132. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алаңымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету құқығын пайдаланады.
133. Қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы тұлғаларына және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ қаржы полициясы органдарының зейнеткерлерiне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
134. Қызметтiк борышын (қызметтiк мiндеттерiн) орындау кезiнде мертiккен, жарақат алған немесе ауырған және қызмет өткерудiң тұрғылықты жерi бойынша медициналық мекемелерде тиiстi бөлiмшелер, мамандар не мамандандырылған жабдықтар болмаған кезде қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалары медициналық мекеменiң жолдамасы бойынша емделуге жұмсалған шығындары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен өтей отырып, басқа медициналық емдеу мекемелерiне емдеуге жiберiледi.
8. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтiң тоқтатылуы
135. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтiң тоқтатылуы және қаржы полициясы органдары қызметкерлерiн қызметтен шығару Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне көзделген негiздер бойынша жүзеге асырылады.
136. Оң мiнездемесi, қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызмет мерзiмiн олар қызметке жарамды болған кезде қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындау құқығы берiлген бастықтар бес жылға дейiн ұзартуы мүмкiн.
Ерекше жағдайларда ғылыми дәрежесi немесе ғылыми атағы бар және білім мекемесiнде штаттық қызметте iстейтiн жоғары және аға басшы құрамның тұлғаларына қызмет мерзiмi осындай тәртiппен қайта бес жылға дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Қызмет мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу кезiнде қызметкерлер олардың қызметке жарамдығын анықтау үшiн міндетті түрде медициналық комиссияға жiберiледi.
137. Қызмет мерзiмi ұзарту осы Ережеде көзделген негiздер бойынша қызметкерді қаржы полициясы органдарынан шығару мүмкiндігiн жоққа шығармайды.
138. Қатардағы және басшы құрамдағы қаржы полициясы органдары қызметкерлерiн шығару оларды тағайындауға құқылы бастықтардың бұйрықтарымен жүргiзiледi.
Егер қызметтен шығару күнi бұйрықта көрсетiлмеген болса бұйрыққа қол қойылған күн қызметкердiң қызметтен шығу күнi болып саналады.
139. Заңның 16-бабы 2-тармағының 8), 9), 10), 11) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған қатардағы және басшылық құрамдағы тұлғалар тозуын ескере отырып өздерiне берiлген киімдердiң құнының орнын толтырады.
140. Заңның 16-бабы 2-тармағының 8), 9), 10), 11) тармақшаларына сәйкес шығарылатын қызметкерлердi қоспағанда, қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi алдағы уақытта қызметтен шығатындықтары туралы тiкелей бастықтарын немесе кадрлық бөлiмшелерiн алдын-ала, қызметтен шығудан бiр айдан кешiктiрмей, жазбаша түрде хабардар етедi.
141. Қаржы полициясы органдарының қызметтен шығарылған қызметкерлерiне:
1) босатылған күнiнде лауазымда болғандарға - қызметтен шығару туралы бұйрыққа сәйкес шығарылған күнiн қоса;
2) оқу орындарының тыңдаушыларына - оқу орындарының ауысу құрамы тiзiмiнен алынып тасталған күнiн қоса;
3) қызметтен шығарылған күнi қаржы полициясы органдары кадрларының резервiнде тұрғандарға - қызметтен шығару туралы бұйрыққа сәйкес қызметтен шығарылған күнiн қоса ақшалай үлес төлеу жүргiзiледi.
142. Қаржы полициясы органдарының қайтыс болған (қаза тапқан), белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен ретiнде танылған қызметкерлерi қаржы полициясы органы немесе мекемесi басшысының бұйрығымен қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi тiзiмiнен алынып тасталады.
9. Қаржы полициясы органдарындағы лауазымда,
арнайы атақта және қызметте қалпына келтiру
143. Белгiленген тәртiппен қызметте заңсыз ауыстырылған, атқарып отырған лауазымынан босатылған не лауазымы төмендетiлген, арнайы атақтан айрылған не арнайы атақтан төмендетiлген, сондай-ақ қаржы полициясы органдарынан шығарылған деп танылған қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаржы полициясындағы тиiсiнше лауазымда, арнайы атақта қызметiнде қалпына келтiруге жатады.
144. Қаржы полициясы органдарындағы лауазымда, арнайы атақта қызметiнде қалпына келтiру үшiн қызметтiк тергеу нәтижелерi бойынша қорытынды немесе соттың күшiне енген тиiстi шешiмi негiздеме болып табылады.
145. Заңсыз шығарылған және қаржы полициясы органдарындағы қызметiне қайта алынған қызметкерлерге шығарылған сәтiнен қайта алу туралы бұйрыққа қол қойылған күнге дейiнгi уақыт кезектi арнайы атақ беру, лауазымдық жалақысын есептеу жөніндегі коэффициенттi белгiлеу және зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеу кезiнде ескерiлетiн үзiлiссiз қызмет стажына есептеледi.
Соттың айыптау үкімі заңды күшiне енуiне байланысты қызметтен босатылған, ал одан соң заңнамада белгiленген тәртiппен ақталған, сондай-ақ қызметiнен заңсыз ауыстырылған, лауазымы немесе арнайы атағы төмендетiлген, органдардан шығарылған қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне келтiрiлген залалдың орнын толтыру заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылады.
146. Қызметiн ауыстыру, лауазымын төмендету, арнайы атағын төмендету, қаржы полициясынан шығару туралы заңды бұза отырып шешiм қабылдаған немесе лауазымын, арнайы атағын, қаржы полициясы қызметiне қалпына келтiру туралы шешiмiнiң орындалуын кiдiрткен қаржы полициясы органдарының лауазымды тұлғасы тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады және заңнамада белгiленген тәртiппен қызметiнен заңсыз немесе негiзсiз ауыстырылу, лауазымы төмендетiлу не арнайы атағы төмендетiлу, қаржы полициясы органдарынан шығарылу себебiнен жүргiзiлген қызметкерге төлемдер төлеуге байланысты қаржы полициясына келтiрiлген залалдың орнын толтырады.
10. Қаржы полициясы органдарында қызмет өткерудiң
өзге де шарттары
147. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң, Әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, кеден қызметi, прокуратура органдарының қаржы полициясы органдарына қызметке кiрген әскери қызметшiлерi мен қызметкерлерiне олар басшы құрамның тиiстi лауазымдарына тағайындалғаннан кейiн, әскери және арнайы атақтары ескерiле отырып, қаржы полициясының арнайы атақтары берiледi. Қаржы полициясындағы еңбек сiңiрген жылдары, олардың запаста болған мерзiмдерiн қоспағанда, әскери және еңбек қызметiне байланысты үзiлiстерiне қарамастан, әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер берiлу көзделетiн лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты ескерiлiп есептелiнедi. Оларға әскери және еңбек қызметiне байланысты үзiлiстерiне қарамастан, әскери және арнайы атақтар берiлу көзделетiн лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты ескерiлiп қаржы полициясы органдарында қызмет сiңiрген жылдары есептелiнедi.
148. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң соғыс уақытында және төтенше жағдайлар енгiзiлген жерлерде қызмет өткеру ерекшелiктерi заңнамаға сәйкес айқындалады.
149. Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге тiкелей бақылауды белгiленген өкiлеттер шегiнде қаржы полициясы органдарының, оқу орындарының және өзге де ведомстволық бағыныштағы мекемелердiң басшылары жүзеге асырады.