4) тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық мазмұн бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт мiндеттемелерiн орындау мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
5) Қазақстан Республикасында дамытылып жатқан басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тiзбесiн бекiтедi.
2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын үйлестiретiн уәкiлеттi орган:
1) құзыреттi органмен бiрлесе отырып, қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұнның есеп-қисап әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
2) қазақстандық кадрларды тарту бөлiгiнде қазақстандық мазмұн жөніндегі келісім-шарттар жобаларына сараптама жүргiзедi;
3) қазақстандық кадрларды тарту бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мазмұн жөніндегі келісім-шарт мiндеттемелерiн орындау мониторингiн жүзеге асыруға қатысады.";
12) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) қазақстандық мазмұн мен аумақтарды әлеуметтiк дамыту бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт мiндеттемелерiн орындау мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
3-2) жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бередi;
3-3) мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде конкурстық негiзде сатып алу үшiн немесе келісім-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн қазақстандық өндiрушiлер мен Қазақстанда шығарылатын тауарларды, орындалатын жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн салада тiркелген ұйымдар бойынша деректердiң тiзiлiмiн жасауды жүзеге асырады;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге келісім-шарттар жасасады, оларды тiркейдi және орындайды;";
13) 10-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы"
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) бiрлескен барлау және өндiру;";
4) тармақша "салу және" деген сөздерден кейiн "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақтағы "немесе тұрақты" деген сөздер "немесе уақытша" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 11-2-бапта:
1-тармақта:
сөйлемнiң басындағы "Сервитут" деген сөз "Жер қойнауы учаскесiне сервитут" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ұрындыратын" деген сөз "әкеп соғуы мүмкiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Сервитут алуға мүдделi тұлға (сервитут алуға үмiткер) сервитутты алу үшiн сервитут белгiленуi тиiс жер қойнауының учаскесiне жер қойнауын пайдаланушымен сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келісімге қол жеткізуге және сервитутты белгiлеу туралы шарт жасасуға мiндеттi.
2-2. Сервитут алуға үмiткер мен жер қойнауын пайдаланушы арасында сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келісімге немесе сервитутты белгiлеу шартының ережелерiне қол жеткiзiлмеген кезде, мүдделi тұлға сотқа жүгiнуге құқылы.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сервитутты беру құзыреттi органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Сервитут құзыреттi органда тiркелуге жатады.
3-2. Жер қойнауының учаскесiне сервитут белгiлеу кезiнде, егер сервитуттың талаптары туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитуттың құқық иегерi жер қойнауын пайдаланушының сервитутпен байланысты шығындарын өтеуге мiндеттi.
3-3. Сервитуттың талаптары туралы шартта сервитуттың құқық иегерiнiң жер қойнауын пайдаланушыға төлейтiн төлемі көзделуі мүмкiн.
3-4. Сервитут мерзiмiнiң өтуiмен не ол берiлген негiздер тоқтатылған кезде тоқтатылады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сервитут жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген және жер қойнауын пайдалану құқығы сервитутпен ауыртпалық салынған жер қойнауы учаскесiне қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.";
15) 13-бапта:
1-тармақтағы ", сондай-ақ Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға арналған" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Барлау, өндiру немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт конкурс өткізудiң нәтижелерi негiзiнде жасалады.
Конкурс өткiзбей тiкелей келiссөздер негiзiнде:
1) барлауға арналған келісім-шарттың негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге;
2) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру жөніндегі операцияларды жүргiзуге;
3) ұлттық компаниямен бiрлесiп барлау және (немесе) өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге келісім-шарттар жасалады.
1-2. Келісім-шарт аумағында немесе одан тыс жерлердегi барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды және ағынды суларды көмуге арналған жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның жазбаша рұқсаты негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
1-3. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты және барлауға және (немесе) өндiруге арналған келісім-шарттардың жұмыс бағдарламаларына құрамдас бөлiк болып кiретiн жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға беруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi.
1-4. Шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсатқа арналған жер асты суларын тәулiгiне 2000 текше метрден аз алу лимитiмен барлау және (немесе) өндiру құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен арнаулы уәкiлеттi орган берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.";
2-тармақта:
"Коммерциялық мақсатта" деген сөздер алып тасталсын;
"Өндiру" деген сөз "барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"негiзiнде" деген сөз "жолымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргiзуге шарт жасасу жолымен жүргiзiледi.";
4-1-тармақтағы "Жер қойнауын пайдаланушыға", "жер қойнауын пайдаланушылар", "жер қойнауын пайдаланушылардың" деген сөздер тиiсiнше "тұлғаға", "тұлғалар", "тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
"13-1-бап. Геологиялық және тау-кен бөлулерi
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығының иегерi жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиiстi операцияларды геологиялық немесе тау-кендiк бөлуге сәйкес белгiленген жер қойнауы учаскесiнiң шектерінде ғана жүргiзуге құқылы.
2. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының иегерi барлау жөніндегі операцияларды тау-кендiк бөлумен белгiленген жер қойнауы учаскесiнiң шектерiнде жүргiзуге құқылы. Қорлар өсiп, оларды мемлекеттік сараптама растаған жағдайда келісім-шартқа тараптардың жазбаша келісімiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер енгiзiлуге тиiс.
3. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган конкурс жеңiмпазын анықтағаны туралы құзыреттi орган хабарлаған күннен бастап жиырма күн iшiнде конкурс жеңiмпазына немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаға геологиялық бөлу берiледi.
4. Тау-кендiк бөлудi жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган конкурс жеңiмпазына немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаға, аталған тұлға тау-кендiк бөлу жобасын ұсынған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей бередi.";
17) 14-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын ақылы не тегiн негiзде басқа тұлғаға iшiнара немесе толықтай (еншiлес ұйымнан және әмбебап құқықтық мирасқорлық шарттармен беру жағдайларынан басқа) беруi, құрылатын заңды тұлғаның жарғылық қорына жарна ретiнде берудi, жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланушының банкроты кезiнде конкурстық өндiрiс процесiнде не жер қойнауын пайдаланушыларды - мемлекеттік кәсiпорындарды жекешелендiру процесiнде сатылатын мүлiктiк кешен құрамында берудi, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге берудi қоса алғанда, құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырылады. Құзыреттi органның рұқсаты немесе рұқсат беруден дәлелдi бас тартуы өтiнiш берген күннен бастап он бес күн iшiнде берiледi.";
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлге қойылып алынған кредит келісім-шартпен көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана пайдаланылуға тиiс.
1-2. Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
1-3. Жер қойнауын пайдалану құқығын сот қарауынан тыс мәжбүрлi түрде iске асыру кезiнде мемлекеттік органдардың кепiлге алынған мүлiктi сот қарауынан тыс өткізу рәсiмiн тоқтата тұруға және жер қойнауын пайдалану құқығына, соның iшiнде кепiлге алынған мүлiкке тыйым салу жолымен шара қолдануға құқығы жоқ.";
2-тармақтағы "(Контракт жасасылған жағдайларда)" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегi "Өндiруге" деген сөз "барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы ", сондай-ақ 15-баптың 2-тармағын бұза отырып" деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақ "жер учаскесiн" деген сөздерден кейiн ", тау-кендiк және (немесе) геологиялық бөлудi" деген сөздермен толықтырылсын;
9-1-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "қолданылып жүрген заңдар мен Контрактiнiң шарттарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-2-тармақта:
бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"9-2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісім-шартқа тиiстi өзгерістер немесе толықтырулар тiркелген кезден бастап жасалған болып есептеледi.";
екiншi сөйлемдегi "қайта ресiмдеуден және" деген сөздер алып тасталсын;
18) 15-бап алып тасталсын;
19) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге
жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру
ерекшелiктерi
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудi осы Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар жүргiзе алады.
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша операцияларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар республикалық бюджеттен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылуы мүмкiн. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.";
20) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу
1. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу өндiруден кейiнгi тiкелей операция болып табылады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайды.
2. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi лицензиялау осы Заңның ережелерiне бағынбайды және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.";
21) 4-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған
конкурс";
22) 41-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"41-1-бап. Барлауды, өндiрудi және бiрлескен барлау мен
өндiрудi жүргiзу құқығын беру тәртібі
1. Құзыреттi орган барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi бойынша, сондай-ақ конкурс талабы ұлттық компанияның үлестiк қатысуы болып табылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi бойынша конкурс өткiзедi.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсты осы Заңға сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен құзыреттi орган жүргiзедi.
3. Барлауды, өндiрудi және бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзу құқығын беру:
қазақстандық кадрларды, оның iшiнде олардың санаттарын және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу деңгейiн ескере отырып тарту жөніндегі;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде мердiгерлiк жұмыстарға тауарлары, жұмыстары және көрсететiн қызметтерi мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес болған жағдайда қазақстандық өндiрушiлердi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде тарту жөніндегі;
жоғары технологияларды, жаңа және өңдеушi өндiрiстердi, магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi әлеуеттi қатысушылар қабылдаған кезде жүзеге асырылады.
4. Өнiмдердi бөлу мәселелерi бойынша арнайы заңдарда жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң ерекше тәртібі белгiленуi мүмкiн.";
23) 41-2-бапта:
2-тармақта:
3) тармақшадағы "және оның сипаттамасы" деген сөздер алып тасталсын; екiншi бөлiкте:
"кен орнын ашқаны үшiн төлемнiң," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Құзыреттi орган тиiстi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен келісім-шарттық мiндеттемелерде қолданылатын қазақстандық мазмұн бойынша республика қажетiнiң ең төменгi проценттiк мөлшерiн айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 3-5-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Конкурсқа қатысушыларға өтiнiм беру үшiн берiлетiн мерзiм бiр айдан кем болмауға тиiс.
4. Конкурс шарттарының жарияланған күнi мен конкурс өткiзiлетiн (қорытындылар шығарыла бастайтын) күннiң арасындағы мерзiм үш айдан кем болмауға тиiс.
5. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысқысы келетiн тұлғалар құзыреттi органдағы конкурсқа ұсынылған жер қойнауы учаскелерiнiң сипаттамасымен танысуға құқылы.";
24) 41-4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Өтiнiм берушiнiң алған геологиялық ақпаратты жария етуге немесе үшiншi тұлғаларға беруге құқығы жоқ.";
25) 41-5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өтiнiм берушi конкурс талаптарымен белгiленген мерзiмде барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсынысты жасайды.";
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтiнiм берушiнiң, соңғы бес жылда өзi қызметiн жүзеге асырған мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, бұрынғы қызметi туралы ақпарат;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) өтiнiм берушiнiң қаржылық мүмкiндiктерi туралы деректер;";
2) - 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жұмыс бағдарламасы мен олардың жүзеге асырылуына арналған шығындарды қоса алғанда, барлау жүргiзу жөніндегі мiндеттемелер мен ниеттер, сондай-ақ барлау жүргiзудiң басталу мерзiмi мен қарқындылығы;
3) келісім-шарт аумағының жерлерiн қайта қопсыту мен қалпына келтiру туралы шарттарды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөніндегі мiндеттемелерi мен ниетi;
4) барлау жүргiзудi өз қаражаты мен (немесе) қарыз қаражаты есебiнен қаржыландыру мiндеттемелерi мен ниетi, сондай-ақ бюджетке бастапқы төлемдердiң мөлшерi;";
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымының дамуына қатысу жөніндегі мiндеттемелерi мен ниетi;
4-2) қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі мiндеттемелер және қазақстандық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар;
4-3) жұмыс iстейтiн қызметкерлердi олардың жалпы санының процентi есебiмен, сондай-ақ келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы құнының процентi есебiмен конкурстық негiзде сатып алынатын қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мiндеттi түрде тарту ниетi;
4-4) жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi дамыту мен магистральды және өзге де құбырларды пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі ұсыныстар;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) өтiнiм берушi ұсынған өзге де мiндеттемелерi мен ниетi болуға тиiс;";
6) тармақша алып тасталсын;
3-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныста, ақпараттан, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында жазылған, 2) тармақшасын қоспағанда, мiндеттемелер мен ниеттен басқа:";
4) тармақшадағы "көзделiп отырған ақша түсiмдерi" деген сөздер "бюджетке бастапқы, сондай-ақ кейiнгi төлемдердiң болжанған көлемi туралы ниетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Осы баптың 2-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу барысында өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен ниет барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына енгiзiледi, ал осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес ұсынылған мiндеттемелер мен ниет тиiсiнше өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына енгiзiледi.";
26) 41-6-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.";
27) 41-7-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөніндегі талаптардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуы;";
мынадай мазмұндағы 6) - 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң жалпы санының процентi есебiмен қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі қабылданған мiндеттемелерi және қазақстандық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстары;
7) келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы құнының процентi есебiмен сатып алынатын қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер жөнiнде қабылданған мiндеттемелерi;
8) жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi, магистралъды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі ұсыныстары.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Конкурстық ұсыныстар жасаған өтiнiм берушiлер арасынан конкурс жеңiмпазын құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн конкурстық комиссия айқындайды.
Конкурстың қорытындыларына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 3 - 9-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Конкурс жеңiмпазы конкурстық ұсыныстарды қарау негiзiнде айқындалады.
4. Қорытындыларды шығару мерзiмi конкурс шарттарымен белгiленедi, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс. Конкурстың қорытындыларын шығару мерзiмi конкурстық комиссияның шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
5. Бiр конкурстық ұсыныс түскен жағдайда құзыреттi орган осы объект бойынша конкурс өткізу туралы қайтадан хабарлайды. Жаңа өтiнiм берушiлер болмаған жағдайда, конкурстық комиссия жалғыз өтiнiм берушi болған кезде конкурсты өттi деп тануы мүмкiн.
6. Конкурстық комиссияның конкурс жеңiмпазын анықтау немесе конкурсты өткен жоқ деп тану жөніндегі шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
7. Конкурс нәтижелерi ресми баспа басылымында жариялануға тиiс.
8. Жер қойнауы учаскесiнде жұмыстарды жүзеге асыру үшiн конкурс жеңiмпазы құзыреттi органмен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге келісім-шарт жасасады. Жер қойнауын пайдалану құқығы тек келісім-шарт тiркелген кезден бастап қана берiлген және туындаған деп есептеледi.
9. Конкурс жеңiмпазы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарттың жобасын бiр жылдан артық мерзiмде бермеген жағдайда, конкурстық комиссия өтiнiм берушiнi жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жеңiмпазы деп тану туралы бұрын қабылданған шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.";
28) 41-8-бап алып тасталсын;
29) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргiзуге арналған келісім-шарттар";
30) 42-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн келісім-шарттардың мынадай түрлерi қолданылады:
1) өнiмдi бөлу туралы;
2) концессия туралы;
3) мердiгерлiк және өтемдi қызметтер көрсету (сервистiк келісім-шарт) туралы.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі нақты операциялар талаптарына және басқа да мән-жайларға байланысты келісім-шарттардың аралас және өзге де түрлерiне жол берiледi.
Келісім-шартты жасасу, орындау, өзгерту немесе тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.";
2-тармақ алып тасталсын;
2-1, 2-2 және 2-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Келісім-шарт талаптары тараптардың өзара келісімiмен белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуге тиiс.
2-2. Келісім-шарт талаптарының Қазақстан Республикасына қатысты тиiмдiлiгi конкурстық ұсыныс талаптарымен салыстырғанда аз болуы мүмкiн емес. Бұл ретте салық салу ережелерi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес белгiленедi. Келісім-шарт талаптарында жер қойнауын пайдаланушының қабылдаған мiндеттерiн орындамағаны үшiн, оның iшiнде қазақстандық мазмұн бойынша да, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар мен өсiмпұлдар) көлемi көрсетiлуге тиiс.
2-3. Жұмыс бағдарламасы келісім-шартқа мiндеттi қосымша болып табылады және ол жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілуге тиiс.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі жұмыстарды (операцияларды) жүргiзуге арналған келісім-шартты жасасу кезiнде тараптар барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге байланысты шарттарды келiсуi мүмкiн. Өндiру жөніндегі жұмыстарды (операцияларды) жүргiзуге байланысты талаптар не бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі жұмыстарды (операцияларды) жүргiзуге арналған келісім-шартты жасасу кезiнде не коммерциялық табу жасалғаннан кейiн келісілуi мүмкiн.";
31) 43-бапта:
1-тармақта:
"алты жыл мерзiмге" деген сөздер "алты жылға дейiнгi мерзiмге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және тиiстi жұмыс бағдарламасында" деген сөздер ", жұмыс бағдарламасында және жылдық жұмыс бағдарламаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"12 айдан" деген сөздер "үш айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өндiруге арналған келісім-шарт - жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге, ал пайдалы қазбаларының қорлары мол және бiрегей кен орындары бойынша қырық бес жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Өндiруге арналған келісім-шарттың мерзiмi, егер жер қойнауын пайдаланушы мерзiмдi ұзарту үшiн келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он екi айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаса, ұзартылуы мүмкiн.";