|
|
Жинақтарды аударудың жалпы тенденциясы бұрынғы мерзiммен салыстырғанда 2002 жылы 29,5% төмендедi, бұл салымшылардың зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешiм қабылдауды олардың аударымдардың артықшылықтарын ашып көрсететiн, толық көлемдегi ақпаратты және шешiм қабылдау үшiн ұзақ мерзiм талап етiлетiн жауапты қаржы мәселесi санатына жатқызатындығын көрсетедi. Сондай-ақ 4-кестеден көрiнгендей, жекелеген зейнетақы қорлары "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына" салымшылар тартуға мақсатты түрде бағдар ұстанған, мысалы: "Қорғау" (70,9%), "Валют-транзит қоры" (70,3%), "ҰларҮмiт" (65,7%) және "Д.А.Қонаев атындағы қор" (59,7%). 5-кесте Жинақтаушы зейнетақы қорларынан 2002 жылға зейнетақы жинақтарын аудару Қорлардың атауы | 2002 жыл, млн. теңге | Үлес салмағы, % | Оның iшiнде, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнет. ақы қорынан" басқа қорлардан келіп түскені, млн. теңге | Үлес салмағы, % | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | "Мемлекеттік жинақ. таушы зейнетақы қоры" 7 119 46,4 - - "Валют-транзит қоры" 273 1,8 23 8,4 "Д.А. Қонаев атындағы 55 0,4 7 12,7 қор" "Халықтық зейнетақы 429 2,8 19 4,4 қоры" "Қазақстан" 132 0,9 3 2,3 "Қазақстан Халық Банкi 1 666 10,9 180 10,8 қоры" "Қазақмыс" 93 0,6 4 4,3 "Ұлар Үмiт" 3 298 21,5 108 3,3 "НефтеГазДем" 156 1,0 9 5,8 "Құрмет" 576 3,8 24 4,2 "Абн-Амро КаспийМұнай Газ" 988 6,4 27 2,7 "Сенім" 204 1,3 10 4,9 "Қорғау" 235 1,5 10 4,3 "Филип Моррис Қазақстан" 83 0,5 19 22,9 "Отан" 38 0,2 1 2,6 "Капитал" 5 0,0 0,06 1,2 | Барлығы 15 350 100,0 444 2,9 |
Жинақтарды басқа қорларға аудару нәтижесiнде "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорында" қаражаттардың жылыстауының үлес салмағы 2001 жылғы 86,5%-тен 2002 жылы 46,4%-ке дейiн төмендегенiне қарамастан, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" бұл көрсеткiш бойынша бiрiншi орында қалуда. "ҰларҮмiт" қорынан ауысу көлемi 2001 жылғы 2,1%-тен 2002 жылы 21,5%-ке дейiн едәуiр өстi. Аударым нәтижесiнде қаражаттардың жалпы жылыстауы "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры", "Қазақстан Халық Банкi қоры" және "ҰларҮмiт" қорының 2002 жылғы үлес салмағы 78,8% құрады, ол аталған қорларда жинақтаушы зейнетақы жүйесi активтерiнiң 67,8%-нiң әкiмшiлдендiрiлуiмен түсiндiрiледi. Аударым нәтижесiнде "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына" басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан келiп түскен сомалардың үлес салмағын қарастырсақ, алдыңғы позицияны "Филип Моррис Қазақстан" (жалпы аударым сомасының 22,9%) иеленедi, бұл осы корпорациядағы кадрлардың тұрақтамауынан болуы мүмкiн. "Қазақстан Халық Банкi қоры" мен "ҰларҮмiт" қорынан аударымдардың айтарлықтай көлеміне қарамастан, осы қорлардың шығыны қорларға аударылған жинақтар есебiнен өтелiп отырды, зейнетақы жарналары түрiнде келiп түскен жинақтарын басқа қорларға аудару арқылы өз активтерiнен айрылуға мәжбүр болған "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" позициясы осылай сипатталады. 6-кесте Жинақтаушы зейнетақы қорлары қимасында зейнетақы жарналарының келiп түсу серпiнi Қорлардың атаулары | 2001 жыл, млн. теңге | Үлес салмағы, % | 2002 жыл, млн. теңге | Үлес салмағы, % | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | "Мемлекеттік жинақ. таушы зейнетақы қоры" 15 449 35,0 15 887 24,1 "Валют-транзит қоры" 1 361 3,1 2 225 3,4 "Д.А.Қонаев атындағы қор" 119 0,3 172 0,3 "Халықтық зейнетақы қоры" 838 1,9 1 443 2,2 "Қазақстан" 1 276 2,9 1 676 2,5 "Қазақстан Халық Банкi 12 577 28,5 15 621 23,7 қоры" "Қазақмыс" 1 531 3,5 1 791 2,7 "Ұлар Үмiт" 1 308 3,0 11 831 18,0 "НефтеГазДем" 1 191 2,7 1 731 2,6 "Құрмет" 2 311 5,2 3 400 5,2 "Абн-Амро КаспийМұнай Газ" 2 410 5,5 5 239 7,9 "Сенім" 2 650 6,0 2 835 4,3 "Қорғау" 1 017 2,3 1 265 1,9 "Филип Моррис Қазақстан" 66 0,1 160 0,2 "Отан" 19 0,0 447 0,7 "Капитал" - - 187 0,3 | Барлығы 44 123 100,0 65 910 100,0 |
Зейнетақы жарналарының келiп түскен сомаларының позициясы бойынша алғашқы орынға "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ие 24,1%, "Қазақстан Халық Банкi қоры" - 23,7%, "ҰларҮмiт" - 18,0%, ол осы қорларда әкiмшiлiк жолмен басқарылатын жеке зейнетақы шоттарының санына пара-пар деген сөз. "Абн-Амро КаспийМұнайГаз" қорына едәуiр көлемде түскен түсiмдер (7,9%) бұл қордың салымшылар кiрiсiнiң жоғары деңгейлiлігімен түсiндiрiледi. 7-кесте 2002 жылға жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын төлеу серпiнi Қорлардың атаулары | 2002 жыл, млн. теңге | Үлес салмағы, % | "Мемлекеттік жинақ. таушы зейнетақы қоры" 1498 22,9 "Валют-транзит қоры" 218 3,3 "Д.А.Қонаев атындағы қор" 14 0,2 "Халықтық зейнетақы қоры" 109 1,7 "Қазақстан" 201 3,1 "Қазақстан Халық Банкi қоры" 1 548 23,7 "Қазақмыс" 312 4,8 "Ұлар Үмiт" 1 095 16,7 "НефтеГазДем" 124 1,9 "Құрмет" 290 4,4 "Абн-Амро 509 7,8 КаспийМұнай Газ" "Сенім" 554 8,5 "Қорғау" 33 0,5 "Филип Моррис Қазақстан" 6 0,1 "Отан" 26 0,4 "Капитал" 1 0,0 | Барлығы 6 538 100,0 |
2003 жылғы 1 қаңтарға зейнетақы жинақтарын төлеу (ақша қаражаттарының жүйеден зейнетақымен қамсыздандыруға шығуы) сомасы жинақтаушы зейнетақы жүйесi қызмет ете бастаған уақыттан бергі үдемелi қорытындымен 14 611 млн. теңгені құрады, оның iшiнде 2002 жылы алушылардың зейнетақы төлемдерiне 6 538 млн. теңге жiберiлдi (7-кесте). Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы төлемдерiн төлеу көрсеткiшiнiң ауытқуы ең алдымен демографиялық жағдайларға және есеп беретiн мерзiм iшiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы көлемiн құрайтын дербестендiрiлген жинақ сомасына байланысты. Тұтас алғанда жылдық серпiн бойынша зейнетақы төлемдерi көлемінiң сатылы өсуi байқалады, соның нәтижесінде 2002 жылдың желтоқсанында барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары мiндеттi зейнетақы төлемдерiнiң көлемi 2002 жылғы қаңтарда жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерiнiң көлемiнен 45% артты. Зейнетақы қорларының барлығы зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерiнiң ең көп көлемi iрi зейнетақы қорларында байқалады. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап 2002 жылғы 1 қаңтар аралығында жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң зейнетақы активтерінің жиынтық құны 112 869 млн. теңгеден 182 652 млн. теңгеге дейін көтерілдi, оның iшiнде 32,30% немесе 58 999 млн. теңгенi "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" активi құрайды. 2002 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің құны 87 507 млн. теңгеге артып, 270 159 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" активтерi 75 774 млн. теңге (жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша активтер құнының 28,05%) (8-кесте). 8-кесте Зейнетақы активтерi бойынша рыноктық үлес серпiнi Қорлардың атауы | 2001 жыл | 2002 жыл | млн. теңге | Үлес салмағы, % | млн. теңге | Үлес салмағы, % | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | "Мемлекеттік жинақ. 58999 32,30 75 774 28,05 таушы зейнетақы қоры" "Валют-транзит қоры" 4017 2,20 7889 2,92 "Д.А.Қонаев атындағы қор" 515 0,28 821 0,30 "Халықтық зейнетақы қоры" 2974 1,63 5072 1,88 "Қазақстан" 4681 2,56 7342 2,72 "Қазақстан Халық Банкi қоры" 39058 21,38 60832 22,52 "Қазақмыс" 6483 3,55 8858 3,28 "Ұлар Үмiт" 31452 17,22 46504 17,21 "НефтеГазДем" 3983 2,18 6433 2,38 "Құрмет" 6508 3,57 11169 4,14 "Абн-Амро КаспийМұнай Газ" 12127 6,64 18923 7,00 "Сенім" 9035 4,95 12757 4,72 "Қорғау" 2285 1,25 3916 1,45 "Филип Моррис Қазақстан" 421 0,23 649 0,24 "Отан" 114 0,06 2596 0,96 "Капитал" - - 624 0,23 | Барлығы 182652 100,00 270159 100,00 |
2001-2002 жылдардағы жинақтаушы зейнетақы қорларының рыноктық үлестер серпiнiн және қаржылық құралдар себетi құрылымының өзгерістерiн талдау - зейнетақы активтерi себетi үлгiлерiнiң әртараптандырылғанына қарамастан, көптеген қорларда атаулы табыс коэффициентi мәнiнiң тұрақты төмендеу тенденциясы байқалатындығын көрсеттi. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" елеусiз төмендегеніне қарамастан, 2002 жыл бойына өзiнiң нақты табыстылығын өзiне сенiп тапсырылған зейнетақы активтерiн басқарудың өлшеулi және тиiмдi стратегиясы арқылы жүргiзiп, барынша тұрақтандырды.
|
|