2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26
желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.11.04 ж. № 1242 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен )
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 376, 377, 378, 379-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қызмет істерi жөніндегi агенттiгiнің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
376-қосымша
608 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкiлеттi
органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 115749 мың теңге (бiр жүз он бес миллион жетi жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 1-30-бабы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 9 желтоқсандағы № 280 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігiнiң мәселелерi" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесiн әрi қарай оңтайландыру шаралары туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың жекелеген мәселелерi" 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппаратына және оның аумақтық бөлiмшелерiне жүктелген жұмыстарды жоғары тиiмдi түрде жетiстiктерге жету үшiн қызметiн қамтамасыз ету, теориялық және тәжiрибелiк білім, кәсiби қызмет саласында оқыту бағдарламасы бойынша бейiмдiлiк, дағдылық кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiне қойылатын талаптарға сай лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн кәсiби шеберлiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігiнiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң орталық аппаратын қаржыландыру, мемлекеттік қызметшiлердi кәсiби даярлау және біліктiлiгiн арттыру.
ҚР Үкіметінің 30.11.04 ж. № 1242 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/c N | Бағ. дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 001 Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету 2 001 Орталық Қазақстан жыл Қазақстан органның Республикасының аралы- Республи- аппараты Мемлекеттік қызмет ғында касының iстерi жөніндегі Мемлекеттік агенттiгiнiң қызмет орталық аппаратын iстерi 44 бiрлiк жөніндегі мөлшеріндегі агенттiгi штаттық лимит санын бекітілген шегiнде және нормативке сәйкес 2 - автомашинаны ұстау, қызмет автосын жалдау- Компьютерлердi 42 сан мөлшерiнде ұстау- 3 002 Аумақтық Қазақстан жыл Қазақстан органдардың Республикасының аралы- Республи- аппараттары Мемлекеттік қызмет ғында касының iстерi жөніндегі Мемлекеттік агенттiгiнiң қызмет аумақтық органдарын iстерi 120 бiрлiк жөніндегі мөлшеріндегі агенттiгi штаттық лимит санын бекітілген шегiнде ұстау. 4 007 Мемлекеттік Бекiтiлген жоспар жыл Қазақстан қызметшi. кестеге сәйкес аралы. Республи. лердiң Қазақстан ғында касының біліктiлiгiн Республикасының Мемлекеттік арттыру Мемлекеттік қызмет қызмет iстерi жөніндегі iстерi агенттiгiнiң жөніндегі қызметшiлерiнiң агенттiгi біліктiлiгiн жоғарылатуға, соның iшiнде мемлекеттік тiлдi оқыту. Ортажылдық біліктiлiгiн жоғарылату курстарынан өтетiн тыңдаушылар саны 120. 5 009 Мемлекеттік Тұтынушы 25 дана жыл Қазақстан органдарды жұмыс станцияларын аралы. Республи. материалдық- алу ғында касының техникалық Мемлекеттік жарақтандыру қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiні жүктелген
iстердi уақтылы және сапалы орындау, материалды-техникалық базасын
нығайту, Агенттiктiң мемлекеттік қызметшiлерiн аумақтық органдардың
қызметшiлерiн қоса біліктiлiгiн жоғарылату, арнайы сертификаттарды беру.
Мемлекеттік қызметтiң талабына сай, қазiргi экономиканың жағдайларына
тиiстi біліктiлiк деңгейiн жоғарылату.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
377-қосымша
608 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Республикасының Мемлекеттік қызмет кадрларын
ақпараттандыру және тестілеу жүйесінің жұмыс істеуі"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 45252 мың теңге (қырық бес миллион екi жүз елу екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" № 453-1 Заңының 1-30-бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 мамырдағы "Ақпараттандыру туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 "Мемлекеттік аппаратты жақсарту, кеңсешiлдiкпен күрес және құжатайналымын қысқарту бойынша туралы" жарлығы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнің Ақпарат және тестiлеу мемлекеттік мекемесінің мәселелерi" 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 50 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Кадрларды басқарудағы ақпараттық жүйенiң (бұдан әрi - КБАЖ) жұмысын және мемлекеттік қызметшiлердi тестiлеудi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметiнiң кадрларының ақпараттандыру және тестiлеу жүйесiн жұмыс iстету, ақпараттық жүйелердi және Агенттiктiң локальдi мiндеттерiн сүйемелдеу және әкiмшiлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/c N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 002 Республиканың Орталықтың жыл Ақпарат мемлекеттік штаттағы және аралы және қызмет штаттан тыс ғында тестiлеу кадрларын қызметшiлерiн орталығы ақпарат- қаржыландыру; тандыру және тестiлеу ҚР Мемлекеттік жүйесiнiң қызмет iстерi жұмыс iстеуi жөніндегі агенттiгiн техникалық және ақпараттық түрде қамтамасыз ету; Тестiледi жүргiзу; Ақпараттық қамтамасыздықты жаңалау, КБАЖ өзгерістер мен толықтырулар енгізу, аумақтық орталықтардағы КБАЖ 17 мамандарын оқыту; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық веб-сайтын үш тiлде әкiмшiлеу; Аумақтық орталықтардағы компьютерлер жасақталу паркiн 16 данада жаңалау |
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң
ақпараттық және техникалық қызметiн сүйемелдеу, тестiлеу жүргiзудi
қамтамасыз ету, барлық мемлекеттік органдардың кадрларды басқарудағы
ақпараттық жүйеге қатысуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
378-қосымша
608 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік қызметшiлердi даярлау,
қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 53376 мың теңге (елу үш миллион үш жүз жетпiс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 3, 5-бабы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды жетiлдiру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігiнiң мәселелерi" 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтi өткеру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы мемлекеттік академия мәселелерi" 1998 жылғы 12 қаңтардағы № 4142 өкімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың жекелеген мәселелерi" 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасын біліктi мемлекеттік қызметшiлер кадрларымен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет кадрларының кәсiби деңгейiн арттыру және мемлекеттік қызметшiлердi оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ тұрақты негiзде аумақтық органдардың аппараттарын қоса Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігi қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мемлекеттік қызметшiлердi қазiргi заманның талаптарына сәйкес даярлау және біліктiлiгiн арттыру, мемлекеттік қызмет пен кадр саясатын, мемлекеттік және жергiлiктi басқару саласында ғылыми зерттеулер жүргiзу, республика оқу орындарының және аумақтық орталықтардың мемлекеттік қызмет үшiн мамандар даярлауды, қайта даярлауды және мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын салаларындағы iс қызметтерiн үйлестiру және әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/c N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 004 Мемлекеттік Бекiтiлген жоспар жыл Қазақстан қызметшiлердi кестеге сәйкес аралы Республи- даярлау, Қазақстан ғында касының қайта Республикасының Президентi даярлау Президентi жанындағы және жанындағы мемлекеттік біліктiлiгiн мемлекеттік қызмет арттыру қызметшiлер академиясы академиясының филиалдарында оқытылатын тыңдаушылардың ортажылдық саны - 20- Мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн жоғарылату курстарын жүргiзу- Бiлiктiлiгiн жоғарылату курстарынан өтушi мемлекеттік қызметшiлердiң ортажылдық саны - 1300 |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшiлерiнiң біліктiлiгiн
жоғарылату; мемлекеттік қызметшiлердің біліктiлiгiн жоғарылату және оқыту
жүйесiн жетiлдiру нәтижесiнде мемлекеттік аппарат жұмысы, құзiреттiлiгi
және кәсiпкерлiгi жоғарылайды. Осы шаралар түрлi мемлекеттік органдардың
қажеттiлiгiне тиiстi оқытуды жаңа сапалы деңгейге көтерілуге мүмкiндiк
туғызады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
379-қосымша
608 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік
мекемелердің қызметкерлеріне тұрғын үй салуға
және сатып алуда үлестiк қатысуға Астана қаласының
бюджетiне берiлетiн мақсатты трансферттер"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1000000 мың теңге (бiр миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 24-бабының 1 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған іс-шараларын жүзеге асыру бағдарламасының 7.1.7. мен 7.1.8 тармағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйегіндегі № 903 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджеті туралы" Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мемлекеттік қызметшiлер мен мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салу және сатып алуға қатысу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/c N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 005 Мемлекеттік Қазақстан жыл Қазақстан органдардың Республикасы аралы- Республи- және Үкіметі шешiмiнiң ғында касының мемлекеттік негiзiнде Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызмет қызметкер- органдардың iстерi лерiне тұрғын қызметшiлерi жөніндегі үй салуға және мемлекеттік агенттiгi- және сатып мекемелердiң алуда үлестiк қызметкерлерi қатысуға үшiн тұрғын Астана үй салу және қаласының сатып алу бюджетiне үлесіне берiлетiн қатысуындағы мақсатты Астана қаласының трансферттер бюджетiне мақсатты трансферттерiн аудару. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Орталық
органдардың мемлекеттік қызметшiлерiн және мемлекеттік мекемелердiң
қызметкерлерiн тұрғын үймен салу және сатып алу жолымен қамтамасыз ету.
Ескерту:
*) Республикалық бюджеттен трансферттердi игеру шеңберіндегі күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын, санды және сапалы көpceткіштepдiң шараларын жүзеге асырушы тiзiм, тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.