Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы
№ 197п қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 56-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 2-жолдағы "шамамен 3,0 млн. га. алаңда" деген сөздер "шамамен 3,5 млн. гектар алаңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға 89-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 2-жолда:
"Ақтөбе - 1 ауылдық несие серiктестiктерi;" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Атырау - 1 ауылдық несие серiктестiктерi;";
"Қызылорда - 2 ауылдық несие серiктестiктерi;" деген сөздер "Қызылорда - 1 ауылдық несие серiктестiктерi;" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |