Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысы
(2013.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1185 қаулысына қосымша
Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар
1. Алматы - Достық.
2. Алматы - Озинки.
3. Астана - Қайрақ.
4. Қарағанды - Петропавл.
5. Алматы - Локоть.
6. Ақтөбе - Озинки.
7. Астана - Озинки.
8. Алматы - Ақсарай.
9. Атырау - Ақсарай.
10. Астана - Тобыл - Илецк - Озинки.
11. ҚР Үкіметінің 2009.08.05. № 672 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. Алматы - Астана.
13. Ақтөбе - Алматы.
14. Алматы - Шымкент.
15. ҚР Үкіметінің 2009.08.05. № 672 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16. Алматы - Петропавл.
17. Алматы - Қостанай.
18. Қарағанды - Алматы.
19. Алматы - Павлодар.
ҚР Үкіметінің 2007.13.02. № 104 (бұр.ред.қара); 2008.05.05. № 414 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 20-тармақ жаңа редакцияда
20. Көкшетау - Қызылорда.
21. Астана - Сарыағаш.
22. Алматы - Атырау.
23. Алматы - Жезқазған.
24. Алматы - Маңғышлақ.
25. Алматы - Орал.
26. Ақтөбе - Маңғышлақ.
27. Атырау - Маңғышлақ.
28. Қостанай - Қарағанды.
29. Павлодар - Пресногорьковская.
30. Ақтөбе - Астана.
31. Алматы - Защита.
32. Астана - Лениногорск.
33. Арқалық - Астана.
34. Орал - Ақтөбе.
35. Қызылорда - Сексеуiл - Түркiстан.
ҚР Үкіметінің 2007.13.02. № 104 (бұр.ред.қара); 2008.05.05. № 414 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 36-тармақ жаңа редакцияда
36. Қарағанды - Семей.
ҚР Үкіметінің 2007.13.02. № 104 (бұр.ред.қара); 2008.05.05. № 414 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 37-тармақ жаңа редакцияда
37. Астана - Қызыл Ту - Петропавл.
38. Астана - Айсары.
39. Астана - Павлодар.
40. Ақтөбе - Атырау.
ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 414 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41. Қызылорда - Семей.
42. ҚР Үкіметінің 2009.08.05. № 672 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43. Шалқар - Сексеуiл.
44. Сағыз - Шұбарқұдық
ҚР Үкіметінің 2007.13.02. № 104 Қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45. Екiбастұз - Дегелең.
46. Павлодар - Дегелең.
47. Қарағанды - Астана.
48. ҚР Үкіметінің 2009.08.05. № 672 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49. Астана - Көкшетау.
50. Астана - Бурабай шипажайы.
51. Көкшетау - Астана - Ерейментау.
52. Астана - Бурабай шипажайы - Ақкөл.
53. Астана - Атбасар.
54. Астана - Анар.
ҚР Үкіметінің 2007.13.02. № 104 Қаулысымен 55-тармақпен толықтырылды
55. Алматы - Сарыағаш;
ҚР Үкіметінің 2007.13.02. № 104 Қаулысымен 56-тармақпен толықтырылды
56. Астана - Тобыл;
ҚР Үкіметінің 2007.13.02. № 104 Қаулысымен 57-тармақпен толықтырылды
57. Астана - Жезқазған.
ҚР Үкіметінің 2007.19.06. № 511 Қаулысымен 58-тармақпен толықтырылды
58. Қостанай - Есіл - Арқалық.
ҚР Үкіметінің 2009.08.05. № 672 Қаулысымен 59-тармақпен толықтырылды
59. Қызылорда - Астана.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 758 Қаулысымен 60-тармақпен толықтырылды
60. Атырау - Астана.
ҚР Үкіметінің 2012.12.11. № 1437 Қаулысымен 61-тармақпен толықтырылды
61. Астана - Достық.
ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1592 Қаулысымен 62-тармақпен толықтырылды
62. Павлодар - Қарағанды.
ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1592 Қаулысымен 63-тармақпен толықтырылды
63. Орал - Астана.
ҚР Үкіметінің 2013.11.11. № 1202 Қаулысымен 64-тармақпен толықтырылды
64. Алматы - Алтынкөл.
Ескертпе: Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына ықпал ететiн және мынадай өлшемдерге сәйкес келетiн қатынас әлеуметтiк мәнi бар қатынас болып танылады:
1) мемлекеттік мәнi - мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда және өзге де өзара қарым-қатынастары бар мемлекеттердiң әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерінің астаналарымен және басты қалаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерiнің барлық орталықтарын өзара және Қазақстан Республикасының астанасымен қосу;
2) баламасыздығы - ұзақтығы үлкен әрi тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсiздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды бiр жолғы жаппай тасымалдау;
3) әлеуметтік мәнi - халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қол жетiмдi деңгейiнiң сақталуы;
4) қол жетiмдiлігі - азаматтардың қол жетімдi балама көлiк түрлерi жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркiн орын ауыстыру, оның шегiнен тыс шығу және кедергісiз қайтып келу мүмкiндігiн қамтамасыз ету.