"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 597-II
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-бапта:
4) тармақшадағы "аттестаттау" деген сөз "мемлекеттік аттестаттау" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау - педагогикалық қызметкердiң біліктiлiк деңгейiнiң біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;";
5) тармақшадағы "мен біліктiлiк" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;";
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) бірыңғай ұлттық тестiлеу - кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен бірiктiрiлген жалпы орта білім беретiн оқу орындарында жоғары сатыда білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысандарының бірi;";
19) тармақшадағы ", нәтижелерi бойынша білімi туралы құжат (куәлiк, аттестат, мамандық куәлiгi, диплом) берiлетiн" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) атаулы стипендия - тиiстi білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсене қатысатын неғұрлым қабiлеттi білім алушыларды көтермелеу үшiн жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;";
20-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20-1) қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн білім беру гранттары мен кредиттерiнiң шектi саны;";
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) кешендi тестiлеу - ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бірнеше оқу пәндерi бойынша бір мезгiлде өткiзiлетiн емтихан нысаны;";
22) тармақшадағы "жоғары сатыдағы" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27-1), 28-1), 28-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"27-1) білім беру мониторингi - білім беру процестерiн жүзеге асырудың нәтижелерi мен шарттарының, білім алушылар контингентiнiң, білім беру ұйымдары желісінiң жай-күйiн және өзгерістер серпiнiн жүйелi түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;";
"28-1) білім алушыларды аралық аттестаттау - бір оқу пәнiнiң оны бiтiргеннен кейiнгi бір бөлiгiнiң немесе бүкiл көлемiнiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
28-2) аралық мемлекеттік бақылау - білім сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсiз бақылаудың бір түрi;";
39) тармақшадағы "толық көлемiнде" деген сөздер "осы Заңда белгiленген шекте" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
"39-1) штаттағы оқытушы - білім беру ұйымының штат кестесiнде көзделген қызметтi атқаратын және жеке еңбек шартының негiзiнде лауазымдық мiндеттерiн орындайтын оқытушы;";
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"40) экстернат - білім алушы сабаққа үнемi қатыспай-ақ білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерiн өз бетiнше оқитын оқыту нысандарының бірi;";
41-1) тармақшадағы "жұмыс iстейтiн орта оқу орны" деген сөздер "білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";
3) 4-бапта:
2-тармақ "осы деңгейлердiң" деген сөздерден кейiн "(олардың сатыларының)" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацы ", мүгедек балалар" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 6-баптың 1-тармағының төртiншi және алтыншы абзацтары алып тасталып, бесiншi абзацтағы "деңгейiне" деген сөз "қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудiң мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттары белгiленедi." деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Білім беру ұйымдары
1. Бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын iске асыратын және (немесе) білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң күтiмi мен тәрбие алуын қамтамасыз ететiн заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады.
Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
Білім беру ұйымдарының қызметi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тиiстi үлгiдегi Білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен және солардың негiзiнде әзiрленген жарғылармен реттеледi.
2. Білім беру ұйымының білім беру қызметiн жүргiзу құқығы лицензия алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ол қайтарып алынған немесе жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.
3. Білім беру ұйымының мәртебесiн (үлгiсiн, түрiн) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметiн лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптары, тиiстi үлгiдегi Білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережелерi ескерiле отырып, оның жарғыларында көрсетiледi.
Білім беру ұйымдарының мәртебесiн растау немесе өзгерту мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
4. Білім беру ұйымдары:
1) мемлекеттік (білім беру мекемелерi және білім беру кәсiпорындары);
2) жеке меншiк болуы мүмкiн.
5. Білім беру ұйымдары:
1) мектепке дейiнгi, мектептен тыс, арнаулы және жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар;
2) жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, жоғары кәсiптiк, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк және қосымша кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары болып бөлiнедi.
Білім беру ұйымдары түрлерiнiң номенклатурасын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
6. Жеке адамды тәрбиелеуде, оқытуда, кәсiби қалыптастыруда аса зор үлес қосқан жекелеген мемлекеттік білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен ерекше мәртебе берiлуi мүмкiн.
Жекелеген жағдайларда ерекше мәртебенi Қазақстан Республикасының Президентi беруi мүмкiн.";
6) 12-бапта:
1-тармақтағы "мамандықтар бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы бірiншi сөйлем "филиалдары" деген сөзден кейiн "олар үшiн лицензияға жеке қосымшалар берiле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) штаттағы оқытушылардың бар екенiн растайтын құжат;
7) дербес оқу-материалдық базасының бар екендiгiн растайтын құжаттар.";
8-тармақта:
екiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"көрсеткiштердiң білім беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптарымен белгiленгеннен төмендеп кетуi;";
үшiншi бөлiктiң төртiншi абзацындағы "негiз болып табылады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"лицензиаттың лицензия алу кезiнде көрiнеу дәйексiз ақпарат беруi негiз болып табылады.";
7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Білім беру ұйымдарына білім алушылар мен
тәрбиеленушiлердi қабылдауға қойылатын
жалпы талаптар
1. Азаматты білім беру ұйымына қабылдау кезiнде сол ұйым оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензиямен, қабылдау тәртібін және оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды регламенттейтiн басқа да құжаттармен таныстыруға мiндеттi.
Қабылдау тәртібі тиiстi үлгiдегi оқу орындарына қабылдау ережелерiне сәйкес белгiленедi.
2. Осы аумақта тұратын және тиiстi сатыда білім алуға құқығы бар барлық азаматтардың қабылдануын қамтамасыз ететiн бастауыш жалпы, негiзгi жалпы және орта жалпы білім беру сатыларындағы білім беру ұйымдарына, сондай-ақ кәсiптiк бастауыш білім беретiн білім беру ұйымдарына қабылдаудың тәртібін құрылтайшы белгiлейдi.
3. Азаматтарды кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары білім алу үшiн білім беру ұйымдарына қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары азаматтардың білім алу құқықтарын сақтауға кепiлдiк берiп, неғұрлым қабiлеттi және тиiстi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайындығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиiс.
Конкурс:
1) ағымдағы жылғы бірыңғай ұлттық тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде;
2) осы Заңның 35-бабының 6-тармағында аталғандарға жатпайтын адамдар үшiн кешендi тестiлеу нысанында өткiзiлген түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде өткiзiледi.
Білім беру гранттарын (гранттар болмаған жағдайда кредиттердi) алуға конкурс өткiзiлген кезде:
1) "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылардың;
2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы білім беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдарымен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандығының олар жеңiмпазы болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңiмпаздарының басым құқығы болады.
Білім беру гранттары мен кредиттерiн алуға арналған конкурсты өткізу кезiнде көрсеткiштер бірдей болған жағдайда медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысына сәйкес тиiстi білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек-балалардың және үздiк білімi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар азаматтардың басым құқығы болады.
4. Азаматтарды жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім алу үшiн жоғары оқу орындарына және ғылыми-зерттеу ұйымдарына қабылдау Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде азаматтардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады.
5. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мөлшерде:
1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшiн;
2) ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн;
3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшiн;
4) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн қабылдау квотасы көзделедi.
6. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететiн мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
Мамандықтардың және арнаулы немесе шығармашылық емтихандар еткізу тәртібінiң тiзбесi Yлгiлiк қабылдау ережелерiмен белгiленедi.
7. Рухани (дiни) білім беру ұйымдарына қабылдау орта білімi бар азаматтар арасынан жүзеге асырылады.
8. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім берудiң мемлекеттік құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жекелеген мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау мамандандырылған мемлекеттік оқу орындарында және басқа да мемлекеттік оқу орындарының факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Мамандықтардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
9. Білім беру ұйымдарына азаматтарды қабылдау тәртібін осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде құрылтайшы белгiлейдi және ол білім беру ұйымының жарғысында бекітіледi.";
8) 14-бапта:
1-тармақтағы "Барлық деңгейдегi" деген сөздер алып тасталып, олардан кейiнгi "білім" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
2-тармақтағы "бiтiрушiлердi" деген сөз "білім алушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру
Оқу-тәрбие процесiн қамтамасыз ету және жетiлдiру, оқытудың жаңа технологияларын әзiрлеу және енгізу, педагогикалық қызметкерлердiң біліктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмыс жүзеге асырылады.";
10) 15-бапта:
2-тармақтағы "білім беру ұйымдарының оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен" деген сөздер "білім берудiң мемлекеттік жалпыға бірдей мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес жұмыстық оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірiншi бөлiгіндегі "олармен" деген сөз "олармен келісілген" деген сөздермен, "келiседi" деген сөз "бекiтедi" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Лицензиясы бар, мемлекеттік аттестаттаудан өткен және жалпы білім беру (мектепке дейiнгiнi қоспағанда) мен (немесе) кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен азаматтарға білім және (немесе) біліктiлiк деңгейi (сатысы) туралы мемлекеттік үлгiдегi құжаттар бередi.";
12) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестiктер
Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметi субъектiлерiнiң мүдделерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстеп тұрған олардың бірлестiктерi бiлдiре алады.";
13) 18-баптың 8-тармағы "білім беру ұйымдарында" деген сөздерден кейiн "(эксперименттiк алаңдарда)" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 20-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгіндегі "кәмелетке толмағандар iстерi" деген сөздер "кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 23-баптың 4-тармағындағы "мектепке дейiнгi ұйымда немесе мектепте" деген сөздер "мектепке дейiнгi ұйымның мектеп алдындағы топтарында немесе жалпы білім беретiн мектептер, лицейлер мен гимназиялардың мектеп алдындағы сыныптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 24-бапта:
4-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Аталған сатылар бірге немесе дербес жұмыс iстей алады. Олар тиiсiнше жалпы бастауыш, негiзгi жалпы, жалпы орта білім берудi iске асырады. Жалпы білім беретiн оқу орнының мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi және жоғары сатыларының білім беру бағдарламалары сабақтас болып табылады, әрбір келесi бағдарлама алдыңғысына негiзделедi.";
6-тармақтың төртiншi бөлiгi "Кәсiптiк оқыту" деген сөздерден кейiн "білім беру қызметiн жүзеге асыру құқығына белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы болған кезде," деген сөздермен толықтырылсын;
17) 25-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Жоғары оқу орындарының филиалдары мемлекеттік жалпыға бірдей мiндеттi білім беру стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерi циклдарының көлемiнде кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асырады.
Білім алушылардың мемлекеттік жалпыға бірдей мiндеттi білім беру стандарттарының жалпы кәсiптiк және арнайы пәндер жөніндегі оқу бағдарламаларын меңгеруi филиал құрған жоғары оқу орындарында жалғастырылады.";
6-тармақта:
"алуы мүмкiн" деген сөздер "алуға құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;";
"қысқартылған, жеделдетiлген білім бағдарламалары" деген сөздер "жеделдетiлген оқыту мерзiмiмен қысқартылған білім беру бағдарламалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қысқартылған мерзiмде" деген сөздер "жеделдетiлген оқыту мерзiмiмен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Қосымша кәсiптiк білім беру
1. Кәсiптiк білім берудiң әрбір сатысының шегiнде қосымша кәсiптiк білім берудiң негiзгi мiндеттерi технологиялар мен өндiрiсте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптарды ұдайы арттыруды ескере отырып, жұмысшылардың, қызметшiлердiң, мамандардың біліктiлiгiн үздiксiз арттыру, еңбек нарығы құрылымының өзгеруiне байланысты қосымша мамандықтар алу арқылы кәсiби білімдi, дағдылар мен iскерлiктi тереңдету және кәсiби мүмкiндiктердi кеңейту болып табылады.
2. Қосымша кәсiптiк білім берудiң негiзгi нысандары біліктiлiктi арттыру мен кадрларды қайта даярлау болып табылады.
3. Қосымша кәсiптiк білім берудiң оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен қосымша білім беру ұйымдары, сондай-ақ нысанасы білім беру қызметi болып табылатын тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi бар өзге де заңды тұлғалар бекiтедi және iске асырады.
4. Қосымша кәсiптiк білім беру республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен де, ақылы негiзде де жүзеге асырылуы мүмкiн.
5. Білім беру ұйымдарының педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктiлiгiн арттыру кемiнде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.";
19) 29-бап:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және болашақтағы қажеттiгiнiң тұрақты мониторингi жүйесiн құрады;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жұмыс берушiлер мен басқа да әлеуметтiк серiктестердiң кәсiптiк білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етедi және кәсiптiк жоғары білімi мен жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімi бар, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаражат алатын ұйымдарда кәсiптiк орта білімi бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiтедi;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) білім беру мониторингiн жүзеге асырудың тәртібін белгiлейдi;";
мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) мемлекеттік атаулы стипендияны белгiлейдi;
8) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi.";
20) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асырады, білім беру сапасын бағалау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi, техникалық және технологиялық нормаларды қабылдайды;
3-2) білім беру мониторингiн және білім берудi басқару жүйесiн ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, білім берудiң бірыңғай ақпараттық жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу ережесін бекiтедi;
3-3) білім берудiң барлық деңгейлерiнiң үлгiлiк (базистiк) оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
3-4) сырттай, кешкi және экстернат нысанында білім алуға жол берiлмейтiн кәсiптер мен мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi;
3-5) жоғары кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат бередi;";
5) және 8) тармақшалардағы "мемлекеттік комитеттермен," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) білім алушылардың үлгерiмiне, оларды аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауға ағымдағы бақылау жүргiзудiң нысанын әзiрлейдi және тәртібін бекiтедi;
8-2) бірыңғай ұлттық тестiлеудi және кешендi тестiлеудi өткізудiң ережелерi мен технологиясын әзiрлейдi және бекiтедi;
8-3) санының асып кетуi кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға алып келетiн аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген білім беру ұйымдарында білім алушылардың шектi санын бекiтедi;
8-4) техникалық еңбек пен қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша кәсiптiк дайындық деңгейiн растаудың және біліктiлiк берудiң тәртібін әзiрлеп, бекiтедi;";
9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1) білім беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекiтедi;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) оқу-ғылыми жабдықтарды әзiрлеу мен өндiрудi, шығармашылық сайыс негiзiнде оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарын дайындау мен басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және білім беру ұйымдарына оқу әдебиеттерiн таңдаудың тетiгiн жасайды;";
11) тармақша "басқа да әдебиеттердi" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде электрондық жеткiзгiштегi әдебиеттердi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) жалпы білім беру пәндерi бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылардың және кәсiби шеберлiктiң республикалық конкурстарын өткізудi ұйымдастырудың ережесін бекiтедi;";
13) тармақшадағы "республикалық бюджеттен қаржыландыру" деген сөздер "бюджет қаражаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша "үлгi ережелерiн" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ білім беру қызметтерiн ақылы көрсету шартының үлгiлiк нысанын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 16-1), 16-2), 19-1) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерiн бекiтедi;
14-2) күндiзгi оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртібі мен мерзiмдерiн бекiтедi;";
"16-1) білім алуды аяқтамаған азаматтарға берiлетiн анықтама нысанын бекiтедi;
16-2) білім беру қызметiнде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегi құжаттардың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;";
"19-1) жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерiнiң (профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесін бекiтедi;";
"21-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау ережесін бекiтедi;";
21) 31-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендерi мен оқу-әдiстемелiк құралдарын алуды және жеткізудi ұйымдастырады, соның iшiнде жалпы орта білім беретiн мемлекеттік білім беру ұйымдарының кiтапханаларын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы ұсынған барлық оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарының мiндеттi данасымен қамтамасыз етедi;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) кәсiптік білім беру және кадрларды даярлау мәселелерi бойынша оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасында әлеуметтiк әрiптестiктi дамытуға жәрдемдеседi;";
22) 33-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Білім беру ұйымдары өз қызметiн жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметi туралы хабардар етедi.";
3-тармақта:
4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары оқу орындарының білім алушылар контингентiн қалыптастыру тиiстi үлгiдегi Оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелерiне сәйкес бірыңғай ұлттық тестiлеудiң, кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдары конкурсының негiзiнде жүзеге асырылады;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) білім беру процесi мен білім беру технологияларының әдiстемелерiн, оның iшiнде дистанциялық білім беру технологияларын пайдалану және жетiлдiру;
6) бірыңғай ұлттық тестiлеудi және техникалық еңбек пен қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша біліктiлiктi берудi қоспағанда, білім алушылардың үлгерiмiне ағымдық бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргiзу;";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кадрлардың біліктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) қоғамдық өзiн-өзi басқару, қоғамдық бірлестiктер органдарының қызметiне жәрдемдесу;";
23) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"34-бап. Білім беру ұйымдарын басқару
1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңдарына, тиiстi үлгiдегi Білім беру ұйымы қызметiнiң үлгiлiк ережелерi мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары білім беру ұйымының кеңесi (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдiстемелiк (оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк) кеңестер және басқа да нысандар болып табылады, олардың жұмысын ұйымдастыру ережелерiн, оларды сайлау тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.