2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
орталығы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.12.04 ж. № 197аж қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. 9-қосымшаға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
9-қосымша
106 - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдiң
қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 22517 мың теңге (жиырма екi миллион бес жүз он жетi мың теңгe).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Адам құқықтары жөніндегі уәкiл қызметiн белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегi Жарлығы; "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы № 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындау үшiн Адам құқықтары жөніндегі Уәкiлдiң және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету, лауазымдық мiндеттерiн орындау үшiн біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiптiк саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдыларды жаңарту және кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымды-құқықтық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгін арттыру.
ҚР Үкіметінің 06.12.04 ж. № 197аж қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 001 Адам құқықтары жөнiндегі уәкілдiң қызметін қамтамасыз ету 2 001 Орталық Жүктелген Жыл Адам органның функциялар мен бойы құқықтары аппараты мiндеттердi барынша жөніндегі тиiмдi орындау үшiн ұлттық штат санын орталық бекiтілген лимитiне сәйкес 15 бiрлiк көлемiнде Адам құқықтары жөніндегі Уәкiлдi ұстау- Саны 2 бiрлiк деп бекітілген лимит негiзiнде қызметтiк автомашиналарды жалдау. Есептеу техникаларына және басқа негiзгi жабдықтарға жұмыс станциялары 15 бiрлiк, ксерокс 1 бiрлiк, сервер 1 бiрлiк, жергілікті локальды мақсат есеп мәселе 4 бiрлiк, телекоммуникациялық қызметтi төлеу, шығын материалдарды сатып алу. 3 007 Мемлекеттік Бекiтiлген Жыл Адам қызметші. біліктiлiгiн бойы құқықтары лердің арттыру жоспарына жөніндегі біліктілігін сәйкес мемлекеттік ұлттық арттыру қызметшiлердiң орталық біліктілігiн арттыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, соның iшiнде мемлекеттік тiлге оқыту. Бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өтiп жатқан мемлекеттік қызметшiлердiң орташа жылдық саны 15 адам. 4 009 Мемлекеттік Активтердi Жыл Адам органдарды мүлiктену: бойы құқықтары материалдық- принтер 1 дана; жөніндегі техникалық 1кВт үздiксiз керек ұлттық жарақтандыру дерегi 15 дана; орталық сервер үшiн қатты дискi 1 дана; желіаралық қорғау экраны - 1 бірлік. Материалдық емес активтердi мүлiктену: жеке компьютерге Касперский Антивирус бағдарламалық пакетiн қамтамасыз ету 1 дана. Басқа лицензиялық азықтар (1С бухгалтерия, iс жүргiзу; құпия iс жүргiзу - 3 комплект); саны 11 лицензия Windows XP |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Мемлекеттік органның үздiксiз жұмысы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
орталыққа жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы және уақытылы
орындау қызметкерлердiң бақылау жүргiзуге қажеттi профессионалдық білімi
мен тәжiрибесiн көтеру.