Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 26 наурыздағы № 197а қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 357-қосымшада:
2-тармақ "Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздерден кейiн "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы, "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "қамтамасыз ету" деген сөздерден кейiн "ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "радиоқабылдау" деген сөздiң алдынан "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының бiр бөлiгiн қалыптастыру," деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың кестесiндегі 5-бағанда "Республикалық электромагниттiк сәйкестік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру" деген сөздер "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесiмдiлігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамының 10 000 есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде жарғылық капиталының бір бөлiгiн қалыптастыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетiн атқарушы | Г.Марченко |