Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы № 896 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне:
көрсетiлген ережеге 7-1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі арнайы уәкiлеттi органдардың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 466 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 19, 241-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 тамыздағы № 896 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
7-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесiнiң
мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерiн қаруландыру үшiн
белгiленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгiлерi,
модельдерi, саны
Р/с N | Лауазымы | Тапанша немесе револьвер | Карабин |
1 Мемлекеттік инспектор - Балық шаруашылығы комитетi орталық аппаратының қызметкерi 1 |
2 Балық ресурстарын қорғау мемлекеттік инспекторы - Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органының қызметкерi 1 |
3 Мемлекеттік инспектор - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi орталық аппаратының қызметкерi 1 |
4 Мемлекеттік инспектор - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органының қызметкерi 1 немесе 1 |
5 Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жәніндегі мемлекеттік инспекторы 1 немесе 1 |
6 Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғалары - мемлекеттік орман күзетiнiң қызметкерi, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын инспектор, қорықшы, аңшылық маманы. 1 немесе 1 |
Оқ-дәрiлердiң нормалары мынадай есеппен белгiленедi:
P/c N | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
Ауысымға жарақталған мемлекеттік инспектор, лауазымды тұлға | Қару бiрлiгiне азаймайтын қор | жылдық шығын: |
бiр адамға практикалық атыстар үшiн | қару бiрлiгiне атылыс тексеруi үшін |
1 Тапанша 16 24 8 4 (2 оқжатарда) |
2 Револьвер 14 28 8 4 (қорапта) |
3 Карабин 15 30 10 5 (оқтiзерде) |
4 Жекелей атуға 30 60 10 8 қайта жасалған (оқжатарда) автомат |
Ескерту:
Қарудың жалпы саны бекітілген штат кестесi бойынша қызметкерлердiң жалпы санынан аспауға тиiс, бұл ретте 10 бiрлiкке бiр резервтiк қару ұстауға рұқсат етiледi.
Жедел iс-шаралар жүргiзу кезiнде Ауыл шаруашылығы министрлiгі жүйесiнiң мына мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерi кемiнде 3 адамнан тұратын топқа 1 бiрлiк есебiмен жекелей атуға қайта жасалған автоматпен қаруланады:
балық ресурстарын қорғау мемлекеттік инспекторлары - Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының қызметкерлерi;
мемлекеттік инспекторлар - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының қызметкерлерi;
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғалары - жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын инспектор, қорықшы, аңшылық маманы.