106) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ корпоративтік басқаруды бағалау;
107) мемлекеттік мүлікті басқаруды талдау және бағалау;
108) мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын келісу;
109) мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыруды бағалау;
110) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын және даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау тәртібін әзірлеу;
111) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау тәртібін әзірлеу;
112) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
113) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
114) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
115) мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдау;
116) мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
117) мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу;
118) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
119) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру;
120) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
121) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;
122) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын және (немесе) регламенттерін әзірлеу жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу;
122-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
122-2) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің қалыптастырылу тәртібін, ұсынылу мерзімдерін және үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;
122-3) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
123) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету;
124) қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау;
125) орталық мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін жалпы бағалау;
126) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындаудың және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;
127) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі бойынша ұсыныстар қалыптастыруға қатысу;
128) жұмылдыру даярлығы саласында мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру;
129) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыру;
130) мемлекеттік органдардың ұсынымдары бойынша жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, жұмысының бейіні өзгерген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
131) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін келісу;
132) Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүзеге асыру және ол туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндау;
133) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді брондау бойынша жұмысын үйлестіру;
134) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Сауда саясатының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін қамтамасыз ету және Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық экономикалық ұйымдарға және басқа да консультативтік-кеңесші органдарға қатысуы;
135) Министрліктің құзыреті шегінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
136) Министрліктің құзыреті шегінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
137) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
138) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және олар бойынша қорытындылар беру;
139) заң жобаларының ғылыми-экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
140) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары ұсынатын тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингілеу, сондай-ақ ішкі айналым, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарына уәкілетті органның (ұйымның) мәртебесін айқындау үшін тауардың шығарылуы туралы сертификат беруді мониторингілеу;
141) сауда қызметін дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
142) халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлеу;
143) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу және оларға жыл сайынғы шекті мәндер негізінде бағаларды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
144) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің шекті мәндерін белгілеу тәртібін әзірлеу;
145) ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 556 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
146) тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу;
147) ҚР Үкіметінің 2013.03.10. № 1051 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
148) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
149) тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін қалыптастыру және бекіту жөнінде, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
149-1) тауар биржасында халықаралық биржалық сауда-саттықты дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
150) халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар әзірлеу;
151) Министрліктің құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
152) ҚР Үкіметінің 2013.03.10. № 1051 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
153) «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ведомствоның функциялары:
1) республикалық және халықаралық көрмелерді, жәрмеңкелерді өткізуге бастамашылық жасау, оларға қатысу және ұйымдастыру;
2) сауда қызметі саласында орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
2-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін мониторингілеу;
2-2) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдау және зерделеу;
3) Қазақстан Республикасының аумағында сандық шектеулерді қолданбай талқылау объектісі болып табылатын тауарлар импортын лицензиялау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау;
5) құзыреті шегінде жекелеген тауарлар түрлерінің импортына рұқсаттар беру;
6) лицензиялық бақылау;
7) лицензиялардың тізілімін жүргізу;
8) тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
9) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржалық сауда мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялау;
10) тауар биржаларының қызметін талдау және оған мониторинг жүргізу;
11) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
12) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау;
12-1) өз өкілін тауар биржасының жұмысына, оның ішінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға ресми түрде жіберу;
13) ҚР Үкіметінің 2013.03.10. № 1051 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасының шетелдегі сауда өкілдіктерінің қызметін үйлестіру мен қаржылық және кадрлық қамтамасыз етуді бақылау.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
21. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;
4) қызметінде өзінің бақылауындағы ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) тармақша 2013 ж. 26 наурызға дейін қолданылды
5) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өз құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
7) ведомстволардың актілерінің әрекетін толық немесе бір бөлігін тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. Министрлікте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрлік мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Министрлікте бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1475 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.02.04. № 303 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы.
2. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы.
3. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы.
4. ҚР Үкіметінің 2014.02.04. № 303 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
1. «Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)