2) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, күнтізбелік он және одан да көп күн жарамдылық мерзімі белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Тауарларға осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде ақы төлеу тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөніндегі міндетті орындаған жағдайда жүргізіледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын беруші арасында азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде ішкі сауда субъектісінің өнім берушіден азық-түлік тауарларының белгілі бір санын сатып алуына байланысты оған төленетін сыйақыны азық-түлік тауарының бағасына енгізу көзделуі мүмкін. Көрсетілген сыйақының мөлшері осы шарт тараптарының келісуіне жатады және сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасының бес пайызынан аспайды. Сыйақының көрсетілген жиынтық мөлшерін есептеу кезінде қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды. Ішкі сауда субъектісінің уәкілетті орган бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін сатып алуына байланысты осы тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуге жол берілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген сыйақы мөлшерін арттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 31-1-бап жаңа редакцияда (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегi, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтiзбелiк ай шегiнде күнтiзбелiк үш күннен асатын мерзiмге жалға (пайдалануға) берген кезде жалға беру (пайдалану) жазбаша шартын жасауға міндетті. Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шартында:
1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);
2) жалға алушы - дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы;
3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнi;
4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрi;
5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) және жасасқан күнi;
6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның кезеңі;
7) жалға беру төлемінің сомасы және (немесе) өтелетін шығыстар сомасы;
8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсаты;
9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жері;
10) жалға берушінің және жалға алушының қолы және мөрі (ол болған кезде);
11) шартқа сәйкес өзге де талаптар міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
2. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беруші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жүргізуге және оны салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.
32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Тауарлардың сапасы туралы мәліметтер мынадай ақпаратпен расталады:
1) дайындаушының тауар белгісі;
2) тауардың шыққан елі;
3) тауардың құрамы туралы;
4) азық-түлік тауарлары үшін - тамақ құндылығы;
5) дайындалған күні;
6) сақтау және жарамдылық мерзімі туралы;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) стандарттау жөніндегі құжаттың көрсетілуі;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.
Тауар сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде заттаңбаларда, затбелгілерде, жапсырмаларда (стикерлерде), қосымша парақтарда, материалдық жеткізгіштерде қамтылуға тиіс.
Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшін қауіпсіздік талаптарының сақталуы, оның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшін арнайы арналған көлік құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға және белгіленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиісті құжаттардағы жазбалармен расталуға тиіс.
3. Мыналарды:
1) айналыстан алынған тауарларды;
2) арнайы рұқсат алынбастан, айналыс қабілеті шектелетін тауарларды;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес алып қоюға және кері қайтарып алуға жататын өнімді;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) белгіленген тәртіппен таңбалауға жататын сәйкестендіру құралдары немесе есепке алу-бақылау таңбалары жоқ акцизделетін тауарларды;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) бақылау (сәйкестендіру) белгілері немесе материалдық жеткізгіштері жоқ, бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен немесе материалдық жеткізгіштермен таңбалануға жататын тауарларды;
4) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарларды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) аталған тауарларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының нысанды киім-кешегінің заттарына жататын тауарларды;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау құралдарын;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды
4-4) сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің оны өткізуін қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу қолданылатын кезеңде;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында сатуға тыйым салынған өзге де тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары
1. Сауда қызметі субъектілері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыруға құқылы.
2. Сауда қызметі субъектісі:
1) сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда);
2) сатылатын тауарлардың ассортиментін;
3) жұмыс режимін;
4) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатылатын тауарлар бағаларын өз бетінше айқындайды.
3. Сауда қызметі субъектісі өзінің мүдделері қозғалатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауы үшін ұсынуға құқылы.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
32-2-бап. Көтерме-тарату орталықтары
Кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен көтерме-тарату орталығы деп танылады.
Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтер түріне қарай мынадай болып бөлінуі мүмкін:
1) сақтайтын көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
2) бөлетін көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
3) сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
33-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33-1-бап. 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 33-2-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33-2-бап жаңа редакцияда
33-2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы бапқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін ішкі сауда субъектілері, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талаптар мен шектеулер қолданылатын қызмет пен мүлік Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына осындай бағаларды белгілеу туралы шешімдерінің негізінде жүзеге асырады.
5. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау субъектісін осы бақылауды жүргізудің басталғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етілмейді.
6. Уәкілетті орган өздеріне қатысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы шешімдерінің негізінде қалыптастырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді.
7. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы көрсетілген мерзімдерде орындамау жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылады.
34-бап. Дауларды шешу
Сауда қызметiн мемлекеттік реттеу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының