2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi қағидаттары:
1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың сауда қызметiне араласпауы;
3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;
4) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;
6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;
7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретіндегі бiрлiгi;
8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін қолданудың біртұтастығы;
10) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеу, қабылдау және қолдану кезіндегі жариялылық;
11) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың негізділігі, объективтілігі мен ашықтығы болып табылады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және сауда қызметi субъектiлерiне қолданылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның күшi:
1) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының бұл заңнамалық актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру осы Заңның нормаларымен реттеледi;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы ұйымдарының қызметіне байланысты, сондай-ақ қаржы құралдарымен операциялар жасауға байланысты;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3) банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметіне жəне банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау өзгертілді; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 2-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу
5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері
1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары:
1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде тауарларды өткізу шарттарын айқындау;
3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау;
5) сертификаттау болып табылады.
2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері:
1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу;
2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;
4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылды
6) қарсы шараларды қолдану;
7) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) өтемақы шараларын қолдану;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9) ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды қолдану болып табылады.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) - 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкілдіктерін ашуды жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) сауда қызметі саласындағы үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) уәкілетті органның қорытындысы негізінде өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды;
11) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-2) тармақша жаңа редакцияда
11-2) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындайды;
11-3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) - 14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны құрады;
14-2) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды
14-3) қарсы шаралар қолдану туралы шешім қабылдайды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды
14-4) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану туралы шешім қабылдайды;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 14-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14-5) Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағасын белгілеу тәртібін бекітеді;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 14-6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14-6) Экспорттық-кредиттік агенттікті және оның функцияларын айқындайды;
15) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады және іске асырады;
1-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-3), 1-4), 1-5), 1-6), 1-7) тармақшалармен толықтырылды
1-3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сауда шараларын қолдану мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
1-4) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі - ДСҰ) жұмыс органдарымен және ДСҰ мүшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
1-5) ДСҰ-ның Дауларды шешу органымен өзара іс-қимыл жасайды;
1-6) ДСҰ-ның жұмыс органдарымен және мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
1-7) ДСҰ мәселелері жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiтедi;
2-2) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды
2-3) сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау тәртібін айқындайды;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-4) таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оның енгізілетін күнін айқындайды;
3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;
4-2) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төмен нормативтерiн әзірлейді және бекiтедi;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлейді және бекітеді;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ тауарды шығарған елді айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілейді;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7-3) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның қолданысының күшін жою жөніндегі қағидаларда көзделген тәртіппен, тауар әкелінетін елдің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің анықтығын және дайындаушылардың тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды
7-4) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, тауарларды шығарған елді растау мақсатында экспорттаушыларды тауар әкелінетін елдердің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) халықаралық сауда-экономикалық ұйымдарымен және интеграциялық бірлестіктермен, шет мемлекеттермен, шет мемлекеттердің одақтарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан әрекет етеді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) сауда қызметі саласында үшінші тараппен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2) Экспорттық-кредиттік агенттік қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын әзірлейді және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-3) Экспорттық-кредиттік агенттік үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларын әзірлейді және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) тоқсан сайын тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйым интернет-ресурста орналастыратын, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді;
14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;
15-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды
15-2) тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлар тізбесін бекітеді;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 15-3) тармақшамен толықтырылды
15-3) өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізеді;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 15-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15-4) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды, оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту тәртібін бекітеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15-5) Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағаларын Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бекітеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-7) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-8) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін сауда саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін бекітеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-9) ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекітеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-10) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15-10) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 15-11) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
15-11) өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілеріне жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тəртібін бекітеді жəне оларды көрсетеді;
16) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-1-бап. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды
7-2-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлейді және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен келіседі;
2) өз құзыреті шегінде өздері айқындаған тәртіптерге сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын жүзеге асырады;
3) таңбалау мен қадағалануды енгізудің орындылығына талдау жасай отырып, жекелеген тауар топтарын таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша уәкілетті органға таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың тізбесіне қосу туралы ұсыныстар енгізеді.
4) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға реттеушілік әсер етуге талдау жүргізеді;
5) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізеді;
6) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындайды;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-3-баппен толықтырылды
7-3-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органның құзыреті
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша олардың құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекітеді;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды
7-4-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы
1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін әзірлеу, ендіру, әкімшілендіру, қолдап отыру және пайдаланушылық қолдау;
2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) сәйкестендіру құралдарын шығару және оларды есепке алу;
4) материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басып беру жөнінде қызметтер көрсету;
5) Ұлттық тауарлар каталогын әзірлеу, жүргізу және жаңалау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.
2. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестерін қамтамасыз ететін ресурстары, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталығы (орталықтары), деректерді беру желілері;
2) материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басып беру жөніндегі қызметтерді көрсету үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында аудандардың әкімшілік орталықтары деңгейіне дейін филиалдары, өкілдіктері және (немесе) өзге де құрылымдық бөлімшелері;