2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.02.04 ж. № 197; 23.06.04 ж. № 197к қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40 (өте құпия), 41-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң 2004 жылға арналған республикалық-бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
33-қосымша
204 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Сыртқы саяси қызметтi қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 7508401 мың теңге (жеті миллиард бес жүз сегіз миллион төрт жүз бip мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" № 217 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" № 173 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы "Астананың гүлденуi Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi кезеңде арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 574 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 9 сәуірдегі "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы" № 344 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" № 314 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" атты № 1578 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" атты № 136 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 21 қарашадағы "Үкiметтiк және дипломатиялық хат-хабарларды жеткізу туралы" № 1581 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы "Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы ережелердi бекіту туралы" № 577 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 маусымдағы № 906-55 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi мекемелерiнiң жылжымайтын мүлiктi сатып алуының және ұзақ мерзiмдi жалдауының, олардың ағымдағы және күрделi жөндеуiн жүргiзудiң тәртібі туралы ереже" атты № 1144 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 27 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгіндегі Елшiлiгiн орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының меншiгiне Брюссельде ғимарат сатып алу туралы" № 893 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 9 қазандағы "Қазақстан Республикасының меншiгiне Вашингтонда (Колумбия округi, АҚШ) жылжымайтын мүлiк объектілерін сатып алу туралы" № 1431a қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1222-73 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының және оның дипломатиялық өкiлдiктерi мен оған теңестiрiлген шетелдегi өкiлдiктердiң қызметiн қамтамасыз ету, министрлiктiң орталық аппарат қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша жүктелген мiндеттердi неғұрлым тиiмдi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң аппаратын, Орталық аппаратты және басқа елдердегi шетелдiк мекемелерiн (елшiлiктер, тұрақты өкiлдiктер, дипломатиялық миссиялар және консулдық мекемелер) ұстау; Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынасын дамытуға атсалысу, экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, мәдени байланыстарын және туризмдi дамыту; Министрлiктiң Орталық Аппараты қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру; Орталық аппаратты және басқа елдердегi органдар аппараттарын сапалы, жедел түрдегi және қорғалған ақпаратты (оның iшiнде дипломатиялық хат-хабарларды) алмасу үшiн телекоммуникация түрлерiмен қамтамасыз ету, халықаралық сахнада Қазақстан Республикасының оң сипаттағы беделiн арттыру үшiн жағдайлар жасау, қазiргi заманғы халықаралық стандарттарға сай келетiн қорғалу деңгейi жоғары визалық жапсырмаларды әзiрлеу, Мемлекеттік протоколдың жедел жұмыс iстеуiне жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi мекемелерiне үкiметтiк және дипломатиялық хат-хабарлардың жедел түрде жеткiзiлуiн және олардың кепiлдi түрде сақталуын қамтамасыз ету; дамыған материалдық-техникалық базамен, автокөлiкпен, есептегiш және ұйымдастыру техникасымен, заманға сай бағдарламалық өнiмдермен, бірыңғай ақпараттық қаржылық жүйемен қамтамасыз ету; шетелдегi дипломатиялық қызмет персоналын және олардың отбасы мүшелерiн тұрмыстық және қызметтiк үй-жайлармен, медициналық қызметпен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының меншiгiне жататын шетелдегi жылжымайтын мүлiк объектілерін ұстау, қызмет көрсету және ағымдық жөндеуден өткізу, ұзақ мерзiмдiк жалға алу және АҚШ-та, Англияда, Бельгияда Қазақстан Республикасының меншiгiне жылжымайтын мүлiктi сатып алу бойынша өткен жылдардың мiндеттемелерiн тепе-теңдiк негiзде орындау.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Сыртқы саяси қызметтi қамтамасыз ету 2 001 Орталық Қазақстан Жыл Қазақстан органның Республикасының ішінде Республи- аппараты Сыртқы iстер касының министрлігі орталық Сыртқы аппаратының қызмет iстер етуiн қамтамасыз министрлігі ету, оның iшiнде: мен шетелдiк - Қазақстан мекемелерi Республикасының Сыртқы iстер министрлігі орталық аппаратын бекітілген штат саны лимитiнiң 299 бірлiк көлемiне сәйкес ұстау; - тиiстiк нормативiне сәйкес автокөлiктi ұстау және жалдау 12 бірлiк көлемiнде; - консулдық iс-әрекеттердiң орындалуын қамтамасыз ету; - телекоммуникациялық байланыс түрлерiнiң үздiксiз жұмысын, байланыс құралдарының бағдарламалық және техникалық жаңартылуын қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерiн визалық жапсырмалардың бланкiлерiмен қамтамасыз ету; - ел iшiнде және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының оң сипаттағы беделiн қалыптастыруға бағытталған ақпараттық- насихаттық қызмет бойынша iс-шаралар жүргiзу; - үкiметтiк және дипломатиялық хат-хабарлардың, оның iшiнде дипломатиялық және үкіметтік жүктердiң жеткiзiлуiн қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын орындау және қамтамасыз ету; - Есептеу және ұйымдастыру техникасына, оқшау есептегiш жүйесiне компьютерлiк ұйымдастыру техникасына жүйелiк және техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету 299 бірлiк көлемiнде; 3 007 Мемлекеттік Бекiтiлген Жыл Қазақстан қызмет- біліктiлiгiн iшiнде Республи- шiлердiң арттыру жоспарына касының біліктiлiгiн сәйкес Сыртқы арттыру Министрлiктiң iстер Орталық Аппарат министрлігі қызметкерлерiнiң мен шетелдiк біліктiлiгiн мекемелерi арттыру жөніндегі қызмет көрсетудi игеру, оның iшiнде тiлдердi үйрену- Бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өтетiн қызметкерлердiң саны - 120 бірлiк- 4 009 Мемлекеттік Қазақстан Жыл Қазақстан органдарды Республикасы iшiнде Республи- материалдық- Сыртқы iстер касының техникалық министрлігінiң Сыртқы жарақтандыру орталық аппаратын iстер және шетелдiк министрлігі мекемелерiн мен шетелдiк материалдық- мекемелерi техникалық және қамтамасыз ету, Қазақстан соның iшiнде: Республи- - компьютерлiк касының жиынтықты сатып шетелдегi алу (соның iшiнде мекемелерi- монитор, жүйелiк блок, принтер, үздiксiз қамтамасыз ету құралы) - 120 бірлiк; ұйымдастыру техникасы - 133 бірлiкке дейiн; - 21 бірлiк көлеміндегі лицензияланған бағдарламалық өнiмдердi сатып алу бірыңғай ақпараттық-қаржылық жүйеге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, коммуникациялық құрал-жабдықтар сатып алу - 32 бірлiк және серверлiк жабдықтарды сатып алу - 9 бірлiк көлемiнде; - "Консул" автоматтандырылған жүйесi үшiн серверлiк жабдықтар сатып алу - 1 бірлiк; - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын байланыс құралдарымен қамтамасыз ету; - үкiметтiк және дипломатиялық поштаны, оның iшiнде дипломатиялық және үкiметтiк жүктердi сақтау, тасымалдау және жеткізу үшiн жабдықтар мен техникалық құралдар сатып алу; - кеңселiк және тұрғын үйлiк жиhаздарды жиынтықты түрде сатып алу - 318 бірлiкке дейiн; - кондиционерлер сатып алу - 18 бірлiк; - күзет жүйелерiн сатып алу және орнату - 15 бірлiкке дейiн; - спутниктiк жабдықтарды сатып алу және орнату - 5 бірлiкке дейiн; - тұрмыстық техника сатып алу - 50 бірлiкке дейiн; - автокөлiк сатып алу - 53 бірлiкке дейiн; Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон қаласы), Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнде (Лондон қаласы) және Бельгия Корольдiгiнде (Брюссель қаласы) Қазақстан Республикасының меншiгiне жылжымайтын мүлiк объектілерін сатып алу үшiн алынған несиелердi өтеу бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету- - офистік жабдық сатып алу - 100 бірлiк. 5 010 Астана Қазақстан Жыл Қазақстан қаласының Республикасы iшiнде Республи- жаңа Сыртқы iстер касының әкiмшiлiк министрлігінiң Сыртқы орталығына әкiмшiлiк iстер көшу ғимаратын ұстауға министрлігі байланысты мен шетелдiк шығыстарға ақы мекемелерi төлеу- 6 100 Органдардың Қазақстан Жыл Қазақстан басқа Республикасының iшiнде Республи- елдердегi шетелдiк касының аппараттары мекемелерiн Сыртқы (елшiлiктер, қамтамасыз ету, iстер өкiлдiктер, оның iшiнде: министрлігі дипломатиялық - басқа елдердегi мен шетелдiк миссиялар) органдар мекемелерi аппараттарын (елшiлiктер, өкiлдiктер, дипломатиялық миссиялар) бекітілген штат санының лимитiне сәйкес 540 бірлiк көлемiнде ұстау; - басқа елдердегi органдар аппараттарын (елшiлiктер, өкiлдiктер, дипломатиялық миссиялар) ұстау және техникалық қамтамасыз ету, соның iшiнде автокөлiктi жалдау - 276 бірлiк көлемiнде; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасы дипломатиялық персоналын әлеуметтiк қамсыздандыру; - Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын және олардың отбасы мүшелерiне медициналық қызмет көрсету; - Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Ресей Федерациясындағы, Қытай Халық Республикасындағы, Бельгия Корольдiгіндегі өкілдерiн ұстау - 5 бірлік- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне және Қазақстан Республикасының
шетелдiк мекемелерiне жүктелген функцияларды сапалы түрде және дер
кезiнде орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
34-қосымша
204 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Халықаралық ұйымдарға және басқа да
халықаралық органдарға қатысу"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1588665 мың теңге (бip миллиард бес жүз сексен сегiз миллион алты жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы "Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы жарғысына қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Дүниежүзiлiк почта одағы Жарғысына "Қосымша хаттаманың бекітілуi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 13 маусымдағы "Халықаралық еңбек ұйымы конвенциясының бекітілуi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының жабайы флора және фауна түрлерi мен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 маусымдағы "Халықаралық еңбек ұйымы конвенциясының бекітілуi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Білім, ғылым және мәдениетке қатысты материалдарды әкету туралы келісімдi және оған хаттаманы бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 маусымдағы "Химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияны бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы "Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының, мүше елдердiң өкiлдiктерi мен халықаралық персоналдың заңдық мәртебесi туралы келісімдi бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 қазандағы "Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының транзиттiк сауда туралы 1995 жылдың 15 наурызында Исламабадта қол қойылған Келісімiн бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 10 сәуiріндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ Балалар қоры арасындағы ынтымақтастық туралы Негiзгi келісімдi бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi "БҰҰ шөлге айналумен күресу конвенциясын бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы "Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы "Ядролық сынақтарға толықтай тыйым салу туралы шарт ұйымы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 15 қарашадағы "Қазақстан Республикасының көшi-қон жөніндегі Халықаралық ұйымына мүшелiгi туралы" № 973 Жарлығы, 1995 жылғы 18 қазандағы № 2537 "Энергетикалық Хартияға шартты және Энергетикалық тиiмдiлiк пен экологиялық iлеспе аспектiлер мәселелерi жөніндегі энергетикалық хартияға хаттаманы бекіту туралы" № 2537 Жарлығы, Қазақстан Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2344 "Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттiк арасындағы Ядролық қаруын таратпау туралы шартқа байланысты кепiлдiк қолдану туралы" № 2744 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы "БҰҰ-ның климаттың өзгеруi туралы негiздемелiк конвенциясын бекіту туралы" № 2260 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Денсаулықсақтау Ұйымына мүшелегi туралы" 1992 жылғы 19 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Халықаралық Азаматтық Авиация туралы конвенция" № 1503-XII қаулысы, Министрлер Кабинетінің "Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымға кіру туралы" шешiмi, БҰҰ Бас Хатшысының Үкіметінiң 1997 жылғы 1 қаңтардағы "БҰҰ-ның өнеркәсiптiк өркендеу жөніндегі хабарландыруы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы "Өнеркәсiптiк меншiк саласындағы халықаралық шарттар туралы" декларация, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі кеңесiнiң 1992 жылғы 1 қаңтардағы "Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым" шешiмi, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 мамырдағы "Еуропалық Экономикалық Комиссияға кіру туралы" № 6234 шешiмi, Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының жылсайынғы сессиясының 1996 жылғы 26 қаңтардағы "Қазақстан Республикасына бақылаушы мәртебесiн беру туралы" шешiмi, Ислам Конференциясы ұйымының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы шешiмi, Үкiметтiң 2000 жылғы 18 тамыздағы "Ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымына кіру туралы" № 1210 қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы шартты бекіту туралы" № 1500-XII қаулысы, БҰҰ Даму бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Yкіметі арасындағы 1996 жылғы 24 қыркүйектегi келісім, БҰҰ 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ-ның азық-түлiк және ауыл шаруашылық ұйымдары туралы" қарары, Ислам Конференциясы Ұйымына (бұдан әрi - ИКҰ) мүше елдер Бас Конференциясының 1999 жылғы 17 маусымдағы "ИКҰ-ға мүше елдердiң Парламенттiк Одағына кіру туралы" шешiмi, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ тұрғын халықтар қоры туралы" қарары, БҰҰ 46-шы сессиясының 1992 жылғы 12 наурыздағы "БҰҰ-ның балаларға жәрдем беру қоры туралы" қарары, 1994 жылғы 26 сәуірдегі Табиғат және мәдени мұраларды қорғау жөніндегі конвенцияға көл қою, Табиғи апаттарды азайту жөніндегі Азиялық орталықтың Бас конференциясының 1999 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасының мүшелiгiн растайтын қарары, Жоғары Аудиторлық Мекемелерi Азиялық ұйымының Бас директорының Қазақстан Республикасының мүшелiгi туралы 1997 жылғы 27 маусымдағы хабарландыруы, ИКҰ-ға мүше елдердiң жыл сайынға жылсайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы шешiмi, Жоғары Аудиторлық Мекемелерi Халықаралық ұйымы Бас директорының 1997 жылғы 2 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының мүшелiгi туралы" хабарландыруы, Халықаралық көрмелер бюросының Атқару комитетiнiң 1998 жылғы 17 сәуірдегі шешiмi, Мәдени меншiктi зерттеу, сақтау және қалпына келтiру жөніндегі Халықаралық институттың жыл сайынғы жиналысының 1998 жылғы 5 тамыздағы шешiмi, Орталық Азия халықаралық институты директоратының 1998 жылғы 19 ақпандағы хабарландыруы, Көшпелi өркениеттi зерттеу жөніндегі халықаралық институт директорының 1998 жылғы 12 тамыздағы хабарландыруы, 1996 жылғы 12 мамырдағы Ирригация және дренаж жөніндегі Халықаралық комиссия мен ынтымақтастық туралы келісім, Өрттердiң алдын алу және сөндiру жөніндегі халықаралық техникалық комитеттiң жылсайынғы сессиясының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы шешiмi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ИКҰ атынан 1996 жылғы 11 ақпандағы ресми хабарландыруы, 2001 жылғы 15 наурыздағы Орталық/Шығыс Европа және Еуразия энергетикасын реттеу органдарының аймақтық қауымдастығымен энергетика саласындағы өзара iс-қимыл туралы шешiм, ИКҰ-ға мүше елдердiң жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы Статистика, экономика және әлеуметтiк зерттеулер мен даярлау жөніндегi орталыққа кіру туралы" шешiмi, ИКҰ-ға мүше елдердiң жыл сайынғы 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы Ислам тарихын, өнерi мен мәдиниетiн зерттеу жөніндегі орталыққа кіру туралы" шешiмi, ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясы Хатшылығының 1992 жылғы 12 қаңтардағы хабарландыруы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуірдегі "Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға кіру туралы" № 26-22/4748 қаулысы, Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 14 сәуірдегі "Заңшығарушылық метрология жөніндегі халықаралық ұйымға кіру туралы" № 26-22/4748 қаулысы, Табиғи апаттарын азайту жөніндегі Азиялық орталыққа кіру туралы шешiм, Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 7 қыркүйектегi "Орталық-Азиялық зерттеулер халықаралық институтына кіру туралы" № 13253 қаулысы, 1992 жылғы 8 ақпандағы Гидрометеорология саласындағы өзара iс-қимыл туралы келісім, ЭЫҰ-ға мүше елдердiң Тегерандағы "Экономикалық ынтымақтастық ұйымы палатасына кіру туралы" шешiмi, Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымына кіру жөніндегі декларациясы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (ИНТЕРПОЛ) кіруiне байланысты iс-шаралар туралы" № 629 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 "Қазақстан Республикасының Халықаралық теңiз ұйымы аясында қабылданған халықаралық конвенцияларға және ХТҰ туралы конвенцияға қосылуы туралы" № 244 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиациясы ұйымы аясында қабылданған халықаралық конвенцияға қосылуы туралы" № 506 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 25 наурыздағы "Халықаралық эпизоотикалық бюроға кіру туралы" № 26-15/2164 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі "Дүниежүзілік Mетеорологиялық ұйымы Конвенциясына қосылу туралы" № 296 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2001 жылғы 25 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Yкіметі мен БҰҰ көне Отрар қаласын сақтау, консервациялау жобасы бойынша білім, ғылым және мәдениет мәселелерi жөніндегі келісімдi жасасу туралы" № 1103 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы, 1997 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің Түркiтiлдес Мемлекеттер Басшыларының Ташкент Декларациясын, ЮНЕСКО және Дүниежүзiлiк Туристiк ұйымның Қазақстан Республикасындағы Ұлы Жiбек жолындағы туризмнiң инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобасын iске асыру шаралар туралы" № 1067 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 24 мамырдағы "ТЮРКСОИ-дың құрылымы және жұмыс iстеу қағидаттары туралы Шартты бекіту туралы" № 737 қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советiнiң 1993 жылғы 25 маусымдағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достығының Парламентаралық Одағына кіру туралы" № 538 қаулысы (бұдан әрi - ТМД), Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы "Қазақстан Республикасының Биологиялық әртүрлi және оның алған мiндеттемелерiнiң орындалуы туралы конвенциясын мақұлдауы туралы" № 918 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 маусымдағы "Т.А. Төлеубаев туралы" № 608 қаулысы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 1991 жылғы 21 желтоқсандағы "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелiгi туралы" шешiмi, БҰҰ Бас Ассамблеясы 46 сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасының БҰҰ мүшелiгiн растау туралы" қарары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1992 жылғы 15 маусымдағы "Дүниежүзiлiк Кедендiк ұйымға кіру туралы" № 10921 хаты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Дүниежүзiлiк Почта Одағына кіру туралы" өтiнiшi, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Халықаралық электрбайланыс одағына кіру тур алы" өтiнiшi, 1992 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының мүшелiгiн растайтын ЮНЕСКО нотасы, 1991 жылғы 21 желтоқсандағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясы, ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесiнiң 1992 жылғы 6 шiлдедегi "Экономикалық Сот туралы ТМД ереже" келісімi, Үкiмет басшылары Кеңесiнiң 1996 жылғы 12 сәуірдегі "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын Үкiметаралық статистикалық комитетi туралы Ереже туралы" шешiмi, ТМД-ға қатысушы елдерiнiң ?кімет Басшыларының 2003 жылғы 18 қыркүйектегi "2004 жылға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң бюджеттік қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын ТМД біртұтас бюджеттік органдары туралы" шешiм 2001 жылғы 29 қарашадағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң бюджеттік қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ТМД органдарының бірыңғай бюджетi туралы" шешiмi, Мемлекетаралық Кеңестiң 2003 жылғы 28 қазандағы "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың 2004 жылға арналған бюджетi туралы" шешiмi, Парламентаралық Ассамблея Кеңесiнiң 2002 жылғы 6 желтоқсандағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Парламентаралық Ассамблеясының қызметiн қаржыландыру туралы" № 43 қаулысы, ТМД мемлекеттерi басшыларының 1993 жылғы 2 наурыздағы "Мұнай және газ жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесiн құру туралы" келісімi, ТМД мемлекеттерi басшыларының 1994 жылғы 9 қыркүйектегi "Химия және мұнайхимия саласындағы ынтымақтастық туралы" келісімi, Орталық Азия мемлекеттерi басшыларының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Халықаралық Аралды құтқару қорының қаражаттың қалыптастыру туралы" шешiмi, ТМД үкiметтерi Басшылары Кеңесiнiң "2001-2005 жылдарға арналған Мемлекетаралық соғыс ардагерлерiне, жергiлiктi қақтығыстар мен терроризм құрбандарын реабилитациялаудың мемлекетаралық кешендi бағдарламасы туралы" шешiмi, 2001 жылғы 15 маусымдағы "Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы" декларация, 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бюджетiн қалыптастыру мен орындау тәртібі туралы келісім, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 8 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкiлiн және оның аппаратын материалды-техникалық жабдықтау және қаржыландыру мәселелерi" № 1418 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 желтоқсандағы "Б.С. Сарсеков туралы" № 1302 қаулысы, ТМД ?кімет Басшылар Кеңесiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының органдары жанындағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушысы мемлекеттерi тұрақты өкiлеттi өкiлдерiнiң болу және қызмет ету шығыстарын қаржыландыру тәртібі туралы" шешiмi, "2001-2005 жылдарға арналған ТМД мемлекеттерiнiң мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасын құру туралы" шешiмi, ТМД ?кіметтерi Басшылары Кеңесiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң көлiктiк үйлестiрушi қатынасын құру туралы" шешiмi, Үкiмет Басшылары Кеңесiнiң 1991 жылғы 30 желтоқсандағы "Көлiк саласындағы өзара қатынастарының қағидаттары мен шарттары туралы" келісімi, ТМД-ға қатысушы Мемлекеттерi Басшылары Кеңесінiң 2000 жылғы 25 қаңтардағы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң Бас прокурорларының үйлестiру Кеңесi туралы" шешiмi.