7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: түрлi
ақпараттармен халықтың қажеттілігiн мейлiнше толық қанағаттандыру;
халықтың ақпараттану деңгейiн, оның құқықтық және саяси мәдениетін
көтеpу; қоғамдық топтacу мен iшкi саяси тұрақтылықты нығайту; баспа
бұқаралық ақпарат құралдарында позитивтi материалдарды ұлғайту; әлемдiк
қауымдастықта елдiң жағымды бейнесiн қалыптастыру; жұртшылықтың әр түрлi
ақпаратқа деген сұранысын барынша қанағаттандыру, елiмiздiң ақпараттық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; теледидар мен радио бағдарламаларының
шығармашылық және техникалық сапасын көтеру, "Қазақстан-ТД",
"Қазақстан-РТ", "Хабар" және "Ел Арна" телерадио арналарының
бағдарламаларын барынша толық қабылдауды қамтамасыз ету; жұртшылықтың
теледидар мен радионың мемлекеттік тiлдегi (ақпараттық, талдау, білім
беру, танымдық, культурологиялық, көңiл көтеру және басқа да)
бағдарламаларына деген сұранысын барынша қанағаттандыру; мемлекеттік
тiлдiң электрондық БАҚ-тарда қолдану аясын кеңейту, елiмiздiң теле- және
радио- компанияларының заңнамаларды орындау деңгейiн көтеру; жұртшылықтың
салық заңнамасы туралы хабарлану деңгейiн көтеру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
327-қосымша
236 - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 38750 мың теңге (отыз сегiз миллион жетi жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның көрнектi әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияны бекіту туралы" 2000 жылғы 3 сәуірдегі Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы мәселелерi" 2001 жылғы 28 қыркүйектегi № 691 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары туралы ереженi бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің жас публицистердiң терең шығармашылық iзденiстерiн қолдауға арналған гранттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 21 шiлдедегi № 60 Өкімі; "Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мен гранттарды бекіту туралы" 1997 жылғы 26 маусымдағы № 200-ө Өкімі; "Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерiн шығармашылық, қоғамдық белсендi қызметке моральдi және материалды ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бейбiтшiлiк пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенiмдiктi нығайтуға, мемлекетаралық қарым-қатынастардағы теңдiк пен бiрдей жариялылыққа бағытталған қызметтi белсендiлендiру; қоғамдық және ұлтаралық келісімдi бекіту, республиканың көпұлтты халқының бiрлiгiн нығайту; демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 004 Мемлекеттік Қазақстан Респуб- Жыл Қазақстан сыйлықтар ликасы Тұңғыш ішінде Республикасы- мен стипен- Президентінің ның Ақпарат диялар мемлекеттік бейбiт- министрлігі шiлiк және прогресс сыйлығын тапсыру- Елiмiздегi жүргiзi- лiп жатқан реформаларды бұқа- ралық ақпарат құралдары арқылы қолдауға қосқан үлестерi үшiн бұқаралық ақпарат құралдары саласын- дағы Президенттiк сыйлықтар мен гранттар тапсыру- Қазақстанның көрнектi әдебиет және өнер қайрат- керлерiне Мемлекет- тiк сыйлықтар тапсыру- Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республи- касындағы Мемлекет- тік сыйлығын тапсыру- |
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан
Республикасының шығармашыл зиялыларының шығармашылық және зияткерлік
белсенділігін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
328-қосымша
236 - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Әдебиеттiң әлеуметтiк маңызды түрлерiн басып шығару"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 608592 мың теңге (алты жүз сегіз миллион бес жүз тоқсан екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Мерейтойлар мен атаулы күндердi мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi № 1465 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мерейтойлық iс-шараларға арналған жыл сайынғы қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани-білім және интеллектуалды-мәдени деңгейiн көтеру үшiн әлеуметтiк маңызды әдебиеттер шығару, өскелең ұрпақты жалпы әлемдiк құндылықтар рухында тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қазақ мемлекеттiгi қалыптасуының сан қырлы мәселелерiн көрсететiн өзектi, мазмұнды шығармаларды шығару. Ғылыми, көркем, және энциклопедиялық әдебиетті шығару. Мемлекеттік тiлде ұлттық әдебиет пен жазудың озық үлгiлерiн, әлемдiк ғылыми ойдың, мәдениеттің және әдебиеттiң жетiстіктерiн дайындау және шығару. Жоғары сапалы баспа өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз ету.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 005 Әдебиеттің Бiр атаудың тара- Жыл Қазақстан әлеуметтік лымы 1000-нан iшiнде Республикасы- маңызды 3000-ға дейiн ның Ақпарат түрлерiн данадан кем емес, министрлігі басып жалпы көлемi 5683,5 шығару баспа табақтан тұратын 280 атаулы кiтап өнiмдерін мынадай сериялар мен басылымдар бойынша шығару: Энциклопедиялық әдебиет; Сөздiк-анықтамалық әдебиет; Балалар әдебиетi; "Әлемдiк балалар классикасы" сериясы; Шығармалар жинағы (бip және көп томдықтар); "Аманат" журналының кiтапханасы" серия- сы; "Атамекен" сериясының әдебиеті; Қазақстан халықтары тілдерiндегі әдебиет; "Отырар кітапханасы" сериясының әдебиетi; "Қазiргi қазақ прозасы", "Қазiргі қазақ поэзиясы" серияларының әдебиетi; "Алаш мұрасы" сериясының деректi- көркем әдебиетi; "Әдеби мемуарлар" сериясы; "M- Әуезов" академиялық көптомды басылым; Фотоальбомдар; Музыкалық әдебиет; Жасөспiрiмдер әдебиетi; Заң әдебиетi; Қоғамдық-саяси әдебиет; Мерейтой әдебиетi; Ғылыми-көпшiлiк әдебиет; "Нобель сыйлығының лауреаттары", "Жыр жауhар", "Тарих- Таным- Тағдыр", "Әлемдiк ой антоло- гиясы", "Шытырман оқиғалар және фантастика" серия- ларының аударма әдебиетi; "Ауыл жылдары" сериясының әдебиетi; Ұлы Отан соғысында- ғы Жеңiстiң 60 жыл- дығына арналған басылымдар; Ресейдiң Қазақстан Республикасындағы жылы жөніндегі басылымдар; "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдар- ламасы бойынша басылымдар серияла- рын әзiрлеу және шығару: "Бабалар сөзi"; "Қазақ әдебиетiнiң тарихы"; "Әлемдiк әдебиет кiтапханасы"; "Қазақ халқының ежелгi күндерден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi фило- софиялық мұрасы"; "Әлемдiк философия- лық мұра"; "Әлемдiк тарихи ой"; "Антикалық авторлар дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы"; "ІХ-XVI ғ-ғ- араб дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы"; "V-XVII ғ.ғ. иран- парсы дереккөздерiн. дегi Қазақстан тарихы"; "XV-XX ғ.ғ. түркi тiлдi дереккөздер. дегi Қазақстан тарихы"; "Қытай дереккөзде- ріндегі Қазақстан тарихы"; "Монғол дереккөзде- ріндегі Қазақстан тарихы"; "ХVI-XX ғ-ғ. орыс дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы"; "XII-XX ғ.ғ. батыс дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы"; "Қазақстан" Ұлттық энциклопедиясы орыс тілінде; "Әлемдiк культуро- логиялық ой"; "Қазақ халық әдет- ғұрыптары мен салт- дәстүрлерi"; "Қазақстан құқығы- ның ежелгi әлемi"; "Әлемдiк социоло- гиялық ой"; "Әлемдiк саясаттану ойы"; "Экономикалық классика"; "Қазақ тілiнiң түсiндiрме сөздiгi"; "Синонимдер сөздiгi"; Қазақ тілінiң диалектологиялық сөздiгi"; "Қазақстан Республикасы" энциклопедиялық сөздiк"; "Қазақ мәдениетi" энциклопедиялық анықтамалық"; "Қазақ әдебиетi" энциклопедиялық анықтамалық"; "Қазақстан тарихы" энциклопедиялық анықтамалық"; "Жерiңнiң аты - елiңнiң хаты" энциклопедиялық анықтамалық (Қазақстан топони- микасы); "Қазақстан XIX ғасыр суретшiлерi- нiң шығармашылығын- да" альбом-кiтабы; "Сергей Калмыков" сурет альбомы; "Әбiлхан Қастеев" сурет альбомы; "Орал Таңсықбаев" сурет альбомы- "Қазақстан" Ұлттық энциклопедиясын қазақ тілінде 20000 дана таралыммен шығару. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының шеңберiнде шығарылатын басылымдарға сараптама жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: халықтың
рухани-білім мен интеллектуалдық-мәдени деңгейін көтеру. Сондай-ақ
әлемдiк көркем әдебиет жәуhарларын қазақ тілінде кең көлемде шығару
өскелең ұрпақтың бүкiләлемдiк құндылықтар рухында тәрбиеленуiне және
мемлекеттік тiл қызметiнiң толық көлемде дамуына, оның
әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiнiң кеңеюi мен нығаюына жан-жақты ықпал
етедi. Мәдени мұраны сақтау мен дамыту жөніндегі жүйелi тетiктi құру.
Қазақстан тарихымен байланысты бұрын жарияланбаған ежелгi қолжазбалар,
жылнамаларды шығару. Ұлттың рухани-білімдiк және интеллектуалдық-мәдени
деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
329-қосымша
236 - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Iшкi саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік
саясатты жүргiзу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 59964 мың теңге (елу тоғыз миллион тоғыз жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралары туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму Стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралары туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары ассамблеясының Стратегиясы және Қазақстан халықтары ассамблеясының ережесi туралы" 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы; "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 қаулысы; "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысы; "Азаматтық қоғамды бұдан әрi демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1391 қаулысы; "Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1430 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасы жөніндегі түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 22 сәуірдегі № 28-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім проблемалары бойынша социологиялық зерттеулер жүргiзу, республикада қоғамдық келісімдi нығайту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Республикадағы қоғамдық-саяси жағдайлар мен ахуалды, жүргiзiлiп жатқан реформалар бағытын қолдау деңгейiн, жүргiзiлiп жатқан мемлекеттік саясатқа қатынастарын зерделеу, орталық және өңiрлiк билiк институттарының рейтингiн, саяси зиялылардың имидждiк сипаттамаларын, саяси бiрлестiктерге сенiм бiлдiрушiлiктiң деңгейiн анықтау, саяси шиеленiстiң әлеуетiн айқындау, қоғамдық-саяси процестердiң негiзгi динамикасын айқындау; түрлi әлеуметтiк топтардың республикалық және өңiрлiк көкейтестi проблемаларға қатынастарын зерделеу; халықтың ұлтаралық қатынастарды бағалауын және мемлекеттік ұлттық саясаттың тиiмдiлiк деңгейiн айқындау; этносаралық жағдайдағы конфессияаралық проблемаларды айқындауды талдау; iшкi саяси қауiпсiздiктiң негiзгi аспектiлерi, Қазақстан мен Ресейдiң ықпалдастығының келешегi бойынша қауiп-қатер мен қыр көрсетудi қоғамның қабылдауын айқындау; сайлаушы топтардың имидждiк ұнатуларын айқындау, әлеуеттi, пассив сайлаушыларды анықтау, саяси мәдениетті және халықтың белсендiлiгiн, түрлi нысандағы сайлауларға дайындығын, сайлаушылық бағдарлары мен ұстанымдарын болжамды бағалау.
Сындарлы сұхбат және партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстармен өзара iс-әрекеттi нығайту, партияаралық қатынастардың тұрақты жүйесiн қалыптастыру, үкiметтiк емес сектордың динамикалық дамуы, азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру мен әлеуметтiк әрiптестiк қатынастарды дамытуда үкiметтiк емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету жөнiнде нысаналы және дәйектi жұмыс жүргiзу, республикадағы қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингiн жүргiзу, "Қазақстан-2030" Стратегиясын, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарын, Президенттiң Қазақстан халқына үндеуiн, Үкiметтің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын, мемлекеттік нышандарды насихаттау жөнiнде нысаналы жұмысты қамтамасыз ету, iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімдi қамтамасыз ету саласындағы облыстық құрылымдардың өңiраралық үйлестiру мен өзара ic-әрекет ету жөніндегі кешендi жұмысын жүргiзу.