаларының көпшілігі үшiн - бұл құрылыс ұйымдары. Құрылыста 75-80%-дан астам құрылыс материалдары, 95%-дан астам қабырғалық материалдар, 90% құрылыс бетондарынан жасаған бұйымдар, 85% асбестцементті бұйымдар, 95% жиналмалы темір бетондар тұтынылады. Осыған орай құрылыс материалдарының негізгі түрлерінің рыногын дамытуға құрылыстың көлемi мен құрылыс индустриясының дамуы әсер етедi, ал құрылыс көлемдерін өзгертудің серпiнi оны қалыптастырады.
Қазақстандағы құрылыс саласы соңғы жылдары жылына 20%-дан астам қарқынды өсiмдi көрсетiп отыр. Бұл ретте құрылыстың барлық секторлары: өнеркәсіптік, тұрғын үй, жол құрылысы белсендi дамуда.
Күрделi құрылыстан басқа, құрылыс материалдары рыногының өнiмдерi мынадай халық шаруашылығының барлық салаларының қажеттiлігін қанағаттандыруға арналған: тау-кен өндiру өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы, өңдеушi өнеркәсiп, электр энергиясын, газ бен суды өндiру мен оны бөлу, көлiк пен байланыс. Үй шаруашылығының жеке тұрғын үй құрылысы да құрылыс материалдарының маңызды тұтынушыларының бiрi болып табылады.
Құрылыс материалдары саласы өнеркәсiбіндегі үрдiс ең алдымен республиканың экономикасындағы инвестициялық белсендiлiкпен, саланы реформалаудың қарқынымен және капитал салымдары құрылымындағы өзгерiстермен айқындалады. Ипотекалық кредит берудiң дамуы, сондай-ақ Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы да құрылыс материалдары саласындағы капитал ағынына ықпал ететiн болады.
Осы саланың келесi ерекшелiгiне бiрыңғай рынок пен рыноктық кеңiстiктiң, өңiрлердегi құрылыс материалдарының жергілiктi рыноктарының жеткіліксiз дамуы, сондай-ақ әзiрленетiн шикiзат көздерiне бекітілген кәсiпорындардың бiркелкi емес және тепе-тең емес аумақтық бөлiнуi жатады. 2003 жылы құрылыс объектiлерiне айтарлықтай капитал салымдары кезiнде құрылыс материалдары рыногының басым көлемi Қазақстанның Батыс өңiрлерiнiң, сондай-ақ цемент, құрылыс кiрпiшi, қыш және отқа төзiмдi бұйымдар, асбестцементтi пен минералданған бұйымдар, рудалық емес материалдар және тағы басқалар сияқты құрылыс материалдарының кейбір түрлерiнiң өндiрiсi жеткiлiктi түрде дамымаған немесе мүлде жоқ Ақмола мен Алматы облысының иелігінде қалып отыр.