"Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінiң ұлттық жүйесi" 2004-2006
жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 147 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 5 сәуірдегі № 307 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 2.6.1-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингiнiң ұлттық жүйесi" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
"16. Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінiң ұлттық жүйесi".
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жылына екi рет, 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірiншi орынбасары Г.А.Марченкоға жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 6 ақпандағы
№ 147 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінiң
ұлттық жүйесi" 2004-2006 жылдарға арналған
ғылыми-техникалық бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты 2. Кіріспе 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 5. Бағдарламаның жұмыстарының негізгі
бағыттары және оны іске асыру тетігі
5.1. Астана қаласында Ұлттық ғарыштық мониторинг орталығын құру
5.2. Жердi қашықтықтан зондтау деректерiн
қабылдау станцияларының тiректi желісін құру
5.3. Цифрлы ғарыштық бейнелердiң ұлттық мұрағатын құру
5.4. Мониторингтiң басым мiндеттерiн шешудiң
геоақпараттық технологияларын әзiрлеу
5.5. Кiшi жер серiгi полигондарының желісін құру
5.6. Мониторинг нәтижелерiн тарату
үшiн корпоративті ақпараттық желi құру
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға
арналған ұлттық ғарыш мониторингі жүйесi
ғылыми-техникалық бағдарламасы
Мемлекеттік Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
тапсырыс министрлігі
беруші-әзірлеуші
Iске асыру 2004-2006 жылдар
мерзiмдерi
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы
негiз 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген
2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының индустриялық-инновациялық даму
стратегиясы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "2003-2006
жылдарға арналған Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң бағдарламасын жүзеге асыру
iс-шараларының жоспары туралы" 2003 жылғы
5 қыркүйектегi № 903 қаулысының 2.6.1-тармағы
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Ғарыштық
мақсаты мониторингінің ұлттық жүйесi Қазақстан
аумағын тұрақты түрде ғарыштық түсiрулердi
қабылдау, мұрағаттау және өңдеу үшiн қазiргi
заманғы ғылыми-техникалық инфрақұрылым құру
жолымен дамыту.
Республиканың экономика салаларын және
өңiрлерiн бақылау және теңгерiмдi тұрақты дамыту
мiндеттерiн шешу кезiнде қашықтықтан зондтау
деректерiн пайдалана отырып мемлекеттік басқару
органдарын жедел қолдаудың жаңа ақпараттық
технологиясын енгізу.
Бағдарламаның Астана қаласында мемлекеттік басқару органдары
мiндеттерi мүдделерiнде мүмкiндiгi жоғары
қашықтықтан зондтау деректерiн жедел қабылдауға
және өңдеуге бағытталған Ғарыштық мониторинг
орталығын құру.
Қазақстанның барлық аумағын әртүрлi спектрлiк
ауқымдарда жоғары, орта және төменгi мүмкiндiктi
жедел ғарыштық түсiрулермен тұрақты түрде қамтуын
қамтамасыз ететiн қабылдау стансаларының тiрек
желісін ұйымдастыру.
Қазақстан аумағының цифрлық бейнелерiнiң ұлттық
мұрағатын құру
Қашықтықтан зондтау деректерiн пайдалана отырып
мониторингтің ең басым мiндеттерiн шешу үшiн
геоақпараттық технологиялар кешенiн әзiрлеу
және енгізу.
Ғарыштық мониторинг нәтижелерiн верификациялау
үшін жер серiгіне бағынысты полигондар желісін
құру.
Қазақстан Республикасының мүдделi
министрлiктерi мен ведомстволарының ғарыш
мониторингі нәтижелерiне жедел қол жеткiзу үшiн
корпоративтi желi әзiрлеу.
Қажеттi ресурстар Бағдарламаның қаржылық қамтамасыз етілуi
мен қаржыландыру 2004-2006 жылдардағы iс-шараларды iске асыруға
көздерi қажеттi бюджеттік қаражат көлемiнде тиiстi қаржы
жылдарына арналып республикалық бюджетте
Бағдарламаның әкiмшiсiне көзделген республикалық
бюджет қаражаты есебiнен және шегінде мемлекеттік
тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты қажеттi
қаржы шығындары барлығы 206,0 млн. теңгенi
құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы -
67,3 млн. теңге; 2005 жылы - 68,8 млн. теңге;
2006 жылы - 69,9 млн. теңге.
2005-2006 жылдарға арналған шығыстар көлемi
тиiстi қаржы жылына "Республикалық бюджет
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нақтыланатын болады.
Күтiлетiн Қазақстан Республикасы Ғарыштық мониторингінiң
нәтижелер ұлттық жүйесi:
Астана қаласында IRS (Yндiстан), RADARSAT
(Канада) ғарыш аппараттарынан мүмкiндiгі жоғары
жердi қашықтықтан зондтаудан алынған деректердi
қабылдауды және өңдеудi қамтамасыз ететiн
ғарыштық мониторинг орталығын;
деректердi жоғары жылдамдықты каналдармен
беретiн Астана, Алматы және Приозерск
қалаларындағы орталықтарды бірiктiретiн қабылдау
станцияларының тiректi желісін;
Қазақстан аумағының цифрлық бейнесiнiң ұлттық
мұрағатын;
аграрлық ресурстар, төтенше жағдайлар, қоршаған
орта және минералдық ресурстар мониторингінiң
басым мiндеттерiн шешуге арналған геоақпараттық
технологиялардың базалық кешенiн;
жер үстіндегі синхронды зерттеулер үшiн кiшi жер
серiгiнiң полигондарының тест жүйесiн;
Қазақстан Республикасының мүдделi
министрлiктерi мен ведомстволарының ғарыштық
мониторинг нәтижелерiне жедел қол жеткiзуiн
қамтамасыз ететiн корпоративтi ақпараттық жүйесiн
қамтиды.
2. Кіріспе
Бағдарлама ғылыми зерттеулердiң 2010 жылға дейiнгi дамуының бекітілген басымдылықтарына сәйкес "Қазақстан Республикасының индустриалық-инновациялық дамуы стратегиясын" iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Бағдарлама "Қазақстан-2030" Стратегиясының негiзгi басымдықтарының бірiне негiзделген және ғылым мен техника жетістiктерi, отандық ғылыми-технологиялық әлеуеттi тиiмдi пайдалану негiзiнде елдiң ұзақ мерзiмдi әлеуметтік-экономикалық дамуының біртұтас мемлекеттік саясатына сәйкес келедi.
Қазақстандағы ғарыштық зерттеулер республикадағы ғарыштық зерттеулердің негiзгi бағыттары салынған Қазақ КCP-i Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 13 наурыздағы № 166 қаулысымен бекітілген "Қазақстан-Ғарыш" мақсатты кешендi ғылыми бағдарламасы шегінде дами бастады. Соңғы он жылда Қазақстан өз базасында ғарыштық технологияларды дамытуды жүргiзе бастады. Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінiң қолдауымен "Мир" TС бортында және Халықаралық ғарыш станциясында ғарышкерлер Т.Әубәкiров (1991 жыл) және Т.Мұсабаевтың (1994, 1998 және 2001 жылдар) қатысуымен ғарыштық зерттеулер мен тәжiрибелердiң төрт кешендi бағдарламасы орындалды. Экологиялық мониторинг және қоршаған ортаны бақылау, биотехнология мен биомедицина, ғарыштық материал жүргiзу және геофизикалық зерттеу саласында маңызды iргелi және қолданбалы нәтижелер алынды; республиканың ғарыштық әлеуетiнiң одан әрi дамуының негiзi құрылды.
Осы Бағдарлама ғарыштық технологияларды пайдаланудың неғұрлым басым және тиiмдi бағыттарының бірi ретiнде Ғарыштық мониторингiнiң ұлттық жүйесiн дамытуға бағытталған өзара байланысты ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, құқықтық шаралар кешенiн белгiлейдi.
ҒМҰЖ дамыту ғарыштық мониторинг құралдарын пайдаланудың айырықшалығын және жоғары экономикалық тиiмдiлiгiн көрсеткен өткен жылдардағы жұмыс тәжiрибесiне негiзделедi. Бағдарлама ұлттық ауқымда ұзақ мерзiмдi оң нәтижесi бар ғылымды қажетсiнетiн болып табылады.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Қазiргi уақытта ғарыштан жердi қашықтықтан зондтаудың құралдары мен әдiстерiн қосатын, ғарыштық ақпараттық технологиялар қарқынды дамуда. 2002 жылы әлемдiк ғарыш саласындағы қолданбалы бағдарламалар мен технологияларды әзiрлеуге жұмсалған капиталдық салымдар көлемi 1996 жылмен салыстырғанда 200%-дан астамға өстi. Қазiргi уақытта Ресейдегi азаматтық ғарыштық бағдарламаларды қаржыландыру 150-200 млн. АҚШ долларын, Германияда - 600-650 млн. АҚШ долларын, Италияда - 850-900 млн. АҚШ долларын, Үндiстанда - 1-1,2 млрд. АҚШ долларын, Қытайда 1,3-1,6 млрд. АҚШ долларын, Жапонияда - 3,5 млрд. АҚШ долларына жуықты, АҚШ-та (аэронавтиканы қоспағанда) - 13 млрд. AҚШ долларынан астам соманы құрап отыр. Ғарыштық қызметке кеткен жалпы шығыстағы мемлекеттік бюджеттік қаржыландырудың салыстырмалы үлесi: Ресейде - 0,998, Германияда - 0,93, Италияда - 0,92, Үндiстанда - 0,972, Қытайда - 0,95, Жапонияда 0,83, АҚШ-та - 0,996.
Қазақстанда бұл сандар едәуiр төмен. 2002 жылы ғарыштық бейіндегі қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарын бюджеттен қаржыландыру сомасы 370 мың-ға жуық АҚШ долларын құрады. 2003 жылы ғарыштық ақпараттық технологияларды дамыту отандық ғылымды дамытудың ең басым бағыттарының тiзбесiне енгізiлдi. Сонымен қатар ғарыштық зерттеулерге қатысты iргелi және қолданбалы зерттеулер бағдарламаларын 2003 жылға қаржыландыру екi еседен астамға ұлғайды.
Қазақстанда соңғы онжылдықта ғарыштық ақпараттарды қабылдау және өңдеу, Жердi қашықтықтан зондтау деректерiн пайдалана отырып, мәндi мiндеттердi шешу саласындағы қазiргі отандық технологиялар әзiрленгенiн және енгiзiлгенiн атап өтуге болады.
Ғарыштық зерттеулер институты (ҒЗИ) және Ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығы (ҰРЭБО, Приозерск қаласы) базасында серiктiк ақпараттарды қабылдау стансалары құрылды. Бүгiнде ҒЗИ-да орнатылған антенналар американдық NOAA (кеңiстiк мүмкiндiгi 1100 м), EOS АМ Terra (мүмкiндігі 250 м) серiктерiнен және ресейлiк табиғи-ресурстық "Метеор-3М" серiгiнен (мүмкiндiгi 37 м) күн сайын 5 Гбайттан астам ақпарат қабылдайды.
1997 жылдан берi ауыл шаруашылығы алқаптарының ғарыштық мониторингi жүйесi дамуда, олардың көмегiмен жыл сайын егiс көлемi мен дәндi дақылдардың жай-күйі, астық келешегі анықталады.
2001 жылдан берi Батыс Қазақстан облысының (Ақ Жайық) ғарыштық мониторингi жүйесi жұмыс істеуде, олардың шеңберiнде ауыл шаруашылығы алқаптарының мониторингі, өрт ошақтары мен су басқан аймақтарды карталау, Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орындарының және бұрынғы Азғыр сынақ полигоны аудандарындағы экологиялық жағдайды бақылау мiндеттерi шешiледi. Қашықтықтан зондтау деректерiн қабылдау, мұрағаттау және тақырыптық өңдеу бойынша үлкен тәжiрибе жинақталған. ҚР Білім және ғылым министрлігінiң ҒЗИ-де - "Қазақстанның аграрлық ресурстары", "Семей ядролық полигоны", "Алматы", "Арал", "Каспий" геоақпараттық жүйелерi (ГАЖ) әзiрленген. "Қашықтықтан зондтау және ғарыштық технологиялардың теориялық негіздерi" (1997-1999 жылдар), "Қашықтықтан зондтау деректерiн және ғарышта синтезделген материалдар қасиетiн талдау әдiстерiн әзiрлеу", "Жердi қашықтықтан зондтау деректерiн сәулеленудi ауыстыру теориясы негізiнде атмосфералық түзетудiң математикалық үлгілерiн әзiрлеу" (2000-2002 жылдар) iргелi зерттеулер бағдарламалары шегінде ғылыми жобалар орындалды.
Осылайша, Қазақстанда Ғарыштық мониторингтің ұлттық жүйесiн дамытуға, әртүрлi мүмкiндiктегі қашықтықтан зондтау деректерiн пайдалана отырып, аумақтар мен өңiрлердiң ғылымды қажетсiнетiн технологияларды басқаруды тәжiрибеге енгізу үшiн ғылыми және материалдық-техникалық негiз құрылды.
Проблеманың әлсiз жағы: ҒМҰЖ құру жөнiнде шешім қабылдану созылған жағдайда табиғи және минералдық ресурстарды бақылаусыз пайдаланудың, жердi ұтымды пайдаланбаудың, лицензияланған учаскелердiң шекарасын бұзудың, төтенше жағдайларды дер кезiнде байқамаудың және оқшауламаудың, экологиялық жағдайдың нашарлауының салдарынан үлкен экономикалық шығындар болуы мүмкiн.
Проблеманың тиiмдi жауы: әртүрлi шешiмдердi қашықтықтан зондтау деректерi негiзiнде неғұрлым өзектi мiндеттердi және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын шешу кезiнде, төтенше жағдайларды жою және экологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шешiмнiң дер кезiнде қабылдануы үшiн мемлекеттік органдарды ақпараттық қолдаудың жаңа отандық технологияларын енгізу. Ауыл шаруашылығына арналған жерлер мен минералдық ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлігін едәуiр арттырады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ғарыштық мониторингiнiң ұлттық жүйесiн (ҒМҰЖ) дамыту Бағдарламасының негiзгi бағыттары:
Қазақстан аумағының жүйелi ғарыштық түсiрулерiн қабылдау, мұрағаттау және тематикалық өңдеу үшiн қазiргi ғылыми-техникалық инфрақұрылым құру;
жердi қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерiн пайдалана отырып республикадағы салалар мен өңiрлердi бақылау және теңгермелi тұрақты дамыту мiндеттерiн шешу барысында мемлекеттік басқару органдарын жедел қолдаудың жаңа геоақпараттық технологияларын енгізу болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес Бағдарлама шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
Астана қаласында мүмкiндiгi жоғары ЖҚЗ деректерiн қабылдауға және өңдеуге бағытталған Ғарыштық мониторинг орталығын құру;
Қазақстанның аумағын әртүрлi спектральды диапазондарда мүмкiндiктерi жоғары, орта және төменгi ғарыштық түсiрулермен жүйелi жабуды қамтамасыз ететiн ЖҚЗ мәлiметтерiн қабылдау стансаларының тiректi желісін ұйымдастыру;
Қазақстан аумағының цифрлық бейнелерiнiң ұлттық мұрағатын құру;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы алқаптары, минералдық ресурстар және қоршаған ортаны қорғауды ғарыштық мониторингтің аса басым бағыттарын шешу үшiн математикалық модельдердi, алгоритмдердi және геоақпараттық технологияларын әзiрлеу және енгізу;
ғарыш мониторинг нәтижелерiн верификациялау үшiн жер серiгiне бағынысты полигондар желісін құру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының, мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының сұраныстарына сәйкес мониторинг нәтижелерiн таратуды қамтамасыз ететiн корпоративтi ақпараттық желi құру.
5. Бағдарламаның жұмыстарының негізгі
бағыттары және оны іске асыру тетігі
Бағдарлама Қазақстан Республикасының Ғарыштық мониторингiнiң ұлттық жүйесiн дамытуға, мүмкiндiгi әртүрлi мультиспектралдық түсiрулер кешенiн пайдаланатын мониторингтің сапалы жаңа деңгейiне көшуге мүмкiндiк беретiн, отандық ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологияларын әзiрлеуге және оларды iске асыруға; республикадағы салалар мен аймақтардың тұрақты дамуының өзектi әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге бағытталған.
Бағдарлама шеңберiнде мынадай негiзгi бағыттардағы жұмыстар жүзеге асырылады.
5.1. Астана қаласында Ұлттық ғарыштық
мониторинг орталығын құру
ҰҒМО мемлекеттік басқару органдарының мүддесiнде мүмкiндiгi жоғары ЖҚЗ деректерiн қабылдау және өңдеу үшiн құрылады. ҰFMO-да үндiстандық IRS-1С/1D (мүмкiндiгі PAN - 5.6 м.) жер серiктерiнен деректер қабылдауға және канадалық RADARSAT-1/2 (мүмкiндiгi 8-25 м) серiктерiнен активтi зондтау деректерiн қабылдау үшiн аппараттық-бағдарламалық кешендер (АБК) орнатылатын болады. ҰҒMO-ның Қазақстанның әкiмшiлiк және географиялық орталығы Астана қаласында орналасуы қабылдау стансаларының радиокөрiнiсi аймағын кеңейтiп және Қазақстан аумақтарын ғарыштық түсiрулермен барынша жабуды қамтамасыз етiп қана қоймайды, сонымен бірге республика басшылығына мониторингтiң маңызды нәтижелерiн ұсынудың жеделдігін арттырады.