ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3900 мың теңге (үш миллион тоғыз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 8-бабы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясы туралы" № 394 Жарлығы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есiрткi заттарды заңсыз пайдаланудың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастар мен жасөспiрiмдердi дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жастар мен
ересек тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту.