2002 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тарапынан қарызға алу көлемi iшкi және сыртқы қаржы рыноктарында негiзiнен бюджетке салық және мiндеттi төлемдердiң келiп түсуiнен, "Қазақмыс" корпорациясы акцияларының мемлекеттік пакетiн сатудан және экспорттық операциялар кiрiсiнен болған өтiмдiлiк түсiмi әсерiнен төмендегенiн атап өту керек. Нәтижесiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қазiргi уақытта мемлекет тарапынан мемлекеттік бағалы қағаздардың негiзгi эмитентi болып табылады. Алыпсатарлық құрамдас бөлiк көзқарасынан алғанда қысқа мерзiмдi ноталар және РЕПО секторлары қалыптасқан теңге ревальвациясы жағдайында барынша актуальды болады. Бiрақ ол екiншi жағынан алғанда қарқынды дамып келе жатқан зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарында жинақтаушы зейнетақы қорларының тұтыну проблемаларын шешпейдi. Ол өз кезегiнде корпоративтiк борышты бастапқы орналастыру көлемiн арттыру бөлiгiнде мемлекеттік емес бағалы қағаздар секторының дамуын жеделдетуi тиiс.
Мемлекеттік бағалы қағаздар секторының қайталама рыногында жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялар қоржынын құрайтын негiзгi базалық қаржы құралдары пайыздық ставкасы деңгейiнiң бiртiндеп төмендеуi байқалуда (1-кесте).
1-кесте
Қазақстан Республикасының тәуелсiз еурооблигациялар
кiрiстiлiгiнiң серпiнi
(пайыз)
Еурооблигациялар атауы | 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жылдың 1 жарты жылдығы |
Еуронота - 4 6,11 2,83 2,66 Еуронота - 7 6,59 4,29 3,35 |
2001 жылдың қорытындылары бойынша Еуро-4 ставкасының 6,11%-тен 2002 жылдың аяғына 2,83%-ке және Еуро-7 ставкасы бойынша 2002 жылдың басындағы 6,59%-тен 2003 жылдың басына 4,29%-ке төмендеуi өсiп келе жатқан зейнетақы активтерiнiң айтарлықтай өтiмділiгiмен және бұл құралдарға сұраныстың болуымен ерекшеленедi.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар секторындағы бастапқы рынокта бағалы қағаздар шығарудың едәуiр өскенi байқалды. Айталық, 2002 жылы "Альфа-Банк" ЕБ ААҚ, "Арна" ААҚ, "Альянс Банк" ААҚ, "Қазақстан Даму Банкi" ЖАҚ, "Жәйрем КБК" ААҚ, "Қазатомпром" ҰАҚ, "Қазақстандық ипотекалық компания" ЖАҚ, "Нұрбанк" ААҚ, "Ордабасы" корпорациясы алғаш рет өз облигацияларын шығарды, "Астана-финанс" ААҚ, "АСҚ Банкі" ААҚ, "ТұранӘлемБанк" ААҚ, "ЦентрКредитБанк" ААҚ, "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ, "Казкоммерцбанк" екінші облигацияларын шығарса, "Казкоммерцбанк" ААҚ және "Темірбанк" ААҚ үшiнші эмиссияны жүзеге асырды. 2002 жылғы 1 қаңтарға жинақтаушы зейнетақы қорлары "А" дәрежесiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының негiзгi iрi кәсіпорындардың акцияларына 6 642 млн. теңге (немесе инвестицияланған активтердiң 3,9%-ын), "А" дәрежелi облигацияларға - 33 874 млн. теңге (немесе инвестицияланған активтердiң жалпы сомасының 19,7%) инвестициялады. 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы мемлекеттік емес бағалы қағаздар салудың үлесті салмағы артты. Зейнетақы рынок операторлары негiзiнен ірі кәсiпорындардың облигациялары мен еурооблигацияларына инвестициялауды жүзеге асырды. Айталық, 2003 жылғы 1 қаңтарға зейнетақы активтерiн "А" дәрежесіндегі акцияларға салу 10 334 млн. теңгеге (немесе инвестицияланған активтер көлемiнiң 4,0%), "А" дәрежесіндегі облигацияларда - 60 771 млн. теңгеге (немесе инвестицияланған активтер көлемiнiң 23,5%) артты. 2003 жылғы 1 шiлдеге зейнетақы активтерiн "А" дәрежелi акцияларға салу көлемi 13 329 млн. теңгеге (немесе инвестицияланған активтер көлемiнiң 4,35%), "А" дәрежелi облигациялар - 68 261 млн. теңгеге (немесе инвестицияланған активтер көлемiнiң 22,30%) дейiн өстi.
2002 жылы және 2003 жылдың басында жүзеге асырылған корпоративтiк облигациялар эмиссияларының ұлғаюы бiрiншi кезекте, қазiргi уақытта қаржы құралдарына тапшылығы байқалатын жинақтаушы зейнетақы қорларына бағытталған деп болжауға болады. Эмитенттер тарапынан жасалған мұндай тәсiлдеме мемлекеттік емес бағалы қағаздар секторының дамуына айтарлықтай түрткi болды.
Банк қызметтерi секторында екiншi деңгейдегi iрi банктердiң депозиттi сыйақы ставкасының сәл төмендегенiн атап өтуге болады (2-кесте).
2-кесте
Екiншi деңгейдегi банк депозиттерi бойынша сыйақы
ставкасының серпiнi
(пайыз)
Жыл | Валюта | 1 ай | 3 ай | 6 ай | 9 ай | 12 ай |
2001 USD 4,47 5,91 7,00 7,48 8,78 KZT 6,46 8,14 9,70 11,23 12,63 2002 USD 4,30 5,80 6,00 7,30 8,50 KZT 6,29 7,60 9,60 11,00 12,30 2003 USD 2,60 3,34 4,66 6,80 7,90 жылдың KZT 3,80 4,90 6,46 8,30 9,40 1 жарты жылдығы EUR 2,14 2,84 3,94 5,76 6,76 |
Жыл iшiнде ставканың төмендеуi орташа алғанда 10-15 тармақты құрады. Ставканы төмендететiн елеусiз түзетулер енгiзе отырып сақталған тұрақтандыру тенденциялары екiншi деңгейдегi банктердiң заңды тұлғалардан арзан ақшаларды тарту позицияларының өзгермегендiгiн куәландырады. 2003 жыл iшiнде құрылымдағы теңгелiк депозиттердiң артуына байланысты АҚШ долларында аталған депозиттердiң төмендегені байқалады. Жалпы алғанда, қайта қаржыландыру ставкаларын одан әрi төмендету бойынша болжалды деректерді есепке ала отырып, депозиттер бойынша да ставкасының сәл төмендеуiн күтуге болады.
Қазақстанның зейнетақы рыногы
Өткен 2001-2002 жылдары Қазақстан жинақтаушы зейнетақы жүйесі елеулi құрылымдық өзгерістердi бастан кешiрдi. Зейнетақы және қаржы рыноктарын интеграциялау есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларының серпiндi дамуы қаржы рыногында инвестициялық климаттың және институционалдық инвесторлар қызметi шарттарының өзгеруiне әсер еттi. Сонымен бiр мезгiлде 2001-2002 жылдарда қаржы рыноктарының серпiндiлiк сипаттамаларының өзгеруі жинақтау жүйесiнiң өз iшiнде құрылымдық өзгерістерге әкеп соқты. Қазақстан Ұлттық Банкінің бiрiктiрме деректерiне сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтары бар қатысушылар/салымшылар саны 5 399 320 адамды құрады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларын жылдық серпiн жиынтығымен сыбағалы қайта бөлу аталған статистикалық көрсеткiш бойынша 2001 және 2002 жылдар iшiнде жүйенiң тұрақтанғандығын және қазiргi уақытта салыстырмалы түрде орныққандығын көрсетедi (3-кесте).
3-кесте
Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қатысушылар/салымшылар
санының серпiнi (үлес салмағы, өсiм)
┌─────────────────┬───────────┬────────┬──────────┬────────┬────────┐
│ Қорлардың атауы │ 2001 жыл, │ Үлес │2002 жыл, │ Үлес │ Үлес │
│ │адам саны │салмағы,│адам саны │салмағы,│салмағы │
│ │ │ % │ │ % │ % │
├─────────────────┴───────────┴────────┴──────────┴────────┴────────┤
│"Мемлекеттік │
│жинақтаушы 2 143 104 46,3 2 299 416 42,6 7,3 │
│зейнетақы қоры" │
│"Валют-транзит 178 597 3,9 292 548 5,4 63,8 │
│қоры" │
│"Қорғау" 45 461 1,0 64 939 1,2 42,8 │
│"Қазақстан" 64 083 1,4 90 199 1,7 40,8 │
│"НефтеГазДем" 90 106 1,9 123 424 2,3 37,0 │
│"Абн-Амро │
│КаспийМұнайГаз" 93 984 2,0 123 503 2,3 31,4 │
│"Халықтық зейнетақы 107 244 2,3 137 991 2,6 28,7 │
│қоры" │
│"Сенім" 107 350 2,3 129 450 2,4 20,6 │
│"Құрмет" 194 854 4,2 244 672 4,5 25,6 │
│"Қазақстан Халық 776 093 16,8 914 326 16,9 17,8 │
│Банкi қоры" │
│"Д.А. Қонаев │
│атындағы қор" 26 151 0,6 30 358 0,6 16,1 │
│"Филип Моррис 1 043 0,0 1 180 0,0 13,1 │
├Қазақстан" │
│"ҰларҮмiт" 715 177 15,4 808 095 15,0 13,0 │
│"Қазақмыс" 83 625 1,8 92 081 1,7 10,1 │
│"Отан" 3 333 0,1 28 505 0,5 755,2 │
│"Капитал" - - 18 633 0,3 - │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Барлығы 4 630 205 100,0 5 399 320 100,0 16,6 │
└───────────────────────────────────────────────────────────────────┘
2002 жыл iшiнде салымшылар саны 769 115 адамға (+16,6%) артты, ол талданып отырған мерзiм iшiнде еңбекке жарамды халықтың қамтылу аумағының кеңейгенiн көрсетедi. Жинақтаушы зейнетақы жүйесi жетекшiлерiнiң позицияларын қарастыру кезiнде, 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" салымшыларының үлес салмағы 3,7 пайыздық тармаққа 42,6% деңгейiне төмендегенi байқалады. Аталған мерзiм iшiнде салымшылар санының ең жоғары салыстырмалы өсуi мына зейнетақы қорларында байқалады: "Отан" - 755,2%, "Валют-транзит қоры" 63,8%, "Қорғау" - 42,8%, "Қазақстан" - 40,8%.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары қимасындағы салымшылардың базалық санының серпiнi қатысушыларды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне жаппай тарту сатысының аяқталғандығын, бiрақ олардың жинақтаушы зейнетақы қорлары тарапынан қарқынды жүргiзілген маркетингiлiк қызмет әсерiнен жүйе ішiнде қайта бөлінуi жалғасуда екенін байқатады (4-кесте). Салымшыларды тарту мақсатында бәсекелестiктi күшейту барысында қалыптасқан тенденцияның сақталуы болжануда.
4-кесте
2002 жылға жинақтаушы зейнетақы қорларына қаражаттардың
зейнетақы жинақтарын аудару түрiнде келiп түсу
Қорлардың атауы | 2002 жыл, млн. теңге | Үлес салмағы, % | Оның iшiнде, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнет. ақы қорынан" басқа қорларға аударылғаны, млн. теңге | Үлес салмағы, % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
"Мемлекеттік жинақ. таушы зейнетақы қоры" 445 2,9 - - "Валют-транзит қоры" 1 520 9,9 1 068 70,3 "Д.А. Қонаев атындағы 134 4,9 80 59,7 қор" "Халықтық зейнетақы 749 4,9 353 47,1 қоры" "Қазақстан" 595 3,9 215 36,1 "Қазақстан Халық Банкi 3 669 23,9 1 579 43,0 қоры" "Қазақмыс" 48 0,3 13 27,1 "Ұлар Үмiт" 2 380 15,5 1 563 65,7 "НефтеГазДем" 403 2,6 205 50,9 "Құрмет" 1 080 7,0 626 58,0 "Абн-Амро КаспийМұнай Газ" 1 177 7,7 648 55,1 "Сенім" 297 1,9 156 52,5 "Қорғау" 337 2,2 239 70,9 "Филип Моррис Қазақстан" 104 0,7 46 44,2 "Отан" 1 992 13,0 190 9,5 "Капитал" 429 2,8 138 32,2 |
Барлығы 15 359 100,0 7 119 46,4 |
2001 жылы "ҰларҮмiт", "Абн-Амро КаспийМұнайГаз" және "Қазақстан Халық Банкi қоры" жиынтығында салымшылар аударған зейнетақы жинақтары жалпы көлемiнiң 81%-iн тарта бiлдi. Кестеден көрінгендей, 2002 жылы "Қазақстан Халық Банкi қоры" мен "Ұлар Үмiт" қорлары аударылған зейнетақы жинақтарын тартуда жетекшi орындарда болды (39,4%), ал "Қазақстан Халық Банкi қоры" бұрынғы мерзiммен салыстырғанда 2002 жылы зейнетақы жинақтарын тарту көлемiн екi есеге арттырды. Басқа қорлардан салымшыларды тартуда "Қазақстан Халық Банкi қоры" мен "ҰларҮмiт" қорларының көш бастауы ауқымды жарнамалы компаниямен қатар сараланған агенттiк желi жұмысына бағытталған жұмылдырылған қатаң маркетингтiк стратегияның жемiсi болып табылады. Басқа жинақтаушы зейнетақы қорларының деректерiмен қатар 2001 жылы "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына" салымшылар аударған жинақтардың жиынтық көлемiнiң 1%, 2002 жылы 2,9% келіп түстi. Жоғарыда атап өтiлген қорлармен салыстырғанда "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына" аударымдардың мұндай елеусiз деңгейi "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" заңға енгiзiлген өзгерістердi айқындайтын ақпараттық-түсiндiрме жұмыстарымен ғана шектелiп, салымшыларды тарту стратегиясын жүргiзбейтіндiгiмен, ал агенттiк желiнiң жұмысы Қордың салымшысы болып табылатын тұлғалармен зейнетақы келісім-шарттарын жасасу, қате шоттарды бiрiктiру қызметiмен және құлақтандыру науқанына қатысумен ғана шектелетiндiгiмен түсiндiрiледi. Осының негiзiнде "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына" ауысқан салымшылар өз таңдауларын маркетингтiк тәсiлдiң әсерiнен емес, саналы түрде жасаған деген тұжырымға келуге болады.