Зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын
өтеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысы
(2004.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 770 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 4-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын өтеу тәртібін белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын өтеу ережесi бекiтілсiн.
ҚР Үкіметінің 07.06.04 ж. № 629 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Осы қаулы 2004 жылғы 29 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы
№ 103 қаулысымен
бекітілген
Зейнетақы жинақтарының нақты құны
азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы
зейнетақы қоры акционерлерiнiң инвестициялық
кiрiс шығынын өтеу ережесi
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрi - қор) акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын өтеу тәртібін айқындайды.
2. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының нақты құнының азаюы салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының номиналды құны мен салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құны арасында мынадай формула бойынша есептелген терiс айырма ретiнде айқындалады:
Sn = (Sn-1 + Vn)*(in/100%), мұнда
n - кезеңдер саны (кезең I айға тең);
Sn - салымшының (алушының) есептiк күнге (соңғы кезеңнен кейiнгi кезеңнiң бiрiншi күнтiзбелiк күнiне) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құны;
Sn-1 - салымшының (алушының) соңғы кезеңнiң бiрiншi күнтiзбелiк күнiне мiндетті зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құны;
Vn - соңғы кезеңде келiп түскен мiндеттi зейнетақы жарналары;
in- статистика жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган есептеген соңғы кезеңдегi тұтыну бағаларының индексi.
3. Қор жыл сайын есептiк жылдың I қаңтарындағы жағдай бойынша:
есептiк жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi айы iшiнде салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құнын есептеудi жүзеге асырады;
есептiк жылдан кейiнгi жылдың екiншi айының он бесiнен кешiктiрмей жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан-банктердiң және сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құнының азайғаны (азаймағаны), осы азаю сомасы және осы Ереженiң 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес оны өтеу жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы мәлiметтер ұсынады.
4. Қор салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған кезде уәкiлеттi орган қордың және оның акционерлерiнiң инвестициялық кiрiстiң шығынын өтеу мерзiмiн көрсете отырып, қорға ұйғарым жiбередi.
5. Қор меншiк капиталы есебiнен салымшылардың (алушылардың) инвестициялық кiрiсiнiң шығынын уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмiнде белгiленген талаптарына қордың нақты кiрiсi коэффициентiнiң сәйкес келмеуiн жойған кезде, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым орнын толтыратын соманы шегергенде, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құнының азаюы мөлшерiнде өтейдi.
6. Салымшылардың (алушылардың) инвестициялық кiрiсiнiң шығынын өтеу үшiн қордың меншiктi капиталы болмаған немесе жетiспеген жағдайда оның акционерлерi бiрлесiп жауап бередi және инвестициялық кiрiс шығынын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтейдi.