2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) жеке тұлғаларға олардың ауызша, жазбаша немесе электрондық өтініштері бойынша қағаз немесе электрондық түрде әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
21) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) зоологиялық коллекцияны жасау туралы уәкілетті органның ведомствосына хабарлауға;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін сақтауға;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынына жəне (немесе) учаскесіне ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сəйкес балық жіберуді жүргізуге міндетті.
25) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Өтініш берушілер уәкілетті органның ведомствосына хабарламалар беруді «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қызметтің немесе әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.
3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.
4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) дүлей зілзалалардың еңсерілмейтін салдарынан ластану жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген экологиялық талаптарды сақтау арқылы жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.
28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады.
2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi - жануарлар дүниесi объектілерін олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемi.
Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi олардың санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады және оны уәкілетті орган бекiтедi.
Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтiн жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиті ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап келесі жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңге белгіленеді.
Аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бір бөлігі жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы болып табылады.
Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде немесе көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығында ихтиофаунаны алмастыру үшін жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.
30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi
Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:
1) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
3) жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметi тоқтатылған;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) аңшылық шаруашылығын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) балық шаруашылығын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде өрескел бұзылған жағдайларда тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын өрескел бұзуға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде балық ресурстарына залал келтірген бұзушылықтар жатады;
5) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға арналған рұқсаттардан айырылған жағдайларда тоқтатылады.
7) 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерде жануарлар дүниесiнiң, мекендеу ортасының сақталуын және оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi көрсеткiштердiң жол берiлетiн шектi сандық және сапалық мәнi айқындалады.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi және шаруашылық пен өзге де қызметті жоспарлау және жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.
5-тарау. Aң аулау
32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.
2. Аң аулау:
1) кәсiпшiлiк аң аулау;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.
3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.
Ұлттық аң аулау - әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануар түрлерін аушы жыртқыш құстар мен қазақы тұқымды иттерді пайдалана отырып, қару-жарақсыз аулау.
5. Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.
33-бап. Аң аулау құқығы
1. Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, жиырма бір жасқа толған;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) аңшы куәлігі болған;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат немесе жолдама алған жағдайда берiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды
33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері
1. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау үшін құрылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен аккредиттелуге жатады. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеуді уәкілетті орган олардың берген өтініштері негізінде және олардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы:
1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлуді;
6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін және тіркеуін жүргізуді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) электрондық нысанда аңшы куәліктерін беруді, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;
8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізуді;
10) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;
11) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуды;
12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;
14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.
4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін:
1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді;
6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуы;
7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;
8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;
9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1-тарау. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту
33-2-бап. Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы
1. Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы (бұдан әрі - Ұлттық орталық) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындаған мамандандырылған ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Ұлттық орталықтың міндеттері мыналар болып табылады:
1) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2) қазақы ит тұқымдарымен жұмыс істеу бойынша, оның ішінде кинологиялық қызмет бойынша сарапшыларды оқыту және мамандарды даярлау;
3) шығу тегі туралы куәлік бере отырып, тұқымы таза қазақы тұқымды иттерді асырау және өсіру;
4) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес Бірыңғай тұқым-тегі кітабын жүргізу;
5) кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп, қазақы ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу;
6) қазақы тұқымды иттердің сынақтарын, көрмелерін, байқауларын, әртүрлі дәрежедегі жарыстарын ұйымдастыру және өткізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру.
33-3-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер, қазақы ит тұқымдарын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы селекциялық жетістіктерге сынақтар мен байқаулар жүргізу;
2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
3) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазақы тұқымды иттерді есепке алуды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
33-4-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті қаржыландыру
1. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті, оның ішінде Ұлттық орталықты қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылады.
2. Мыналарға:
1) қазақы ит тұқымдарын сақтауға және өсімін молайтуға;
2) қазақы ит тұқымдарының таза тұқымдылығын қорғауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру мемлекеттік қолдаудың негізгі нысаны болып табылады.
33-5-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулер
Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулерді Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары жүзеге асырады.
Ғылыми ұйымдар уәкілетті органмен, Ұлттық орталықпен, сондай-ақ кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады.
6-тарау. Балық аулау
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Балық аулау түрлері
1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
4) бақылау үшін аулау;
5) мелиорациялық аулау;
6) өсімін молайту мақсатында аулау;
7) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын олардың табиғи мекендеу ортасынан алуды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жағалауда аулау - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Теңізде аулау - бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.
5. Бақылау үшін аулау - ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.