2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402; 30.07.04 ж. № 806; 26.11.04 ж. № 197я
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
(Бұр. ред. қара)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 cәуipдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қызметте пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
10-қосымша
ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402; 26.11.04 ж. № 197я қаулыларымен 10-қосымша өзгертілді
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
10-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
11-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Елдiң қоғамдық тәртiп саласындағы саяси мүдделерiн қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 13967 мың теңге (он үш миллион тоғыз жүз алпыс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Жарлығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысы; "Т.А.Төлеубаев туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 маусымдағы № 608 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреспен және басқа да құқық бұзушылық түрлерiн үйлестіру; халықаралық қылмысқа қарсы күрес.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер Iшкi iстер министрлерi кеңесiн ақпаратты қамтамасыз ету; қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту iсiнiң ортақ мүдделерiн ескере отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер iшкi iстер органдарының өзара ақпараттық iс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету; Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер iшкi iстер органдарының бiртұтас ақпараттық кеңістiгiн қалыптастыру және олардың қолда бар ақпараттық ресурстарға жедел қол жеткізуін қамтамасыз ету; шет елдерде жасырынған қылмыскерлерге iздеу салу және экстрадация.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
┌────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬──────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼──────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
│────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴──────────────┤
│ 1 002 Елдің Ұйымдасқан қылмысқа Жыл Қазақстан │
│ қоғамдық қарсы күресті бойы Республикасы- │
│ тәртіп үйлестiру жөніндегі ның Ішкі істер│
│ саласында. бюроны ұстауға министрлігі │
│ ғы саяси арналған үйлестік │
│ мүдделерiн жарналар (Ұйымдас- │
│ қамтамасыз қан қылмысқа │
│ ету қарсы күресті │
│ үйлестiру жөнiн- │
│ дегi бюроның │
│ қызметкерлер саны │
│ 30 адам, оның │
│ iшiнде Қазақстан │
│ Республикасының │
│ өкiлi - 1 адам). │
│ Лион қаласындағы │
│ (Франция) (1 адам) │
│ Интерполдың Бас │
│ Хатшылығына │
│ Қазақстан │
│ Республикасы │
│ байланыс-өкiлдерi- │
│ нің офицерін ұстау │
│ жөніндегі шығындар. │
└─────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер аумағында халықаралық қылмысқа және қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету, қылмыс жасағаны үшiн жазаланбай қалмау қағидасын iске асыру; қылмыс жасауға әзiрленуде немесе оны жасауда күдiктi адамдардың мiнез-құлқы, өмiр салты, байланыстары мен қылмыстық әрекеттерi туралы ақпарат алу және қудаланатын күдіктінi, айыпталушыны, сотталушыны немесе сотталған адамды соның аумағында ұсталған Тараптың құқық қорғау органдарына мәжбүрлi түрде жеткізу.
Қызметте пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
12-қосымша
ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 197я қаулысымен 12-қосымша өзгертілді
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
12-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
13-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Арнайы және әскери тасымалдар" деген 004 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50906 мың теңге (елу миллион тоғыз жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкі iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің әскери, арнайы және өзге де тасымалдауларын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: әскери, арнайы және өзге де тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; әскери эшелондарды, көліктер мен басқа есепте тұрған бiрлiктердi тәулiктiк бақылауды және олардың жедел жылжуын қамтамасыз ету; cот отырыстарын бұзуды болдырмау, сотталған адамдардың жазасын өтеуі жөніндегі соттардың қаулыларын дер кезінде орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 004 Арнайы және Арнайы контингент- Жыл Қазақстан әскери ті, жүктерді және бойы Республикасы- тасымалдар өзге де тасымалдар- ның Ішкі істер ды (оның iшiнде министрлігі Оңтүстiк Орал темір жолы бойынша) тасымалдау жөнiн- дегi көліктік қызметтер көрсетуге ақы төлеу: тасымал- дауларды жүзеге асыру үшiн 15 арнайы вагонды жалға алу (жылына 13 бағыт бойынша 485 рейс). Жылжымалы командалық пункт - № 70109 вагонға техникалық қызмет көрсету. № 70109 вагонды жөндеу, жету жолдарын жөндеу. Арнайы әскери тасымалдау қызметi үшiн жалға алынған үй-жайға ақы төлеу және тиiсiнше коммуналдық қызмет көрсетуге, байланыс қызметiн көрсетуге, электр энергиясына және жылу энергия- сына ақы төлеу, жолаушылар поезына орындарды броньдауға ақы төлеу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік әскери тасымалдаулардың қозғалыс кестесiнiң орындалуын және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес арнайы контингенттiң тасымалдануын және өзге де тасымалдарды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
14-қосымша
ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402 қаулысымен 14-қосымша алынып тасталды
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
14-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
15-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке
куәлiктерiн дайындау"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 435150 мың теңге (төрт жүз отыз бес миллион бiр жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысы; "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тiркеу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың еркiн жүрiп-тұруы мен тұрғылықты жердi таңдаудағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыру, халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесiн жетілдiру үшiн Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн дайындауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қостанай қаласында Жедел басқару орталығын (ЖБО) және аймақтық ақпараттық желiнi құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 006 Қазақстан Қазынашылықтың Жыл Қазақстан Республикасы аумақтық органда бойы Республикасы. азаматта- белгіленген ның Ішкі істер рының тәртіппен тіркел- министрлiгі, паспортта- ген азаматтық- Қазақстан ры мен жеке құқықтық шарттар Республикасы куәлiктерiн бойынша Қазақстан ішкі істер дайындау Республикасының министрлігінің азаматтарының "Ақпаратты - 330000 дана пас- өндiрiстiк порт пен 835789 орталық" дана жеке куәлiк республикалық дайындау үшiн мемлекеттік мiндеттемелердi кәсіпорны. орындау. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: азаматтардың еркiн жүрiп-тұруы мен тұрғылықты жерді таңдаудағы конституциялық құқықтарын iске асыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
16-қосымша
ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402 қаулысымен 16-қосымша өзгертілді
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қоғамдық тәртiп және қоғамдық қауiпсiздiк объектiлерiнiң құрылысын
салу, қайта жаңарту"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 205600 мың теңге (екi жүз бес миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Iшкi iстер министрлігі Кинологиялық орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Кинологиялық орталығын салу және оны қайта жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 007 Қоғамдық "2004 жылға арнал- Жыл Қазақстан тәртіп және ған республикалық бойы Республикасы- қоғамдық бюджет туралы" ның Ішкі істер қауiпсiздiк Қазақстан Республи- министрлігі, объектiлерi- касының Заңын іске Қазақстан нiң құрылы- асыру туралы" Республикасы сын салу, Қазақстан Респуб- Ішкі істер қайта ликасы Үкіметінiң министрлігінің жаңарту 2003 жылғы 12 Кинологиялық желтоқсандағы N орталығы 1260 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес сомалар шегiнде мына iс-шараларға: 1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі- нiң Кинологиялық орталығын салу және қайта жаңарту жөніндегі құрылыс- монтаждау жұмысына Жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сарап- тама жасауға. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Кинологиялық орталығын салу және қайта жаңарту" деген инвестициялық жоба бойынша бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің Кинологиялық орталығын пайдалануға енгізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
17-қосымша
ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 197я қаулысымен 17-қосымша өзгертілді
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
17-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
18-қосымша
ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 197я қаулысымен 18-қосымша өзгертілді
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
18-қосымша қызмет бабында пайдаланатын құжат. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
19-қосымша
201 - Қазақстан Республикасының
Ішкі iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Орта кәсiптiк білімдi мамандар даярлау"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 370854 мың теңге (үш жүз жетпiс миллион сегiз жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 19 мамырдағы № 721 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қыркүйектегі № 1136-51 қаулысы; "Қазақстан Республикасы ішкі iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 59-3 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің оқу орындары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1998 жылғы 20 сәуірдегі; № 348 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Мемлекеттiң бюджеттік есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкi iстер органдары үшін мамандығы бойынша қажеттi теориялық білімi мен тәжiрибелiк дағдысы бар, арнаулы орта білімдi, білікті мамандарды дайындау жөнiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң орта оқу орындарына жүктелген функциялардың орындалуына барынша тиiмді қол жеткізу үшін олардың қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің кадрларына қойылатын талаптарды ескере отырып мамандар дайындығының сапасын ұдайы жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң орта оқу орындарына жүктелген функцияларды орындау үшін оларды ұстау; дене шынықтыру дайындығы және курсанттардың денсаулығын нығайту жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 010 Орта кәсіп- Заң колледждерiн Жыл Қазақстан тік білімді 638 бiрлiк штаттық бойы Республикасы- мамандар сан шегiнде ұстау- ның Iшкі iстер даярлау Азық-түлiкпен, министрлiгі, дәрi-дәрмекпен, Қазақстан заттай мүлiкпен, Республикасы жанар-жағар мате- Iшкi iстер риалдармен, жұмсақ министрлігінің мүкәммалмен, Ақтөбе заң тауарлы-материал. колледжi, дық құндылықтармен, Қазақстан жиhазбен, спорт Республикасы мүкәммалымен, Iшкі iстер стипендиямен қамта- министрлігінiң масыз ету. Бiлiм Алматы заң алушылар саны: колледжі, күндiзгi бөлiмде - Қазақстан 863 бiрлiк, сырттай Республикасы бөлiмде - 530 Iшкi iстер бiрлік. министрлігінің Семей заң колледжi, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінiң Б. Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжi. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын арнаулы орта білімi бар біліктi мамандармен жоспарлы түрде қамтамасыз ету: Ақтөбе заң колледжi күндізгi бөлiмнен 120 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 94 бiрлiк; Шымкент заң колледжi күндізгi бөлiмнен 115 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 75 бiрлiк; Семей заң колледжi күндізгi бөлiмнен 146 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 82 бiрлiк; Алматы заң колледжi күндізгi бөлiмнен 66 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 30 бiрлiк.