40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық алқаптар конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері бассейндік қағидат ескеріле отырып, конкурс қорытындысы бойынша уəкілетті орган ведомствосының жəне (немесе) аумақтық бөлімшенің шешімімен бекітіп беріледі.
Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсты конкурс өткізу қағидаларына сəйкес құрылған, құрамына уəкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың жəне аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының өкілдері енгізілетін комиссия мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, конкурс өткізу қағидаларында айқындалған тəртіппен электрондық нысанда өткізеді.
Балық шаруашылығы су айдындарын жəне (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, конкурс өткізу қағидаларында айқындалған тəртіппен электрондық нысанда өткізіледі.
Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын жəне (немесе) учаскелерін паспорттау негiзiнде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, аңшылық жəне балық шаруашылықтарын жүргізу үшін перспективасы бар деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері қойылады. Пайдаланушының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын жəне (немесе) учаскелерін бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде берген міндеттемелері аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың міндетті талаптары болып табылады.
Жеке жəне мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толық орналасқан жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптар белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сəйкес келген жағдайда олардың өтiнiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiмен конкурс өткiзiлместен оларға бекiтiп берiледi.
Жеке жəне мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері белгіленген біліктілік талаптарына сəйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесінің шешімімен конкурс өткізілместен оларға бекітіп беріледі.
Бекітіп беру мерзімі өтіп бара жатқан аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері біліктілік талаптарына сəйкес келген жəне шарт міндеттемелерін орындаған жағдайда, бұрын шартты ұзарту арқылы бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен беріледі.
Жергілікті маңызы бар, балықтың қырылу қаупі бар су айдындары жəне (немесе) учаскелері өздері бекітіліп берілген тұлғалар қабылдаған шаралардың нəтижесінде қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, бекітіп берілу мерзімі өткен соң бiлiктiлiк талаптарына сəйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімді молайту мақсаттары үшін өсімді молайту кешенінің мемлекеттіккəсіпорындарына балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге бекітіп берілуі мүмкін.
2. Бекітіп беру:
1) аңшылық алқаптар үшін аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) балық өсіру үшін балық шаруашылығын жүргізуді қоспағанда, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бір жылдан бес жылға дейінгі;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4) балық шаруашылығы су айдындары жəне (немесе) учаскелері үшін балық өсіруге арналған балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімді құрайды.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жатқызылған су объектісінде немесе оның бір бөлігінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын бүкіл су объектісін пайдалану құқығынсыз беру болып табылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi алдыңғы шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiн паспорттаудың материалдары негiзiнде берiледi.
4. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге міндетті.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшінші тұлғалардың пайдалануына берілмейді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану
Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалану жалпы пайдалану тәртiбімен жүзеге асырылады.
42-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшін пайдалану
Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 42-1-баппен толықтырылды
42-1-бап. Жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану
Сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 43-бап жаңа редакцияда
43-бап. Мамандандырылған ұйымдар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай мамандандырылған ұйымдарды:
1) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды;
2) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді құрады.
2. Жергілікті атқарушы органдар жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді - мамандандырылған ұйымдарды құрады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 43-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 43-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 43-1-бап өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсiмiн молайту
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсімін молайтуды жеке және заңды тұлғалар биологиялық негіздеме және уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырады.
Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайтуды жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде жүзеге асырады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 43-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
43-2-бап. Балық шаруашылығын субсидиялау
1. Балық шаруашылығын субсидиялау балық шаруашылығын дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде:
1) балық шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиімділігі болған;
2) өндірілетін балық өнімдерінің сапасы мен бəсекеге қабілеттілігін арттырған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Балық шаруашылығын субсидиялау уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аквашаруашылық (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту;
2) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3), 4) тармақшалар және 3-тармақ 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-тарау. Жануарлар түрлерінің санын реттеу
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң мақсаттары
Жануарлар түрлерінің санын реттеу:
1) халықтың денсаулығын сақтау;
2) ауыл шаруашылығы мен үй жануарлары ауруларын болдырмау;
3) экономикаға зиян келтiрудi болдырмау;
4) биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді
45-бап. Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi
Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi:
1) халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтырушылары жануарлар дүниесiнiң объектiлерi болып табылатын ауруларды жұқтыру немесе онымен ауыру қатерiнiң туындауы;
2) экономикаға елеулi зиян келтiру қатерiнiң туындауы;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жануарлардың жекелеген түрлерi санының азаюына және басқа жағымсыз салдарларға әкеп соққан жануарлар дүниесi мекендейтiн ортада қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болып табылады.
Жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізіледі.
46-бап. 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты
пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру
47-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану iс-шараларын бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкiн.
48-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру
Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру (жеңiлдiктер, преференциялар беру және мемлекеттік қолдау) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап жаңа редакцияда
49-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру мен бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган, ведомоство және оның аумақтық бөлімшелері өздерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.
5. Тексерілетін субъектілер бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау және қадағалау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді және жіберіледі.
9. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
10. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган, ведомоство немесе оның аумақтық бөлімшесі сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
12. Бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға, ведомоствоға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
49-1-бап. Жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бақылау жəне қадағалау субъектілерін хабардар етпей тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау мақсатында бақылау жəне қадағалау субъектілерінің қызметін зерттеп-қарау арқылы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан жүргізіледі.
Тексеруді:
балық шаруашылығы су айдындарында жəне (немесе) учаскелерінде - балық ресурстарын жəне басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы уəкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері;
аңшылық алқаптарда - орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уəкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
3. Уəкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің балық шаруашылығы су айдындарында жəне (немесе) учаскелерінде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:
1) балықшы куəлігінің бар-жоғын;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың бар-жоғын, сондай-ақ ауланған балықтың саны мен түрінің құрамының жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатқа сəйкестігін;
3) балық ресурстарын жəне басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кəсіпшілік журналының) бар-жоғын жəне оған енгізілген деректердің балықтардың көлемі мен түрінің құрамы бойынша сəйкестігін;
4) аулау құралдары мен балық аулау тəсілдерін қолдануға рұқсат етілген кəсіпшілік жəне кəсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тəсілдерінің тізбесіне, балық аулау қағидаларына жəне жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатқа сəйкестігі тұрғысынан;
5) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын;
6) балықтардың кəсіпшілік өлшемінің жəне балық түрлері бойынша кездейсоқ аулаудың сақталуын;
7) жолдаманың бар-жоғын тексереді.
4. Уəкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің аңшылық алқаптарда тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:
1) аңшы куəлігінің бар-жоғын;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың жəне жолдаманың бар-жоғын;
3) азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың бар-жоғын;
4) аушы жыртқыш құс немесе аңшы иттер паспортының бар-жоғын;
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттың бар-жоғын;
6) жануарларды аулауды есепке алу журналының (кəсіпшілік журналының) бар-жоғын;
7) саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған рұқсаттардың бар-жоғын;
8) жануарларды аулау құралдарын, əдістері мен тəсілдерін, олардың жыныстық-жас құрамын аң аулау қағидаларына сəйкестігі тұрғысынан;
9) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын тексереді.
5. Тексеру жүргізуге келген лауазымды адам бақылау жəне қадағалау субъектісіне қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын көрсетеді.
6. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне қатысты тексеру жүргізу мерзімі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.
7. Тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша əкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар бұзушылық фактілері анықталған кезде бақылау жəне қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік жауаптылыққа тартылады.
8. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адамдардың:
1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) аудио, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
9. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адам:
1) егер құжаттар мен мəліметтер тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексерудің нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;
2) тексеру жүргізу нəтижесінде алынған ақпаратты жария етуге жəне (немесе) таратуға;
3) тексерудің нысанасына жатпайтын талаптар қоюға жəне өтініштер жасауға құқылы емес.
10. Лауазымды адамдар тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау жəне қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы бапта белгіленген тəртіп негізінде жəне оған қатаң сəйкестікте жүргізуге;
3) осы Заңға сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау жəне жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы жəне толық көлемде орындауға;
5) бақылау жəне қадағалау субъектісінің не оның уəкілетті өкілінің тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі жасамауға, тексерудің нысанасына қатысты мəселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) бақылау жəне қадағалау субъектісіне тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге;
7) тексеру жүргізу нəтижесінде алынған құжаттар мен мəліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.