Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы
26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына өзгерiс пен
толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы № 197и
қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 72-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
реттiк нөмiрi 2-жолдың 5-бағанында:
1-тармақтың бесiншi абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Сырдария өзенiнiң гидрологиялық режимiнiң нашарлауын және антропогендiк жүктеменiң өсуiн ескере отырып, Шардара су торабынан төмен Кiшi Аралға дейiнгi арнасының су өткізу қабiлетiн ұлғайту жөнiнде шұғыл және перспективалы iс-шаралар кешенiн әзiрлеу:
iрi су тораптары аралығындағы осал учаскелердегi өзен арнасының өткізу (суды, мұзды және қайырды) қабiлетiне баға беру;
жаз және қыс кезеңдеріндегі арналық процестердiң бағытын анықтау осал учаскелердi және олардың пайда болуының (гидрологиялық, антропогендiк) себептерiн анықтау;
су тораптарын (Әйтек, Ақлақ және басқалары) қайта жаңғыртудан және қысқы энергетикалық су жiберулердiң ұлғаюынан кейiнгi ықтимал арналық процестердi болжау;
су тораптарын (Әйтек, Ақлақ және басқалары) қайта жаңғыртудан және қысқы энергетикалық су жiберудің ұлғаюынан кейiнгi ықтимал арналық процестердi бағалау және болжау жөніндегі ақпараттық пакетiн дайындау.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |