ҰҒМО құру астананың ғылыми-техникалық әлеуетiн нығайтуға көмектеседi және мемлекеттік басқару органдарының практикалық қызметiнде iргелi зерттеулердiң нәтижелерiн белсендiрек қолдануына септiгiн тигiзедi. Орталық айналасында Ғарыштық мониторингінiң ұлттық жүйесiнiң басқа құрамдары дамитын басқарушы өзектiң рөлiн ойнауға бейiмделген.
ҰFMО-ның тақырыптық бағдары Қазақстан экономикасының өзектi сұраныстарымен айқындалатын болады. Алғашқы кезекте аграрлық ресурстардың, төтенше жағдайлардың қоршаған ортаның, табиғи және минералды ресурстар мониторингінiң геоақпараттық технологияларын әзiрлеу және ендіруді күшейту жоспарлануда.
Қолданбалы мiндеттердi шешу нәтижелерi корпоративтiк желi бойынша жедел түрде Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратына, республика Yкіметіне, парламентке, тиiстi министрлiктер мен ведомстволарға берiлетiн болады. Бұл мәлiметтерге жасалған талдау аймақтардағы жағдайды объективтi қарастыруға және барынша тиiмдi басқарушылық шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бередi.
5.2. Жердi қашықтықтан зондтау деректерiн
қабылдау станцияларының тiректi желісін құру
Ғарыштық мониторингтің тиiмдi жүйесi Қазақстан мен көршiлес мемлекеттердiң аумағын әртүрлi спектральды диапазондарда мүмкiндiгi жоғары, орта және төмен жедел ғарыштық түсiрулермен жүйелi жабуын қамтамасыз етуi керек. Басқа елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, ең тиiмдi шешiм - әрқайсысы ғарыштың Жердi қашықтықтан зондтаудың белгiленген жүйелерiмен жұмыс iстеуге бағдарланған қабылдау стансаларының бөлiнген жүйелерiн құру болып табылады.
Қазiргі уақытта Қазақстанда Ғарыштық зерттеулер институтының базасында (Алматы қаласындағы Ғарыштық ақпараттарды қабылдау орталығы және Астана қаласындағы Ғарыш мониторингi орталығы) жер серiгiнен ақпараттар қабылдау стансалары және радиоэлектроника және байланыс ұлттық орталығының (Приозерск қаласы) антенналық кешенi құрылды.
ҒАҚО-да америкалық NOAA (мүмкiндiгi 1100 м.), EOS AM Теrrа (мүмкiндiгi 250 м.) жер серiктерiнен және ресейлiк "Метеор-3М" (мүмкiндiгi 37 м.) жер серiгiнен деректер қабылдайтын антенналар орнатылған.
Астанадағы FMO IRS 1С/1D (PAH мүмкiншiлiгi 5.6 м) және RADARSAT-1/2 (мүмкiндігi 8-ден 25 м-ге дейiн) қолданыстағы халықаралық жер серiктерiнен мүмкiндiгi жоғары ЖҚЗ деректерiн қабылдауға бағытталған.
Приозерск қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс ұлттық орталығының антенналық кешенi 2004-2006 жылдары ұшыруға жоспарланған ресейлiк "МОНИТОР" және "Ресурс-ДК" жер серiктерiнен мәлiметтер қабылдауға бағытталған.
Осы бағдарлама шеңберiнде жоғарыда аталған орталықтардың жабдықтарын жаңалау және оларды деректер берудiң жылдамдығы жоғары каналдарымен бірiктiру көзделiп отыр. Бұл әртүрлi стансалардан қабылданған деректердi жерді қашықтықтан зондтаудың ұлттық мұрағатында орталықтандырып жинауға және сақтауға мүмкiндiк бередi.
5.3. Цифрлы ғарыштық бейнелердiң ұлттық мұрағатын құру
ЖҚЗ деректерiн мұрағаттау ҒМҰЖ-нiң маңызды элементi болып табылады. 2004 жылдың соңына қарай ЖҚЗ деректерiн күнделiктi қабылдау көлемi 30 Гбайттан асатынын ескерсек, мұндай мұрағатты ұйымдастыру тiптi тривиалды проблема емес.
Мұрағаттың құрылымы екi деңгейден тұратын болады: ұзақ мерзiмдi сақтау орны және ғарыштық түсiрулердiң неғұрлым жиi қолданылатын бөлiктерi орналасатын аралық сақтау орны. Ұзақ мерзiмдi сақтау орындарының бастапқы тасымалдаушылары ретiнде DVD-дискiлерiн пайдалану көзделген, ал аралық ретiнде - алмастыру жылдамдығы жоғарылатылған сырттай HDD.
Бағдарлама шеңберiнде қажетті жабдықтарды сатып алу және мәлiметтердi сақтау мен санкцияланбаған қол жеткiзуден қорғап қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылардың сұраныстары бойынша тиiмдi iздестiрудi қамтамасыз ететiн мұрағатты басқару жүйесiн әзiрлеу көзделедi. Осы функцияларды іске асыру үшiн мұрағаттың деректерге жедел қол жеткiзу үшiн қажеттi бүкiл ақпарат бар және тұтынушыларға анықтамалық қызмет көрсететiн электрондық каталог құрылатын болады. Сонымен, мұрағатты басқару жүйесi:
машиналық тасымалдаушыларда цифрлық бейнелердiң қосдеңгейлi мұрағатын қалыптастыруды;
ұзақ мерзiмдi мұрағат пен аралық сақтау орындарындағы бейнелердiң деректер базасының электрондық каталогын жүргізудi;
мүмкiндiгi төмен QL-бейнелерiн қалыптастыруды;
мұрағатты санкцияланбаған қол жеткiзуден қорғауды;
тұтынушылардың сұраныстары бойынша ғарыштық түсiрулердi iздестiру мен өзектi етудi қамтамасыз етедi.
5.4. Мониторингтiң басым мiндеттерiн шешудiң
геоақпараттық технологияларын әзiрлеу
Мониторингтiң кез-келген жүйесi нақты қолданбалы мiндеттердi шешу үшiн құрылады. Тақырыптық жоспарда ҒМҰЖ Ауыл шаруашылығы, Қоршаған ортаны қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерiнiң, Төтенше жағдайлар жөнiндегі, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктердiң, облыстық және аудандық әкiмдiктердiң мүдделерiне орай мониторингтiң ең өзектi мiндеттерiн шешуге бағытталатын болады. Сонымен қатар шешiлетiн мiндеттер шеңберi Қазақстан экономикасының нақты мұқтажымен анықталатын болады.
Осы Бағдарлама мынадай ҒМҰЖ тақырыптық бөлшектерiнiң iске асырылуын қарастырады:
ауыл шаруашылығы ғарыштық мониторингiнiң кiшi жүйесi;
төтенше жағдайлар ғарыштық мониторингiнiң кiшi жүйесi;
минералдық ресурстар ғарыштық мониторингінiң кiшi жүйесi;
қоршаған ортаның экологиялық жағдайының ғарыштық мониторингінiң кiшi жүйесi.
Ауыл шаруашылығы ғарыштық мониторингiнiң кiшi жүйесi республика аумағындағы аграрлық ресурстардың жай-күйi мен пайдаланылуын жедел бақылауға арналған.
2004-2006 жылдары осы кiшi жүйе шеңберiнде мынадай мiндеттер шешiлетiн болады:
себу алдындағы кезеңдегі агроклиматтық жағдайлар мониторингі;
ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алқаптарын карталау және бағалау; егiстердiң жай-күйiн бақылау; аурулар мен зиянкестердiң таралу ошақтары мен аудандарын анықтау; негізгі агротехникалық жұмыстарды жүргізу мерзiмi мен сапасын бақылау; жыртылатын жерлердiң өнiмдiлiгiн кешендiк бағалау.
Төтенше жағдайлар ғарыштық мониторингiнiң кiшi жүйесi төтенше жағдайларды ерте табу технологиясын әзiрлеу мен құруды, апаттық аймақтардың картасын жасауды, ТЖ зардаптарын жою мен табиғи және техногендiк апаттар келтiрген залалдың бағалануын бақылауды қарастырады.
2004-2006 жылдары осы жүйе шеңберiнде мынадай мiндеттер шешiлетiн болады:
қар жамылғысының қалыптасу және сырғу мерзiмдерiн бақылау; су тасқыны кезеңiнде су жайылу аймағының картасын жасау; орман және дала өрттерiнiң ошақтарын ерте анықтау; Каспий теңiзi қайраңындағы мұнай дақтарының картасын жасау; сейсмологиялық белсендiлiктiң әлеуетті ошақтарын бақылау.
Минералдық ресурстар ғарыштық мониторингiнiң кiшi жүйесi республиканың минералдық-шикiзаттық базасын тұрақты түгендеу және пайдалы қазбаларды алу, тасымалдау және пайдалануды жедел бақылау мақсатында құрылады.
2004-2006 жылдары осы кiшi жүйе шеңберiнде мынадай мiндеттер шешiлетiн болады: көмiрсутектi шикiзаттың жаңа кен орындарын iздеу және барлау мақсатында Қазақстанның мұнайгазды аймақтарын кешендiк аудандау және келешегiн бағалау; мұнайгаз өндiру саласының инфрақұрылымы жағдайын бақылау; көмiрсутектiк шикiзаттарды алу мен тасымалдаудың мониторингi; ұңғыларды су басу процесiнiң картасын жасау; мұнай тұғырлары аудандарының мұз басу жағдайын бақылау; жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң (ашық карьерлiк әзiрлемелер, драждық полигондар, бұрғылау ұңғылары ошақтары) жағдайын бақылау; лицензияланған учаскелердiң бұзылу шекараларын анықтау; аймақтық және трансаймақтық линеаменттердi, жару бұзылымын (тектондық талқандаулар) карталау.
Қоршаған ортаның ғарыштық мониторингiнiң кiшi жүйесi экологиялық апат өңiрлерiнiң, дағдарысты аймақтардың және жоғары антропогендiк ауыртпашылықты аумақтардың жағдайын тұрақты бақылау мақсатында құрылады.
Кiшi жүйе мынадай мiндеттердiң шешiлуiн көздейдi:
Қазақстан аумағының үстiндегі бұлт жамылғыларының ғарыштық мониторингi; Арал теңiзiнiң мониторингi және шаң дауылын тiркеу; Семей ядролық сынақ полигонының және оған iргелес жатқан аумақтардың мониторингi; Каспий теңiзiнiң қазақстандық жағалауындағы толысу-қайту құбылыстарын бақылау; Сырдария өзенi бассейнiнiң мониторингi; Қазақстанның өнеркәсiптiк қалаларындағы жасыл желектердiң картасын жасау.
5.5. Кiшi жер серiгi полигондарының желісін құру
Қашықтықтан зондтау деректерiнiң анық нәтижелерiн, тестiлеудi және калибрлеудi алу үшiн ғарыштық түсiрiлiмдермен бір мезгiлде сынақ полигондарында жердегi зерттеулердi жүргiзу қажет. Түйiсу және қашықтықтан өлшеу жолымен алынған деректер ағыны бірiн-бірi толықтырады және бақыланып отырған құбылыстардың объективтi және толық көрiнiсiн тек қана бірлесiп бере алады. Кешендi және мамандандырылған полигондар жүйесi аймақтық ерекшелiктерiн ескере отырып Қазақстанның барлық аумағын қамтуы тиiс. Бiрiншi кезекте Арал маңы, Каспий маңы, Балқаш маңы, СЯСП сияқты және басқа да экологиялық апат аудандарындағы полигондарды жабдықтау қажет. Полигондарды қолда бар ведомстволық эксперименталдық алаңдардың базасында құрған орынды болар едi.
Тестiлiк полигондар жүйесiн құру:
полигондардың әртүрлi экожүйелерiн зерттеу және олардың дамуын болжау үшiн кешендi үш өлшемдi сандық модельдердi қалыптастыруға;
ғарыштық суреттердi автоматты түрде классификациялау және қашықтықтан зондтау деректерiн верификациялау үшiн әртүрлi типтегi үстірттің "спектральдық бейнелерiн" әзiрлеуге;
аграрлық ресурстардың, төтенше жағдайлардың, минералдық ресурстардың, қоршаған ортаны қорғаудың ғарыштық мониторингiнiң ГАЖ-технологияларын жасауға және алынған нәтижелердi республиканың басқа аймақтарына бейiмдеуге мүмкiндiк бередi.
5.6. Мониторинг нәтижелерiн тарату
үшiн корпоративті ақпараттық желi құру
Мониторинг нәтижелерiн тарату үшiн "тұтынушы-сервер" технологиясы негізiнде мүдделi министрлiктер мен ведомстволарды, сондай-ақ облыстық әкiмшiлiктердi қоса алғанда, әртүрлi деңгейдегi мемлекеттік басқару органдары жағынан ақпаратқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн ҰҒМЖ-нiң корпоративті ақпараттық желісін құру қажет.
ҒМҰЖ-нiң корпоративтi желісінiң архитектурасы жекелеген ведомстволар мен Қазақстанның аумағы шегіндегі аймақтарға қызмет көрсететiн iшкi желiлерге (Intranet) және әлемдiк қауымдастықпен байланысты қамтамасыз ететiн сыртқы желiге (Internet) бөлу көзделiп отыр. Осы желiлердiң өзара тиiмдi әрекет етуi үшiн ИНТЕРНЕТ стандарттары мен хаттамалары негiзіндегі техникалық шешiмдердi пайдалану ұсынылады.
ҒМҰЖ-нiң корпоративтi желісін құру кезiнде қолданыстағы ведомстволық ақпараттық-өлшеу желiлерiн, деректер банкiн және телекоммуникациялық құралдарды кеңiнен қолдану қарастырылады.
Корпоративтi желiнi құру:
барлық дәрежедегі тұтынушыларға мониторингтiң негiзгі нәтижелерiн жеткiзудi жылдамдығы мен сенiмдiлiгiн ұлғайтуға;
жергiлiктi (ведомстволық және аумақтық) желiлердi бірiктiруге және мониторингтің әлемдiк жүйесiне енетiн ҒМҰЖ-нiң бірыңғай ақпараттық кеңiстігін құруға;
Қазақстан үшiн айтарлықтай қызығушылық бiлдiретiн ғарыштық түсiрулердiң мейлiнше белгiлi әлемдiк мұрағаттарына қол жеткiзудi жеңiлдетуге;
мультипәндiк және аумақтық деректер базаларының, сондай-ақ республикалық және облыстық деңгейдегі геоақпараттық жүйелердiң жанасу технологияларын өңдеуге мүмкiндiк бередi.
Желiнi дамыту идеологиясы жүйеге жаңа тұтынушылардың, мiндеттердiң және ақпарат көздерiнiң қосылуы есебiнен үнемi кеңейтiлуiн көздейдi.
ҒМҰЖ-нiң негiзгі пайдаланушылары болып Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi және Yкіметі, Ауыл шаруашылығы; Қоршаған ортаны қорғау; Энергетика және минералдық ресурстар; Қорғаныс; Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi, Төтенше жағдайлар жөніндегі; Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктер, Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық әкiмдiктерi, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар табылады.
Жүйенiң ақпараттық инфрақұрылымының дамуына қарай оған жаңа абоненттер, оның iшiнде ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары; оқу орындары; агроөнеркәсiп кешенiнiң ұйымдары мен кәсiпорындары, ғарыштық мониторинг нәтижелерiне мемлекеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының жедел қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн аумақтық және ведомстволық ақпараттық-өлшеу желiлерi қосылатын болады.
Бағдарламаны iске асыру Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес және конкурстық iрiктеуден өткен жобаларды орындауға арналған мемлекеттік тапсырыс негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаның әкiмшiсi - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
бағдарламаның тапсырмаларын орындауға конкурстық жобаларды өткiзудi; Бағдарлама тапсырмаларының орындалуын үйлестiру және ағымдағы бақылауды;
Бағдарлама бойынша аралық және қорытынды есептердi қабылдауды қамтамасыз етедi.
Үздiксiз басқару мен бақылау үшiн мүдделi министрлiктер өкiлдерiн қосатын бас ұйым жанынан Ғылыми-техникалық кеңес құру көзделiп отыр.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаның қаржылық қамтамасыз етiлуi 2004-2006 жылдардағы iс-шараларды iске асыруға қажеттi бюджеттік қаржы көлемiнде тиiстi қаржы жылдарына арнап республикалық бюджеттен Бағдарламаның әкiмшiсiне көзделiп бөлiнген республикалық бюджет қаражаты есебiнен және шегiнде мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты қажеттi қаржы шығындар барлығы - 206,0 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы - 67,3 млн. теңге; 2005 жылы - 68,8 млн. теңге; 2006 жылы - 69,9 млн. теңге.
2005-2006 жылдарға арналған шығындар көлемi Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес тиiстi қаржылық жылға арналып нақтыланады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны орындау нәтижесiнде құрамында мынадай бөлiктерi бар Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесi құрылады:
Астана қаласындағы Ғарыш мониторингi орталығы;
Қазақстан аумағын әртүрлi спектралдық диапазондағы мүмкiндігі жоғары, орта және төмен жедел ғарыштық түсiрулермен тұрақты жабуды қамтамасыз ететiн ЖҚЗ деректерiн қабылдау стансаларының тiрек желiлерi;
Қазақстан аумағының сандық бейнелерiнiң ұлттық архивi;
аграрлық ресурстар, төтенше жағдайлар, минералдық ресурстар, дағдарысты аудандар, экологиялық апат өңiрлерiнiң және жоғары антропогендiк ауыртпашылықты Қазақстан аумақтарының мониторингiнiң өзектi мiндеттерiн шешу үшiн ГАЖ-технологияларының базалық кешенi;
ғарыш мониторингінiң нәтижелерiн верификациялау үшiн тестiлiк жер серiгiне бағынысты полигондардың желісі;
Қазақстан Республикасының Президентi Аппараты және Үкіметіне, тиiстi министрлiктер мен ведомстволарға мониторингтің негізгі нәтижелерiн жiберудi қамтамасыз ететiн корпоративтiк ақпараттық желi.
Одан басқа, Бағдарламаны iске асыру: ғарыштық ақпаратты алу, өңдеу және пайдаланумен байланысты ақпараттық қызмет және технологиялар нарығының кеңеюiне, ғылыми-техникалық прогрестiң қазiргі заманғы деңгейiн анықтайтын жаңа ғылыми технологияларды дамытуға, шетелдiк компаниялардың инвестициялық белсендiлiк деңгейiн арттыруға ықпал етедi.
Бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша күтiлетiн нәтижелер 1-кестеде келтiрiлген:
1-кесте
N | | Негiзгі мiндеттерi | |
1 | 2 |
1. | Астана қаласында Ұлттық ғарыштық мониторинг орталығын құру |
2. | Жер үстiндегі қашықтықтан зондтау деректерiн қабылдау стансаларының тіректі желісін |
3. | Цифрлық ғарыштық бейнелердiң Ұлттық мұрағатын құру | DVD-дискiлерiнде ғарыштық түсірулерді ұзақ мерзімді мұрағаттау HDD-де өзектi деректердi аралық мұрағаттау. Internet арқылы қол жеткiзуге болатын цифрлық бейнелеудiң электрондық каталогы. QL-бейнелерiн қолдану арқылы өзектi ғарыштық түсiрулердi тез iздестiру технологиялары. Мұрағатты санкция берiлмеген қол жеткiзуден қорғаудың алгоритмi мен процедуралары. |
4. | Мониторингтiң қолданбалы мiндеттерiн шешу үшiн ГАЖ-технологиялар кешенiн енгізу | |
5. | Мониторинг нәтижелерiн верификаттау үшiн кiшi жер серiгі полигондарының желісін құру |
6. | Мониторинг нәтижелерiн тарату үшiн корпоративті желi әзiрлеу | Жылдамдығы жоғары байланыс арналары мен серiктiк телекоммуникацияларды пайдалану арқылы мониторинг нәтижелерiн жедел тарату технологиялары. ҒМҰЖ бірыңғай ақпараттық кеңiстігінде дерек алмасуды регламенттейтін стандарттар, хаттамалар және келісімдер. Internet/Intranet хаттамалары негiзiнде ведомстволық және аумақтық желiлердiң және деректер базасының жанасу процедуралары. Халықаралық ғарыштық түсiрулерге оңай қол жеткiзу мен жеңiлдетiлген шарттарда Қазақстан аумағын түсiруге жедел тапсырыс. |