"71-1-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы заңдарын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
71-2-бап. Дауларды шешу
1. Келісім-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келiссөздер жүргiзу арқылы не келісім-шартта бұрын келісілген дауларды шешу рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Егер келісім-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлмейтiн болса, онда тараптар дауларды шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес сотқа;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заң актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке бере алады.";
63) 73-баптың 3-тармағындағы "Барлауға және (немесе) Өндiруге Лицензия, әдетте," деген сөздер "жер қойнауын пайдалану құқығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
64) мынадай мазмұндағы 74-1-баппен толықтырылсын:
"74-1-бап. Лицензиялық органның функциялары
Жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын берiлген және қолданыстағы лицензияларға қатысты лицензиялық органның (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң) функциялары құзыреттi органға жүктеледi.";
65) 75-бап алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат):
1) актiнiң нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) кiрiспе алып тасталсын;
3) бүкiл мәтiн бойынша:
"Жарлықтың", "Жарлықты", "Жарлығына", "Жарлыққa", "Жарлығының", "Жарлығымен", "Жарлық", "Жарлықпен", "Жарлықта" деген сөздер тиiсiнше "Заңның", "Заңға", "Заңына", "Заңды", "Заңының", "Заң", "Заңмен", "Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен", "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының", "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Заңымен", "Қазақстан Республикасы Заңының", "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(уәкiлеттi мемлекеттік орган)" және "(уәкiлеттi құзыреттi орган)" деген сөздер алып тасталсын;
"жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен", "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган", "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органның", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органда", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган" деген сөздер тиiсiнше "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен", "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органда", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мұнай", "Теңiз", "Теңiздiң", "Iшкi", "Контракт", "Контрактпен", "Контрактiлер", "Контрактiге", "Контрактiмен", "Контрактiнiң", "Контрактiлерге", "Контрактiлерде", "Контрактiде", "Контрактiлердi", "Контрактiнi", "Контрактiлердiң" "Контрактi", "Жер қойнауларында", "Жер қойнауларын", "Мұнай", "Мұнайды", "Мұнайдың", "Мұнайға", "(Блоктардың), "Блоктар", "Блоктарының", "Блокты", "(Блоктар)", "Блоктардың", "Блок", "Мемлекеттік", "Кен орындарын", "Кен орнының", "Кен орнына", "Кен орнынан", "Кен орындарының", "Кен орындары", "Кен орындарында", "Кен орнында", "Кен орны", "Құзыреттi", "Мердiгер", "Мердiгерге", "Мердiгерлер", "Мердiгердiң", "Мердiгердi", "Mepдiгерден", "Мердiгермен", "Мердiгерлермен", "Mepдiгерде", "Мердiгерлердiң", "Барлау" "Барлаумен", "Барлауға", "Барлауына", "Барлауды", "Барлаудың" "Барлауда", "Өндiрудi", "Өндiру", "Өндiруге", "Өндiруiне", "Өндiрудiң", "Өндiрумен", "Ұлттық", "Құрылыс", "Құрылыста", "Мұнайгаз құбырларын", "Мұнайгаз құбырларының", "Мұнайгаз құбырлары", "Мұнайгаз құбыры", "Коммерциялық", "Табиғи", "Геологиялық", "Оң", "Шекара маңындағы", "Шекара маңында", "Сақтық", "Ластану", "Taу", "Құқық", "Құқықпен", "Жер қойнауын пайдаланушысының", "Жер қойнауын пайдаланушыға", "Жер қойнауын пайдаланушылардың", "Жер қойнауын пайдаланушылардан", "Жер қойнауын пайдаланушы", "Теңiздегi", "Теңiз", "Ең жақсы", "Ережеге", "Iлеспе", "Магистралды", "Ережелермен", "Ережелердiң" деген сөздер кiшi әрiппен жазылсын;
4) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жағалау жиегi - су объектici жағалауының судың барынша көтерiлуi (судың толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi;
2) блок - мұнай операцияларын жүргiзу үшiн мердiгерге беруге арналған және блоктардың арнайы дайындалған картасында блок ретiнде белгiленген жер қойнауының учаскесi;
3) iшкi су айдындары - көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да жер үстi су объектiлерi;
4) өндiру - мұнайды жер үстiне шығарумен байланысты кез келген операциялар және соның iшiнде:
жер асты және жер үстi өнеркәсiптiк жабдықтары мен құрылыстарын салу мен пайдалануды, оның iшiнде мұнайды өндiру орнынан мердiгердiң құбырынан магистральдық құбырға және (немесе) көлiктiң басқа түрiне аудару орнына дейiн тасымалдау үшiн;
мұнайды жер үстiне шығаруды, пайдалану ұңғымаларында жұмыс процесiн ұйымдастыруды және демеп отыруды;
мұнайды өңдеудi және механикалық қоспалар мен қабаттағы судан тазартуды;
мұнайдан iлеспе құрамдарды алуды, сондай-ақ табиғи газды және iлеспе газды кәдеге жаратуды;
жер асты қабаттарында бұрғылау шөгiндiсiн кәдеге жаратуды қамтиды;
5) теңiздi ластау - адамдардың денсаулығына, теңiздiң биологиялық ресурстарына және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не зиян келтiруге қабiлеттi, теңiзде немесе оның жағалауында жұмысты жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кедергiлер жасайтын немесе зиян не залал келтiретiн немесе келтiруге қабiлеттi материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстердiң теңiз аясына келiп түсуi, сондай-ақ сәулелер мен өрiстердiң алуан үлгiлерiнiң пайда болуы;
6) коммерциялық табу - келісім-шарт аумағында әзiрлеу үшiн рентабельдi бiр немесе бiрнеше кен орнын табу;
7) құзыреттi орган - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын және келісім-шарттар жасаумен және орындаумен байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететiн мемлекеттік орган;
8) келісім-шарт - мердiгер мен құзыреттi орган арасында мұнай операцияларын жүргiзуге арналған шарт;
9) келісім-шарттық аумақ - мердiгер келісім-шартта айқындалған мұнай операцияларын жүргiзуге құқылы, геологиялық және (немесе) тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ;
10) магистральдық құбыр - мұнайды мердiгердiң құбырынан көлiктiң басқа түрiне аудару, өңдеу немесе тұтыну орнына дейiн тасымалдауға арналған желiлiк бөлiктен және онымен iргелес жатқан жер үстi объектiлерiнен, коммуникациялардан, телебасқару мен байланыстан тұратын инженерлiк құрылыс. Құрастырмалы коллектор режимiнде жұмыс iстейтiн құбыр магистральдық құбырға жатпайды;
11) кен орны - кез келген тұрпатты геологиялық резервуардағы көмiрсутектерiнiң бiр немесе бiрнеше табиғи шоғырлары;
12) теңiз - Каспий және Арал теңiздерiнiң қазақстандық бөлiгi шегіндегі су айдыны мен қабаты, сондай-ақ Каспий және Арал теңiздерiнiң (көлдерiнiң) түбi;
13) теңiздiк ғылыми зерттеулер - теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу салдарларын зерделеумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары;
14) теңiздiк қорғау аймақтары немесе қауiпсiздiк аймақтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, адамдардың, теңiздiң биологиялық ресурстарының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, сондай-ақ кеме қатынасын, балық аулауды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың теңiздегi басқа да қызметтерiн қамтамасыз ету мақсатында теңiз құрылыстарының айналасында белгiленетiн аймақтар;
15) теңiздiк құрылыстар - жасанды аралдарды, бөгеттердi, қондырғыларды, жылжымайтын және жүзбелi жабдықтарды қоса алғанда, теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған жасанды құрылыстар;
16) теңiзде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең үздiк тәжiрибе - теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуде теңiздi ластаудың ең төменгi деңгейiн жасайтын не теңiздi ластауды толығымен болғызбайтын жалпы қабылданған халықаралық практика;
17) мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания) - өзiнiң жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын, осы Заңмен белгiленген жағдайларда мұнай операцияларын жүзеге асыру үшiн құрылған заңды тұлға;
18) мұнай-газ құбырлары - мұнай тасымалдауға арналған құбырлар, оның iшiнде магистральдық құбырлар, құрастырмалы коллектор режимiнде жұмыс iстейтiн құбырлар, сондай-ақ құбырлар жүйесi не оның жекелеген бөлiктерi арқылы тасымалданатын заттарды тазарту, айыру және сұйылту жөніндегі жабдықтар мен тетiктер, бақылау және оқшаулау жүйелерi, электрлi-химиялық қорғаныс жүйелерi мен осындай құбырларға қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтар;
19) мұнай - шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикi мұнай, табиғи газ тазартылғаннан кейiн және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейiн алынған көмiрсутектерi;
20) мұнай операциялары - құрлықта, өзендердiң, көлдердiң және басқа да iшкi су айдындарының шектерiнде жүргiзiлетiн барлау, өндiру, жер асты қоймалары мен мұнай резервуарларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ теңiздегi мұнай операциялары;
21) теңiздегi мұнай операциялары - теңiзде жүзеге асырылатын барлау, өндiру;
22) оператор - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыреттi органның жазбаша хабарламасы бойынша мердiгерлер құратын немесе белгiлейтiн, келісім-шартты орындауға байланысты қызметтi жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның iс-әрекетi үшiн мердiгер мемлекет алдында мүлiктiк жауапкершiлiкте болады;
23) мердiгер - құзыреттi органмен мұнай операцияларын жүргiзуге контракт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
24) кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi - мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде ұтымды, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi болып саналатын жалпы қабылданған әлемдiк практика;
25) мұнайдағы iлеспе компоненттер - мұнай мен қабатты су құрамындағы технологиялық бөлiп алуды талап ететiн пайдалы қазбалар мен әртүрлi қосындылар;
26) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңiз жағалауы жиегiнен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
27) жағалау маңындағы мемлекеттер - Каспий және Арал теңiздерi (көлдерi) алабында iргелес және қарама-қарсы жатқан мемлекеттер;
28) шекара маңындағы кен орны - Қазақстан Республикасының аумағында немесе бiр бөлiгi теңiз аумағының шегiнде не iргелес немесе қарама-қарсы жатқан мемлекеттiң заңдық құзырындағы теңiзде орналасқан кен орны;
29) табиғи газ - майлы газдан сұйық көмiрсутектерiн сығымдаудан немесе айырудан кейiн қалатын, майлы газды, құрғақ газды, iлеспе газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температурада және қысымда газ тектес фазада болатын көмiрсутектерi және сұйық немесе газ тектес көмiрсутектерiмен бiрге алынған көмiрсутектi емес газ;
30) кен орындарын сынамалы пайдалану - қабаттардың геологиялық-физикалық сипаттамасы, тереңдегi көмiрсутектердiң жағдайлары, ұңғымалардың өнiмдiлiгi туралы бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу жөніндегі жұмыстар, мұнай мен газ алудың жаңа немесе бұрыннан белгiлi технологияларын сынау;
31) барлау - мұнай iздеумен және барлаумен байланысты кез келген операциялар және олар:
геологиялық-геофизикалық зерттеулердi;
құрылымдық бұрғылауды;
iздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, сондай-ақ барлаудағы кен орнын сынамалы пайдалануды қамтиды;
32) стратегиялық серiктес - мердiгердi таңдау үшiн, ұлттық компания мен құзыреттi орган арасындағы тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша жасалған келісім-шарттар жөніндегі жобаларды iске асыру жөнiнде немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемдер негiзiнде ұлттық компания құзыреттi органмен келiсе отырып таңдаған немесе айқындаған қазақстандық немесе шетелдiк заңды тұлға (олардың бiрлестiктерi);
33) мұнай-газ құбырларын салу және (немесе) пайдалану құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңiзде және басқа да iшкi су айдындарында мұнай-газ құбырларын салу, төсеу және пайдалану мақсатында жүргiзiлетiн кез келген жұмыстар (операциялар);
34) мұнай мен газдың жер асты қоймалары мен резервуарларын салу және (немесе) пайдалану - жер асты мұнай және газ қоймалары мен резервуарларын салумен және (немесе) пайдаланумен байланысты кез келген жұмыстар;
35) шикi мұнай - табиғи газдан табиғи сұйылу жолымен пайда болған дистиллят және конденсат атауымен белгiлi сұйық көмiрсутектерiн қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезiнде үлес салмағына қарамастан жер қойнауынан сұйық күйiнде алынатын кез келген көмiрсутектерi;
36) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган - жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
37) табиғи және iлеспе газды кәдеге жарату - табиғи және iлеспе газды технологиялық қажеттiктер үшiн пайдалану және (немесе) оны тауарлы өнiмге дейiн дайындау мақсатында оны кен орнында кәсiпшiлiк жинауды қамтамасыз ету.";
5) 2-баптың 4-тармағындағы "Республикасы қатысушы болып табылатын" деген сөздер "Республикасы бекiткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң жариялылығы
Мұнай операцияларын жүргiзуге және келісім-шарттың талаптарына қатысты ақпаратты беру "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi.";
7) 5-бапта:
5) тармақшадағы "айналадағы" деген сөз "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-5) тармақшамен толықтырылсын:
"6-5) жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау тәртібін бекiтедi;";
9-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) конкурсқа, оның iшiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуымен, қойылуға жататын блоктардың тiзбесiн бекiтедi;
11) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу ережелерiн бекiтеді.";
8) 6-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) тiкелей келiссөздер негiзiнде мұнай операцияларын жүргiзу құқығын беру;";
2) тармақшадағы "тәуелсiз сараптама" деген сөздер "сараптама" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) келісім-шартқа қол қою және оны тiркеу;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес келісім-шарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне конкурсқа қойылатын, оның iшiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуымен қойылатын блоктардың тiзбесi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;";
7-1) тармақшада "инвестициялық бағдарламалардың конкурсын дайындау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады және" деген сөздер алып тасталып, "келiссөздер жүргiзедi;" деген сөздер "конкурсты әзiрлеу мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7-3) мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келісім-шарттар талаптарының сақталуына мониторингтi және бақылауды жүзеге асырады;";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кен орындарының қорына мемлекеттік сараптама жүргiзiп, өнеркәсiптiк санаттар қорларының бар екенi расталғаннан кейiн ғана өндiруге арналған конкурс өткізуге және келісім-шарттар жасауға мiндеттi.";
9) 7-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өңiрдiң экономикалық және экологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, өңiрдiң тиiстi аумағында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуына қатысуға құқылы;";
10) 7-1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен және келісім-шартта бекітілген өкiлеттiктер шегiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуын көздейтiн мердігерлермен жасалған келісім-шарттарда мемлекет мүддесiн бiлдiру;";
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша келісім-шарттарда үлестiк қатысу арқылы конкурс жеңiмпаздарымен бiрлесiп мұнай операцияларын жүргiзу;
2-2) оларға тiкелей келісім негiзiнде ұсынылған блоктарда мұнай операцияларын жүргiзу;
2-3) мұнай-газ саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөніндегі халықаралық және iшкi жобаларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысу;";
мынадай мазмұндағы 5) - 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау жөніндегі халықаралық және iшкi жобаларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысу;
6) келісім-шарттардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жыл сайынғы есептерiн әзiрлеуге қатысу;
7) көмiрсутегiн барлау, әзiрлеу, өндiру, өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ кәсiпшiлiгi инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелерi жөніндегі корпоративтiк басқаруды және мониторингтi жүзеге асыру болып табылады.";
мынадай мазмұндағы екiншi-бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Ұлттық компания мердiгер болып табылатын келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына қол қою бонусын төлеу, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, барлауды қаржыландыруды оның стратегиялық серiктесi жүргiзедi.
Құзыреттi орган жосықсыз мердiгермен барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келісім-шартты бұзған кезде ұлттық компания келісім-шарттық аумақты өз қарамағына алады. Құзыреттi орган келісім-шартты бұзған кезде көрсетiлген аумақтағы бұрынғы мердiгердiң мүлкi, ғимараттары, жабдықтары белгiленген тәртiппен республиканың меншiгiне өтедi.
Ұлттық компания және құзыреттi орган бұрын қолданылған келісім-шартқа белгiленген тәртiппен қажеттi өзгерістер енгiзедi.
Ұлттық компания келісім-шарттарда мiндеттi үлестiк қатысумен мемлекеттік мүдделердi бiлдiру мақсатында операторды құру кезеңiнде оператордың жарғылық капиталының кем дегенде елу процентiн иеленуге тиiс.";
11) мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:
"7-2 бап. Ұлттық компанияның үлестiк қатысу арқылы мұнай
операцияларын жүргiзуi
1. Ұлттық компанияның келісім-шарттарға үлестiк қатысу арқылы конкурс жеңiмпаздарымен бiрлесiп мұнай операцияларын жүргiзуi кезiнде ұлттық компания мұнай операцияларын жүргiзу құқықтарының бiрлескен иегерi ретiнде жүредi. Мұндай мердiгерлердiң өзара құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ құзыреттi органға қатысты құқықтары мен мiндеттерi контрактiде айқындалады.
2. Ұлттық компания "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын еншiлес ұйымға беруге құқылы.";
12) 8-2-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі мұнай операцияларын жүргiзуге, жер асты мұнай қоймалары мен резервуарларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған құқық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен берiледi.";
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы "Теңiзде" деген сөз алып тасталсын;
4-тармақтағы "Теңiзде" деген сөз алып тасталсын;
13) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн келісім-шарттардың мынадай түрлерi қолданылады:
1) өнiмдi бөлу туралы;
2) концессия туралы;
3) мердiгерлiк және өтемдi қызметтер көрсету (сервистiк келісім-шарт) туралы.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі нақты операциялардың талаптарына және басқа мән-жайларына байланысты келісім-шарттардың аралас және өзге де түрлерiне жол берiледi.
Келісім-шартты жасасу, орындау, өзгерту немесе тоқтату тәртібі осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.";
14) 26-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт алты жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.";
екiншi сөйлемдегi "тиiстi жұмыс бағдарламаларында" деген сөздер "жұмыс бағдарламасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер мердiгер келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей құзыреттi органға өтiнiш жасаса, барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарттың мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Кен орындарында қоры жүз миллион тоннадан асатын шикi мұнайды және (немесе) жүз миллиард текше метрден асатын табиғи газды алуға арналған өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт қырық бес жылға дейiнгi мерзiмге жасалуы мүмкiн. Егер мердiгер мерзiмдi ұзартуға келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он екi айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаса, мердiгер мен құзыреттi органның өзара келісімi бойынша өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарттың мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.";
3-тармақта:
"Бiрлесiп Барлау мен Өндiруге арналған Контракт" деген сөздер "Бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1-тармағымен" деген сөздер "1 және 2-тармақтарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Келісім-шарт талаптарының конкурстық ұсыныс талаптарымен салыстырғанда Қазақстан Республикасына қатысты тиiмдiлiгi аз болуы мүмкiн емес.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Келісім-шарттың талаптары тараптардың өзара келісімiмен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.";
7-тармақ алып тасталсын;
15) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Келісім-шартты жасасу, өзгерту мен тоқтату және
мұнай операцияларын тоқтата тұру
Келісім-шартты жасасу, өзгерту және тоқтату, сондай-ақ мұнай операцияларын тоқтата тұру "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
16) 28-1 және 29-баптар алып тасталсын;
17) 30-бапта:
1-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: