Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
20-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 60125 мың теңге (алпыс миллион бiр жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Iшкі iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Әскери қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi мен әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкі iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 418 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметке алғаш рет түскен адамдары мен қызметкерлерiн кәсiби даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 мамырдағы № 847 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Мемлекеттiң бюджеттік есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнің сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк іссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлер комитетiнiң мәселелері" деген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1057 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 тамыздағы № 909-42 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң саясат және қорғаныс мәселелерi жөніндегi ведомствоаралық комиссиясы мәжілісiнiң 2002 жылғы 16 тамыздағы № 2 хаттамасы; Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшілерiн Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігiнің Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы келісім-шарты.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi iстep органдарының жеке құрамын алғашқы даярлықтан өткізу, қатардағы, кiші және орта басшы құрамның біліктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау, бөлiмшелер iшкi iстер органдарына қатардағы, кiшi және орта басшы құрам лауазымдарында қызмет өткеруге ұсынған азаматтық адамдарды алғашқы даярлықтан өткізу жөнiндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Кәсiби даярлық училищелерiне жүктелген мiндеттерді барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшін оның қызметiн қамтамасыз ету; iшкi әскерлердi үнемi жауынгерлiк әзiрлiкте ұстауға қажеттi әскери-техникалық мамандықтар бойынша iшкi әскерлер әскери қызметшілерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Кәсiби даярлық училищелерiн ұстау, Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында әскери-техникалық мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнің әскери қызметшілерiн даярлау.
ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 197я қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са. ны N | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кіші бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 011 Кадрлардың Қазақстан Жыл Қазақстан біліктiлi- Республикасы Ішкі бойы Республикасы- гiн арттыру істер министрлі- ның Ішкі істер және қайта гінің Кәсіби даяр- министрлігі, даярлау лық училищесін Қазақстан 94 бірлік штаттық Республикасы- сан шегiнде ұстау- ның Ішкі істер Азық-түлiкпен, Кәсіби даярлық дәрi-дәрмекпен, училищесі, заттай мүлiкпен, Қазақстан жанар-жағар Республикасы материалдарымен, Ішкі істер құны 40 еселiк министрлігінің айлық есептік Ішкі әскерлер көрсеткіштен комитеті төмен жиhазбен, оқу әдебиеттерi- мен басқа да тауар-материалдық бағалы заттармен қамтамасыз ету. Барлық оқитындар саны (бiрлiк) - 750, оның iшiнде тыңдаушылар санаты бойынша: бacтапқы даярлықта - 400, біліктiлiгiн арттыруда - 300, қайта даярлықта - 50. Ресей Федера- циясының әскери- оқу орындарында iшкi әскерлер әскери қызметшiле- рiнiң біліктiлiгiн арттыру. Оқитын iшкi әскерлердiң әскери қызметшiле- рiнiң саны - 29 офицер. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Кәсіби даярлық училищесінің жоспары: 400 бірлік алғашқы даярлық тыңдаушыларын; 300 бірлік біліктілігін арттыру тыңдаушыларын; 50 бiрлiк кадрларды қайта даярлау тыңдаушыларын оқытудағы негізгі мiндеттердi сапалы әрi уақытында орындауы. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң ішкi әскерлерiн әскери-техникалық мамандықтар бойынша бiліктi кадрлармен қамтамасыз eтуді, офицерлердiң теориялық білімдерi мен практикалық дағдыларының деңгейлерін жаңарту; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң ішкі әскерлерiн үнемі жауынгерлік және жұмылдыру әзiрлiгiнде ұстау үшiн кәсiби міндеттердi шешудің қазiргі заманғы әдiстерiн, қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа түрлерiн игеру. 23 офицердiң біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
21-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жоғары кәсiби білімдi мамандарды даярлау"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 806 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Құны: 1044480 (бiр миллиард қырық төрт миллион төрт жүз сексен мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң iшкi әскерлеpi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Әскери қызметшiлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi мен әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында Әскери доктринаны бекіту туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 418 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкі iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiнiң Жоғарғы әскери училищесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің оқу орындары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1998 жылғы 20 сәуiрдегі № 348 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Академиясы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 675 қаулысы; "Құқық қорғау органдары үшiн кадрлар даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметін және үкiметтік байланыс әскерлерi әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелер" деген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi № 1427 қаулысы; "Мемлекеттiң бюджеттік есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегі қызметтiк iссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Iшкi әскерлер комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1057 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 16 тамыздағы № 909-42 қаулысы; Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi ведомствоаралық комиссиясының саясат және қорғаныс мәселелерi жөніндегі 2002 жылғы 16 тамыздағы мәжілісiнiң № 2 хаттамасы; Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы келісім-шарты.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджет бағдарламаның мақсаты: iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлер үшiн терең гуманитарлық, заңгерлік арнайы білімi бар білікті кадрлар даярлау жөніндегi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігiнің жоғарғы оқу орындарына жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмысты жоғары кәсiби деңгейде ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң ішкі әскерлерiн үнемi жауынгерлік даярлықта ұстау үшiн оны қажетті әскери-техникалық, мамандықтар бойынша дайындалған жоғары біліктi мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ішкі iстер органдары қызметінiң өзектi проблемаларына iргелі және қолданбалы зерттеулер жүргiзу және алынған нәтижелердi ішкі iстер органдарының оқу процесi мен тәжiрибесiне енгізу мақсатында iшкi iстер органдары үшін мамандар даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғарғы оқу орындарына жүктелген міндеттерді орындау үшiн оларды ұстау; оқу, ғылыми, оқу-әдістемелiк және анықтамалық-ақпараттық әдебиеттердi дайындау және басып шығару; оқу-тәрбие процесiне тұрақты және ауыспалы құрамды белсендi қатысуға ынталандыру жүйесiн әзiрлеу және енгізу. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң айқын қажеттілігіне сәйкес Ресей федерациясының әскери оқу орындарындағы оқыту бағдарламалары бойынша әскери қызметшiлердi әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау.
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 806 (бұр.ред. қара); 26.11.04 ж. № 197я қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 012 Жоғары Заң институттары Жыл Қазақстан кәсіби мен iшкi әскерлер. бойы Республикасы- білімді дің жоғарғы әскери ның Iшкi iстер мамандарды училищесiн 1770 министрлігі, даярлау бірлік штаттық сан Қазақстан Рес- шегiнде ұстау. публикасы Ішкi Азық-түлiкпен, iстер министр- дәрi-дәрмекпен, лігінің ішкі заттай мүлікпен, әскерлер коми- жұмсақ мүкәммалмен, тетi, жанар-жағар мате- Қазақстан риалдармен, ас үй Республикасы- және медициналық ның Ішкі істер жабдықтармен, құны министрлігі 40 еселiк айлық Ішкі әскерле- есептiк көрсеткіш- рінің Жоғары тен төмен жиhазбен, әскери учили- спорт мүкәммалымен, щесі, стипендиямен және Қазақстан басқа да тауар- Республикасы- материалдық бағалы ның Ішкі істер заттармен министрлігінің қамтамасыз ету. 2 Академиясы, атаулы оқ-дәрi, 3 Қазақстан атаулы броньды Республикасы қалқанша мен Ішкі істер белсендi қорғаныс министрлігінің құралын, 1 атаулы Барымбек әскери-химиялық Бейсенов мүлiк, 1 атаулы атындағы инженерлiк мүлiк Қарағанды заң сатып алу. Бiлiм институты алушылар саны: күндiзгi бөлiмде - 2912 бiрлік, сырттай бөлiмде - 1751 бiрлiк. Iшкі әскер- лердiң әскери қызметшілерiн Ресей Федерациясының әскери-оқу орында- рында оқыту. Оқитын Iшкi әскерлер әскери қызметшілерiнiң саны - 6 офицер. |
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 806 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын және ішкі әскерлерiн жоғары біліктi мамандармен жоспарлы түрде қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi Жоғары әскери училищесi күндiзгі бөлімнен 134 бiрлiк; Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Академиясы күндiзгі бөлiмнен 310 бiрлiк, сырттай бөлімнен 353 бiрлік; Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлігінiң Қарағанды заң институты - күндiзгi бөлiмнен 194 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 188 бiрлiк.
Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында әскери-техникалық мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің iшкi әскерлерiнiң 6 офицерiн алғашқы жылдық оқыту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
22-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жоғары білім беру объектiлерiн салу және қайта жаңарту"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 76400 мың теңге (жетпiс алты миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 20 сәуірдегі № 348 қаулысы; Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Ақтөбе заң колледжiнiң оқу процесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Ақтөбе заң колледжiнiң оқу кешенiн салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 013 Жоғары білім "2004 жылға арнал- Жыл Қазақстан беру объек- ған республикалық бойы Республикасы- тiлерiн салу бюджет туралы" ның Iшкi iстер және қайта Қазақстан министрлігі, жаңарту Республикасының Қазақстан Заңын iске асыру Республикасы туралы" Қазақстан Iшкi iстер Республикасы министрлігінiң Үкіметінің 2003 Ақтөбе заң жылғы 12 желтоқ. колледжi. сандағы № 1260 қаулысына 2-қосым- шаға сәйкес мынадай iс-шараға: жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сарап- тама жүргiзу; заңнамада белгiлен- ген тәртiппен бекітілген жобалау- сметалық құжаттамаға сәйкес оқу орнының асханалы бас корпусы бойынша құрылыс- монтаждау жұмыста- рына "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министр- лiгi Ақтөбе заң колледжiнiң оқу кешенiн салу" деген инвестиция- лық жобаны iске асыру. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ақтөбе заң колледжi оқу кешенiнiң құрылысын аяқтау және пайдалануға енгізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
23-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн және
олардың отбасы мүшелерiн емдеу"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 185644 мың теңге (бiр жүз сексен бес миллион алты жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарлама нормативтiк құқықтық негiзi: "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шілдедегi Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күші бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдардың қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; Мемлекеттiң бюджеттік есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегі қызметтiк iссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігiне бағынысты ұйымның кейбір мәселелерi"; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1433 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: құқық қорғау органдарының және iшкi әскерлердiң қызметкерлерi мен әскери қызметшілерiне, зейнеткерлерiне олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiне кешенді білікті, мамандандырылған, кеңестiк-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Емханалы орталық госпиталiне жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмді орындалуына қол жеткізу үшін олардың қызметiн қамтамасыз ету; құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiне, олардың отбасы мүшелерiне iшкi iстер органдарының және iшкi әскерлерiнiң зейнеткерлерiне, медициналық қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу.