3. Білім беру ұйымын тiкелей басқаруды меңгерушi, директор, ректор немесе өзге де басшы жүзеге асырады.
4. Білім беру ұйымының басшысын құрылтайшы тағайындайды.
5. Білім беру ұйымы басшысының мәртебесi, білім беру ұйымының алқалы органдарының құрамы, өкiлеттiгi, сайлау тәртібі және қызметi, олардың арасындағы өкiлеттiктiң ара-жiгiн ажырату тиiстi үлгiдегi Білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен айқындалады және олардың жарғыларымен бекітіледi.
Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерiнiң қызметтерiн білім беру ұйымдары iшіндегі немесе одан тыс жерлердегi басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа) қызметтермен қоса атқаруға рұқсат етiлмейдi.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдары, олардың филиалдары (бөлiмдерi) басшыларының қызметтiк мiндеттерiн қоса атқаруға болмайды.";
24) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"35-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
1. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау мемлекеттiң азаматтардың білім алуға құқығының сақталуын қамтамасыз етуге және негiзгi және қосымша білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын білім беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарын және олардың алған лицензияларындағы талаптарды сақтауына бағытталған және білім берудi мемлекеттік басқару органдары оны өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектiлерi:
1) негiзгi және қосымша білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметi;
2) білім алушылардың тиiстi білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейi болып табылады.
3. Мемлекеттік бақылаудың негiзгi түрлерi:
1) аралық мемлекеттік бақылау;
2) білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау;
3) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
4) білім беру ұйымдарын аккредиттеу;
5) лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау;
6) білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарын сақтауын бақылау болып табылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мемлекеттік бақылау түрлерi мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) ауызша;
2) жазбаша;
3) бірыңғай ұлттық тестiлеу;
4) кешендi тестiлеу;
5) тестiлеу;
6) тексерулер.
Мемлекеттік бақылау жүргiзу кезiнде көрсетiлген нысандар аралас атқарылуы мүмкiн.
5. Аралық мемлекеттік бақылау:
1) тиiстi сатыдағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын білім алушылардың меңгергенiн тексеру мақсатында жалпы орта білім беретiн білім беру ұйымдарында;
2) білім алушылардың кәсiптiк жоғары білім берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi білім беру стандартының әлеуметтiк-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және жалпы бейiндi пәндер циклына кiретiн жекелеген пәндердi игергенiн олар екiншi курсты бiтiргеннен кейiн (медициналық оқу орындарында - үшiншi курсты бiтiргеннен кейiн) тексеру мақсатында кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген білім алушылардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындаған тәртiпте аралық мемлекеттік бақылаудан қайтадан өтуге құқығы бар.
Аралық мемлекеттік бақылаудан екiншi рет өтпеген студенттер мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерiнiң иелерi мемлекеттік білім беру гранты мен кредитi бойынша білім алуды жалғастыру құқығынан айырылады және ақылы негiзде қайтадан оқу курсына қала алады.
Аралық мемлекеттік бақылаудан екiншi рет өтпеген ақылы бөлiмдердiң студенттерi ақылы негiзде қайтадан оқу курсына қала алады.
Аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген білім алушылардың саны Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген шектi саннан асатын білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.
Аралық мемлекеттік бақылау жүргiзудiң ережелерiн Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
6. Бірыңғай ұлттық тестiлеу кәсiптiк орта білім немесе жоғары кәсiптiк білім беретiн Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына ағымдағы жылы түсуге тiлек бiлдiретiн жалпы орта білім беру ұйымының жоғары сатысында білім алушылар үшiн жыл сайын жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары бірыңғай ұлттық тестiлеудi тапсырудан босатылады.
7. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, білім берудi мемлекеттік басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткiзедi.
Білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары үшiн көзделген тәртiппен білім беру ұйымының құрамында өткiзiледi.
Алғашқы мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған:
1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
2) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарында тиiстi деңгейдегi мамандардың бірiншi бiтiруiнен кейiн бір жылдан кешiктiрiлмей;
3) мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарда үш жылдан кейiн өткiзiледi.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
8. Жоғары оқу орындарын акредиттеу олардың өтiнiштерi бойынша мемлекеттік аттестаттау негiзiнде жүзеге асырылады.
Акредиттеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.";
25) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
"35-1-бап. Білім беру жүйесiн басқару органдарын
ақпараттық қамтамасыз ету
1. Білім беру жүйесiн басқару органдарын толық, дұрыс, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім берудi тиiмдi басқарудың мүмкiндiктерiн қамтамасыз ететiн білім берудiң бірыңғай ақпараттық жүйесi құрылады және жұмыс iстейдi.
2. Білім берудiң бірыңғай ақпараттық жүйесi белгiленген көрсеткiштер бойынша білім беру жүйесіндегі есептiң деректерiн, білім беру мониторингiнiң деректерiн және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы, білім берудi басқарудың жергiлiктi мемлекеттік органдары, білім беру ұйымдары өз мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде алған өзге де деректердi қамтиды.";
26) 36-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Азаматтар ақылы оқуға түскен кезде білім беру ұйымы олармен білім беру қызметiн ақылы көрсету шартын жасасуға мiндеттi.";
3-тармақтың 6) тармақшасы "оқулықтармен" деген сөзден кейiн ", оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда білім алушыға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген мерзiмге және тәртiппен академиялық демалыс берiлуi мүмкiн.";
7-тармақта:
"Мемлекеттік білім беру" деген сөздер "Білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Мемлекеттік атаулы стипендия жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мейлiнше дарынды аспиранттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша білім алушы студенттерiне жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленедi.
Жеке және заңды тұлғалар белгiлейтiн атаулы стипендиялар кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарында оқытудың күндiзгi нысанында білім алушыларға тағайындалады.
Атаулы стипендиялардың мөлшерiн және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.";
10-тармақтың бірiншi бөлiгi "балалар үйлерiн" деген сөздерден кейiн "және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдарын, Жасөспiрiмдер үйлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
27) 39-баптың 2-тармағы "педагогтiк қызметпен" деген сөздерден кейiн "(жоғары оқу орындарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
28) 40-бапта:
2-тармақ "айлықақылары" деген сөзден кейiн "мамандығы бойынша жұмыс стажы ескерiле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "еңбекке ақы төлеу" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың 3) тармақшасы "ұйымдар" деген сөзден кейiн ", жалпы білім беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алдындағы сыныптары" деген сөздермен толықтырылсын;
29) 41-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасындағы "мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарт" деген сөздер "білім берудiң мемлекеттік жалпыға бірдей мiндеттi стандарты" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. Селолық жерде жұмыс iстейтiн білім берудiң педагогикалық қызметкерлерiне жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша, қызметтердiң осы түрлерiмен қала жағдайында айналысатын педагогикалық қызметкерлердiң ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентке жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленуi мүмкiн.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
30) 42-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердiң) лауазымдарға орналасуы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.";
31) 43-баптың 4-тармағының бірiншi бөлiгіндегі "республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 48-бап алып тасталсын;
33) ресми тiлде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының